Н. С. Алпысбаева



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата30.04.2024
өлшемі1.2 Mb.
#500169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Хабаршы №1, 2024-449-463 (1) (1)

Талдау мен нәтижелер
Эксперименттік зерттеу кезінде ең алдымен бастауыш сыныптағы білім алушылардың 
сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейін анықтадық. Осыған байланысты төмендегі 1-кестеде 
сөйлеу әрекетінің түрлері және сөйлеу дағдылары берілген. 
Сонымен, зерттеу барысында біз «сөйлеу дағдылары» ұғымын адамның басқа 
адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті, алынған ақпаратты түсіндіру, сондай-ақ оны 
дұрыс жеткізу қабілеті ретінде қолданамыз. 
 
 


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№1 (131), 2024
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
454 
1-кесте – Сөйлеу әрекетінің түрлері және сөйлеу дағдылары 
Сөйлеу 
әрекеттерінің 
түрлері 
Дағдылар 
Тыңдалым және 
айтылым 
1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау 
1.4 Оқиғаны болжау 
1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану 
1.6 Тыңдаушының назарын аудару 
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрып айту 
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс 
айту 
Оқылым
2.1 Оқу түрлерін қолдану 
2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну 
2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату
2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну 
2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу 
2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау 
2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу 
2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 
2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату 
Жазылым
3.3 Жоспар құру 
3.4 Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу 
3.5 Мәтінді түрлі формада (тірек сөздер, сызбалар, суреттер, белгілер 
арқылы ) құрастыру 
3. 6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу
3.7 Қатені табу және түзету 
3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау
3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау 
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі бойынша оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар 
орындалды: 
- жеке сөйлемдерден мәтіннің өзгешелігі; 
- мәтіннің тақырыбы және ондағы негізгі ойды анықтау;
- мәтінге, сюжетті суреттерге ат қою; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет