Жоспар Оқытудың модульдік оқыту технологиясы. ІІ Негізгі бөлім
І Модульдік технологияға жалпы түсінік
1.1 Модульдік технология
1.2 Студенттердің танымдық қабілетін арттырудағы -
модульдік, блок-модульдік оқыту технологиясы
ІІ. Модульдік технологияны оқытуда қолдану
2.1Модульдік оқытудағы мақсат:
2.2Блок - модульдік оқыту технологиясы
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі психологиялық, педагогикалық әдебиеттер ғылыми – техналогиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласында «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүние жүзі елдерінде тарады.
Технология » ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне»-өнер, шеберлік және «логос»-білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан «технология» терминін «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады
Біріншіден, модульдік оқытуда оқу ақпараттарын берудің белгілі және сөздік нышандарына назар аударылады, блоктык-модульдік оқыту әдістемесінде суреттік және графиктік нышандары қоса беріледі. Сонымен блок-модульдік өрнектеу толығады және олардың студенттерге ықпалдары артады, бірінші кезекте естиді, екіншіден түсінік алады, бұдан соң сурет салады, жазылады, бекітіледі, қысқаша қайталанады. Екіншіден, блок-модулін құрастыру, түзу толығымен және нақты сабақтаса оқу материалын жинақтайды, тұжырымдайды, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жеткізеді студенттердің ойлау қабілеттерін іске қосады және танымдық іс-әрекеттерін жаттықтырады. Үшіншіден блок-модульді сызу, кұрастыру, жасау белгілі психологиялық педагогикалық заңдылықтары мен шартты белгілерін сүйене келе есте сақтау, қабылдау, ойлау іс әреттерін дамытып оқу материалын жеңіл жеткізе байланыстыра түсінуге, қайта шығара білуге үйрететін негізде болады, көру арқылы қабылданып, назарымызды өзіне тартып, зейін қоя ұғынуға баулиды. Оқу модулінің сөйлесу блімін даярлағанда мұғалім оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп, құрастылымдайды. Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап ,бекіуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі. Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы-күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беругеболады. [1]
Достарыңызбен бөлісу: |