2-тапсырма: Мына жұрнақтарды қандай сөздерге жалғай алатындарыңды үлгі-сызбаға сүйеніп жазыңдар.
-нікі қаланікі, ауылдікі, менікі, онікі, осынікі, осы жердікі
(-дікі)-тар
Сингармонизм саласында көзге айқын түсетін фонемалар-дауыстылар; дауыстылар сингармонизмнің түр-түрін жасауға негізгі арқау болады; ал дауыссыздар дауыстыларға селбесіп барып, дауыстылардың ыңғайына қарай айтылады. Демек, сингармонизм заңы бойынша көршілес буындардың, көбіне, алдыңғысы кейінгі буынды ілестіріп тұрады.
В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, В.А.Богородицкий т.б. авторлардың пікірінше: сингармонизм заңы бойынша түбір тұлғаның вокализмі қосымшадағы (жалғау,жүрнақтағы) вокализмді билеп тұруы керек.
Қазақ және өзге түркі тілдері үшін бұл ережені қисық деуге болмайды.В.А Богородицкий өзінің «Этюды... атты еңбегінде түркі тілдеріндегі сингармонизм категориясын ол тілдерде префикс пен предлогтардың болмауына (яғни олардың орнына түбірдің соңынан қосылатын жалғау, жұрнақтардың болуына ) байланыстырды.Автордың бұл пікірін екінші сөзбен айтқанда: сингармонизм түркі тілдерінің жалғамалы құрылысы- мен ұштасқан категорияға жатады.
Қазақ тiлiнде өзге тγркi тiлдерiндегi сияқты ерiндiк дауысты дыбыстар γндестiгi жоқ, ал қосымшаларда ерiн мен езу γндестiгi араласа келiп те қалады. Мысалы: орақтардың, орыңдар, кγндiзгi сияқты сөздер айтылуда ерiн және езу γндестiгi бойынша жұмсалады. Жоғарыда бiз дауысты дыбыстардың бiр-бiрiне тигiзген ықпалын сингармонизм γндестiгi десек, ал дауыссыздардың бiр-бiрiне тигiзген ықпалын ассимилияция деймiз. Осы дыбыстар өзгеруiнiң тiл-тiлде басты-басты екi тγрi бар. Бұл дыбыстар өзгерiсiнiң негiзгi денi дыбыстау мγшелерiнiң қызметiне, яғни артикулияциясына байланысты болады. Осы дыбыстар өзгерiсiнiң екi тγрi мыналар:
1.Комбинаторлық өзгерiстер.
Лингвистикалық әдебиетте дауыстыларға байланысты үндесуді (сингармонизмді) буын үндестігі деп те атайды, ал дауыссыздарға байланысты үндесуді (ассимляцияны) дыбыс үндестігі деп те атайды.Сөйтіп, сингармонизм категориясында, ассимиляция категориясында- дыбыстар үндесуінің басты екі түрлі тараулары деп білуіміз керек.Бұл екі тараудың екеуі де –дыбыстау мүшелерінің қызметіне ( артикуляциясына) байланысты өзгерістер.Сондықтан бұл екеуінің айрықша өзгешеліктерін білумен қатар,олардың өзара ортақ қасиеттеріне де көңіл бөлген мақұл.
Дыбыстар өзгеруінің тіл-тілде басты екі түрлі екі жолы бар:
Комбинаторлык өзгерiстер көршiлес дыбыстардың бiрiне-бiрi тигiзген ықпалына байланысты болады. Белгiлi бiр дыбыстың екiншi бiр дыбысқа алмасуы да, кейде дыбыстың түсiп қалуы да немесе тыңнан белгiлi бiр дыбыстың пайда болуы да сөздегi өзге дыбыстардың әуенiмен байланысты болады. Мысалы: Ол ауылға кеттi. Ол қызметке кеттi –деген сөйлемдердi алайық. Мысалы ауылға дегеннiң қосымшасы –ға, өзiнен бұрынғы тетелес буынмен γйлесiп тұр.Ал, қызметке дегенде –ке қосымшасы өзiнен бұрынғы буынмен γндесiп тұр. Осы комбинаторлық өзгерiстерде бiр дыбыс екiншi дыбысқа тәуелдi болып тұрады. Яғни бiр дыбыс екiншi бiр дыбысқа игерiлiп тұрады.Сондықтан дыбыстардың бұл тәрізді өзгерістерін қазақша игерулі өзгерістер деп атауға болады. Дыбыстар γндесу категориясы сингармонизм құбылысы да, ассимилияция құбылысы да комбинаторлық өзгерiстерге жатады.
2.Спонтандық өзгерiстер. Ал,спонтандық өзгерiстерде көршiлес дыбыстардың бiр-бiрiне тигiзген ықпалы болмайды. Ал, мұнда дыбыс өзгерiсi өзге дыбыстардың ықпалына өздiгiнен құбылып тұрады. Мысалы: Шелек сөзiн кейбiр жергiлiктi жерлерде челек деп айтады. Осы жердегi дыбыстың құбылысы бiрде ш, бiрде ч болып өзгередi. Мiне, осындай өзгерудi спонтандық өзгерiстер дейдi.Демек, спонтандық өзгерістер бойынша бір дыбыс екінші дыбысқа тәуелді болмайды, бір дыбысты өзге дыбыс игере алмайды.Сондықтан дыбыстардың бұл тәрізді өзгерімтерін қазақша игерусiз өзгерiстер деп атайды.
Дыбыс γндестiгi (Ассимилияция) Ассимилияция дауыссыз дыбыстардың γндесуi болып табылады. Тγбiр мен қосымша аралығында, бiрiккен сөз сыңарлары жiгiнде және сөз тiркесi сыңарларының аралығындағы көршi дыбыстардың бiр-бiрiне тигiзетiн әсерiн дыбыс γндестiгi (ассимилияция) дейдi.Қазiргi қазақ тiлiнде дыбыс γндестiгi буын iшiндегi дыбыстардың артикулияциялық жақтан бiр-бiрiне бейiмделуiне қарай, негiзiнен, екi тγрде кездеседi.
1.Толық тγрде кездесетiн ассимилияция.
2.Жартылай тγрде ұшырайтын ассимилияция.
Толық тγрде кездесетiн ассимилияция деп бiр дыбыс дәл өзiндей етiп елiктiруiн айтады. Мысалы:
Айтылуы: жазылуы:
Жасса Жазса
Сγссе Сγзсе
Жұмысшы Жұмысшы
Сөзшең Сөзшең
Ал, жартылай тγрде ұшырайтын ассимилияция деп бiр дыбыстың екiншi бiр дыбысқа дәл өзiндей етiп елiктiрмей бiр жақты дауыс қатысына қарай айтады. Мысалы: қағазға, тасқа. Осындағы тγбiрдiң соңғы ұяң з дыбысының әуенiмен қосымшының да басты дыбысы ұяңға айналып тұр. Тγбiр мен қосымшымның бiрiккен сөздердiң және көршiлес дауыссыз дыбыстардың бiр-бiрiне iлгерiлi-кейiндi әсер етiп өзгеруiн ықпал заңы дейдi. Дауыссыз дыбыстардың бiрiне-бiрi тигiзген әсерiнен туатын ықпал заңы қазақ тiлiнде негiзiнен, γш топқа бөлiнедi:
1. Iлгерiндi ықпал (прогрессив ассимилияция)
2. Кейiндi ықпал (регрессив ассимилияция)
3. Тоғыспалы ықпал.
Тiл ғылымында iлгерiндi ықпалды прогрессивтiк ассимилияция, кейiндi ықпалды регрессив ассимилияция деп атайды.
Прогрессивтiк ассимилияция.
Дыбыстар өзгерiсiнде прогрессивтiк ассимилияцияның мәнi γлкен. Прогрессивтiк ассимилияция деп бiр сөз көлемiнде немесе бiрнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстардың кейiнгi дыбысқа артикулияция жағынан өзiне ұқсата ықпал жасауын айтады.Қазақ тiлiнде сөз iшiнде кездесетiн iлгерiндi ықпалдың мынадай γш тγрi бар:
1.Тγбiр мен қосымшы аралығындағы прогрессивтiк ассимилияция.
2.Бiрiккен сөз сыңарлары аралығындағы прогрессивтiк ассимилияция.
3.Сөз тiркесi сыңарлары аралығындағы прогрессивтiк ассимилияция.
Тγбiр мен қосымшы аралығындағы iлгерiндi ықпал қазақ тiлiнде жиi кездеседi. Тγбiр мен қосымшы аралығындағы алғашқы дыбыстың кейiнгi дыбысқа тигiзетiн әсерiн тγбiр мен қосымша аралығындағы iлгерiндi ықпал дейдi. Тγбiр мен қосымша аралығындағы, iлгерiндi ықпалдың мынадай өзiндiк белгiлерi бар:
1.Сөздiң соңғы дыбысы ұяң не сонар дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басты дауыссыз дыбысы да ұяң немесе сонар дыбыс болады. Мысалы: аң-дар, мал-ға, аң-ға, мал-мен, аң-нан.
2.Сөздiң соңғы дыбысы қатаң дауыссыз болса, оған дауыссыз дыбыстан жалғанатын қосымшаның бiрiншi дыбысы да қатаң болады. Мысалы: кiтап-тар,кiтап-қа, орақ-тар, орақ-қа.
3.Тγбiр сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысы қатаң ш дыбысына айналып естiледi. Мысалы:
жазылуы айтылуы
қашса қашша
ашса ашша
ұшса ұшша
шашсыз шашшыз
Бiрiккен сөз сыңарларының арасындағы прогрессивтiк ассимилияция.
Бiрiккен сөз сыңарларының аралығындағы iлгерiндi ықпалдың мынадай өзiндiк белгiлерi бар:1.Бiрiккен сөздiң бiрiншi сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бiтiп, екiншi сыңары б дыбысынан басталса, айтылуда бiрiншi сөздiң соңындағы қатаң дыбыстың әсерiнен екiншi сөздiң басындағы ұяң б дыбысы қатаң п дыбысына айналып естiледi:
жазылуы айтылуы
Жγсiпбек Жγсiппек
Кеңесбек Кеңеспек
2.Бiрiккен сөздiң бiрiншi сыңары не ұяң сонар дауыссыз дыбысқа бiтiп, екiншi сыңары қатаң дыбыстан басталатын болса, екiншi сыңарының басындағы қатаң дауыссыз дыбыс ұяңға айналып естiледi. Мысалы:
жазылуы айтылуы
Жиенқұл Жиенғұл
Көзқарас Көзғарас.
Сөз тiркесi аралығындағы прогрессивтiк ассимилияция.
Бұл тақырыптың мынадай өзiндiк белгiлерi бар:
1.Сөз тiркестерiнiң алдыңғы сөзi қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екiншi сыңары ұяң дыбыстан басталса алдыңғы қатаң дыбыстың әсерiнен келесi сөздiң басындағы ұяң дауыссыз дыбысы айтылуда қатаңға айналады. Мысалы:
жазылуы айтылуы
алып бар алып пар
тоқ бала тоқ пала
2.Сөз тiркестерiнiң алдыңғы сөзi дауысты дыбысқа немесе сонар, не ұяң дауыссыз дыбыстың бiрiне аяқталып келесi сыңардың басқа дыбысы қатаң к, қ дыбыстарының бiрi болса, айтылуда екiншi сөздiң басындағы қатаң к, қ дауыссыз дыбыстары ұяң г, ғ дыбыстарына айналып естiледi. Мысалы:
Жазылуы : Айтылуы:
Қара қағаз қара ғағаз,
Боз көйлек боз гөйлек.
Регрессивтiк ассимилияция.
Тγбiр сөз бен қосымшаның, бiрiккен сөздiң және сөз тiркестерiнiң аралығындағы соңғы дыбыстың өзiнен бұрыңғы дыбысқа артикулияциялық жағынан әсер етуiн регрессивтiк ассимилияция дейдi.Қазақ тiлiнде регрессивтiк ассимилияцияның γш тγрi бар:
1.Тγбiр мен қосымша аралығындағы регрессивтiк ассимилияция.
2.Бiрiккен сөз сыңарлары аралығындағы регрессивтiк ассимилияция.
3.Сөз тiркестерi аралығындағы регрессивтiк ассимилияция.
Тγбiр мен қосымша аралығындағы ассимилияция.
Тγбiр мен қосымша аралығындағы, кейiндi ықпалдың мынадай өзiндiк белгiлерi бар.
1.Тγбiр сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының бiрiне аяқталып, оған дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, тγбiрдiң соңындағы қатаң қ, к, п дыбыстары өзгерiп ұяң ғ, г, б дыбыстарына айналады.
2.Етiстiктiң тγбiрi қатаң п дыбысына аяқталып, оған көсемшенiң –ып, -iп жұрнағы жалғанса, тγбiрдiң аяғындағы қатаң п дауыссыз дыбысы γндi у дауыссыз дыбысына айналады. Мысалы: шап-шауып, сеп-сеуiп т.б.
3.Тγбiр сөз н дыбысына аяқталып, оған ғ, г, б дауыссыз дыбыстарының бiрiнен басталатын қосымша жалғанса, тγбiрдiң соңындағы н дыбысы өзгерiлiп ң немесе м дыбысының бiрiне айналып естiледi. Мысалы:
жазылуы айтылуы
Бұрынғы бұрыңғы
Жанға жаңға
Дγйсенбi дγйсембi
4.Тγбiр сөз с, з дауыссыз дыбыстарының бiрiне аяқталып, қосымша ш, с дауыссыз дыбысынан басталса с дыбысы өзгерiп ш дыбысына, з дыбысы өзгерiп с немесе ш дыбысына айналып естiледi. Мысалы:
жазылуы айтылуы
Бозжанов Божжанов
Оразжан Оражжан
5.Бiрiккен сөздердiң бiрiншi сыңары н дыбысына бiтiп, екiншi сыңары б, п, қ, ғ, г дыбыстарының бiрiнен басталса бiрiншi сөздiң соңындағы н дыбысы м немесе ң дыбысына айналып естiледi. Мысалы:
жазылуы айтылуы
Жанғали Жаңғали
Жанпейiс Жампейiс.
Сөз тiркесi аралығындағы прогрессивтiк ассимилияция.
Мұның мынадай өзiндiк белгiлерi бар:
1.Қатар айтылған екi сөздiң бiрiншiсi қ, к, п дыбыстарының бiрiне бiтiп, екiншi сөз я дауыссыз, я γндi, я ұяң дауыссыз дыбыстан басталса бiрiншi сөздiң соңындағы қ, к, п дыбыстары өзгерiп ғ, г, б дыбыстарына айналып естiледi. Мысалы:
жазылуы айтылуы
Көк жиек көгжиек
Шолақ едi Шолағ едi
Шөп әкелдi Шоб әкелдi.
2.Қатар айтылған екi сөздiң бiрiншiсi з, с дыбыстарының бiрiне аяқталып, келесi сөз ш, с, ж дыбыстарынан басталса, бұл дыбыстардың әсерiнен бiрiншi сөздiң соңындағы з, с дыбыстары өзгерiп ш, с, ж дауыссыз дыбыстарына айналып естiледi. Мысалы:
жазылуы айтылуы
Боз жорға Бож жорға
Тас шаптың ба? Таш шаптың ба?
3.Қатар айтылған бiрнеше сөздердiң бiрiншiсiнiң соңғы дыбысы екiншiсiнiң бақы дыбысы дауысты болып келсе, алғашқы сөздiң соңындағы дауысты дыбыс тγсiрiлiп айтылады. Мысалы:
жазылуы айтылуы
торы ала ат торалат
кiсi асына сабыр кiсасына сабыр.
Тоғыспалы ықпалы.
Сөздердiң аралығындағы көршiлес дыбыстардың бiрiне-бiрi әсер етуiнен туатын дыбыстық өзгерiстердi тоғыспалы ықпал дейдi. Тγбiр мен қосымша аралығында, бiрiккен сөз сыңарлары аралығында, сөз тiркестерi аралығында, алғашқы дыбыстың кейiнгi дыбысқа, кейiнгi дыбыстың алғашқы дыбысқа, әсер етуiнен тоғысып жатады. Сөз сыңарлары аралығында келетiн дыбыстар бiрiне-бiрi iлгерiлi-кейiндi әсер етiп, алдыңғы дыбыс кейiнгi дыбысқа әсерiн тигiзiп, соңғы дыбыстың сапасын өзгертедi де, ал соңғы өзгерген дыбыс өзiнен бұрығы дыбысқа әсерiн тигiзедi. Мысалы:
Жазылуы айтылуы
Қазанқап Қазанғап.
Сондай-ақ мына бiрiккен сөздердi де бақылауға болады.
Досжан Дошшан
Есжан Ешшан
Сөз тiркестерi аралығында да байқалады: тас жол – таш жол т.б.
Графика және орфография. Графиканың мәні және алфавит.Орфография.
Сабақтың жоспары.
1.Графика жайлы тγсiнiк.
2.Орфография туралы тγсiнiк.
3.Орфоэпия жайлы тγсiнiк.
Графика (грек,grahike-жазылған,өрнектелген, сызылған), аты айтып тұрғандай, жазу және соған қатысты мәселелерді қарастырады,яғни белгілі бір жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әріп пен дыбыстың ара қатысы, сол әріп, таңбаларды жетілдірудің жайы.Қазіргі қазақ графикасының басты құралы әріптер және түрлі тыныс белгілері болып табылады.Бұдан басқа сөздерді қысқарту, бас әріппен жазу, жаңа жолдан (абзацтан) бастау, текстегі кейбір сөздерді айшықтандыру да графиканың амалына жатады Жазуда әріптер тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін болса, графикалық жүйе де соғұрлым жетілген болып танылады.Соның кγрделiсi -- графика.Графиканың негiзгi зерттейтiн мәселесi тiлдiң алфавитiндегi әрiптердiң құрамы болып табылады. Тiл дыбыстары жазуда графикалық таңба әрiптермен бөлiнедi. Сөз құрамында айтылатын тiл дыбыстарының жазба тiлде қағаз бетiне тγсiп жазылуы және оған орай оқылу γшiн олардың белгiлi бiр тiлдегi фонемаларды және олардың тiркесiп белгiлеу тәсiлдерiнiңжиынтығы дегендi бiлдiредi.
Графикалық қағида бойынша әртγрлi фонемалар бiр ғана әрiппен таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзiне телiнген таңбасы болуы қажет.Графика белгiлi бiр фонеманың белгiлi бiр таңбасы болсын деген қағиданы қолдайды.
Ал,алфавиттiң қазақ тiлi тарихында өз алдына эволюциясы бар.Жиырмасыншы жылдарға дейiн қазақ алфавитi араб графикасына негiзделген алфавит болады. Бiрақ араб алфавитiнде ұқсас әрiптердiң көп болуы және ондай әрiптердiң бiрiнен екiншiсi қосалқы белгiлер арқылы ғана ажратылуы сияқты таңбалар қиындыққа келтiрдi. Қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негiзiндегi жаңа алфавиттi қабылдады. Латын алфавитiнiң сауат ашыуда болсын, баспа iсiнде болсын араб жазуы негiзiндегi алфавитке қарағанда әлдеқайда прогрестiк маңызы болды. Бұл алфавиттiң құрамында 29 әрiп бар едi. Бiздiң елiмiзде тγркi тiлдерiнде сөйлейтiн халықтар орыс графикасына негiзделген алфавитке көшудi 39-шы жылдардың аяғы, 40-шы жылдардың басында жаңа алфавитке көше бастады. Қазақ халқы орыс графикасына негiзделген жаңа алфавиттi 1940 жылы қабылдады. Қазақ халқы орыс графикасына негiзделген алфавиттi дұрыс тγсiндi.
Орыс алфавитiндегi 32 әрiп тγгелдей қабылданып, оған қоса орыс тiлiнде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әрiп алынды да, әрiп саны 41-ге жеттi. Орыс тiлiнде жоқ дыбыстың қазақша таңбалары: қ, ғ, ә, ө, ұ, γ, i,Орыс алфавитiндегi әрiптерге мысалы: о, к, г, у, н сияқты әрiптерге ұқсас болу жайы ескерiлдi.Орыс графикасына негiзделген жаңа алфавит бұдан бұрын келген қиыншылықтардан бiржола құтқарды. Сондай-ақ графика мен орфография (дұрыс және жазамын деген грек сөзiнен алынған) өзара тығыс байланысты болады.
Орфография дұрыс жазу ережелерiнiң жиынтығы дегендi бiлдiредi. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгiлегенде тiлдiң әртγрлi жақтарын және олардың байланысын бiрдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сγйенедi. Орфографияның негiзiнен мынадай принциптерi бар:
1.Фонетикалық принцип.
Фонетикалық принцип бойынша әрбiр фонема қай позицияда келуiне қарамастан өзiнебекiтiлген тұрақты таңба бiр ғана әрiппен белгiленедi.Фонетикалық принцип сөздiң құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазылуын басшылыққа алады. Мысалы: жаздыгγнi, қыстыгγнi, ашудас дегенде сөздердiң айтылуынша жазылуы фонетикалық принцип нәтижесi.
2.Дәстγрлiк принцип.
Дәстγрлiк принцип этимологиялық принциппен төркiндес соған ұқсас принцип болып табылады. Орфографияның бұл принципi тiлдiң ерте кездегi жазу дағдысына негiзделедi де сөздiң ертеректегi айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейдi. Мысалы:дәстγр сөзi дәстiр, мазмұн сөзi мазмұн тγрiнде айтылғанымен бұлар орнығып кетуiне байланысты жазылуын дәстγрлiк принципке жатқызамыз.
3.Морфологиялық принцип.
Морфологиялық принцип бойынша жазу сөздердiң айтылуынаемес сөздердiң тγбiр тұлғасын сақтауға негiзделедi. Морфологиялық принцип сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы:
Басшы башшы
Ұшсын ұшшын
Морфологиялық принцип кγллi тγркi тiлдерi γшiн ең қолайлы принциптерден саналады. Өйткенi тγркi тiлiндегi сөздердiң морфологиялық құрылысы және олардың тγбiр тұлғасының сақталуы бiрдей келедi. Орфографияда қаралатын әрбiр сөздiң белгiлi бiр айтылу нормасы бар, яғни орфоэпия жалпыға бiрдей ортақ және қалыптасқан бiрыңғай нормаларды зерттейдi. Бiрыңғай дұрыс айту жайындағы ережелердiң жиынтығы орфоэпия (тура, дұрыс және сөйлеу деген грек тiлiнен алынған) деп аталады.Әрбiр әдеби тiлдiң орфоэпиясы дыбыстар мен дыбыс тiркестерiнiң дұрыс айтылу ережелерiн ғана емес, сонымен бiрге сөздер мен фразалардың да дұрыс айтылуы қағидаларын қамтиды. Дыбыстардың бiр-бiрiмен γндесiп айтылуы сөз iшiндегi дыбыстарға ғана емес, сонымен бiрге сөздiң аралығындағы сөздерге қатысты. Мысалы: сақ бол, әкеп бер, қара көз, бара алып едiм, γлкен ғалым деген сөздердiң тiзбегi сөйлеу процесiнде сақпол, әкеппер, қарагөз т.б. тγрiнде айтылады.
Қазақ тiлiнiң орфоэпиялық нормасы бойынша сөздердiң аралығында қатар келген екi дыбысты дыбыстың алғашқы сөйлеуде тγсiрiлiп айтылады. Мысалы: торы ала ат, бара аламады, келе алмады деген тiзбектер торалат, баралмады, келалмады тγрiнде айтылады. Орфоэпияны қарастырғанда оның негiзгi мәселесi екпiнмен ұштасады. Екпiн орфоэпиялық категория. Екпiнi тұрақты тiлдерде екпiн сөздер мен сөз тiркестерiнiң айтылуына әсер етедi. Мысалы: Сарыарқа деген сөздiң Сарарқа болып айтылады, бұл сөздiң бiрiншi сыңарының дербес екпiннен айрылып қалып, сөғы сыңармен екпiн жағынан бiр топ болып айтылуына байланысты болады. Сондай-ақ торы ала ат сөзi торалат болып ықшамдалуы, оның сыңарының әрқайсысының дербес екпiнге ие болу қажетiнен айрылып, бiр екпiнге бағынып айтылуымен байланысты болады. Әдеби тiлдiң орфоэпиялық нормаларын қалыптастыруды мектеп, радио, телевизор, театр және киноның атқаратын ролi айрықша кγштi. Сондықтан да орфоэпиялық қағидаларды γйренуде iрi және көрнектi дикторлардың сөздерiн жиi тыңдау қажет.
Жазбаша тiл ауызша тiлдiң графикалық бейнесi. Ол көбiнесе-көп ойды ауызша айтуға мүмкiндiк болмағанда немесе ыңғайсыз болған кезде пайдаланылады. Мұның бiр артықшылығы, бұған айтушымен тыңдаушының арақашықтығы кедергi бола алмайды. Жазбаша тiл ауызша тiл негiзiнде ғана пайда болады. Өйткенi жазатын адам ойын iштей айту арқылы ғана қағазға түсiредi, жазуға айналдырады. Жазбаша тiлдiң ережелерi мен заңдылықтарын тiл бiлiмiнiң графика және орфография деп аталатын тарауы қарастырады.
Графика мен орфография әр түрлi құбылыс бола отырып бiр-бiрiмен тығыз байланысты және бiрiнi-бiрi толықтырып тұрады. Графика-(грек тiлiнен алынған болып, жазылған, өрнектелген сызылған деген мағынаны бередi). Аты айтып тұрғандай жазу және соған қатысты мәселелердi қарастырады, яғни белгiлi бiр жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әрiп пен дыбыстың ара қатынасы, сол әрiп таңбаларды жетiлдiрудiң жайы. Қәзiргi қазақ графикасының басты құралы әрiп пен тыныс белгiлерi болып табылады. Бұдан басқа сөздердi қысқарту бас әрiп пен жазу жаңа жолдан бастау текстегi кейбiр сөздердi айшықтандыруда да графиканың амалына жатады. Жазуда әрiптер тiл дыбыстарын неғұрлым дау беретiн болса, графикалық жүйеде соғұрлым жетiлген болып табылады.
Қәзiргi қазақ графикасы әрiптердiң жазылу тәсiлiне және өрнегiне қарай жазу графикасы және баспа графикасы (машина жазу графикасы) болып бөлiнедi. Қәзiргi жазу графикасындағы әрiптердiң орыс графикасындағы дыбыстар негiзiнде пайда болаған.
«Жазу-адамдардың кеңiстiк пен уақытқа тәуелдi болмай, өмiрдiң барлық саласында кең түрде қарым-қатынас мүмкiндiк беретiн құрал». Жазудың шығуы және оның кезеңдерi К.Ахановтың «Тiл бiлiмiнiң негiздерi» оқулығында жақсы айтылған.
Графика деген түсiнiк әдетте фонемалық жазуға байланысты қолданылады. Мұндай жазуда алфавит, графика және орфография сияқты ұғымдар орайласып жатады.
Әлемде 3 түрлi жазу жүйесi кең тараған. Латын, кириллица және арап жазулары. Алайда бұл жазулар мiнсiз графикалар емес. Ағылшын тiлiнде 40 фонема бар. Ал ағылшын алфавитiнде 118 графема бар. Графема-тiлдiң графикалық жүйесiндегi ең кiшi бiрлiк ол әрiптерге синоним ретiнде қолданылады. Кириллица жазуының графикалық жүйесi графемалардың фонемаларды өрнектеуге қолайлы.
Мұны грек тiлiндегi шiркеу кiтаптарының ескi славян тiлiне аудару үшiн славян ағартушысы Кирилл 863 жылы грек алфавитi негiзiнде жасаған.
Кәзiргi орыс алфавитiнде осы кириллицаның негiзiнде жасалып түзету толықтырудан өттi.
Қазақ тiлi жазудың осы үш түрлi жүйесiн басынан өткiздi. Қазақ жазуы 30-жылдарға дейiн араб графикасын пайдаланып келдi де, 1929 жылы шiлденiң 25-iнде Қазақстан Орталық атқару комитетiне «Қазақтың жаңа емлесi туралы» декретi жарияланғаннан кейiн латын графикасына көштi. Жаңа алфавитте 29 әрiп болды, 9-ы дауысты, 18 дауыссыз деп, екеуi жарты дауысты деп таңбаланды. Емленiң негiзгi принципi фонетикалық болды. Бас әрiп пайдаланылмады. Алайда латын графикасына негiзделген жазудың өмiрi қысқа болды.
1940 жылы араб графикасына негiзделген жазуға көшу туралы заң қабылданды, соның нәтижесiнде қәзiргi жазуға ие болды. Алғашқы алфавитте 41 әрiп болды. Алфавиттiк қатарда алдымен орыс тiлiне тән әрiптер содан соң орыста жоқ, қазақ тiлiне ғана тән әрiптер тұрды. Бұл тәртiп 1957 жылы өзгерiп, қәзiргiдей күйге келдi, яғни а,ә,б,в,г,ғ деген сияқты және қазақ алфавитiн қатарына ә әрпi қосылды.
Қәзiргi қазақ алфавитiнде 42 әрiп бар. Оның 33-i орыс тiлiнен өзгерiссiз қабылданды да, орыс графикасының негiзiнде жаңадан 9 әрiп (ә,ғ,қ,ң,ұ,ү,i,ҳ) жасалды. Бұл әрiптердiң 25-i дауыссыздардың, 15 дауыстылардың таңбасы, екi әрiпте (ь,ь) дыбыстық мән жоқ.
Қазақ жазуында фонемалық жазу, үндестiк заңына сай кез келген фонема бiрнеше реңде ұшырайды.
Әрiптер негiзгi және қосалқы мәндi болып келедi. Егер әрiп сөз iшiнде тұрғандай дыбысталса, онда негiзгi мәнде тұрғаны. Ал ол сөз iшiнде жеке тұрғандағыдай дыбысталмаса, онда қосалқы мәнде тұрғаны, мысалы: бала, жау, екi, емес, сары сөздерiндегi б,з,е,ы әрiптерi негiзгi дыбыстық мәнiнде қолданылып тұрса, ал араб, жазу, екi, үкi, елес, ұры дегендер олар қосалқы мәнге ие болып тұр, яғни б-п, з-с, i-ұ, е-ө, ы-ұ болып дыбысталады да, әрiп өзi таңбалайтын, айқындайтын әрiптердiң негiзгi мәнi маңызды. Ал әрiптердiң қосалқы мәнi орфография ережесiне сай қолданылуынан көрiнедi.
Қазақ алфавитiндегi әрiптер негiзгi мәнiне қарай екi топқа бөлiнедi: бiр мәндi және көп мәндi. Бiр мәндiлер (ә,ө,ұ,ү,г,қ,ғ) үнемi бiр-ақ дыбысты бейнелесе, ал қалған әрiптер екi, тiптi үш-төрт мәндi болып келедi. Мәселен; б,д,ж,е,ш жуан әрi жiңiшке айтылатын дыбысты таңбалайды. Тоба-төбе, дау-дәу, қожа-көже, аса-есе, ұшық-iшiк.
Әр әрiптiң өзiнiң аты бар, дауысты әрiптердiң өзiне сай дауыссыз дыбыстың жеке өзiнен (а,ә,е,о,ұ,ү,ы,i) не дауыссыздан басталатын дауыстыдан (е,ю,я), сондай-ақ дауыссыздан аяқталатын дауыстыдан (и,у) тұрады. Ал дауыссыз әрiптердiң аты сол дауыссызбен дауыстының тiркесi айтылуынан құралады. Мысалы; балалар деген сөздiң бас дыбыс б-ны бөлек айтпақ болсақ, ал бы деп айтамыз және р дыбысын ыр деп немесе ры қана айтамыз, алдынан ы дыбысын қосып айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |