Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Докторлық диссертацияда ұсынылған сауалнамадан мынадай



Pdf көрінісі
бет50/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Докторлық диссертацияда ұсынылған сауалнамадан мынадай 
сұрақтың мысалын қарастырып көрейік (Almukhambetova, 2018): 
1. Мүлдем келіспеймін
2. Келіспеймін
3. Жауап беруге қиналамын
4. Келісемін
5. Толық келісемін
Аталмыш ақпарды пайдалана отырып, төмендегі мәлімдемелермен қанша-
лықты келісетін/келіспейтініңізді толық сипаттайтын санды дөңгелектеп 
шығыңыз:
1.
Университетте өз жағдайымды, 
проблемамды бөлісе алатын 
достарым бар
1
2
3
4
5
2.
Бірге оқитын топтастарымның 
барлығымен арақатынасым жақсы
1
2
3
4
5
3.
Мен өзімді басқа студенттерден өз-
геше сезінемін, бұл маған ұнамайды
1
2
3
4
5


84
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
3.3 Іріктеу
Сауалнама жүргізу барысында барлығынан бірдей сұхбат алу 
көбінесе мүмкін бола бермейді. Сондықтан мақсатты топ (target 
population) деп аталатын белгілі бір адамдар тобының (ұйымдар-
дың) өкілдерінен іріктеу (sampling) жасалады. Жобаның мақсаты-
на байланысты мақсатты топтың немесе зерттелетін адамдардың 
саны көп не аз болуы мүмкін. Егер, мәселен, зерттеудің мақсаты 
жаратылыстану ғылымдарына үш тілде оқытуды енгізу туралы 
мұғалімдердің пікірлерін қарастыру болса, онда мақсатты топ ретін-
де, мысалы, республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі 
жаратылыстану пәндерінің барлық мұғалімдері алынуы мүмкін. 
Жалпы қанша адамның мақсатты топ өлшемдеріне сәйкес ке-
летінін білу қажет және егер олардың саны тым көп болса, зерт-
телетін топтың өкілі болатын респонденттерді іріктеуі жасау 
(sampling frame) өлшемдерін әзірлеу керек.
Іріктеуге өте шынайы, байсалды түрде қарау қажет: зерттеу 
өкілі деп аталу үшін мақсатты топтың қандай сипаттамалары ірік-
теуге ұсынылуы қажет екенін пайымдап алған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет