- Пневмококктік пневмониялар аурухадан тыс дамыған пневмониялардың ең жиі түрі.Пневмококк сау адамдардың көмекейінде 5-25% табылады.
- Пневмококктік пневмония организмнің реактивтілігіне тәуелді екі клиникалық түрде өтеді:крупозды және ошақты.
Клиникасы - Өкпелік және өкпеден тыс;
- Өкпелік кезінде аз мөлшерде қақырық және ентігу болады.Өкпе тінінің қабынуы біртіндеп плевраға өтеді.Осыдан қарт адамдарда кеуде клеткасы тұсында ауру сезімі және ауырлық сезінеді.Осы кезде аускультацияда плевраның үйкеліс шуылы естіледі.Қарт адамдарда жиі әр түрлі себептермен шақырылған дегидратация байқалады (ісіктер,АІЖ зақымдануы,диуретиктер) .Ол альвеоладағы экссудация процесін шектейді,сондықтан өкпелік инфильтраттың қалыптасуы қиындау.Қарт адамдарда аускультауия және перкуссия кезінде өкпе тінінің зақымдану белгілерін анықтау қиын,себебі қарт адамдарда фондық патологиялар бірге жүреді: өкпе ісігі:
- Жүрек жеткіліксіздігі;
- ХОБЛ.
Достарыңызбен бөлісу: |