Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Жергілікті облигациялар –



Pdf көрінісі
бет40/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

Жергілікті облигацияларсалық салынбайтын, жергілікті үкіметпен немесе 
штаттың үкіметімен шығарылатын облигациялар. 
Инвестиция – капитал құнын сақтайтын немесе өсіретін, сондай-ақ табыстың 
өсуіне әкелетін капитал жұмсау әдісі. 
Инвестициялау объектісі – инвестицияларға бағытталған кәсіпкерлік 
қызметтің кез-келген объектісі. 
Инвестициялық банктер– бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын
колхаттар түрінде (андеррайтинг), сатуға маманданған фирмалар. 
Инвестициялық жоба – белгілі мақсаттарға жетуді (белгілі нәтижелерді 
алуды) қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.
Инвестициялық 
жобаның 
бизнес-жоспары 
– 
бөлімдердің 
жалпы 
қабылданған тәртібі бойынша қысқа формада инвесторды болжанатын 
инвестициялардың тиімділігіне сендіруге және жобаны негіздеуге, сонымен 
қатар бағалауға мүмкіндік беретін жобаның басты сипаттамалары баяндалатын 
негізгі құжат. 
Инвестициялық климат – мемлекетте, аймақта инвестициялық қызмет 
жағдайларын анықтайтын заңдық, ұйымдастырушылық, экономикалық
әлеуметтік, саяси, мәдени бір-бірімен байланысты факторлар әсерімен 
қалыптасатын жағдай. 
Инвестициялық компаниялар – жеке инвесторардың ақша қаражатарын 
тартатын және оларды бағалы қағаздарға немесе белгілі бір басқа активтерге 
инвестициялайтын қаржы делдалдары. 
Инвестициялық қызмет – инвестицияны жүзеге асыру барысындағы 
инвестициялық үдерістегі әр түрлі қызметтер жиынтығы. 
Инвестициялық қызметтің субъектілерібір жағынан, бос инвестициялық 
ресурстарға ие қатысушылар (инвесторлар), басқа жағынан, инвестициялық 
ресурстарда қажеттілігі бар кәсіпорындар, ұйымдар және т.б. деп қарастыруға 
болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы инвестициялық институттар 
мен инвестициялық ресурстардың тұтынушылары арасындағы өзара қарым-
қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет