І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Популяция, анықтамасы..
б) Популяцияның генетикалық құрылымы. в) Харди-Вайнберг заңы.
г)Адам популяцияларындағы эволюциялық факторлар.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Популяция деп (лат. Populus – халық, тұрғын)– белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендеп, бір-бірімен еркін будандасатын биологиялық түр дараларының жиынтығын
айтамыз. Популяциялар түрдің тіршілік
эволюциялану формасы болып табылады.
ету, Олар
ағзалардың сыртқы орта факторларымен әрекеттесуінің нәтижесінде, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыптау салдарынан қалыптасады.
Популяция терминін биологияға 1903 жылы Иогансен енгізген болатын.
Популяциялардың экологиялық және генетикалық сипаттамалары болады.
Адамдардың сан жағынан шағын, 1500-4000 адамнан аспайтын кішкентай популяцияларын демдер , ал одан кішкентай 1500-ден аз адамдардан тұратын популяцияларды изоляттар деп атайды. Демдер мен изоляттар өте баяу көбейеді, демдер – 20, изоляттар – 25 пайыз мөлшерінде. Сол сияқты, демдер мен изоляттарда туыстық некелесу жиілігі өте жоғары дәрежеде болады. Ал ол рецессивті аллельдердің гомозигота күйіне өтіп, кейбір аурулардың дамуына алып келеді. Егер изоляттар 4 буыннан астам уақыт бір жерде өмір сүретін болса, оның әрбір мүшелері бір-бірімен кем дегенде шөберелес ағалы- інілі немесе апалы-сіңілі болуы мүмкін.
Популяцияның генетикалық құрылымы
Популяцияны генетикалық тұрғыдан салыстыратын болсақ оның өзіне тән генофонды болады. Табиғи популяциялардың генетикалық сипаттамалары:
Генофонд дегеніміз популяция дараларының генотиптерінің жиынтығы.
Генетикалық полиморфизмі.
Генетикалық біртұтастығы.
Әр түрлі даралардың өзара динамикалық тепе-теңдігі.
Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ (диффузиялық) орналасу көптеген өсімдіктерде, ясануарларда кездеседі.
Топтанып орналасуда (мозайкалық) особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер табыны,
құстар колониясы. Топтанып орналасу популяция
үшін қолайсыз жағдайларда үлкен тұрақтылық береді. Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың даму циклдарына байланысты жылжып қозғалуын миграция деп атайды. Олар жүйелі (тәуліктік немесе маусымдық) және жүйесіз (қуаңшылық, су тасқыны, өрт, және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, құстардың жылы жаққа ұшуы маусымдық миграция жатады.