«национальный банк республики казахстан»



бет1/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#171500
  1   2   3   4   5


ҚР Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 ақпанда № 13308 нөмерімен тіркелген.



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2016 жылғы 28 қаңтар


Алматы қаласы



№12


город Алматы



Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:



Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5. Осы қаулы, Тізбенің 2016 жылғы 15 мамырдан қолданысқа енгізілетін 11-тармағын және Тізбенің 5-тармағының 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін отыз үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Ұлттық Банк

Төрағасы Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2016 жылғы 28 қаңтардағы

№ 12 қаулысына

қосымша


 

 

Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің



тізбесі
1. «Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық процеске, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеуге, сақтандыру жөніндегі бірыңғай деректер базасының сақталуына және үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ деректер базасының басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісінің нысанын, Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі қағидалардың мазмұнына, жеткізушілердің деректер базасын қалыптастыру үшін ақпаратты ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды, ақпаратты жеткізушілер ұсынатын ақпараттың мазмұнына қойылатын қосымша талаптарды, оны электрондық түрде ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ сақтандыру есептерін ұсыну тәртібін белгілейді.»;

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Талаптарда Сақтандыру қызметі туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:»;

2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Ұйымның қызметін жүзеге асыруға Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер базасын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі және Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі қағидалар болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Сақтандыру қызметі туралы заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жеткізуші Ұйымға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген «Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысында (бұдан әрі – № 24 қаулы) көзделген мәліметтерді нақты уақыт режимінде ұсынады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Ұйым мынадай тәртіппен сақтандыру полисіне бірегей нөмірді тағайындайды:

1) сақтандырушының мазмұнына қойылатын талаптар № 24 қаулысында белгіленген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушының өтініші негізінде сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы (көлік құралдары) туралы мәліметтерді енгізуі;

2) деректер базасында міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисіне енгізу үшін қажетті мәліметтер бар сақтандыру есебін қалыптастыру;

3) сақтандыру полисіне сақтандыру полисінің нөмірі болып табылатын бірегей нөмірді тағайындау;

4) деректер базасында қалыптастырылған ақпаратты, оны сақтандыру полисінің бланкісіне басып шығару ақырлы шығару.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Ұйым ақпаратты жеткізуші ұсынған ақпаратты, ол дұрыс немесе толық ресімделмеген, ақпаратты жеткізушінің, сақтандыру есебін алушының, деректер базасы субъектісінің деректері пайдаланылатын ақпарат жүйесінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сақтандыру есептерін қалыптастыру және пайдалану жүйесінде пайдаланбай қайтарып беруі мүмкін.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Пайдаланушының дербес компьютері құрамында пайдаланушылардың сәйкестендіру және бірдейлендіру құралдары бар, компьютерге кірумен және пайдаланушылардың іс-қимылдарымен байланысты қызметті бақылау мақсатында электрондық құжаттардың сақталу мерзімі ішінде электрондық журналдарды жүргізу мүмкіндігі бар қорғау кешенімен жабдықталады.»;

51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«51. Пайдаланушының дербес компьютері бағдарламалық қамтамасыз етудің тұтастығын қамтамасыз ету құралымен жабдықталады.»;

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Қорғаныс жүйесін пайдалана отырып, ақпаратты ақпараттық ортаға жинақтау үшін бөлінген ресурстарға (дискілік кеңістік, директориялар, желілік ресурстар, деректер базалары және басқалар) кіру, ақпараттық ортадан ақпаратты алу, ақпаратты сақтау, мұрағаттау не басқа да өңдеу тәртібі бұл ресурстарға рұқсат етілмеген кіру мүмкіндігін бермейді.»;

64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Негізгі ақпараты бар сыртқы тасымалдағыштарды сақтау және пайдалану тәртібі оларға рұқсат етілмеген кіру мүмкіндігін бермейді.»;

67-тармақ алынып тасталсын;

8-тарау алынып тасталсын;

1-қосымша Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. «Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін рәсімдеуге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген, 2010 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 13 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар);

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар;

3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар;

4) осы қаулыға 3-1-қосымшаға сәйкес туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша, туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге қойылатын талаптарда:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптар»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптарды белгілейді.»;

3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін ресімдеу және беру

18. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша (бұдан әрі – туроператорды немесе турагенттi міндетті сақтандыру) сақтандыру полистері Талаптарға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.

19. Туроператорды немесе турагенттi мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистеріндегі сақтанушы туралы мәліметтер сақтандыру шарттарын жасауға негіз болатын сақтанушылар өтініштерінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келеді.»;

1, 2 және 3-қосымшалар Тізбеге 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-1-қосышамен толықтырылсын.

3. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы»


Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 27 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6159 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 7 шілдеде № 12 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары алып тасталсын.

4. «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7555 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 23 маусым № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушы клиринг ұйымын соттар, анықтау және тергеу органдары немесе атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер мен атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға және (немесе) оның клиенттеріне тиесілі мүлікке салған тыйым туралы осындай оқиғалар болған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей хабардар етеді.»;

мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5 және 10-6-тармақшалармен толықтырылсын:

«10-1. Клиринг ұйымы клиентінің (сауда-саттыққа клирингтік қатысушының) міндеттемелері клиринг ұйымының қағидаларына сәйкес белгіленген күні тоқтатылады.

10-2. Клиринг ұйымы клиентті (сауда-саттыққа клирингтік қатысушыны) – қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы уәкілетті органның жазбаша хабарламасын алған күні клиринг ұйымының клиентіне (сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға) клирингтік қызмет көрсетуді тоқтатады.

10-3. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушыны - қаржы ұйымын лицензиядан айыру алу туралы уәкілетті органның хабарламасын алғанға дейін жасалған мәмілелер бойынша клиринг ұйымы клиентінің (сауда-саттыққа клирингтік қатысушының) барлық міндеттемелері клиринг ұйымының қағидаларында белгіленген талаптарда және тәртіпте есепті кезең ішінде орындалады.

10-4. Мәмілелер бойынша міндеттемелер мәмілелер бойынша басқа сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар - олардың қарсы агенттеріне қатысты сауда-саттыққа клирингтік қатысушының нетто міндеттемелері (нетто талаптары) туындаған кезде тоқтатылады. Көрсетілген нетто міндеттемелердің (нетто талаптардың) мөлшері клиринг ұйымының қағидаларына сәйкес есептеледі және есептелген сома туралы тиісті хабарлама сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

10-5. Клиринг ұйымы лицензиядан айырылған сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға, сондай-ақ оның қарсы агенттеріне осы мәмілелер бойынша міндеттемелер тоқтатылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей мәмілелер бойынша міндеттемелердің тоқтатылуы туралы хабарламаны жібереді.

10-6. Клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға ақшаны қайтаруы клирингтік ұйымның сауда-саттыққа клирингтік қатысушыдан төлем деректемелері бар ақшаны қайтару туралы хатты алған соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Клиринг ұйымы сауда-саттықа клирингтік қатысушыға ақшаны қайтаруды клиринг ұйымының қағидаларында көзделген тәртіпке сәйкес есептелген сауда-саттыққа клирингтік қатысушының нетто-талабы сомасында жүзеге асырады.

Клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға өзге жағдайларда ақшаны қайтаруды жүзеге асыру тәртібі клиринг ұйымының қағидаларында белгіленеді.»;

24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Клиринг ұйымының қағидаларын оның атқарушы органы әзірлейді және клиринг ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.»;

25 және 26-баптар алып тасталсын.

5. «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 19 маусым № 330-335 (27409) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларында және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарда:

4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Өтініш беруші уәкілетті органға өтінішпен бірге тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 4, 4-1, 5, 6, 7, 7-1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 6, 6-1, 7, 8, 9, 9-1 және 10-тармақтарында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 6, 6-1, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

Бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін бір мезгілде алған кезде өтініш беруші Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының талаптарын ескере отырып, Қағидалардың 8, 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген тиісті құжаттарды бірыңғай пакетте ұсынады.

Тұлғаға банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бір мезгілде банктің капиталына қомақты қатысуға не еншілес банкті құруға (иеленуге) рұқсат беріледі.

Банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беріледі.

5. Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер білім беру туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлға басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мыналарды:

құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган берген алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжатты қоса бере отырып ұсынылады. Шетелдіктер олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елі берген мазмұны осыған ұқсас құжатты қосымша береді;

Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлға басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып ұсынылады.

Өтініш берушінің кірістері мен мүлігі туралы мәліметтер, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпарат кірістер мен мүлік бойынша құжаттарды растайтын көшірмелерді қоса бере отырып Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болады:

қаржы ұйымының ағымдағы ахуалын бағалау;

қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қаржы ұйымының қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі іс-шараларды (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомасы және көздерін көрсете отырып) жан-жақты сипаттау;

қаржы ұйымының қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуының күнтізбелік мерзімі;

сауықтыру іс-шараларының болжанатын экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі).

Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспары өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлға бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен және мөр бедерімен (болған кезде) расталады.

Егер өтініш беруші банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болса, онда уәкілетті органға ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.

6. Бизнес-жоспар төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты:

қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтер түрлерін сипаттауды;

қаржы ұйымының қызметін талдауды (сыртқы және ішкі ортаны талдауды);

таяудағы бес қаржы (операциялық) жылына қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және ауқымын;

таяудағы бес қаржы (операциялық) жылына толық жылдық қаржылық жоспарды (негізгі қаржылық көрсеткіштерді есепке алу, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зияндар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

тәуекелдерді басқару жоспарын (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және алдағы бес қаржы (операциялық) жылына оларды басқару тәсілдерін);

таяудағы бес қаржы (операциялық) жылына еңбек ресурстарын тарту жоспарын қамтиды.

Бизнес-жоспар өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлға бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен және мөр бедерімен (болған кезде) расталады.»;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Өтініш берушінің банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленудің қаржылық салдарларын талдау мыналардың:

1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі бойынша құжаттардың, оның ішінде еншілес ұйымдардың қызметіне байланысты құжаттардың болуын;

2) егер өтініш берушінің банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі, тиісінше банк конгломератын немесе сақтандыру тобын қалыптастыруға әкелген жағдайда, банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтауын тексеруді қамтиды.

Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу, оның ішінде қаржы ұйымының қаржылық ахуалының нашарлауын білдіреді.»;

3-қосымша Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

6. «Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар белгіленсін:

1) екінші деңгейдегі банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын олар мынадай талаптарға сәйкес келген кезде сатып алатыны:

Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының акциялары осы қаулының қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста болады;

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдары таныған заңды тұлғалар акциялары қор биржасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі – № 189 қаулы) көзделген ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген;

Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұр;

Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары қор биржасының № 189 қаулыда көзделген ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген;

2) банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алады;

3) Банктер туралы заңның 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың банктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнының мөлшері банктің меншікті капиталының 50 (елу) пайызынан аспайды.»;

қосымша Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

7. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының және қаржы құралдарының (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7550 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 464-470 (27543) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-қосымша Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

8. «Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7781 тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларында:

1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің не заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін заңды тұлға орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында не Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтерді;»;

4-қосымша Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

9. «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 8-1-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларын, 11-1-бабының 14-тармағын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабының 1-тармағын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 15-тармағын, 30-бабының 13-тармағын, 40-бабының 12-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын, 52-12-бабының 3-тармағын және 60-бабының 7-тармағын, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабының 1-тармағын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 15-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 2-тармағын, 72-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Жеке тұлға-ірі қатысушысы жоқ екінші деңгейдегі банктің Банктер туралы заңның 30-бабы 13-тармағының талабын орындау үшін:

1) Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғалар үшін - Standard & Poors рейтингтік агенттігінің «ВВ-»-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған осындай деңгейдегі рейтингтен төмен емес;

2) Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғалар үшін – осы қаулының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шетел валютасындағы халықаралық шәкілі бойынша ең аз ұзақмерзімді кредиттік рейтингі бар бас банк не банк холдингі болады.»

10. «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 386 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8319 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларында:

2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша құрылтайшы (қатысушы), Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (бар болса) туралы мәліметтер;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Микроқаржы ұйымы өтініште көрсетілген орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ Қағидалардың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Филиалға ұсынады.»;

12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қағидалардың 2-тармағында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парақтың сыртқы бетінде тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйініне желімделген жапсырма қағазға жартылай басылған микроқаржы ұйымының мөрімен (бар болса) расталып ұсынылады.

13. Ұсынылатын құжаттардың көшірмелері микроқаржы ұйымдарының осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және микроқаржы ұйымы мөрінің таңбасымен (бар болса) расталады.»;

1, 2 және 3-қосымшалар Тізбеге 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

11. «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

17-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға не оның қызметкерлеріне қатысты қабылданған кәсіби ұйымның шешімдерін;»;

20-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) кәсіби ұйымның қолданған ықпал ету шаралары;».

Қазақстан Республикасының

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

қаржы нарығы және қаржы ұйымдары

мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық

актілерінің тізбесіне

1-қосымша


Деректер базасын қалыптастыру және

жүргізу жөніндегі ұйымның

қызметіне қойылатын талаптарға

қосымша
Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет