Мұхтарды «айыпкерліктен» арылтып, ардақты еткен Тахауидің бұл баяндамасындағы



Дата13.06.2016
өлшемі39.7 Kb.
#134044
Мұхтарды «айыпкерліктен» арылтып, ардақты еткен Тахауидің бұл баяндамасындағы:

«Романдағы Абайдың барлық ағайын туысқандарын кіргізе беруі орынсыз екенін автор түсінбеген сияқты. Абайдың Құдайберді деген ағасы бары, оны Абайдың жақсы көргендігі кімге керек, сол сияқты бала жігіт Шәкені, оның аң аулағанын суреттеудің қанша кажеті бар. Осы сияқты өмір материалдарын шығармаға керектігіне қарай талғап алмау, авторды кейде қатеге де ұрындырған. "Абай" романының екінші кітабында екі жерде Абайдың кіші баласы Тұраштың аты көрсетілген. Бірақ оның аты Абайға абырой әпере ме? Жоқ. Қайта, алашордашыл байдың атын кітапқа енгізу – автордың саяси қатесі", – (75) деген жалғыз абзац Шәке образының бүкіл болашағын қиып тастады.


Б. Степанов деген: «көшпелі өмірдің салт-дәстүрін әсірелеп суреттеуді біз жазушы М. Әуезовтің "Абай" романынан кездестіреміз. Сол кездегі қазақ ауылын жазушы адамзаттың жұмағы (коммунизм – Т. Ж.) етіп көрсетеді. М. Әуезовтің жазуы бойынша ауылдың жайлауға көшуі салтанатты саяхат сияқты, қыздар да, әйелдер де жас мөлшеріне қарамастан үлде мен бүлдеге оранып, сайлы сәйгүліктерге мініп жүреді. Мыңғырған малы бар ірі байларды және олардың қалай уақытын еткізгенін моншақтай тізіп, революцияға дейінгі қазақ ауылын тым мадақтап, үлгі еткен автор кедейлердің ауыр тұрмысын ықылассыз баяндайды» (74) – деп сәуегейлік жасады.

Әрине, Б. Степановтың қазақ кедейінің мүддесіне қаншалықты дәрежеде күйінді болғаны белгісіз, бірақ қарауылға алғаны – Мұхтар Әуезов пен қазақтың ұлттық руханияты еді. Ал тарихи уақыт пен дәлел, көркемдік шешім мен әлеуметтік жандүние психологиясы, көркемдік шындық деген асқақ ұғымдардан мақұрым екендігі анық. Мұндай саяси қысымдардың мәжбүр етуімен суреткер "Абай жолы" атты үшінші-төртінші кітабында идеологияға ырық беріп қойды.


Тарихи уақыт пен көркем заңдылықты жетік білетін Т. Ахтанов та өзінің баяндамасында көркем өнердің табиғатынан тыс талаптар қойды. Негізінен Никитиннің (Т. Ахтановтың айтуынша редакциялық мақаланың авторы – Т. Ж.) "Казправдадағы" солақай пікірлерін жұмсарту мақсатын көздесе де "партиялық қатаң тапсырманы орындауға мәжбүр" (75) етті. Ол негізінен тарихи көркем тартысты таптық .тұрғыда кұруға кенес берді және:

Бірінші: «ең алдымен, "Абай" романының бірінші кітабында қазақ ауылындағы таптық қайшылықтардың жете көрсетілмегенін атап кету керек. Жазушы сол дәуірдегі қазақ қоғамының саяси өміріндегі таптық күрестің ара салмағын кемітіп алған. Оның есесіне ру тартысын суреттеуге көп көңіл бөлген. Қазақ кедейлерінің байларға қарсылығы әлсіз көрінеді. Кедейлердің байлардан көрген қанауы, олардың мұң-мұхтажы бірінші кітапта өзіне тиісті көркемдік дәрежеде суретелмеген. Әсіресе, бірінші кітапқа тән кемшілік, жазушы әлсіз рулардың кедейлерінің өмірін мол көрсетсе де, Құнанбай сияқты бай ауылдың кедейлерінің тұрмысына атүсті тоқталады. Бұл сияқты ірі кемшілік романның идеялық өткірлігін біраз мұқатып тұр...



Екінші: романдардың бірінші және келесі кітаптарында жазушы Абайдың адамгершілігін баса көрсетпек болып, оның ауылындағы таптық қайшылықты ұмытып етеді, сөйтіп, жеке адамның адамгершілігі, таптық теңсіздікті жояды деген утопиялық қате ұғымды үнсіз жақтайды.

Үшінші: патриархалдық-рулық қоғамның салтын суреттегенде, автор кейде орынсыз бейтараптыққа ұрынады. Бөжейдің асын суреттегенде жазушы асқа байланысты әдет-ғұрыптарды толық көрсетуге елігіп, оның таптық негізін ұмытып кетеді. Бөжейдің атын ту қып ұстаған байлардың әсіре сөздері автор елегінен өткізілмегеннен кейін, Бөжейді мадақтау болып естіледі... Бөжей асы бүкіл халықтық мейрам болды деген ұғым туғызады. Жазушы атақ-даңққа ие болып жатқан Байдалы, Сүйіндік сияқты феодалдар екенін ашып көрсетуі керек еді. Қысқасы, ол үлкен астардан рубасы байлардың жақсы атақ алып, саяси капиталға ие болатынын, ал астың ауыртпалығы жай халыққа, кедей ағайындарға түсетінін – яғни астың таптық себептерін көрсетуге тиіс еді" (75) – деп қадап-қадап атап көрсетті.



Ал, бүкіл шығарманың ең құнарлы, бояуы қанық, көркем шырыны мен салтанаты, нағыз тарихи және қөркемдік шындыққа құрылған көшпелілердің жайлау көші мен Бөжейдің асы тамылжыта суреттелген тұсты алып таста деп кеңес беру – "Абай" романын "жазба" деген үкіммен тепе-тең еді. Бұл пікірінің орынсыздығын араға отыз бес жыл салып барып: "Расында артық кетіппін. Сен түсіндір" (77) – деп уәж айтты. Ал Бөжеймен қоса: "Романға Абайдың барлық ағайын туысқандарын кіргізе беруі орынсыз екенін автор түсінбеген сияқты. Абайдың Құдайберді деген ағасы бары, оны Абайдың жақсы көргендігі кімге керек, сол сияқты бала жігіт Шәкені, оның аң аулағанын суреттеудің қанша қажеті бар. Осы сияқты өмір материалдарын шығармаға керектігіне қарай дұрыс талғап алмау, авторды кейде қатеге де ұрындырған. "Абай" романының екінші кітабында екі жерде Абайдың кіші баласы Тұраштың аты аталады. Айталық, ол биографиялық деталь дәрежесінде кішкене бала кезінде-ақ көрсетілген болсын. Бірақ оның аты Абайға абырой әпере ме? Жоқ. Қайта, алашордашыл байдың атын кітапқа енгізу – автордың саяси қатесі" (75) – деген пікірге үнсіз ғана күрсініспен жауап берді.

Суреткердің енішсіне тиесілі тарихи уақытқа, кейіпкерлер коллизиясына, көркемдік тартыс пен шешімге сыртқы күштің араласуы салдарынан жазушының бастапқы нысанасынан ауытқуына тура келді. Қосымша "қыстырмалар" (Д. Әбілов) кіргізіп, "Қарашығын" сияқты тарау қосылды. Әкесі Құнанбай мен ағасы Тәкежан және Әзімбай сияқты жағымсыз кейіпкерлерден басқа Абайдың айналасында туыс қалмады. Бәрінен тазартылды. Тұрағұл іспетті бесіктегі сәбиінің мандайынан иіскеудің өзі таптық-идеологиялық қылмыстың қатарына жатқызылды. Бір заңды да кездейсоқ жай, арада тура отыз жыл өткенде "қазақстандық сенімді адамдардың ақпаратымен қаруланған" мәскеулік Алла Марченко тура осы сынның ықпалымен қосылған тарауларды "роман-эпопеяға жат, шынжырлап жалғасқан жалған желі" (78) – деп сәуегейсіді. Т. Ахтанов тағы да төрелік айтты. (79). Міне тарихи көркем уақыт пен жетекші кейіпкер тұлғалардың "табиғи қарсылығына" қарамастан кіріктірілген қондырғы идея мен тартыс М. Әуезовтің ең қасиетті авторлық құқына қол сұқты. Көшпелілер қоғамындағы дерт иен қайшылық – оның кедейінде емес, рушыл трайболизмде еді. Әуезов мұны да дөп басты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет