Кокибасова Г.Т. Химияоқытудың жаңа технологиялары. Оқу құралы. – Қарағанды, 2012.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер ету үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік ғдаму деңгейінен де түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білімі мен иірбиесін туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын, саналы азаматты жетілдіруде мұғалімге жауапты міндет жүктеледі.
Білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, технологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – студентті келешек мамандығына жақындату, іскер маман даярлау, оның өзіндік және шығармашылық қаблетін арттыру, қажетті біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру маманың зияткерлік, кәсіби, адамгершілік, рухани, азамматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Үсынылып отырған оқу құралы болашақ мұғалімдерді химияны оқыту теориясымен қаруландырып, іс жұзінде күнделікті туындап отырып жеке методикалық мәселелерді ғылыми турғыдан шеше білуге әзірлейді. Химия сабақтарында жиі қолданылатын, педагогикалық сараман кезінде сынақтан өткізілген педагогикалық технологияларды кіріктіру жолдары, олардың негізінде құрылған сабақтардың үлгілері жасалып нақты мысалдар келтірілген.
Оқу құрылымы мен сапасы жайында сын айтқан оқырмандарға автор алдын ала алғысын айтады және мамандармен пікір алысуға, кеңестерін тыңдауға әрқашан қуана келіседі.
Джамалиева Ғ. Ж., Нығметова Ж.Т. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздері: Оқу құралы. – Карағанды: КарМУ баспасы, 2012.
Оқу құралы жоғары оқу орнында оқу үдерісінде студенттердің теориялық білімін жетілдіруде, тәжірибедегі біліктіліктерін қалыптастыру мақсатында жазылды. Оқу құралында әлеуметтік жұмыстың кәсіби құндылықтары, халықаралық әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикалық қарым-қатынас стандарттары, кәсіби іс-әрекеттің адамгершілік нормалары мен принциптер жүйесі, жалпы әлеуметтік жұмыс этикасы туралы оқырманға мәліметтер ұсынылған.
Бұл оқу құралы 5В090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері мен оқытушыларына, сонымен қоса әлеуметтік саланың қызметкерлеріне арналған.
Заркенова Л.С., Омарова Н.Н., Ильясова Б.И. Арнайы педагогика. Оқу құралы. – Қарағанды, 2012.
11.07.2002 ж. қабылданған «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аталмыш балалардың білім алу құқығын бекітеді, олардың білім алуына шынайы жағдайларды туғызып, арнайы білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруді, арнайы білім берудің ұйымдастырушы-басқарушы механизмдерінің жетілдіруін қарастырады.
Заңның негізгі бағыттарын жүзеге асыруда әзірленген «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау» мемлекеттік бағдарламасы жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби біліктілігіне қойылатын қоғамның қазіргі талаптарының деңгейінде, арнайы педагогтарды даярлаудағы ықпал ету мен қағидалардың жаңадан қарастырылуының қажеттілігін көздейді.
Болашақ дефектологтарды кәсіби даярлауда жетекші орын «Арнайы педагогика» курсын оқуға бөлінеді.
Пәнді оқыту мақсаты - студенттерді арнайы педагогиканың теориялық және іс-тәжірибелік негіздерімен, оның ұғымдық аппаратымен, ғылыми негізделуімен, әдіснамасымен және зерттеу әдістерімен таныстыру, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени білім беру феномені және оның дамуының негізгі кезеңдері ретінде арнайы білім беру туралы жалпыланған теориялық түсініктерді беру.
Курсты оқу жалпы және жас ерекшелік педагогика, арнайы психология мен дефектологияның медициналық негіздеріне сүйенеді. Бұл арнайы білім берудің әлеуметтік медициналық-педагогикалық жүйесінің түрлі буындарында, дамуында бұзылыстары бар балалармен түзете жұмыс жасау заңдылықтары мен ерекшелігін ұғынуды, студенттерге түсінікті етеді.
Оқу құралы «Арнайы педагогика» курсы бойынша барлық принципті теориялық негіздерін қамтиды.
Аталмыш оқу құралы студенттерге арнайы педагогика теориясының негіздерімен танысуға, мүмкіндіктері шектеулі адамның білім алуда ерекше қажеттіліктері туралы, арнайы білім беру саласындағы педагогикалық іс-әрекет мазмұны туралы, арнайы білім беру қызметтерінің заманауи жүйесі туралы түсініктерді алуға мүмкіншілік береді.
Оқу құралы 5В010500- «Дефектология» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС сәйкес, «Арнайы педагогика» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған. Оқу құралының материалдарын курсты оқу, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Студенттерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, арнайы (түзете оқыту) мекемелердің мұғалімдері мен тәрбиешілеріне арналған.
Мирза Н.В., Маженова Р.Б. Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас. Оқу құралы. – Қарағанды, 2012.
«Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас» атты курс әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет жағдайында өзара жеке бастық қатынастардағы құзыреттіліктің даму мәселесіне арналған.
Курс бағдарламасы әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық мамандықтарда мамандар даярлауда жүзеге асырылады.
Курс мақсаты болашақ әлеуметтанушылардың, әлеуметтік педагогтардың, мұғалімдердің, әлеуметтік қызмет көрсету мен оқу орындарының жетекшілерінің кәсіби қарым-қатынас деңгейін жоғарылату болып табылады.
«Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас» курсын оқу келесі міндеттерді шешуден тұрады:
-
педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін жоғарылату;
-
коммуникативті потенциалды өзіндік дамытуда қажеттілікті жетілдіру;
-
тәрбиеленушілер, ата-аналар, әріптестер мен жетекшілермен қарым-қатынастағы қиындықтарды жоюда ұжымда жағымды моральды-психологиялық ахуал қалыптастыруға әрекет ету.
Курс нысаны ҚР мемлекеттік стандартының талаптарына сай жоғары арнайы білім беру процесі болып табылады.
Курс бағдарламасы 4 тараудан тұрады:
-
Қарым-қатынас түсінігі, қарым-қатынас құралдары, оның сипаттамасы.
-
Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас.
-
Қарым-қатынас кедергілері, конфликтілі жағдайлардағы мінез-құлық.
-
Дау-дамай процесі.
Ұсынылатын оқу құралында кейбір тақырыптар көрсетілген.
Асанов Қ.Д. Сөз өнері және журналистика. Оқу құралы. – Қарағанды, 2012.
Оқу құралында шешендік сөз өнерінің шығу төркіні сараланып, ол бүгінгі ұлттық журналистикадағы тіл, сөйлеу мәдениетімен сабақтастырыла қарастырылған. Болашақ журналист мамандарын даярлау барысында сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеудің негізгі қайнары ұлттық шешендік өнерден бастау алатындығы зерттеуде жан-жақты көрсетілген. Сондай-ақ тіл, сөз өнеріне қатысты теориялық тәмсілдердің тәжірибедегі көрінісі нақты мысалдар арқылы талданылады. Оқу құралы болашақ журналист мамандарына, сөз өнерін құрметтейтін жалпы оқырманға арналған.
Рамазанова Ж.С. «Сөйлеу техникасы». Оқу құралы. – Қарағанды, 2012.
«Сөйлеу техникасы» – оқу пәндерінің бірі ретінде жоғары оқу орындарында журналистика мамандығы бойынша бакалавр сатысында жүргізіледі.
Ұсынылып отырған «Сөйлеу техникасы» оқу құралы жоғары оқу орындарында сабақ кредиттік технология бойынша жүргізілетін топтарда, бөлімдерде оқитын студенттерге арналған.
Сөйлеу техникасының құрамды бөліктері – бұл дыбыстық, тыныстық қойылымы, сөйлеу сәтіндегі дауыстың, дикциясының, орфоэпиясының дұрыс қойылымы. Сөйлеу техникасының мәні – дыбыстау нормаларын сақтауда артикуляция, дыбыс, тыныс бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Сөйлеу өнерінде ең бастысы нені есептейтіндігін сұрағанда, Демосфен айтылмақ сөздің қалыпты да үйлесімді дыбысталуына ең алғы кезекте ерекше мән берудің аса қажеттілігін баса айтқан. Сөз сөйлеуді орындау /асtіо немесе рrоnuntiatiо/ – жеңіске жету жолындағы ең соңғы маңызды жұмыс кезеңі. Бұл міндетті орындауда аса мәнді көмекті топ алдында сөйлеушіге (лектор, журналист) шешендіктанудың ерекше тарауы, шешендік шеберліктің маңызды саласы – сөйлеу техникасы көрсетеді. Оның басты мақсаты – барлық сапалық белгісі мен мүмкіндіктерінің жиынтығы негізінде сөйлеушінің өз дауысын меңгере білуге үйрету.
Сөйлеу техникасы – шешендік туралы ғылымның өте арнайы да маңызды тарауы. Өзгелерінен ерекшелігі бұнда дыбыстау дағдылары бойынша жүргізілетін ұзақ мерзімді, тегеурінді машықтық жұмыстар мен жаттығулар аса маңызды. Сол себептен де осы шағын еңбегімізде ең қажетті білуге тиісті жалпы теориялық ескертпелермен қатар арнайы жаттығуларды ұсынғанды жөн санадық.
Аталған оқу құралы 5В050400 – «Журналистика» және 5В051400 – «Қоғаммен байланыс»мамандығының күндізгі және сырттай бөлімінде оқитын студенттерге арналған, сондай-ақ филолог, педагог мамандарға көмекші құрал бола алады.
Г.Х.Абдрахманова, Б.М.Айтбаева. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Қарағанды, 2012.
Оқу құралы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережесіне» сәйкес, қойылған талаптары басшылыққа алына отырып, жоғары оқу орындарындағы өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуге арналып жазылған.
Бұл оқу құралында тіл үйренушілерге сабақ үстінде және өз бетімен жұмыс жасау үшін белгілі бір мақсатта түрлі тапсырмалар ұсынылады. Қазақ тілі бойынша инновациялық технология негізінде әртүрлі формада жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Студенттің білім деңгейіне сәйкес күрделі немесе жеңіл жұмыс түрлерін таңдап алуға мүмкіндік бар.
Оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дайындаған типтік оқу бағдарламасын (Алматы, 2002) және Жалпы білім беру пәндері бойынша типтік оқу бағдарламасын (Алматы, 2005) басшылыққа ала отырып, барлық факультет студенттеріне арнайы жасалған.
Оқу құралы бірнеше бөлімнен тұрады. Онда:
-
сөздік минимумдар, тақырып және тақырыпшалар, жағдаяттық тапсырмалар, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым мақсаттары;
-
ұлы адамдардың өнегелі өмірінен қысқа шығармалар;
-
құжат үлгілері;
-
шығарма жазып үйрену, шығарма жазуда пайдаланылатын мәтіндер;
-
оқып түсіну, әңгімелеу үшін қосымша мәтіндер;
-
нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер, жаттау үшін өлеңдер;
-
тест тапсырмалары
-
қайталау үшін сызбанұсқа түрінде грамматика ережелері берілген.
Оқу құралы жоғары оқу орны студенттері мен оқытушыларына арналған.
Исенова Ф.К. Лингвистический анализ художественного текста. Учебное пособие. – Караганда, 2012.
Структура учебного пособия определяется решением двух основных задач: во-первых, познакомиться с теоретическими основами лингвистического анализа художественного текста, а, во-вторых, рассмотреть основные методы и приемы анализа языковых единиц всех уровней. Пособие состоит из нескольких взаимосвязанных разделов: в 1-м разделе определяются общие вопросы теории лингвоанализа текста (признаки текста как объекта анализа, краткие сведения из истории лингвоанализа текста, общие вопросы методики лингвистического анализа), в 3-9 м разделах предлагаются этапы лингвистического анализа художественного текста от лингвистического комментирования и принципов анализа отдельных языковых уровней (фонетический, лексический, морфологический, синтаксический, стилистический), а в 10-м разделе предложен лингвистический анализ художественного текста. Все этапы лингвистического анализа соответствуют основным тенденциям состояния и развития современной теории и практики лингвоанализа (Л.Г. Бабенко, Н.А. Белова, Н.С. Болотнова, Ж.К. Киынова, Н.М. Шанский), а в некоторых случаях требуют обращения к общим вопросам теории текста (А.А. Залевская, Н.В. Шевченко), существующим лингвоанализам текстов или фрагментам таких анализов отдельных художественных текстов (Л.Г. Барлас, Н.С. Болотнова, М.И. Гореликова, Ю.М Лотман, Р.А. Игнатова, Н.К. Соколова, И.В. Сухорукова, О. Усминский, Н.М. Шанский). Рассматриваемые в пособии темы сопровождаются заданиями для самоконтроля, выполнение которых позволит обучающемуся самостоятельно и / или под руководством преподавателя осваивать методику лингвистического анализа текста как отдельных языковых уровней, так и полного поуровневого анализа текста. Иллюстративный материал для пособия практически неисчерпаем, поэтому выбор прозаического или поэтического текста, или фрагмента (строфы или абзаца) определяется прежде всего наглядностью определенного явления и его обучающим эффектом. В пособии также содержится краткий словарь терминов, в который из разных источников включены термины как из области лингвистики, так и литературоведения, которые помогут в ходе работы над анализом восполнить незнакомую обучающемуся по каким-либо причинам терминологию. В случаях необходимости он может обратиться к другим источникам из предлагаемого списка рекомендуемой литературы.
Наряду с необходимыми теоретическими сведениями особое внимание уделяется в пособии анализу языковых уровней на материале различных текстов, однако, для автора оказывается важным не столько предложить образцы анализа, сколько сфокусироваться на возникающих перед анализирующим трудностях такого анализа. Умение анализировать, представлять результаты такого анализа абсолютно индивидуально, общими остаются только принципы и подходы в анализе, другими словами: каждый может анализировать текст, только созданные анализы могут различаться глубиной. В качестве итогового задания по изученному курсу становится выполнение лингвистического анализа художественного текста (текст по выбору).
Учебное пособие предназначено для студентов гуманитарных факультетов, учителей русского языка и литературы и начальных классов, а также оно может оказаться весьма полезным для учащихся средних школ
Сагинов Н.А., Касымова А.Г. Экономический анализ: Учебно-методическое пособие. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2012- 265с.
В первом разделе учебно – методического излагаются теоретические основы анализа хозяйственной деятельности как системы знаний о предмете, методе, задачах, принципах, методике и организации микроэкономического анализа. Второй раздел посвящен методике управленческого анализа. Рассмотрены методики анализа, характерные для рыночной экономики. В третьем разделе изложена методика проведения финансового анализа деятельности хозяйствующего субъекта. В учебно-методическом пособии определены объекты, задачи, источники информации, методики анализа, приведены примеры, практикум, контрольные вопросы.
Рекомендуется для студентов, преподавателей экономических вузов и факультетов и практических работников.
Талжанов С.А., Кәдірбаева Д.А. «Қызмет көрсету географиясы» пәні бойынша оқу құралы. – Қарағанды, 2012.
«Қызмет көрсету географиясы» халыққа қызмет көрсетудің экономо-географиялық зерттеулердің әдістері және міндеттерімен, негізгі ғылыми-тәжірибелік жағдайымен, таныстыру. Халықтың негізгі әртүрлі типтегі қажеттіліктерін географиялық зерттеу принцптерін айқындау және қызмет көрсетудің территориальды ұйымдастырылуының негіздері. Осы салаға жергілікті табиғи, экономикалық, әлеуметтік және басқа да жағдайлардың әсері туралы таныстыру.
Кыстаубаева З.Т. Жүйке жүйесінің анатомиясы және эволюциясы. Оқу құралы. – Қарағанды, 2012.
Оқу құралында жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы, эволюциялық дамуы, ұғым мен терминдер берілді, омыртқалы жануарлардың негізгі кластарының жүйке жүйесі, адам миының пренатальды кезеңінде дамуы қарастырылды. Орталық жүйке жүйесінің жеке бөлімдерінің, вегетативті жүйке жүйесінің құрылысы толығымен көрсетілген.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының биология, психология мамандықтарына оқитын студенттеріне, оқытушыларына және кәсіптік орта білім беретін мұғалімдеріне арналған.
Конкабаева А.Е., Турлыбекова Г.К., Сарсенбаева А.Ш., Кокенова А.С. Сравнительная анатомия позвоночных животных. Учебное пособие. – Караганда, 2012.
В настоящем учебном пособии в доступной форме описана сравнительная анатомии органов и систем позвоночных животных различных таксономических групп, начиная от более примитивно организованных и заканчивая высокоорганизованными представителями класса млекопитающих. Содержание и структура учебного пособия соответствуют требованиям и рабочей программе. В пособие включены вопросы для самоподготовки обучающихся, перечень тем для рефератов.
Учебное пособие предназначено для студентов, магистрантов и преподавателей
Казимова Д.А. Основы проектирования педагогических программных средств в профессиональном образовании. Учебное пособие. – Караганды: Изд-во КарГУ, 2012. – 114 с.
В данном учебном пособии изложен теоретический материал, охватывающий основные положения компьютерных программ, и включающий такие разделы как классификации педгогических программных средств, основные инструментальные системы для разработки педагогических программных средств, этапы разработки и составные элементы педагогических программных средств. Учебное пособие составлено для студентов специальности «Профессиональное обучение», также может быть рекомендовано для пользователей, желающих освоить методы разработки педагогических программных средств.
С.А. Кипшаков, Г.Н. Манашова Предпринимательская деятельность в системе профессионального образования. Учебное пособие. – Караганды, 2012.
В учебном пособии рассматриваются как общие основы предпринимательской деятельности, так и частные вопросы организации предпринимательской деятельности в образовательных учреждениях. Сделан акцент на двух основных направлениях осуществления предпринимательской деятельности в образовательных учреждениях: производство товарной продукции и оказание образовательных услуг.
Предназначено для студентов педагогических специальностей высших учебных заведений, магистрантов, преподавателей, руководителей образовательных учреждений, а также тем, кто занимается вопросами экономического характера.
Салқымбаева С.А. Түстану. «050107-Бейнелеу өнері және сызу», «050421-Дизайн» және басқа да мамандықтардың студенттеріне арналған. Оқу құралы. – Қарағанды, 2012.
Оқу құралында ғылымның әр саласында қолданылатын түстер жайында зерттеулер негізгі теориялық түрде енгізілген. Нақты оқу құралы «Бейнелеу өнері және сызу», «Дизайн» мамандықтарына арналған. Сонымен қатар арнайы пәндер жүргізетін оқытушылар мен мұғалімдерге ұсынылады.
Бейсенбаева Б. А., Матросова А.Д., Омарова Г.Н. International Organization. Учебно-методическое пособие. – Караганды, 2012.
Данное учебно-методическое пособие предназначено для студентов 3-4 курсов специальностей «Международное право» и «Международные отношения» и включает в себя аутентичные тексты дипломатического характера и комплекс упражнений, активизирующих такие виды речевой деятельности как чтение, говорение и письмо. В учебно-методическом пособии предусмотрен ряд заданий для развития мыслительной деятельности обучающихся, а также глоссарий для расширения словарного запаса. Пособие нацелено на языковую реализацию профессиональной и коммуникативной компетенции студентов и лиц, интересующихся вопросами международного права и международных отношений.
Абильдина С.К., Шаяхметова М.Н. Этнопедагогикалық сөздік.– Қарағанды, 2012.
Бүгінгі таңда жаһандану процесі белең алған тұстағы өзекті мәселелердің бірі – ұлттық мәдениетті, ұлт менталитетін сақтау. Ұлттың – ұлт ретінде өмір сүруі де жас ұрпақтың бойына сан ғасырлық тарихы бар ұлттық педагогиканың тәлімдік, тәрбиелік қағидаларын қаншалықты сіңіре алуымызға байланысты. Ендеше, ертеңін ойлаған адам өткеннен тәлім алады, ертеңгі болашағы үшін өмір сүреді.
Этнопедагогика қоғамның тарихы дамуы арысында көкейкесті проблема болғандығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Оның өзектілігі әр мемлекеттің тәуелсіздік алуына, ұлттық сана-сезімнің жетілуіне, қоғам өмірінің рухани жандануына байланысты бұрынғыдан да артуда. Мұны ғылымның барлық саласында, соның ішінде педагогика ғылымы саласында орындалған зерттеу еңбектері де дәлелдеуде. Оларда этнопедагогика жеке ғылым тұрғысында қарастырылып, оның бүгінгі заман жеткіншектерін тәрбиелеудегі мән-мағынасы зерделенуде.
Этнопедагогика – ұлт дамуының, оның ұлт ретіндегі бет – бейнесінің сақталуының күретамыры. Қазақ халқы жас нәресте жарық дүниеге шыр етіп келген күн – «тал бесіктен» бастап, адам баласының ақтық демі біткенге дейінгі – «жер бесік» аралығында адамға тәрбие берудің небір үздік үлгілер көрсеткен, осыдан келіп, ұлттың өзіне тән тәрбие жүйесін қалыптастырған. Ата-баба дәстүріне, салт – санасына, ұлт мәдениетіне құрметпен қарауға үйреткен, ізгілікке баулыған. Содан да болар, қазақ халық педагогикасының ешкімге ұқсамайтын өзіндік өлшемдері, тәрбиелеу жүйесі, терминдік атаулары бар.
Біз білім алушылардың талап-тілектеріне орай, этнопедагогика саласында жиі қолданылатын, осы пәнді игеру барысында жиі кездесетін, сондай-ақ зерттеу жұмыстарында қарастырылған ғылыми терминдерді жүйелеп, топтастыруға тырыстық. Бір ескертетін мәселе, бұл саладағы терминдердің басым бөлігінің ана тілімізде қалыптасқан немесе жасалған, арнайы бекітілген баламалары жоқ. Сол себепті, терминдерді толық мағынасында түсіну үшін оларға берілген анықтамаларда сөздің түсініктілігі, нақтылығы ғылыми мағынасының сақталуын ескердік.
Бұл ұсынылып отырған шағын еңбекте (ғылыми зерттеу емес) этнопедагогикалық терминдер толық қамтылды деуден аулақпыз. Әлі де уақыт өте жинақталып, толықтырыла түсетініне сенеміз. Сөздікті құрастырушылар құрал туралы ескертпелер мен ұсыныстар берушілерге алдын-ала ризашылықтарын білдіреді.
Абильдина С.К., Асетова Ж.Б. 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша дипломдық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау.– Қарағанды, 2012.
Әдістемелік нұсқау «5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша дипломдық жұмыстарды ұйымдастыру және орындау үшін оқытушыларға, студенттерге тәжірибелік көмек беру мақсатында құрастырылған. Бұл әдістемелік нұсқауда дипломдық жұмыстарды орындаудың ұйымдастырушылық кезеңдеріне сипаттама беріледі, оның теориялық және тәжірибелік бөлімдерінің мазмұнына қойылатын талаптар айқындалады, дипломдық жұмыстарын қорғауға дайындалу бойынша ұсыныстар беріледі.
«5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілеріне, оқытушылар мен студенттерғе арналған.
Жекибаева Б.А. Методические рекомендации к практическим занятиям по курсу «Педагогическое мастерство» для специальности 5В012300 – Социальная педагогика и самопознание
Методические рекомендации разработаны с целью оказания практической помощи преподавателям в проведении практических занятий по дисциплине «Педагогическое мастерство» для специальности 5В012300 – Социальная педагогика и самопознание.
Основное внимание в методических рекомендациях уделено выполнению практических заданий и упражнений, направленных на развитие у будущих педагогов внимания, наблюдательности, навыков управления психическим состоянием, формирование культуры речи и совершенствование навыков педагогического взаимодействия субъектов учебно-воспитательного процесса.
Методические рекомендации могут быть использованы преподавателями высших и средних учебных заведений, студентами и магистрантами педагогических специальностей.
Белгібаева Г.К. «Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесі» оқу іс-тәжірибесі бойынша әдістемелік нұсқаулар.– Қарағанды, 2012.
«Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесі» оқу іс-тәжірибесі ғылыми түсіндіру тәсілдерін, ғылыми ойлау формалары мен әдістерін таңдауда, жастар мен балаларды тәрбиелеу мәселелерін теориялық өңдеудегі алдыңғы қатарлы көзқарас, мамандарды кәсіби психологиялық – педагогикалық даярлау тиімділігі мен сапасын жүзеге асыру бағытының бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта психологиялық – педагогикалық ғылым жедел даму кезеңін бастан кешуде. Тәрбие мәселелерін зерттеу қоғамдағы педагогтар, психологтар, социологтар, философтар үшін өзекті болып табылады.
Педагогикалық және психологиялық ғылымның дамуы көп жағдайда студенттердің ғылыми қызметкерлермен бірге белгілі бір үлесті қалай қосатынына байланысты. Университеттегі, институттағы, техникумдағы, колледждегі, мектеп, гимназиялардағы, лицей, мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігі, педагогикалық және психологиялық ғылымның дамуы белгілі бір деңгейде іс-тәжірибеге берілген ғылым жетістіктерін енгізу, психологиялық–педагогикалық тәжірибе құру және оларды жалпылау іскерлігіне тәуелді.
Қандай да бір экспериментальды психологиялық– педагогикалық зерттеудің негізгі белгілері мыналар:
1. Мәселелер, яғни арнайы ғылыми зерттеулер жүргізбесе дұрыс жауап табу мүмкін болмайтын және шешімді талап ететін өзекті де өмірлік маңызды сұрақтардың болуы;
2. Тексеруді немесе дәлелдеуді талап ететін, берілген мәселелерді гипотезалық шешудің болуы;
3. Ғылыми болжамның болуы;
4. Осы болжамдарды тексеруге арналған ғылыми эксперименттерге дайындалу және өткізу.
«Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесі» оқу іс-тәжірибесі бойынша жазылған әдістемелік нұсқау „Педагогика және психология“ мамандығы бойынша жоғарғы оқу орынында және педагогикалық колледждерде оқитын студенттерге, мектеп психологтарына арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |