Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы «27» сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
7-қосымша
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН–код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді:
1) көрсетілетін қызметті беруші «Есепке алу–бақылау таңбаларын голографиялық қорғау элементтерін пайдаланып, алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЕБТ АЖ) немесе «Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Акциз АЖ) арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінәі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өнімдеріне (сырадан басқа) ДСН–кодын беру – көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды берген күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;
мұнай өнімдерін өндірушілерді, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерді ДСН–кодтары берілгені туралы жазбаша хабарлама – көрсетілетін қызметті алушы мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыруды жоспарлап отырған айдың 1–күніне дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей;
темекі өнімдерін Қазақстан Республикасында өндіру саласындағы қызметті немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушыларға ДСН–кодын беру туралы жазбаша хабарлама – көрсетілетін қызметті алушы темекі өнімдерін сатуды бастағанға дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей.
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, ХҚКО – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, ХҚКО – 15 (он бес) минут;
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ДСН–кодын беру туралы жазбаша хабарлама болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00–ден 14.30–ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 17.30–ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00–ден 20.00–ге дейін.
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз тіркелген орны бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жүргізіледі, портал арқылы кезекті электронды брондауға болады;
9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі нотариалды расталған сенімхат бойынша жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО:
1) мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына берілетін ДСН-кодын беруге мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған бес жұмыс күнінен кешіктірмей – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) Кеден одағының техникалық регламентінің жанармайына сәйкестігі туралы декларацияның көшірмесі және бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың тиісті түріне сәйкестік сертификатының көшірмесі, (немесе) сапасы туралы құжат (төлқжат), ал мұнай өндірушілер Кеден одағы техникалық регламентінің жанармайына сәйкес сапасы туралы (төлқұжат), жанармайды сынау хаттамасы мен декларациясы;
3) Қазақстан Республикасында өндірілген және тауарларды еркін айналымға шығарудың режимінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін темекі өнімдерінің әрбір таңбасына берілетін ДСН–кодын беруге темекі өнімдерінің жаңа таңбаларын сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1 күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
4) қораптағы немесе бумадағы темекі өнімдерінің атауын, бірлік санын және фильтрінің бар-жоғын көрсете отырып, Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын темекі өнімдері таңбаларының тізбесі;
5) этил спирті мен алкоголь өнімдері (сырадан басқа) бойынша – еркін нысандағы ДСН–кодын беруге өтінім.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО жұмыскері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен берілген мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, содан соң түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
ХҚКО дайын құжаттарды тапсыру жеке куәлігін көрсетумен (немесе оның өкілі нотариалды расталған сенімхаты бойынша) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатының негізінде жүзеге асырылады.
Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімінің әрбір атауына ДСН–кодын беруге және Қазақстан Республикасында өндірілетін және тауарларды еркін айналымға шығарудың кедендік режимінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін темекі өнімдерінің әрбір таңбасына берілетін ДСН-кодын беруге өтінімдерді көрсетілетін қызметті алушылар Акциз АЖ арқылы электрондық түрде береді.
Этил спирті мен алкоголь өнімдері (сырадан басқа) үшін ДСН–кодын беруге өтінімді көрсетілетін қызметті алушылар ЕБТ АЖ арқылы электрондық түрде береді.
Қызмет алушының мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар деректерінің мәліметтерін қызметті берушінің жұмыскері мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларымен ЭСҚ расталған, электронды деректер нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қызметті берушіге шағымданған кезде, құжаттар пакетін қабылдаған күні мен уақытын көрсетумен, қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО жұмыскері түпнұсқаларды құжаттардың электронды көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан соң түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Пошта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші пошта хабарламасына белгі қояды.
Көрсетілетін қызметті алушы «Өндірушілерге және/немесе импорттаушыларға арналған ЕБТ АЖ клиенттік қосымшасы» арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің «Жұмыс журналында» қабылданғаны/қабылданбағаны туралы электрондық хабарламаны алады.
«Акциз АЖ» салық төлеуші үшін клиенттік қосымшасы» арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны/қабылданбағаны туралы электрондық растау/ хабарлама алады;
Мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы көрсету жағдайында, қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарымен басқасы қарастырылмаған жағдайда, ХҚКО өкілі берген нысаны бойынша ақпараттық жүйелердегі құпия заңына жатқызылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
10. Мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО–на жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағымдар жазбаша түрде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14–тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14–тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
ХҚКО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым www.con.gov.kz ХҚКО интернет–ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚКО басшысына жіберіледі.
Шағымда:
-
Жеке тұлғаның – тегі мен аты-жөні, пошталық мекенжайы, байланыс телефондары көрсетіледі;
-
Заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс номірі мен күні көрсетіледі.
Шағым қызметті алушымен қол қойылуы қажет.
Қызметті алушының шағымында оның тегі мен аты–жөні, пошталық мекенжайы, күні көрсетілуі қажет.
Қабылдаған адамның тегі мен аты–жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына, ХҚКО келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі–портал) арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда, көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, ХҚКО: www.con.gov.kz интернет–ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда ЕБТ АЖ, Акциз АЖ арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8–800–080–7777, 1414.
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1–қосымша
Мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге ДСН-кодын беруге өтінім
__________________________ бойынша
(облысы/қаласы)
салық органының басшысына
__________________________________
20___ жылғы «__»__________________
Салық төлеушінің атауы:
Субъектінің ЖСН/БСН-і:
Субъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
Р/с
№
|
Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім)
|
Мұнай өнімінің коды (егер бұдан бұрын берілген болса түсетін тізім)
|
Мұнай өнімінің атауы (егер бұдан бұрын берілмеген жағдайда енгізіледі)
|
Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
Басшы ______________________________________ ___________________
(аты-жөні) (қолы)
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
_______________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Салық комитеті Төрағасына
____________________________
(шаруашылық етуші субъектінің
____________________________
атауы, БСН/ЖСН-і, орналасқан орны)
"___" ____________ жыл
Темекі өнімдеріне ДСН-кодтарын
беруге өтінім
N
р/с
|
Темекі
өнімдерінің
таңбасы
|
Темекі өнімдерінің
(сигареттер,
папиростар,
сигаралар,
сигариллалар және
құрамында темекі бар
өзге де өнімдер) атауы
|
Қораптағы
(бумадағы)
темекі
өнімдерінің
бірлік саны,
(дана)
|
Сүзгінің
бар-жоғы,
(бар/жоқ)
|
1.
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
Басшы ______________________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
МО
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), не ұйымының атауы)
________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге байланысты «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
-
________________________________________;
-
________________________________________;
-
….
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Аты-жөні (ХҚКО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: аты-жөні_____________
Телефон __________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы
20__ жыл «___» _________
Достарыңызбен бөлісу: |