9.1-кесте Транксрипт үлгісі (Kambatyrova, 2020)
Сұхбат алушы: Үш тілді білудің экономикалық жағынан пайдасы қандай деп ойлай-
сыз? Мәселен, жұмыс, мансап тұрғысынан алғанда.
Сұхбат беруші: Әрине, белгілі бір артықшылықтары бар. Оның халықаралық ком-
панияларда жұмыс істеуі міндетті емес. Оның үстіне бұл – әркімнің өз шаруасы.
Мәселен, токарлық станокта ағылшын тілі не үшін керек? Бізге жұмысшы маман-
дықтары аса қажет. Мысалы, бізде жақсы электр дәнекерлеушілер, краншылар, құра-
стырушылар, тас қалаушылар жоқ. Неліктен оларға ағылшын тілі керек – кірпіштерді
жылжыту үшін бе, кірпіштен қорап жасау үшін бе? Яғни, бұл жерде мен: әркімнің өз
таңдауы деп айтар едім (мәтіннің бұл үзіндісіне «Ағылшын тілінің жұмысшы маман-
дықтарындағы қажетсіздігі» коды берілген).
Сұхбат алушы: Ал мәдени даму жағынан қандай артықшылығы бар? Мұнда адам тіл
үйрену барысында белгілі бір елдердің мәдениетін зерттейді; саяхаттауға да мүмкін-
дігі артады дегенді айтқым келеді.
Сұхбат беруші: Иә, саяхат жасау үшін ағылшын тілі керек. Дегенмен оның қанша-
лықты қажеттігі бар? Тамақтануға қажетті бірнәрсе сұрау үшін тұрмыстық ағылшын
тілі жеткілікті. Мұны әркімнің таңдау құқығы екенін қайталап айтқым келеді. Егер
адам жоғары білімді болғысы келсе, ол сол тілді үйренуге өзіне қаржы, уақыт, мүм-
кіндік табады. Әркімнің таңдау құқығы болуы керек. Біз демократиялық мемлекетте
өмір сүріп жатырмыз. Білім беруде де солай болуы тиіс. Бізде мемлекеттік мектептер
бар. Мысалы, бізде 11 жылдық білім беретін жекеменшік мектептер неге жоқ? Сол
мектептер баланы кемінде 4 тілді, 5 тілді етіп шығарсын. Егер баласы оны қаласа,
ата-ана да қалайтын болады. Иә, олар арнайы бағытталған мектептерге барсын. Мы-
салы, кішкентай баладан генетик-биотехнолог даярлап шығарамыз десе, оны дай-
ындайтын мектептер болуы тиіс. Мемлекеттік мектептердің барлығының бағдарла-
малары бірдей, солай емес пе? Мұнда да балалардың таңдау құқығы болуы керек
(мәтіннің бұл үзіндісіне «Оқыту тілін таңдау құқығы» коды берілген).