Ауыр металдар қоспасы енгізілген жануарларды рувимин және цеолитпен қосарлап емдеу.
Жасуша мембраналарында липидтердің асқын тотығуын тежеу мақсатында рувиминді, ауыр металдарды организмнен шығарылуын арттыру үшін цеолитті энтеросорбент ретінде біріктіріп емдеу мүмкіншіліктерін тексеруді жөн көрдік.
Ауыр металдар жиынтығын енгізердің алдында 3 күн қызыл мия тамырының препараты - рувимин (50 мг/кг) енгізілген соң 1 апта металл қоспасы түтікпен енгізіліп, оның соңғы 3 күнінде цеолитпен (1 г/кг) емдеген жануарлардың жалпы күйі бақылау жануарларындағыдай, сергек, белсенді және тәбеті мен салмағы өзгеріссіз болды, өлімге шалдыққандары болмады. Емдеген жануарларда артқы аяғына тік тұру саны бақылау топтамасы жануарларының көрсеткіштеріне жетті.
Бұл жануарларды рувимин және цеолитпен қосарлап емдеген соң ЕҚШР-ге үйреткенде «інге кіру» рефлексінің уақыты, емдемеген жануарлармен салыстырғанда, 3 есеге ұзарды, ал осы байланыстардың есте сақталуы мен қайта жаңғырылуын тексеру кезінде бұл көрсеткіш 47 пайызға артып, бақылау жануарларына теңелді (кесте 1).
БҚШР-ге үйрету тәжірибесінде қашу серпілісінің саны емдемегендерден 4 есеге артты, оның жасырын кезеңінің уақыты 2 есеге қысқарып, бақылау жануарларының деңгейіне оралды. Осы рефлекстердің есте сақталуы мен қайта жаңғырылуын тексеруде қашу серпілісінің саны 7,5 есеге көбейсе, жасырын кезеңнің уақыты 1,6 есеге қысқарды (кесте 1).
Емдеген жануарларда гиппокамп құрылымдарында жасуша сыртылық ісіну азайып, жасуша шекаралары айқындалды. Бояулары қаныққан және қан кернеуі азайды. Емдемеген жануарлар нейрондарының қатты ісінуі рувимин мен цеолиттің әсерінен маңызды түрде кеміді.
Металдар қоспасы енгізілген жануарларды рувимин және цеолитпен емдеудің нәтижесінде қан жасушалары және гемоглобин деңгейі мардымды өзгерістерге ұшырамады, эритроциттердің осмостық төзімділігі емдемеген жануарлармен салыстырғанда артты және қан ұю уақыты ұзарып, бақылау топтамасының көрсеткіштеріне теңелді деп қорытындылауға болады.
Ауыр металдар қоспасы 1 ай бойы енгізілген жануарларды рувимин және цеолитпен емдеуден ЕҚШР-ге үйрету тәжірибесінде «інге кіру» рефлексінің ұзақтығы емдемеген жануарлардан 2,9 есеге қысқарса, бұл рефлекстердің есте сақталуын тексеру тәжірибесінде – 33 пайызға ұзарып, бақылау жануарларына жақындады. Емдеген жануарларда БҚШР-ге үйретуде белсенді қашу серпілісінің саны 3,7 есеге артып, оның жасырын кезеңінің уақыты 1,4 есеге қысқарып, бақылау топтамасына теңелсе, тексеруде аталған көрсеткіш 6,5 есеге көбейіп, жасырын кезеңі емдемегендерден 1,4 есеге қысқарды (кесте 1).
Ауыр металдар қоспасы 1 ай бойы енгізіліп емдеген жануарлардың ми тінінде айқын өзгерістер байқалмады. Жасуша пішіндері айқындалып, ядро шекаралары сақталды, боялымы жақсы болды. Емдемегендерде нейрондар ядросының кішірейген көрсеткіштері 1,3 -1,7 есеге артты.
Ауыр металдар қоспасы 1 ай бойы енгізіліп, емдемегендерде натрий хлоридінің 0,85 % ерітіндісінде 77 пайызға жоғарылаған эритроциттер гемолизі цеолит және рувиминмен емдеудің әсерінен 12,8 %-ға кеміді, ал басқа ерітінділерде бақылау жануарларының көрсеткішіне теңелді. Рувимин және цеолитпен емдеудің нәтижесінде қан жасушалары және гемоглобин деңгейі мардымды өзгерістерге ұшырамады, эритроциттердің осмостық төзімділігі емдемеген жануарлармен салыстырғанда артты және қан ұю уақыты ұзарып, бақылау топтамасы жануарларының көрсеткіштеріне теңелді деген қорытындыға келуге болады.
Сонымен, ауыр металдар енгізілген жануарларды рувимин және цеолитпен қосарлап емдеу шартты рефлекстерге үйрету мен тексеру тәжірибесінде осы препараттарды жекелеп енгізгендерден әлдеқайда жоғары болып, бақылау топтамасы жануарларының нәтижелеріне теңелді.
Металдар қысқа мерзім енгізіліп, рувимин және цеолитпен жекелеп емдеген жануарлардың гиппокамп тінінің құрылымындағы өзгерістерден осы препараттармен қосарлап емдеген топта айқын айырмашылықтар болды, яғни жасуша сыртындағы ісіну үрдістері жойылып, кеңейген тамырлардың қалпына келу үрдісі байқалды. Нейрон кариометриясында нейрондар ісініп, оның ядроларының өлшемдері артса, қосарлап емдегендерде керісінше, нейрон өлшемдері кішірейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Жануарларға хром, қорғасын, ванадий тұздарын (1 кг д.м. 1 мг-нан, ауыз арқылы) қосып 1 аптадан 1 айға дейін енгізуден олардың жалпы жағдайы, тәбеті, қимыл – қозғалысы және қорғаныстық шартты рефлекстердің қалыптасуы, есте сақталуы және қайта жаңғырылуы бұзылады. Гиппокамп нейрондарында құрылымдық өзгерістер пайда болып, олардың ядролары ісінеді немесе бүрісіп кішірейеді. Қан жүйесінде эритроциттердің осмостық төзімділігі азаяды, қанның ұю уақыты қысқарады. Металл қоспаларын енгізу ұзақтығы ұзаруына қарай олардың уытты әсері күшейе түседі.
2. Қызыл мия түбірінен алынған препарат рувиминмен (50 мг/кг д.м.) металл қабылдаған жануарларды емдеуден олардың жалпы уытты әсері әлсіреді. Жануарларда қорғаныстық шартты рефлекстердің орталық жүйке жүйесінде бекуі, есте сақталуы, қайта жаңғырылуы және гиппокамп құрылымдары, эритроциттердің осмостық төзімділігі, қан ұю уақыты оңалды.
3. Металдар қоспалары енгізілген жануарларды энтеросорбент полифепанмен (1 г/кг д.м.) емдеуден қорғаныстық шартты байланыстардың мида бекуі мен есте сақталуы және қайта жаңғырылуы, гиппокамптың микроқұрылымдары және эритроциттердің осмостық төзімділігі мен қан ұю уақыты бақылау жануарларының көрсеткіштеріне жақындады.
4. Металл қоспаларын қабылдаған жануарларды энтеросорбент ретінде жергілікті Шанқанай жерінен алынған цеолитпен (1 г/кг д.м.) емдеудің нәтижесінде қан мен ми тінінде қорғасын, хром, ванадий мөлшерлері азайып, шартты байланыстардың есте сақталуы және қайта жаңғырылуы жақсарды, гиппокамп нейрондары ядроларының көлемі бақылау жануарларының көрсеткішіне теңелді. Зерттелінген барлық көрсеткіштерге цеолиттің әсері полифепаннан кем түспеді.
5. Рувимин мен цеолитті қосарлап металл қоспаларын қабылдаған жануарларға енгізуден оларда қорғаныстық шартты рефлекстердің әрі қалыптасуы, әрі есте сақталуы мен қайта жаңғырылуы, гиппокамп тінінің микроқұрылымы мен нейрон ядроларының көлемі, эри троциттердің осмостық төзімділігі және қан ұю уақыты оларды жекелеп енгізгеннен де жақсы оңалды.
ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
1. Алынған нәтижелер қорғасын, хром, ванадий қосылыстарының организмге нейро- және гемоуытты әсерлерінің патогенезі туралы болжамды кеңітіп, дәрігерлердің білімін жетілдіру және медициналық оқу орындарында патологиялық физиология, токсикология және кәсіптік патология курстарының оқулықтарында қолданылуы мүмкін.
2. Отандық препарат рувиминнің шартты рефлекстік әрекеттер мен қан жүйесіндегі металдар қоспаларының біріккен әсерлерінен туындаған бүліністерді түзетуін металдармен уланғанда дамитын бұзылыстардың алдын алу мен емдеу үшін практикалық медицинада ескеру керек.
3. Жұмыста берілген металдар әсерінен туындаған бүліністерді тәжірибеде анықталған жергілікті энтеросорбенттердің қорғаныстық әсері медициналық экологияның өзекті мәселесінің бірі болып табылатын ауыр металл тұздарын организмнен шығарудың тиімді жолының бірі ретінде цеолитті ұсынуға мүмкіндік береді.
ДИССЕРТАЦИЯ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Нұрмұхамбетов Ә.Н., Мырзағұлова С.Е. Ауыр металдардың жоғары жүйке әрекетіне зақымдаушы әсері және одан туындаған бүліністерді қалпына келтіру // Вестник КазНМУ. – 2005. – № 1. – 31-35 бб.
2 Нұрмұхамбетов Ә.Н., Мырзағұлова С.Е. Жоғары жүйке әрекетіне ауыр металдардың жағымсыз әсерлерін энтеросорбенттермен бәсеңсіту.// Медицина білімі мемлекеттік тіл аясында: университеттің 75 жылдығына арналған Респ. ІІІ ғылыми-практ. конф. материалдары. – Алматы, 2005. – 49-52 бб.
3 Мырзағұлова С.Е. Жоғары жүйке әрекеттеріне металл қоспаларының мөлшерлеріне байланысты әсерлері // Астана медициналық журналы. – 2007. –№ 3. – С.125-127 .
4 Нурмухамбетов А.Н., Толепбергенова М.Ж., Мырзагулова С.Е. Изучение комбинированного влияния ванадия и хрома на высшую нервную деятельность // Астана медициналық журналы. – 2007. – № 3. – С.128-130.
5 Нурмухамбетов А.Н., Мырзагулова С.Е., Толепбергенова М.Ж., Балабекова М.К. Экспериментальное изучение изолированного и комбинированного влияния малых доз ванадия и хрома на высшую нервную деятельность // Вестник КазНМУ. – 2007. – № 1. – 63-66 бб.
6 Мырзагулова С.Е., Толепбергенова М.Ж. Ауыр металдардың біріккен зақымдаушы әсерін қалпына келтіру // Актуальные вопросы медицины: тезисы докладов междунар. конф. молодых ученых // Астана медициналық журналы. – 2007. – № 5. – 62 б.
7 Мырзағұлова С.Е. Ауыр металдардың жоғары жүйке жүйесіне әсерін цеолиттің көмегімен қалпына келтіру // Жастық және Ғылым: арманнан жаңалыққа: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 75-жылдығына арналған жас ғалымдардың халықаралық мәслихатының материалдары. – Алматы, 2006. – 144 б.
8 Мырзағұлова С.Е. Ауыр металдардың жоғары жүйке жүйесіне зақымдаушы әсерін рувиминнің көмегімен түзету // Междунар. конф. посвященная к 75-летию КазНМУ. Вестник КазНМУ. – Алматы, 2006. – С.70
9 С.Е.Мырзағұлова. Ауыр металдар қоспаларын қабылдаған жануарлардағы гиппокамп тінінің құрылымдық өзгерістерін энтеросорбенттермен қалпына келтіру // Актуальные вопросы патофизиологии и медицины: материалы междунар. науч.-практ. конф. – Алматы, 2008. – 147-150 бб.
10 Мырзағұлова С.Е., Төлепбергенова М.Ж. Ауыр металл қоспасын қабылдаған жануарларда гиппокамп морфологиясы өзгерістері және оны рувиминнің көмегімен қалпына келтіру // Медико-социальная реабилитация населения экологически неблагоприятных регионов: II Междунар. конф. посвященная 55-летию Семипалатинской государственной медицинской академии. – Семей, 2008. – 52 б.
11 Нурмухамбетов А.Н., Толепбергенова М.Ж., Мырзагулова С.Е. Влияние бихромата калия на высшую нервную деятельность и морфологическое состояние нейронов гиппокампа // Проблемы использования современных химических технологий в биомедицине и здравоохранении: междунар. семинар. – Кыргызская Республика, Иссык-куль, с. Булан-Соготу, 2008. – С. 162-164.
12 Нұрмұхамбетұлы А.Н., Мырзағұлова С.Е., Төлепбергенова М.Ж. Ауыр металл қоспаларының уытты әсерін энтеросорбенттермен қалпына келтіру // Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында: республикалық ғылыми-практ. конф. материалдары. – Алматы, 2009. – 53-57 бб.
РЕЗЮМЕ
МЫРЗАГУЛОВА СЫРСУЛУ ЕРМУКАНБЕТОВНА
Патогенетическая коррекция нарушений высшей нервной деятельности, индуцированных соединениями тяжелых металлов
14.00.16 - патологическая физиология
Объект исследования: интактные белые крысы и крысы, получавщие соединения металлов, исследовались головной мозг, кровь.
Цель работы: Изучение сочетанного влияния свинца, ванадия и хрома на высшую нервную деятельность, систему крови и поиск эффективных способов коррекции металлиндуцированных нарушений.
Методы исследования: Опыты проведены на 212 белых крысах м.т. 150-200 гр. Животным перорально вводили ацетат свинца, бихромат калия и ванадат аммония (по 1мг/кг м.т.) в комбинации в течение 1-й, 2-х недель и одного месяца.
Изучали общее поведение, двигательную активность, условно-рефлекторную деятельность, морфологическое состояние и кариометрические показатели нейронов гиппокампа опытных животных. Для определения гемотоксического действия соединений металлов исследовали осмотическую резистентность эритроцитов, морфологический состав крови и свертываемость крови. Проводили масс-спектрическое определение свинца, ванадия и хрома в крови и головном мозге крыс. Для коррекции металлиндуцированных нарушений были использованы: препарат, полученный из корня солодки голой, местного производства (Шымкентский фармзавод) - рувимин (в дозе 50 мг/кг), а также энтеросорбенты полифепан и цеолит местного происхождения (в дозе 1 г/кг). Животным вышеуказанные препараты вводили в последние 3 дня вместе с металлами при 1- и 2-х недельном, и 7 дней при месячном сроках исследования. Статистический анализ результатов исследования проведен по t- критерию Стьюдента.
Результаты работы: Показано, сочетанное введение относительно малых доз ацетата свинца, бихромата калия и ванадата аммония по 1мг/кг м.т., оказывает нейротоксическое влияние, нарушает процессы формирования, консолидации и воспроизведения временных связей условных оборонительных рефлексов активного и пассивного избеганий (УРПИ и УРАИ), что сопровождается существенными дистрофическими изменениями нейронов гиппокампа. Вместе с тем, длительное сочетанное введение относительно малых доз соединений указанных металлов не приводило к развитию анемии, тогда как существенно ускоряло свертывание крови.
Лечение животных, получавших соединений металлов рувимином и энтеросорбентом полифепаном, приводило к улучшению общего поведения животных, предупреждало летальность животных, повышало двигательную активность, существенно улучшало процессы консолидации и воспроизведения энграмм памяти УРПИ и УРАИ. При этом существенно ослаблялись деструктивные изменения в микроструктуре гиппокампа (внеклеточный отек, вакуолизация нейронов) и сохранялась структура мозга, кариометрические исследования пирамидных нейронов гиппокампа выявили снижение отека ядер. Со стороны крови у леченых животных отмечались нормализация осмотической резистентности эритроцитов и снижение степени ускорения скорости свертывания крови.
Аналогичный коррегирующий эффект наблюдался и при использовании в качестве энтеросорбента цеолита. При этом по всем изученным показателям коррегирующий эффект цеолита не уступал общеизвестному энтеросорбенту полифепана. Под влиянием цеолита, по сравнению с нелечеными животными, значительно снижались содержания свинца, ванадия и хрома в тканях.
Вместе с тем, изолированное лечение опытных животных как рувимином, так и энтеросорбентами мало оказывало существенного влияния на процессы формирования УРАИ и УРПИ, повышение свертываемости крови заметно снижалось, но не доходило до контрольного уровня.
В связи с этим, представляло интерес изучить эффективность комбинированного лечения при помощи рувимина и цеолита. С этой целью животным, получавщим соединений металлов, вводили перорально рувимин (в дозе 50 мг/кг) и цеолит (в дозе 1 г/кг) 3дня при недельной затравке и 7 дней при месячной затравке вместе с металлами ежедневно. Полученные результаты показали, что при комбинированном лечении животных, получавщих соединений металлов, заметно улучшались не только процессы консолидация и воспроизведения энграмм памяти, но и формирования УРАИ и УРПИ. Наряду с этими наблюдалось заметное улучшение в структуре гиппокампа в виде спада внеклеточного отека и гиперемии, появление гиперхромии ядер, отмечались четкие границы клеток, нормализация кариометрических показателей до показателей контрольных величин. При этом время свертывания крови достигало контрольного уровня.
Рекомендации по внедрению научно-исследовательской работы: применение цеолита местного происхождения в качестве энтеросорбента может быть использовано как один из путей изыскания эффективных средств выведения из организма солей тяжелых металлов.
Область применения: Патологическая физиология, токсикология, профессиональная патология, фармакология.
Практическая значимость: Полученные данные дополняют теоретический материал о негативном воздействии тяжелых металлов, поступающие из антропогенных источников загрязнения, на экосистемы. Результаты исследований могут быть использованы для профилактики и лечения нарушений, возникающие при свинцовой, хромовой и ванадиевой интоксикациях, а также в лекционных курсах по патологической физиологии, профессиональной патологии и токсикологии медицинских вузов.
Summary
Myrzagulova Syrsulu Ermukhanbetovna
Pathogenetic correction of central nervous system lesions induced by compounds of heavy metals
Thesis is presented for scientific degree of Candidate of medical sciences on speciality 14.00.16 - pathological physiology
Object of the investigation: Intact white rats and rats that received compounds of heavy metals. Brain and blood of the animals were investigated.
Objectives of the investigation: Studying the combined effects of lead, vanadium and chromium on the central nervous activity, blood system and searching for effective ways of correction of metal induced damages.
Methods of investigation: The investigation was carried out on 212 white rats with mass 150-200 g. The animals received combination of lead acetate, potassium bichromate and ammonium vanadate orally through a metal probe in a 1mg/kg doses for 1 week, 2 weeks and one month.
The general behavior, motor activity, conditioned reflex activity, morphological state and karyometric indicators of hippocampal neurons of experimental animals were studied.
For evaluation of the hemotoxic effects of the metals we studied the osmotic resistance of erythrocytes, the blood morphology and clotting.
Mass - spectral determination of lead, vanadium and chromium in rat blood and brain was conducted.
For correction of metal induced damages we used a substrate received from Radix Glycyrrizae produced by Chimkent pharmaceutical factory - ruvimin in a dose of 50 mg/kg and enterosorbents polyphepan and zeolite in a 1g/kg doses.
Animals received the above-mentioned substances together with metals within last 3 days in one- and two-weekly experiment and within 7 days in a monthly-experiment.
Statistical analysis of the investigation results according to Student’s t-criteria has been done.
Results of the research: It has been shown, that combined introduction of relatively small doses of lead acetate, ammonium vanadate and potassium bichromate in a 1mg/kg doses induced neurotoxic effects, broke processes of formation, consolidation and reproduction of temporary connections of conditional defensive reflexes of active and passive avoiding. That was accompanied by essential dystrophic changes of hippocampal neurons.
At the same time, durable combined introduction of small doses of lead acetate, ammonium vanadate and potassium bichromate didn’t induce anemia but increased blood clotting.
Treatment of the animals received combination of metals with ruvimin and enterosorbent Polyphepan improved general behavior, prevented animal’s lethality, increased motor activity, considerably improved processes of consolidation and reproduction of memory’s n-grams of conditional defensive reflexes of active and passive avoiding. Destructive changes in hyppocampal microstructure (extracellular edema, neuronal vacuolization) were decreased, brain structure was preserved. Karyometric evaluation of pyramidal hippocampal neurons revealed decreased nuclear edema. According to blood indexes treated animals showed normalization of erythrocyte osmotic resistance and decreased blood hypercoability.
The same correction effect was received when we used zeolite as enterosorbent. According to all investigated indicators the correction effects of zeolite weren’t less than those of well-known enterosorbent polyphepan. Zeolite decreased tissue content of lead, vanadium, chromium in comparison with intact animals.
At the same time isolated treatment of experimental animals with ruvimin and enterosorbents didn't essentially improve the processes of formation of active and passive avoiding reflexes, decreased blood hypercoagulobility, but didn’t normalize the clotting process.
It was of scientific interest to study the effects of combined treatment with both ruvimin and zeolite. According to the aim we gave animals, received compounds of metals ruvimin in a dose of 50mg/kg and zeolite in a dose of 1 g/kg daily orally in combination with metals for 3 last days at weekly poisoning and for 7 last days at monthly poisoning.
The received data showed that the combined treatment of animals received compounds of metals appreciably improved not only the processes of consolidation and reproduction of memory’s n-grams but also the formation of conditional reflexes of active and passive avoiding. There was marked improvement in hippocampal structure: decreased extracellular edema and hyperemia, appearance of nuclear hyperchromia, expressed cellular borders, normalization of karyometric indexes. Blood clotting time reached control levels.
Practical recommendations of the investigation: Using of local origin zeolite as enterosorbent can be one of the ways of lead, vanadium and chromium salts excretion out off organism.
Sphere of applying: Pathological physiology, toxicology, professional pathology, pharmacology.
Practical significance: The data complete the theoretical material of the negative effects of heavy metals due to anthropogenic pollution to ecosystems. The research results can be used for the prevention and treatment of disorders due to lead, chromium and vanadium intoxication. These materials may be also used during lecture courses of pathological physiology, professional pathology, and toxicology of medical institutes.
Достарыңызбен бөлісу: |