Каталикалық крекинг қондырғыларының реакторларын және регенаторларын құрастыру мен жөндеу аппараттардың габариттік үлкен өлшемдерімен, сыртқы күрделі конфигурациясымен, ішкі ерекше құрылғыларымен, корпустың ішкі қабырғаларында оқшаулаудың болуымен аппараттардың үлкен биіктіктерде орнатылуымен қамтамасыз етіледі. Реакторды және регенераторды жалпы биік конструкцияда, олар реакторлық блокты пайда қылатындай орнатылады. Блоктың биіктігі жиі 100м-ден асады. Блоктың металл құрылысы екі қатар тұрған жалпы сатыларымен қызмет көрсететін алаңдармен байланысқан тура бұрышты қимадағы саты түрінде болады[6].
Реакторлық блокты құрастыруды қабатшаның, алаңшалары бар сатылар клеткаларынан тасымалданған тораптардан бастайды. Қозғалмалы жебелі крандарды қолданады. құрылысты қабатшада орнатылған және оған арнайы хомуттармен бекітілетін өзі көтеретін кран көмегімен көтеріп биіктетеді. Қабатшаның көтеріліп биіктетілуі шамасы бойынша, қабатшаны толық жинағанға дейін кранды жоғары орнынан алмастыра береді. Тұрақтылық беру үшін кранды кем дегенде үш бағытта тартып темір арқанмен бекітеді. Үлкен жүк көтергіштігімен ұзын жебесі бар кран болған кезде металл конструкцияларын құрастыру процессі жеңілдейді. Қабатшаны көтеру кезінде көлбеулік үшін шарнирлі өкшесі бар мачталарды да пайдаланады.
Биік қабатшаларды көтеру кезінде, егер өздеріне сәйкес шаралар қолданылмаса қисаюы мүмкін. Көтергенге дейін іліп алу орындарын анықтайды, түсетін салмақ мәнін есептейді және осыларға үйлесімдікте қабатшақұрылысын, беріктікті қамтамасыз ететін қосымша құрылғылармен жабдықтайды. Құрылыс беріктігің ерекшелеп күшейтілуі іліп алып көтеру орындарында қарастырылады.Металл конструкцияларын құрастырулармен бір уақытта технологиялық өткізу құбырларын, катализатор өткізгіштерді, пневмокөтергіштерді және т.б. құрастыруды жүргізу мақсатқа сәйкес келеді. Реакторлық блоктың негізгі аппараттарын мачтамен,деррик крандармен немесе алдын-ала блок қабатшаларында құрастырылған құрылымды қолданумен құрастырады[6].