2. Персоналды басқару жүйесі.
Персоналды басқару жүйесі персоналдарды басқару мақсаттарының, функцияларының, ұйым-дастырушылық құрылымның қалыптасуларынан, басқарушылық шешімдерді негіздеу, өңдеу, қабылдау және орындау үдерістерінде мамандар мен жетекшілердің тігінен және көлденеңінен атқарымдық өзара байланыстардың қалыптасуынан тұрады.
Персоналды басқару функциялары жүзеге асыратын жүйе ұйымның персоналын басқару жүйесі деп аталады.
Ұйымның персоналын басқару жүйесі жалпы және желілі басқарудың ішкі жүйелерінен, сонымен қатар, бірыңғай функцияларды орындауға мамаңдырылған бірқатар атқарымдық ішкі жүйелерден тұрады.
Жалпы және желілі басқарудың ішкі жүйесі: ұйымды бүтіндей басқару, жеке функционалды және өндірістік бөлімшелерді басқару жұмыстарын атқарады. Жалпы және желілі басқарудың ішкі жүйесінің функциясын ұйымның жетекшілері, оның орынбасарлары, атқарымдық және өндірістік бөлімшелердің жетекшілері, олардың орынбасарлары, шеберлер мен бригадирлер орындайды.
Ұйымдағы персоналды басқару жүйесі ұйымды бүтіндей және оның жеке бөлшектерін басқаруды орындайтын желілі жетекшілік бөлімдер мен сонымен қатар, келесі атқарымдық және қамтамасыздандырушы ішкі жүйелерден тұрады:
персоналды жоспарлау және маркетинг;
персоналды жалдау және есепке алуды басқару;
еңбек қатынастарын басқару;
бір қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
персоналды дамытуды басқару;
персоналдың мінез-құлқын уәждемелеуді басқару;
әлеуметтік дамытуды басқару;
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамыту;
персоналды басқару жүйесін құқықтық қамтамасыздандыру;
персоналды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыздандыру;
персоналды басқару жүйесін техникалық қамтамасыздандыру.
Ұйымның көлеміне байланысты атқарымдық ішкі жүйелелердің міндетін орындайтын бөлімдердің құрамы езгереді. Ішкі ұйымдарда бір бөлімше бірнеше ішкі жүйелердің функцияларын орындауы мүмкін, ал жеке мәселелердің орындауын бөлімше емес, нақты мамандарға тапсырылуы мүмкін. Кейбір функциялар қатары персоналдарды басқару қызметіне кірмейтін басқа белімшелерге берілуі де мүмкін. Жеке функцияларды техникалық даму бөлімшелері орындауы мүмкін. Кейбір функциялар (мысалы, персоналдарды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыздандыру) басқаруды ұйымдастыру жөніндегі ішкі белімдердің құзырына берілуі мүмкін.
Персоналды басқару қызметінің құрылымдық орналасқан орны келесі нұсқалардың біріне сәйкес болуы мүмкін:
қызмет штабтық орган ретіндегі құрылым бойынша ұйымның жетекшісіне бағынады;
қызмет ұйымның басқару құрылымына кіріп, персонал бойынша тағайындалған басшының жетекшілігінде болады;
штабтық орган ретіндегі қызмет құрылым бойынша атқарымдық бағыттағы директорға бағынады;
қызмет құрылым бойынша әкімшілік ету жөніндегі маманның жетекшілігіне бағынады.
Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы. Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы — бұл персоналды басқару жүйесі мен лауазымды тұлғалардың өзара байланысқан жиынтығы.
Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын жасау келесі кезеңдерден тұрады:
персоналды басқару жүйесінің мақсатын қалыптастыру;
басқару функциясының құрамын анықтау;
басқару функциясының құрамын қалыптастыру;
ұйымдастырушылық құрылымының ішкі жүйелерінің құрамын қалыптастыру;
барлық деңгейдегі бөлімшелердің мамандары мен жетекшілердің құқықтары мен жауапкершіліктерін анықтау;
ішкі жүйелер арасында байланыстарды бекіту;
бөлімшелердің саны мен атқаратын функцияларының еңбек сыйымдылығын есептеу;
ұйымдастырушылық құрылымның кескін үйлесімін (конфигурациясын) құру.
Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын құру үдерісіндегі маңызды кезең — оның ішкі жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімділігі, материалдық негізі нақты белгіленуі қажет.
Құрылымдық байланыстың төрт тұрін бөліп көрсетуге болады: желілі бағыну (тікелей әкімшілік жасау); атқарымдық (функцоналды) жетекшілік ету (әдістемелікпен қамтамасыздандыру, басқа бөлімшелерге кеңес беру); бірге қызмет атқару (жұмыстарды бірге атқару); атқарымдық қызмет көрсету (шешімдерді қабылдау үдерісін қамтамасыздандыруда көршілес бөлімшелердің ақпараттарды дайыңдауы немесе басқа да жұмыстар).
Персоналды басқару жүйесі келесі негізгі әлементтерді қамтиды:
басқару аппаратының мамандар тобын;
басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін;
персоналды басқару үшін қажетті ақпараттар негізін;
еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқарудың тәсілдері мен әдістемелерінің жиынтығын;
құқықтық негізін;
персоналды басқару мәселелерін шешудегі ақпараттық үдерістерді басқарудың бағдарламалар жиынтығын.
Персоналды басқарудың екі бағыты бар. Бірінші бағыты бойынша бизнестің стратегиялары шеңберінде ұйым мен жұмыскерлер арасындағы қарым-қатынастарды реттеу негізінде ұйымның бәсекеге қабілеттілік жағдайлары мен ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Екінші бағыты бойынша ағымдағы персоналдық жұмыстар жүргізіледі: персонал қажеттілігінің қазіргі жағдайы мен жоспарлауы, штаттық кестелерді жасау; персоналды бағалау және іріктеу, таяудағы кадрлық ауысымдарды, жұмыстан босатуды жоспарлау; біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау және т.б.
Жалпы алғанда персоналды басқару - ұйымды қажетті өндірістік тәртіпті сақтайтын, өндірістік функцияларды қызыға орындайтын жұмыскерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету болып табылады.
Персоналды басқару жүйесінің ұйымдық құрылымы — персоналды басқару жүйесінің бөлімшелері мен лауазымды тұлғалардың өзара қарым-қатынас жүйесі. Бөлімшелер — персоналды басқару функцияларын атқарушыларды кең мәнінде персоналды басқару қызметі ретінде қарастырады. Аталынған қызмет ұйымды басқарудың жалпы жүйесіңдегі нақты орны мен рөлі, персоналды басқару бойынша әрбір маманданған бөлімшелер мен оның тікелей басшысы ұйымдық мәртебесінің орны мен рөлі арқылы анықталады.
Осы уақытқа дейін персоналды басқару бойынша жүмыстардың көпшілік бөлігін ұйымның әр түрлі бөлімдерінің бөлім жетекшілері орындап келді.
Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім - кадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады. Соңғы екі функцияны орындау үшін көп жағдайда кадрларды даярлау бөлімі немесе оқыту бөлімдері құрылады.
Ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік зерттеу немесе қызмет көрсету бөлімдері құрылады. Бірқатар ұйымдарда персоналды басқару бойынша директордың орынбасарының жетекшілігімен персонал мен жұмыс істеуге қатысы бар бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері құрылады.
Персоналды басқару қызметінің жаңа мәселелеріне персонал саясатын жүзеге асыру және ұйымдастырудағы еңбек ресурстарын басқару жөніндегі ісәрекеттерді үйлестіру, ойланбай орындалған жұмыстардан әлеуметтік нормаға бағытталып, жұмыскерлердің әкономикалық салауатты ойлары мен тұтынушьшық өнімдерге бағытталған көзқарастарына негізделген санасезімін өзгертулер жатады. Осыған байланысты персоналды басқару қызметтері оз функцияларының шеңберін кеңейте бастайды және бірыңғай кадрлық мәселелерден еңбек етуге ынталаңдыру жүйесін жасауға, кәсіптік жоғарылауды басқару, келіспеушілікті болдырмау, еңбек ресурстарының нарығын зерттеу және т.б. қызметтерімен айналыса бастайды.
Персоналды басқару қызметінің құрылымы кеп жағдайда ұйымның сипатымен, көлемімен, сонымен қатар, ұйымды басқарудың қазіргі әрекет етуші жүйесімен анықталады, ішкі және орта ұйымдарда персоналды басқару жөніндегі көпшілік функцияларды бөлімше жетекшілері, ал ірі ұйымдарда оларды орындайтын жеке өзіңдік құрылымдылық бөлімшелер қалыптастырады.
Кәсіпорын персоналын басқару өзара байланысқан іс-әрекет түрлерінің кешенінен тұрады:
кәсіпорын іс-әрекетінің стратегиясына сәйкес әр түрлі біліктілігі бар жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге деген қажеттілігін анықтау;
еңбек нарығын талдау және жұмыс бастылықты басқару;
персоналды іріктеу және бейімдеу;
кәсіпорын қызметкерлерінің мансабын, олардың кәсіби және әкімшілік өсуін жоспарлау;
еңбек етуді қолайлы жағдайларымен қамтамасыз ету, соның ішінде әрбір адам үшін игілікті әлеуметтік-психологиялық хал-ахуал құру;
өндірістік үдерістерді ұйымдастыру, еңбек шығындары мен нәтижелерін талдау, құрал-жабдықтар бірлігінің саны мен әр түрлі топтардағы персонал саны арасындағы тиімді қатынасты бекіту;
еңбек өнімділігін басқару;
тиімді іс-әрекетті уәждеме жүйесін жасау;
еңбекақы төлеу жүйесін жобалау;
кәсіпорынның әлеуметтік саясатын жасау және жүзеге асыру;
11) дау-жанжалдан сақтану және болдырмау.
Достарыңызбен бөлісу: |