«Мифопоэтика» пәні бойынша №26 емтихан билеті


Табиғат құбылысының келесі бір түрі – жердегі құбылыстарға байланысты мифтерге талдау жасаңыз



бет2/6
Дата15.12.2023
өлшемі45.53 Kb.
#486770
1   2   3   4   5   6
«Мифопоэтика» пәні бойынша №26 емтихан билеті-emirsaba.org

2. Табиғат құбылысының келесі бір түрі – жердегі құбылыстарға байланысты мифтерге талдау жасаңыз.
Қазақ мифологиялық әдебиетінде табиғат құбылыстары мен оның басты күштеріне байланысты мифтер тәңірлік діннің ықпалынан пайда болды. Өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес табиғат құбылыстарын әуедегі құбылыстар, жердегі құбылыстар деп екіге бөлуге болады.
Табиғат құбылысының келесі бір түрі – жердегі құбылыстарға байланысты мифтерге тоқталсақ, тек жел туралы түсінік сақталған. «Жел иесі» деген мифті келтірейік: «Тарбағатайда Ор Қашар атты тау бар. Сол таудың бір қуысынан оқтын-оқтын қатты жел, қарлы боран толассыз соғып тұрады. Оны ел «ебі» желі деп те атайды.
Ел ішіндегі әңгімелерге қарағанда, бұл ебі Ор Қашар тауындағы «Қара пұшық» деген үңгірден шығады. Ол үңгірдің ішінде ауық-ауық үрлеп, ебі соқтыратын Жел Иесі бар екен. Ерте кезде бір әкім осы үңгірді бітеп тастап, желден біржолата құтылмақ болады. Әскеріне елден тоқсан өгіздің терісін жинауға және үлкен-үлкен тастарды домалатын, бір жерге үюге бұйрық береді. Сарбаздарын саты арқылы «Қара пұшық» үңгіріне шығарып, әлгі өгіз терілерін оның аузына шегелетіп, сыртынан тастармен бастыртады. Ел жұмысты тындырдық деп масайрап отырғанда, үңгірдегі Жел Иесі оянып кетіп, қаһарлана үрлеп қалыпты. Сонда тастар аспаннан жауған бұршақтай, терілер қаңбақтай ұшып, адамдарды төбесінен жай түскендей жайратып, жым-жылас етіпті». Бұл жерден біз Жел образының алыптық, яғни гигантоманиялық кейіпте келіп, халықтың «әр нәрсенің иесі» деп сенген тәңірлік діннің белгісін көреміз. Жел иесінің қазақ танымындағы бейнесі үңгірдің ішінде орналасқан ебі соқтыратын күш ретінде сипатталса, «Мифы народов мира» атты еңбекте басқа халықтардағы сипаты былай көрінеді: «Ветер, как взвихрение воздух большой мощи, сам по себе ассоциируется в мифологиях с грубыми хаотическими силами, сферой деятельности титанов и циклопов, что отразилось в греческих представлениях об Эловой пещере как о подземном жилище ветров (аналогичная «пещера ветров» - в мифологии индейцев Северной Америки). Однако как дуновение – дыхание ветер связан и с противоположного характера представлениями». Сонда ежелгі грек түсінігі бойынша Желдің бейнесі үңгірдегі титан, циклоптар тұқымдастарына жататын күшті, ең әлеуетті және дөрекі түрде келетін алыптар кейпінде келеді. Сонымен бірге бұл пікірден біз грек мифологиясынан басқа бұл мотивтің Солтүстік Америкадағы үндістер танымында да кездесетінін байқаймыз. Жалпымифологиялық жүйеде бұл ортақ мотивтің кездесуі түркілік таным көкжиегінде «сюжеттік мотивтердің көшу» деңгейінің басымдылығынан көрінеді. Жел Иесінің алыптық жүйеде үңгірде өмір сүруі мифтік сананың ең төменгі стадиясында, яғни халықтар танымындағы «көпқұдайлылық» сеніміне сәйкес, дәлірек айтқанда, анимистік, «әр нәрсенің жаны бар» деген ұғыммен сай келеді.
Сайып келгенде, табиғат құбылыстарына байланысты туған мифтердің дені ежелгі түсінік – тәңірлік дінінің аясында, анимистік болмыста дамып, жетілгенін бағамдаймыз. Сөйте тұра, қазақ мифологиясында кездесетін «тәңірдің ашулануы», «Жел Иесінің болып, үңгірде тіршілік ету» мотивтерінің әлем халықтарының грек, үндіс секілді түрлерінде интерпретацияланып қолданылатынын көреміз. Бұл жердегі басты өзек, басты қағида - әр нәрсенің өз «иесі», «қожасы» бар деген түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет