ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
НАУАИ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
ШЕТ ТІЛДЕР ФАКУЛЬТЕТІ
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы
ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ
Бiлiм саласы: 100000 - Бiлiм
Оқыту саласы: 140000 - Оқытушыларды дайындау және педагогика пәнi
Бакалавриат бағыты: 5111300- Ана тiлi мен әдебиетi
(Қазақ тiлi және әдебиетi)
НАУАИ
1.Аннотация
Қазіргi қазақ әдеби тiлi пәнi өте күрделi пән ретiнде қарастырылады. Бұл пән өз iшiне фонетика, лексикология, морфология, синтаксис салаларын қамтиды. Қазіргi қазақ тiлiнiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаты тiл дыбыстарының жасалу жолдары мен түрлерiн, дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерiн оқытуға қаратылады.
Қазіргi қазақ әдеби тiлiнен теориялық және тәжiрибелiк жаттығулар өту негiзiнде студенттердi шығармашылыққа баулу оларды анализ жасау, өз бетiнше жұмыс iстеуге үйрету, фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларының әрбiр тақырыбында өткiзiлетiн практикалық сабақтарда топпен пiкiрлесу, тiлдiң жүйелiк структуралық, тiл бiлiмiнiң зерттелу әдiстерiн анықтау тақырыптарда өткiзiлетiн тәжiрибе жаттығулары, талдау жұмыстарын арттыруда ерекше орынға ие.
Студенттердiң «Қазіргi қазақ әдеби тiлi» пәнiн меңгеруi үшiн оқытудың заманауи методтардан пайдалану жаңа информациялық педтехнологияларды қолдану үлкен маңызға ие. Пәндi меңгерту барысында жаңа методтарды қолдана отырып компьютер технологияларынан, көрнекi құралдардан, үлестiрме-нұсқаулардан, оқулыө, көмекшi және методикалық қолданбалар, лекция мәтiндерi, тарқатпа материалдар, электрон материалдар, түрлi көрнекiлiктер, перфа карта, семантикалық, концептуалдық карталар, проект технологияларынан пайдалану көзделедi Лекция, практика және лаборатория сабақтарына тиiс үлгiлi пед технологиялардан пайдаланылады.
Жалпы мәліметтер.
Аға оқытушы. Айменова Е.Р.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы. №2- корпус, 2-этаж, 221- кабинет
Телефон: - 22-5-48-99.22-4-04-94
Кафедрада болу уақыты: 8.00-18.00
Өткізу уақыты және орны.
№
|
Аты-жөні
|
Сабақты өткізу, орны
|
Байланыстырушы мәлімет
|
Аудиториялық сабақтар
|
СӨЖ
|
|
1
|
АйменоваЕ.Р.
|
Уақыты __________
Ауд ______________
|
Уақыты _______
Ауд _________
|
Тел:___________
Каб:___________
Корпус:________
|
Курстың пререквизиттері және постреквизиттері
№
|
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)
|
Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)
|
1
|
Мектеп бағдарламасына сәйкес Қазақ тілін меңгерту.
|
Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу
|
2
|
Нормативті қазақ тілі
|
Қатысым фонетика
|
|
|
|
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША МӘТІНІ
Тақырып. Қазақ тiлi фонетикасының мiндетi мен мақсаты, қалыптасу, дамуы және қазiргi күйi
Ж о с п а р ы:
1. Фонетика туралы түсінік
2. Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы.
3. Фонетиканың зерттейтін мәселелері
4. Дыбыс, әріп, фонема.
Фонетика (грекше phonetikos – дыбыстық) – дыбыс туралы iлiм, тiлдiң дыбыс жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы.
Фонетика -дыбыс туралы iлiм, тiлдiң дыбыс жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы. (оны қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесiне лайықтап пәнетике деп айту, жазу жөн болар едi). Қазақ тiл бiлiмiнiң атасы А.Байтұрсынов фонетиканы дыбыс жүйесi деп алған. Әзiрше бұл екеуi синоним ретiнде қатар қолданылып жүр. Дыбыс жүйесi қарастыратын мәселелер: тiл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлерi, iштей жiктелуi, сөз iшiнде ықпал етуi, буын, екпiн, айту, жазу нормалары, орфография, орфоэпия т.б.
Дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын бiлмей тұрып, лексикалық та, грамматикалық та құбылыстарға ғылыми түсiнiк беру, өзiмiзге мектептен таныс қатаңдану, ұяңдану сияқты дыбыстық өзгерiстердi түсiндiру, қазiргi жазудың сырын түсiну қиын. Фонетика тiлiмiздегi бiрсыпыра сөздердiң пайда болуын анықтауға, тiлдердiң арасындағы туыстық байланысты табуға тiлдiң айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкiндiк бередi.
Мәселен: қазiргi емле бойынша, қос сөз түрiнде жазылып жүрген жапа-тармағай сөзi Халелдiң айуынша, арабтың жам-хан, мағ-хан (бәрi бiрге ұмтылу) деген сөздерiнен шыққан. Жат сөздердi тiлiмiздiң дыбыстық заңына орай өзгерiске ұшырауы -заңды құбылыс.Ана тiлiмiздегi дыбыстардың артикуляциясын жетiк бiлу шет тiлiн дұ рыс меңгеру, қазiргi ақпарат, байланыс құралдарын жетiлдiру үшiн қажет.
Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы фонетика болып бөлiнедi.
Сипаттамалы фонетика (немесе синхрониялық фонетика) тiлдiң өмiр сүрiп тұрған дәуiрiндегi дыбыстық жүйесiн қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тiркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпiн, орфоэпия мәселесi осы саланың обьектiсi болып табылады.Қазiргi мектептер мен жоғары оқу орындарында оқылатын фонетика осы орындарда оқылатын фонетика осы сипаттамалы фонетикаға жатады. «Қәзiргi қазақ тiлi курсы» бойынша жоғары оқу орындарында елуiншi жылдардың бас кезiнде жазылып, 1954 жылы «Қазiргi қазақ тiлi» деген атпен оқулықтың бiр тарауы болып ендi. Авторы-академик С.Кеңесбаев.
Қазiргi қазақ тiлiнде орыс тiлiнен және орыс тiлi арқылы енген мың-мыңдаған сөздер бар. Бiз оларды орыс тiлiндегiдей етiп айтуға, сондай-ақ жазуға тиiспiз. Мұның өзi орыс тiлi фонетикасымен де етене таныс болуды талап етедi. Орыс тiлiнiң дыбыс жүйесiн, фонетикалық заңдылықтарын жақсы бiлгенде ғана әлгiндей сөздердiң айтылуы мен жазылуын дұрыс меңгеруге мүмкiндiк туады. Тарихи (диахрониялық фонетика) тiлдiң дыбыс жүйесiн және тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлерi, олардың дамуы, тарихи өзгерiстер, буын екпiн мәселелерi, үндестiк заңдары әр дәуiрдегi жазба ескерткiштер материалдары бойынша айқындалады.
Тiлдiң дыбыс жүйесiн қазiргi және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тiлдердiң фонетикасын да ескеру керек. Мұның өзi дыбыстардың өзгеру, даму жүйесiн айқындауға мүмкiндiк бередi. Туыс тiлдердiң дыбыс жүйесiн салыстыра зерттеу, олардың ұқсастықтары мен айырым белгiлерiн айқындау салғастырмалы фонетиканың мiндетiне жатады. Салғастырмалы және тарихи фонетика көбiне бiр-бiрiне тығыз байланысты болады да, зерттеулерде қатар қолданылады. Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тiлдердiң дыбыстық жүйесiн салыстырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесiне тиедi.
Дыбыстардан жуан, жiңiшке, ашық, қысаң, ерiндiк, езулiк, дауысты дыбыстардың зерттелу тарихы. Дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнiнде С.Мырзабековтың пiкiрi. Дауыссыз дыбыстар. Қатаң, ұяң, үндi. Шұғыл, ызың, дiрiл. Тiл алды, тiл арты, тiл ортасы. Дауыссыз дыбыстардың емлесi.
Фонетиканың өзектi мәселесi- тiлдегi дыбыстардың санын, сапасын анықтау және сол дыбыстарға қатысты түрлi заңдардың басын ашу. Бұл салада қазақ тiлiнде аз жұмыс iстелген жоқ. Әсiресе дауысты дыбыстар зерттелуден кенде емес. Қайта қазақ тiлi фонетикасы жайындағы негiзгi зерттеулер мен монография, мақалалар тұтастай дауыстыларға арналған деуге болады. Оның үстiне мектеп, орта арнаулы, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен тiлдiң әр түрлi саласына байланысты зерттеулер де дауыстыларға соқпай кете алмайтыны белгiлi. Бұлай болатыны, тiлiмiздегi дауыстылар немесе вокализмдер –сөздiң жаны» немесе «сөздiң жанды тамыры»
ХХ ғасырдың екiншi жартысында орыс патшалығы қазақ даласын отарлауды аяқтап, орыс шаруаларын жаппай қоныстандыруды қолға алды. Мұның өзi қазақ халқының тiлiн, дiнiн, тұрмыс-тiршiлiгiн, салт-санасын бiлудi бұрынғыдан да жандандыра түсуге мәжбүр еттi. Осы мақсатпен орыс оқығандары бiрсыпыра зерттеу жұмыстарын жариялады. Олардың iшiнде күнi бүгiнге дейiн ғылыми маңызын жоймаған құнды еңбектер де бар.
Қазақ тiлi жөнiнде тұңғыш пiкiр, зерттеулер, қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздiктер де осы тұста дүниеге келе бастады. Бұларда қазақ сөздерi орыс графикасымен жазылды. Тiлдiң дыбыстық құрамы, айту, жазу нормаларын зерделеу үшiн, араб жазуымен салыстырғанда, мұның маңызы зор.Қазақ сөздерiн алғаш орыс графикасымен жазған миссионер Н.И.Ильминский едi. Ол 1860 жылы Қазанда «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегiн жариялады. Сөздiктiң бас жағында автордың қазақ тiлiн оның дыбыстық, грамматикалық жүйесi жөнiндегi пайымдаулары баяндалған.
Қазақ тiлi жөнiндегi тұңғыш еңбек болғандықтан И.Н.Ильминскийдiң әрбiр пiкiрiне iлтипатпен қарағанымыз жөн. Оның айтуынша қазақ тiлiнде 8-дауысты, 19-дауыссыз дыбыс бар. Бұдан аңғаратынымыз И.Н.Ильминский а-ә дыбыстарын бiр фонема деп қараған. Ақ-әк, ор-әр сияқты сөздердi мағыналық жақтан саралауда а фонемасын өзiндiк қызметi барын аңғару қиын емес.Осы күнгi орыс графикасына негiзделген қазақ жазуының негiзiн салған Н.И.Ильминский болды. Тек ол қолданған кейбiр қосымша таңбалар ғана өзгерiске ұшырады.Осы күнгi қ,ғ,к,г дыбыстары бас-басына фонема ма, әлде екi-ақ фонема ма деген сұрақ жиi туып жүр. Бұларды осылай төрт түрлi таңбалау да осы Н.И.Ильминскийден басталса керек. Ол қазақ тiлiндегi дыбыстарды бiршама дұрыс анықтаған деуге болады. Бұл күнде қазақ тiлiне қызмет ететiн 42 әрiп пен 12-15 дауыстының, 25-26 дауыссыздың ол кезде елесi де жоқ.
Ж.З.Будаговтың «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» деп аталатын екi томдық сөздiгiнде де қазақ сөздерi мол қамтылған. Қазақ лексикографиясы тарихы үшiн маңызы бар бұл еңбекте сөздер араб әрпiмен берiлген. Тек екiншi томында ғана сөздердiң орыс тiлiндегi транскрипциясы берiлген. Дегенмен қазақ сөздерiне орфографиялық ақаулар көп кездеседi.
1875 жылы әскери қызметкер, тарихшы М.А.Терентьевтiң «Грамматика турецская, персидская, киргизская и узбекская» деп аталатын кiтабы шықты. Мұнда ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық жоқ.
1878 жылы А.В.Старчевскийдiң «Спутник русского человека в Средней Азии» деген кiтабы жарық көрдi. Оның көрсетуiнше, қазақ тiлiнде 9 дауысты, 17 дауыссыз дыбыс бар. Алайда, кейбiр дыбыстардың таңбасы айқын емес. Мәселен, ә,е дауыстылары э,и түрiне таңбаланған. Ал дауыссыз й,у мүлде жоқ.Оның есесiне в,ҳ әрiптерi тұр.
1879 жылы Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» деп аталатын оқу құралын орыс графикасы негiзiнде жасаған қазақ алфавитiмен шығарды.Осыдан-ақ Ыбырай жазуының дәрежесiн аңғаруға болады. Бұған қарағанда, Н.Ильминский қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесiн әлдеқайда дұрыс берген. Тек өз досының бастамасын жалғастырмағанын түсiну қиын.
Түркi тiлдерiнiң зерттеудiң жаңа кезеңi В.В.Радлов еңбектерiнен басталады. Ол тюркология ғылымының барлық салалары бойынша жол салып, қажырлы еңбек еттi. «Солтүстiк түркi тiлдерiнiң фонетикасы» атты еңбегi немiс тiлiнде жарық көрдi. Ол қазақ тiлiнiң дауыстылар саны 9, дауыссыздар саны 20 деп көрсетедi.
Қысқасы, Қазан төңкерiсiне дейiн орыс тiлi әдебиеттерде қазақ тiлi фонетикасына қатысты негiзгi де қарапайым ұғымдар танымдық мақсатта жалпы баяндалады. Қазақ тiлiнiң дыбыстық жүйесi мен үндестiк заңдарынан бiршама мәлiмет бередi. Қазақ графикасымен жазу тәжiрибесi қалыптаса бастайды. Мұның бәрi айналып келгенде, қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесiн, айту, жазу нормаларын зерделеуге көмектеседi.
Тұңғыш қазақ газетi «Түркстан уалаяты» мен қазақ тарихындағы екiншi газет «Дала уалаяты» шыға бастады. Бұл екi газет те араб графикасын пайдаланды.
ХХ ғасырдың басында қазақ тiл бiлiмi қазақ топырағында қаз-қаз басып, бiрте-бiрте ғылым айдынына шықты. Мұның көш басында қазақ халқының рухани көсемi, қазақ тiл бiлiмiнiң атасы А.Байтұрсынов тұрды.
А.Байтұрсынов 1912 жылы «Айқапқа» «Жазу тәртiбi» дейтiн мақала жазып, сол тұстағы оқудың жайына тоқталады: орысша, мұсылманша сауат ашуға көп уақыт кететiнiн, оның қиындықтарын айтады.«Оқу құралының ең ұлылығы-бала оқытатын кiтап», оқу құралы «балалардың жанын қинамайтын» болу керек дейдi. Ондай оқулық жасау үшiн алдымен жазу жөнделу керек, дыбыстар анықталып, «сөз iшiнде қай дыбыс естiлсе, сол дыбыстың әрпiн жазу керек»,-дейдi. Оның айтуынша «қазақ тiлiнде 24 дыбыс бар», оның бесеуi дауысты, екеуi (й,у) жарты дауысты 17 дауыссыз. Мақалада осы дыбыстарды жазу үшiн өзi ойлап тапқан таңбаларды тәптiштеп түсiндiредi.Бұл бiздiң ойлауымызша, Ахметтiң тiл турасындағы, жазу жайындағы алғашқы мақаласы.
Ахметтiң тырнақ алды туындысы 1912 жылы «Оқу құралы. Қазақша әлiппе» деген атпен жарық көрдi. Араб графикасын қазақ тiлiне икемдеп, әр дыбысқа жеке таңба бердi, олардың сөздiң әртүрлi деңгейiнде жазылуын аңғартатын мысалдар, текстер ұсынды, қолданылуындағы ерекшелiктердi ескерттi. Арабтың бiр ғана у әрпiмен жазылатын бес дыбысты бейнеледi. Олар: о,ө,ұ,ү,у. Сондай-ақ и әрпiн үш дыбысқа (ы,i,и) пайдаланды.
Кiтапта қазақ тiлiндегi дыбыстардың таңбасы деп 24 әрiптi санамалайды да, оның бесеуi дауысты, 17-i дауыссыз деп көрсетедi. Жалпы санда й,у бөлiс кезiнде қалып қойған.
Ахметтiң айтуынша, дауыстылар мен дауыссыздардың шегiн жалғаулар арқылы айыруға болады. Ал, «толық дауыстылар буын iшiнде дауыссыз дыбыстардың алдында да, соңында да келетiн» болса, шала дауыстылар буын iшiнде дауыссыздардан кейiн тұра алмайтынын дұрыс аңғарған.Оның жазу, емле, терминология жайындағы еңбектерi әлi күнге дейiн құнын жойған жоқ.Мамандығы дәрiгер бола тұрып, ғылымның түрлi саласында татымды еңбек еткен Халел Досмағанбетов тiл зерттеушiсi ретiнде бөле-жара айту керек болады.1924 жылы жеке кiтап болып шыққан «Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингорманизм» деп аталатын еңбегiн қазақ тiл бiлiмiндегi тұңғыш кең ауқымды ғылыми зерттеу деуге әбден болады. Мұнда қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi, сингорманизм, оның iшiнде тiл үндестiгi егжей-тегжейлi айтылған. Әсiресе кiрме сөздердiң жөн-жосығы жақсы баяндалған.
Ахмет те, Халел де тiлдiң сырын оқулықтан емес, бесiктен бiлiп, есiктен игерген жандар. Көбiсi сөгiлмеген, жазудан теперiш көрмеген, бұл тiлдi бiлгiсi келгендерге бұлардың айтары көп. Қазақ тiлi фонетикасының Кеңес дәуiрiнде зерттелуiне белгiлi фонетист ғалым Ж.Аралбаевтың еңбегi аса зор. Сөздiң айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте, мынандай көзқарас бар. Дыбыс деген сөздiң мағынасы мол. Айталық, адамға қатыссыз, табиғатта «айналада» болып жататын дыбыстар көп. Фонетика адамның дыбыс шығару мүшелерi арқылы жасалған дыбыстарды қарастырады. Дыбыс пен әрiп бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты болғанмен, олардың бiр-бiрiмен айырмашылықтары бар. Дыбыстау мүшелерi арқылы жасалып, естiлетiн физикалық құбылысты дыбыс деп атайды. Дыбыстардың жазбаша таңбасын әрiп деп атайды. Әрiптердiң жиынтығын алфавит деп атайды.Демек, дыбысты айтамыз және естимiз, ал әрiптi жазамыз және көремiз.Жазуға қарағанда айту әлде қайда маңызды. Басқаны айтпағанда әрбiр адам алдымен сөйлеудi үйренедi де, содан соң жазуға көшедi. Күнделiктi өмiрде де адамның сөздi жазуына гөрi айтуы,оқуынан гөрi тыңдауы көп орын алады. Тiптi үндемей ойлау, оқу, жазудың өзi де дыбыстарды iштей айтумен байланысты. Олай болатыны сөздiң өмiр сүру формасы-дыбыс. Әрiп сол дыбысқа берiлетiн шартты таңба. Әрiптi оқу айналып келгенде, дыбысты айту болып шығады.
Әрiп пен дыбысты шатастыруға болмайды. Әрiп кейде жеке дыбысқа формасында келедi: а,ә,ұ,ұ кейде бiр әрiп мәселен ю,я бiрнеше дыбыстың қосындысын (и,ұ,у), (й,ү,ұ,иа) жасалады. Керiсiнше, кейбiр әрiптердiң дыбыстық таңбасы жоқ. Әрiп пен дыбыстың бiр-бiрiне ылғи да сай келе бермеуi сөздiң жазылуымен айтылуының арасында ылғи да ала-құлалық тудырады. Мәселен, адам, жер, ана т.б. Сөздердiң жазылуы бiр-бiрiне жуық. Ал оқы, ойланба, тонға, басшы деген сөздер айтуда оқұ, ойламба, тоңға түрiнде айтылады.
Қазақ тiлiнде 37 дыбыс,42 әрiп бар.Тiл дыбыстары-адамның дыбыстау мүшелерiнiң жемiсi. Дыбыс-тiлдiң бiр жақты единицасы: дыбысталады, бiрақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгiлi бiр тiлде қалыптасқан тiркестерi мағыналы сөздердi бiлдiредi. Олай болса, дыбыстар тiлдiң мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды құрастыратын материалдар қызметiн атқарады. Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшiн әр тiл өзiнде бар толып жатқан дыбыстардың iшiнен санаулы ғана дыбыстар түрлерiн пайдаланады.
Қазақ тiлiнен хабары бар адам бар бал,мал,сал тал: жай,жақ,жап сияқты дыбыс тiркестерiндегi әр түрлi сөздер екенiн бiрден ажыратады. Өйткенi бұларда бiр-бiрiне ұқсамайын дыбыстар бар.Ендi бiр ғана сөздi мысалы: мал сөзiн тiлiмiздiң заңына сай түрлендiретiн болсақ, мыс: малым, малды, малы онда бiр сөзден бiрнеше форма өрбидi де, дыбыстар оларды бiр-бiрiнен ажыратуға тiрек болады.
Қысқасы, тiл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға, тануға ажыратуға қызмет етедi. Фонема грек тiлiнен алынған. Сөздер ен морфемаларды бiр-бiрiнен ажыратуға септiгi бар тiлдiң ең кiшкене единицасы немесе бөлшегi. Тiл бiлiмiнде дыбыстардың қызметiне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема-сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары бөлшектеуге келмейтiн дыбыстық единица. Тiл бiлiмiнде фонема деген ұғымның сипатын айқындау фонетика тарихында жаңа үлкен белес алды. Ендi сол фонемалардың табиғатын ашып айқындау мәселелерiне келейiк. Фонема дегенiмiз де -тiл дыбыс болғанда, сөздердiң жiгiн өзгертiп,морфемалардың жiгiн ажырататын дыбыс. Фонема тiл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта тығыз байланыста болады. Фонема деген тiлдiң материалдық бөлшегi. Фонемаларды зерттейтiн фонология мен тiл дыбыстарын зерттейтiн фонетика екеуi де екi түрлi пән емес, тiл туралы ғылымның екi түрлi жағы. Сонымен, фонема деген ұғым сөз мағынасын сөздiң жiгiн ажырататын дыбыстар деген ұғыммен байланысты.Фонема бойында бiрнеше белгiлерi болады. Ол белгiлер фонемадан тыс өмiр сүрмейдi, фонеманың бойында жинақталып топталады. Мысалы: қ фонемасының бойында бiрнеше белгiлер бар; қатаңдық, тiл алды.
Белгiлi бiр тiлдiң фонемалар жүйесi бiр-бiрiмен әрдайым қарым-қатынаста, өзара байланыста болатын фонемалардың жиынтығынан құралады. Фонемалардың тiлдiң фонетикалық жүйесiнен тыс өмiр сүруi мүмкiн емес. Фонемалар белгiлi бiр тiлге тән фонетикалық жүйенiң мүшелерi. Солай болғандықтан, әрбiр фонеманың мазмұны оның фонетикалық жүйеде алатын орнымен айқындалады. Фонемалар құрамының жүйелi сипаты олардың бiр-бiрiне қарама-қарсы топтарға жiктелiп топталады. Мысалы, дауыссыздардың қатаң және ұяң дауыссыздар п-б, т-д, с-з, к-г болып тiл алды және тiл арты i,ұ,ы,о,ө болып рет-ретiмен қарсы топтарға жiк-жiгi бойынша топтала бөлiнуi тiлде фонемалар жүйесiнiң бар екендiгiн аңғартады. Тiл бiлiмiнде фонема туралы мәселенiң өзiне тән тарихы бар. Фонема туралы ұғым орыс тiл бiлiмiнде өткен ғасырдың 70 жылдарында пайда болды. Фонема теориясының негiзiн қалаған лингвист-орыс ғалымы И.А.Бодуэн де Куртенэ. Ол ғылыми-зерттеу жұмыстарының әр дәуiрiнде фонема туралы түсiнiгiнде кейбiр өзгерiстер болды.
Бодуэн де Куртенэ фонеманы морфеманың құрамында қараудың қажеттiлiгiн айтады. «Фонемалар өздiгiнен ешқандай мағыналарға ие бола алмайды. Олар әр жақты тiлдердiң элементтердiң құрамында енгендiгi ғана, тiлдiк мәнге ие болып лингвистикалық тұрғыдан таныла алады». Ол фонеманың лингвистикалық мәндiлiгiн морфеманың компонентi ретiнде таниды. Бодуэн де Куртенэнiң фонема туралы iлiмiн ары қарай дамытқан оның шәкiртi, академик Л.В.Щерба болды. Ол фонеманың реңктерi туралы мәселеге тоқтала келiп, негiзгi реңк туралы мәселеге айрықша назар аударады. Л.В.Щерба сөздер мен формаларды ажырататын реңктi фонема деп атайды. Әрбiр фонема оны сол тiлдегi басқа, фонемалардан ажырататын белгiлер арқылы анықталады. Белгiлi бiр тiлдiң күллi фонемалары қарама-қарсылықтың бiртұтас жүйесiн құрайды
Бодуэн де Куртенэ мен Л.В.Щербаның фонема туралы iлiмi Ш.Трубецской басқарған прагалық лингвистикалық үйiрмеге әсер еттi. Н.С.Трубецской фонологиялық iлiмдi жасауда Бодуэн де Куртенэ мен Л.В.Щербаның фонема туралы еңбектерiне сүйенедi. Морфема-тiлдiң ең кiшi мағыналы бөлшегi. Морфемалар сөзден де, қосымшалардан да болады. Мыс: балаларымыз деген сөзде бала-лар-ымыз. Бұлардың әрқайсысының өз мағынасы бар. Осыларды ары қарай бөлшектесек, мағынасыз дыбыстар ғана қалады.
Дыбыс жүйесi қарастыратын мәселелер: тiл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлерi, iштей жiктелуi, сөз iшiнде бiрiне-бiрi ықпал етiп, үйлесетiн, үндесiп, тiркесiп тұрудың тетiгi, буын, екпiн, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б.
Фонетика тiл дыбыстарын және оның заңдылықтарын тексеруде белгiлi бiр тiлдiк теориялық қағидаларға сүйенедi.Бiз дыбыс дегенде әрбiр қазақ тiлiндегi дыбыстарды күрделi тұлға ретiнде қарастырамыз. Сондықтан да фонетика тiлдегi дыбыстарды фонемалық қасиетiне қарай сұрыптайды.Сонда фонема дегенiмiз не?
Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себi бар тiлдегi ең кiшкене дыбыстық единицаны фонема деп атайды.Фонема туралы ғылым фонология деп аталады.Фонология грек тілінен алынған сөз болып,фонеманы зерттейтін тіл білімінің саласы.
ХХ-ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы қазақ даласын отарлауды аяқтап, орыс шаруаларын жаппай қоныстандыруды қолға алды. Мұның өзі қазақ халқының тілін, дінін, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын білуді бұрыңғыдан да жандандыра түсуге мәжбүр ету. Осы мақсатпен орыс оқығандары бірсыпыра зерттеужұмыстарын жариялады. Олардың ішінде күні бүгінгі дейін ғылыми маңызын жоймаған құнды еңбектер де бар.
Қазақ сөздерін алғаш орыс графикасымен жазған миссионер Николай Иванович Ильминский (1322—1891) еді. Ол 1860 жылы Қазанда «Материалы к изучению киргизского наречия» деген 162 беттік еңбегін жариялады. Оның 140 беті-қазақша-орысша сөздік. Сөздіктің бас жағында автордың қазақ тіл, оның дыбыстық, грамматикалық жүйесі жөніндегі пайымдаулары баяндалған. Араб жазуын орыс жазуымен алмастыру жайында алғашқы пікір айтқан.
Н. И. Ильминский қазақ тілінің шешендік,сұлулығына сұқтанды, көне түркілік сөздер көп кездесетініне, өзіндік дыбыстық жүйемен ерекшеленетіне назар аударды.Оның айтуында, қазақ тілінде мынадай дыбыстар бар: дауыстылар-а (ә), е, ы, і, о, ө, ұ, ү, дауыссыздар-п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң. Яғни дауыстылар-8, дауыссыздар-19. Бұдан біздің аңғаратынымыз, Н. Ильминский а және ә дыбыстарын (жуанды-жіңішкелі) бір фонема деп қараған.
А. Байтұрсынұлы 1912 жылы «Айқап» «Жазу тәртібі» дейтін мақала жазып, сол тұстағы оқудың жайына тоқталады. «Оқу құралының ең ұлығы - бала оқытатұғын кітап» (Сонда, 380-6.), Оңың айтуынша, «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар», «оның бесеуі дауысты, екеуі (й, у) жарты дауысты, 17 дауыссыз. Мақалада осы дыбыстарды жазу үшін өзі ойлап тапқан таңбаларды тәптіштеп түсіндіреді. Мәселен, жарты дауысты й, у тек «дауысты дыбыстардың соңында айтылады»,-дейді.
Ахметтің тырнақ алды елеулі еңбегі осы 1912 жылы «Оқу құралы. Қазақша әліппе» деген атпен жарық көрді.Кітапта қазақ тіліндегі дыбыстардың таңбасы деп 24 әріпті санамалайды да, оның 5-еуі дауысты, 17-сі дауыссыз деп көрсетеді. Жалпы санда бар й, у бөліс кезінде қалып қойған. Жазуда тоғыз дауыстыға да таңба берілген. Сонымен әліппеде тоғыз дауысты мен 19 дауыссыз жеке-жеке таңбаға ие болған.
А. Байтұрсынұлы еңбектерінің әсіресе елеулісі - «Тіл — құрал» атты оқулықтары.«Тіл-құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, өйткені бұл-қазақта бұрын болмаған жаңа зат,деп жазды ол алғаш 1914 жылы жарық көрген кітабының алғы сөзінде.Дыбыс таңбасын харіп деп атаймыз... Дыбыс һәм харіп екеуі екі басқа»,— дейді.Кітапта жеке әріптердің, сөз, қосымшалардың жазылу қағидаларына біраз орын берген. Зерттеу объектiсiне қарай жалпы фонетика және жеке фонетика болып екi салаға бөлiнедi. Жалпы фонетика тiл бiлiмiнiң жеке бiр саласы ретiнде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкiндiктерiн айқындайды.Тiл дыбыстары классификациясының негiзгi принциптерiн белгiлеп бередi. Жалпы фонетика - ғылымының басқа салаларымен, акустикамен, физиологиямен және психологиямен тығыз байланысты
Академик Щербаның айтқанындай : «Жалпы фонетиканы акустика, физиологиядан да басқаша, лингвистикалық айрықша пән ретiнде бөлiп қарау және оны тiл дыбыстарының, адамдардың тiлдiк қатынас жасау процесiнде атқаратын қызметiне орай әлеуметтiк ғылымдардың қатарында қарау керек» (М.В.Щерба. Таңдамалы шығармалары, Л.Г.У. 1958ж,). Жеке фонетика белгiлi бiр тiлдiң дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейдi. Осы зерттеу негiзiнде сипаттама фонетика пайда болады.Сипаттама фонетика тiлдiң өмiр сүрiп тұрған дәуiрiндегi дыбыстық құрамын қарастырады. Фонеманың жүйесiн және олардың өзара iшкi байланысын белгiлеп, айқындайды.
Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихына өз үлесін қосқан бірнеше ғалымдарды айтуғаболады.Мәселен:Н.И.Ильминский,Л.З.Будагов,В.В.Радлов,А.Байтұрсынов,Ә.Жүнісбеков.К.Аханов,Ж.Аралбаев,Н.Сауранбаев,Н Оралбаева,С.Мырзабеков, М.Томанов, Б.Қалиев,М.Джусупов.т.б.
Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер.
Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістеріп (метод) қажет етеді. Олай болатыны, фонетика бір жағынан акустикалық (немесе физикалық) аспекті тұрғысынан акустикамен, екінші жағынан физиологиямен (сондай-ақ анатомиямен де) байланысты болып келеді де, бұл ғылымдарда пайдаланылатын әдістер мұнда да қолданылуға тиіс. Әдетте мұны эксперименттік әдіс дейді де, сонымен байланысты қарайды. Бұдан аппаратсыз эксперимент болмайды екен деген ұғым тумауға тиіс. Фонетика саласынап мынандай бір қарапайым мысал алып қарастырайық: қазақ тілінде дыбыстардың қалыптасқан орны, үндесу заңдылықтары бар. Соның бірі қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді. Бұл заңдылықты елемей, қатаңнан кейіи ұяң дыбыстарды айтып, көрейік: ат-дың, ат-ға, ат-да. Әдейі бұзу үшін болмаса, бұлай айту қазіргі қазақ тілінде мүмкін емес. Фонетикалық көптеген тұжырымдар айту мен қабылдауға, қарапайым тәжірибеге негізделген.
Дегенмен, дыбыстардың акустикалык, мінездемесін күшін, қарқынын, созыңқылығын, сондай-ақ оның артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарасты-ру керек.
Экспериментті (грекше — байқау, тәжірибе) фонетика (дұрысы, экспериментті-фонетикалың әдіс) — сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды қолдану арқылы зерттеу.
Экспериментті-фонетикалық әдісті екі үлкен топқа бөліп қарастырған жөн:
1) акустикалың әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады; 2) физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысып тұрғаны, оның артикуляциялың ерекшеліктері айқындалады.
Бұл әдістердің әрқайсысы пайдаланылатын құралдың (аппараттың) түріне қарай іштей бірнеше әдіске ажырайды. Сонда:Акустикалың әдіс: 1. Кимографтьщ әдіс; 2. Осциллограф-тъщ әдіс; 3. Спектрографтъщ әдіс.Соматикалық әдіс: 1. Палатографтъщ әдіс; 2. Рентгеногра-фиялыц әдіс; 3. Кинофотога тусіру эдісі.Эксперименте фонетика қазақ тіл білімінде де кең қолданылуда.
Зерттеу объектiсiне қарай жалпы фонетика және жеке фонетика болып екi салаға бөлiнедi. Жалпы фонетика тiл бiлiмiнiң жеке бiр саласы ретiнде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкiндiктерiн айқындайды.Тiл дыбыстары классификациясының негiзгi принциптерiн белгiлеп бередi.Жалпы фонетика - ғылымының басқа салаларымен, акустикамен, физиологиямен және психологиямен тығыз байланысты.
Академик Щербаның айтқанындай : «Жалпы фонетиканы акустика, физиологиядан да басқаша, лингвистикалық айрықша пән ретiнде бөлiп қарау және оны тiл дыбыстарының, адамдардың тiлдiк қатынас жасау процесiнде атқаратын қызметiне орай әлеуметтiк ғылымдардың қатарында қарау керек» (М.В.Щерба. Таңдамалы шығармалары, Л.Г.У. 1958ж,).
Жеке фонетика белгiлi бiр тiлдiң дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейдi. Осы зерттеу негiзiнде сипаттама фонетика пайда болады.Сипаттама фонетика тiлдiң өмiр сүрiп тұрған дәуiрiндегi дыбыстық құрамын қарастырады. Фонеманың жүйесiн және олардың өзара iшкi байланысын белгiлеп, айқындайды. Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихына өз үлесін қосқан бірнеше ғалымдарды айтуғаболады.Мәселен:Н.И.Ильминский,Л.З.Будагов,В.В.Радлов,А.Байтұрсынов,Ә.Жүнісбеков.К.Аханов,Ж.Аралбаев,Н.Сауранбаев,Н Оралбаева,С.Мырзабеков, М.Томанов, Б.Қалиев,М.Джусупов.т.б.
Дыбыстардың акустикалық қасиеттері.
Сабақтың жоспары.
1.Дыбыстардың акустикалық ерекшелiктерi жайлы.
2.Дыбыстардың артикулияциялық ерекшелiктерi туралы
.3.Дыбыстау мүшелерi жайлы.
Дыбыстың жасалуы. Дыбыс атаулының қандайы болса да серпiндi (соғылмалы) заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тiлдегi дыбыстар да – күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесiннен өзiнiң ырғағы , күшi, әуенiне қарай дыбыстар әр түрлi болады. Тiлдегi дыбыстардың түрлерiн, кейбiр қасиеттерiн : олардың ырғағы, күшi, әуенiне қарай бiлуге болады.
Дыбыс ырғағы деп бiр секунд iшiндегi дiрiлдiң мөлшерiне байланысты құбылысты айтады. Дiрiлдiң саны неғұрлым көбейсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсiп күшейе бередi. Ал, дiрiлдiң саны азайған сайын дыбыс ырғағы солғындап, әлсiрей бередi. Бiз жоғарыда дiрiл түрлiше болып келедi дедiк. Дiрiл, өзiнiң қимылына қарай екiге ажыратылады: 1. Ритмикалық дiрiл. 2. Ритмикалық емес дiрiл. Сондай-ақ, дыбыстардың жасалуы үшiн резонанс құбылады да (бұл сөз француз тiлiнiң резонанс-жаңғырық деген мағынадағы сөзi бойынша жасалған термин) айрықша қызмет атқарады.
Дыбыс күшi бiр секунд iшiндегi дiрiлдiң қарқынымен байланысты. Неғұрлым дiрiл қарқыны (амплитудасы) көбейген сайын, соғұрлым дыбыс күшi ұлғая түседi. Дыбыс күшi, дiрiл амплитудасы көбейген сайын, дыбыс жiңiшке (ащы) шығады да, керiсiнше, кемiген сайын дыбыс жуан (солғын) шығады. Дыбыс күшiне қарай тiлдегi лептi (динамикалық) екпiннiң сырын бiлуге болады.
ДЫБЫСТАУ МΥШЕЛЕРI.
(Сөйлеу аппараттары)
Тiл дыбыстары дыбыстау мүшелерi арқылы жасалады. Тiл дыбыстары өкпедегi ауаның шығуынан жасалады. Дыбыстау мүшелерiнiң жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады(аппарат- мүше деген сөз). Қазақ тiлiндегi дыбыстау мүшелерi, негiзiнен мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тiл, таңдай, ерiн, тiс т.б.Дыбыстау мүшелерi ауа жүретiн каналдың бойына орналасқан. Дыбыстау мүшелерi дыбыс шығару қасиеттерiне қарай негiзiнен үш топқа бөлiнедi :
Тыныс мүшелерi
Тыныс мүшелерiнiң бастысы - өкпе. Өкпе қолқамен ұштасады. Қолқа екi тарамданып, жоғары жақтан кеңiрдекпен жалғасады. Өкпе көрiк секiлдi. Бiрде ауаны сыртқа жiбередi, яғни экспирация жасалады. Ал бiрде ауаны iшке тебедi, яғни энспирация жасалады. Ауаның кеудеге енуi өкпенiң аясын кеңейтедi, ол ауаның кеудеден шығуы өкпенiң аясын тарылтады. Тiлдегi дыбыстар өкпедегi ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады.
Тамақ мүшелерi
Тамақ мүшелерiнiң бастысы – дауыс шымылдығы. Тамақ – кеңiрдектiң кеңейген жоғары тұсы. Тамақтың сырт жағында жұтқыншақ, ал iш жағынан дауыс шымылдығы болады. Кеңiрдектiң арт жағында өңеш болады. Тамақ пен кеңiрдек – ауа, дыбыс жүретiн жол. Өңеш – тамақ жүретiн жол. Тамақтың iш жағында қабаттасып жатқан екi пар бүршiктiң сыртқы екеуi жалған дауыс шымылдығы болса, ал астыңғы екеуi нағыз дауыс шымылдығы болып табылады. Дауыс шымылдығының арасы дауыс түтiгi деп аталады. Дауыс шымылдығы ауаға тосқауыл жасайды. Ол кейде керiлiп, кейде жиырылып тұрады. Дауыс шымылдығы керiлiп тұрса, дiрiл пайда болады. Сөйтiп, онда үн болмайды, үн де шықпайды. Үндiлердi айтқанда дауыс шымылдығы жиiрек дiрiлдейдi. Ал, ұяңдарды айтқанда сирегiрек. Қатаңда дiрiл болмайды.
Қуыс мүшелерi
Қуыс мүшелерi қызметiне қарай уш топқа бөлiнедi: Тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы.Тамақ қуысы жоғарыда айтқандай тамақтың жоғары жағында, ауыз қуысының арт жағында болады. Тамақ қуысының жиырылуынан салдыр пайда болады. Тамақ қуысы дауыстылардың әуенiн жасауға қатысады. Ауыз, мұрын қуысы да дыбыстарға жаңғырық қосып, резонаторлық қызмет атқарады. Ауыз қуысындағы мүшелер : бұл мүшенiң бастысы – тiл. Тiл өте жылжымалы келедi. Ауыз қуысындағы өзге мүшелерге қақтығысып iлгерi – кейiн жүйткiп отырады. Тiл қимылы арқылы жуан, жiңiшке дауысты дыбыстар жасалады. Тiл мен тiстiң қимылы арқылы т,д дыбыстары жасалады.Мысалы: қ, ғ, к, г сияқты тiл арты дыбыстары жасалады. Ауыз қуысындағы мүшелердiң бiрi – ерiн. Дыбыстарды шығаруда үстiңгi ерiннен гөрi астыңғы ерiннiң қызметi мол. Ерiн қызметi арқылы ерiндiк дауыстылар жасалады. Мысалы: о, ө, ұ, ү, у. Сондай-ақ дауыссыз дыбыстар да жасалады.Мысалы: б, м, п. Ауыз қуысындағы тағы бiр мүшенiң бiрi – таңдай. Дыбыстардың жасалу орнына қарай бұл мүше үш топқа бөлiнедi:
1. Алғы таңдай.
2. Орта таңдай.
3. Артқы таңдай.
Алғы таңдай
Үстiңгi күрек тiс тұрған қызыл иекпен (альвеолмен) ұштасады. Дауыссыздар альвеол арқылы көп жасалады. Артқы таңдай кiшкене тiлмен жалғасады. Кiшкене тiлдiң екi түрлi кызметi бар: 1. Кiшкене тiл ауыз жолын бөгейдi. Мұнда iштен шыққан ауа мұрын жолы арқылы өтедi, яғни м, н, ң дауыссыздары жасалады. Iштен шыққан ауаны фонациялық ауа деп атайды.2.Кiшкене тiл мұрын жолын бөгейдi. Онда фонациялық ауа ауыз жолы арқылы өтедi. Ауыз қуысы бiрде тартылып, бiрде керiлiп тұрады. Мұндай кезде иектiң қызметi мол. Иекпен ұласып жатқан мүше – тiл. Ол кейде төмен түседi. Онда ауыз мол ашылады. Ал, иек жоғары көтерiлсе, ауыз тар ашылады. Тiлiмiздегi дауыстылар ауыздың кең және тар ашылуына байланысты ашық және қысаң дауыстылар болып екiге бөлiнедi. Мұрын қуысы арқылы көбiнесе үндi дауыссыздар жасалады. Үндi дауыссыздардың жасалу орны ауыз қуысы боланмен фонациялық ауа мұрыннан шыққандықтан оларды мұрын жолды үндiлер дейдi. Дыбыстау мүшелерiнiң қызметi кейде актив, кейде пассив болады. Актив мүшелер жылжымалы келедi. Ал пассив мγшелер онша көп әрекет жасамайды.
Тiлiмiздегi дыбыстардың көбi актив мγшелердiң қимылынан пайда болады.Дыбыстардың артикулияциялық ерекшелiктерi. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырмашылығы.Тiл – тiлдегi дыбыстар акустикалық және артикулияциялық ереккшелiктерiне қарай негiзiнен екi топқа бөлiнедi : 1. Дауысты дыбыстар (вокализм). 2.Дауыссыз дыбыстар (консонантизм).
Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырудың тiл бiлiмiнде ұзақ, тарихи жолы бар. Тiлдегi дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастыруға негiз болатын тiрек, олардың акустикалық және физиологиялық жақтары. Дыбыстарды акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бiр-бiрiнен ажырату музыкальды γн, тон мен салдырға негiзделедi. Дауыстыларда γн басым болады да, дауыссыздарда салдыр басым болады. Салдырдың элементтерi дауыссыздарда мγлде жоқ деуге болмайды. Кей дауыссыздарда яғни Ұяң дауыссыздарда музыкальды γн (тон) бар. Акустикалық тұрғыдан қарағанда сонар дыбыстарда мәселен: л, р дыбыстарын дауыссыздар қатарына жатқызуға негiз аз. Себебi сонар дыбыстарда салдыра қарағанда үн басым. Сондықтан да бұлар аралық дыбыстар деп аталады. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың мына тәрiздi физиологиялық ерекшелiктерi бар:
1.Дауысты дыбыстарды айтқанда фонациялық ауа кедергiге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады.
2.Дауысты дыбыстарды айтқанда дыбыстау мγшелерiне кγш тγспей, оның
қалпы жайдары болады.
3.Дауысты дыбыстарды айтқанда фонациялық ауа баяу, лепсiз шығады.
Дауысты дыбыстардың құрамы
Қазiргi қазақ тiлiнде тоғыз (9) жалаң дауысты дыбыстар (монофтонг) бар.Олар мыналар : а, о, ә, е, ө, ы, i, ұ, γ. Сондай-ақ екi қосынды дауыстылар да бар (дифтонг). Олар мыналар : и және у дыбыстары. Дауысты дыбыстардың халықаралық терминi вокализм деп жγргiзiледi. Қазiргi қазақ тiлiнде дауысты дыбыстар ерiннiң қызметiне қарай екiге бөлiнедi :1.Ерiндiк дауысты дыбыстар : о, ө, ұ, γ, у.2.Езулiк дауысты дыбыстар : а, ә, е, ы, i, (и, э).Езулiк дауысты дыбыстарға қосарлы и дыбысы да кiредi. Сондай-ақ орыс
тiлiндегi ә дыбысы да енедi. Дауысты дыбыстардың былай бөлiнуi ерiннiң артикулияциялық ерекшелiгiне байланысты болады. Дауысты дыбыстар ерiннiң қызметiне қарай бөлiнгенде, оның мынадай екi тγрлi ерекшелiгi ескерiледi:
1.Ерiндiк дауыстыларды айтқанда ерiн алға қарай сγйiрленедi.
2.Ерiндiк дауыстыларды айтқанда ерiн дөңгеленiп бiтедi. Осы екiартикулияциялық қызметiнiң нәтижесiнде о, ө, ұ, γ, у дыбыстары жасалады.Езулiк дауысты дыбыстарды айтқанда езудiң мына сияқты артикулияциялық қызметi айқындалады. Езулiк дауысты дыбыстарды айтқанда ерiн кейiн тартылады, езулiк дауысты дыбыстарды айтқанда езу жиырылады. Соның нәжесiнде мынадай езулiк дауыстылар жасалады: а, ә, ы, i, е, (э) и. Бiз жоғарыда дыбыстау мγшелерiнiң қимылына қарай дауысты дыбыстар γш топқа бөлiнедi дедiк :
1.Дауысты дыбыстар ерiннiң қатысына қарай бөлiнедi.
2.Дауысты дыбыстар иектiң (жақтың) қатысына қарай бөлiнедi.
3. Дауысты дыбыстар тiлдiң қалпына қарай бөлiнедi.
Дауысты дыбыстар тiлдiң қалпына қарай жуан (гуттураль) және жiңiшке (платоль) болып бөлiнедi. Жуан дауыстыларға: а, о, ы, ұ, (у) дыбыстары жатады. Жiңiшке дауыстыларға ә, ө, i, γ, е, (э), (у) дыбыстары жатады.
Тiлдiң арты таңдайға қарай жиырылып , бγктелiп жатуынан жуан дауыстылар жасалады. Ал, тiлдiң таңдайдың алдыңғы жағына жуықтай айтылуынан жiңiшке дауыстылар жасалады. Бiз жоғарыда жақтың ашылуына байланысты дауыстылар екiге бөлiнедi дедiк. Жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң дауыстылар болып екiге ажыратылады. Ашық дауыстыларға : а, ә, о, ө, е (э) дыбыстары кiредi де, қысаң дауыстыларға ы, i, у, ұ, у, и дыбыстары кiредi. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектiң төмен тγсұiнен жасалады. Ал, қысаң дауыстылар жақтың тар ашылуынан жасалады. Сондай-ақ дауыстылардың аралық белгiлерi де бар.
Ашық дауыстылар мен қысан дауыстылардың аралығындағы дыбыстар о, ө, ы дыбыстары. Дауысты дыбыстардың көбi ашық дауысты мен қысаң дауысты дыбыстардың арасынан орын алады. Бұл сиықты аралық дыбыстар не ашық, не қысаң дауысты дыбысқа бейiмделуiне қарай 2 топтың бiрiне шартты тγрде телiнедi. Дауысты дыбыстардың ерiннiң қатысына қарай бөлiнуi ерiндiк дауысты дыбыстар.
Ерiндiк дауысты дыбыстарға о фонемасы жатады. О фонемасы ерiннiң дөңгеленуi арқылы айтылатындықтан ерiн дауыстысы деп жγргiзiледi. Бұл фонеманы айтқанда иек а-ны айтқаннан гөрi жоғарырақ көтерiледi де, ы-ны айтқандағыдан гөрi төменiрек тγсiп, ауыз кең ашылып тұрады. Ауыз ашылу қалпы жағынан ерiнге жуық айтылады да, бiраз тiл кейiн жиырылып тұрғандықтан о жуан дауысты болып айтылады. О фонемасы қазақ сөздерiнiң соңында кездеспейдi, сөз басында, ортасында ұшырайды. Мысалы : орақ, отан, қол, сол, Шолпан, қолқанат т.б.. Бiрақ интернационалдық сөздердiң қай буынында болса да келе бередi, сөз соңында ұшырайды. Мысалы : кино, пальто, Бюро т.б. О фонемасының жiңiшке сыңары ө фонемасы. О-ның жiңiшке сыңарын корреляция деп атйды, о фонемасы тiлдiң iлгерi жылжып жатуынан пайда болады. Ал ерiн мен иек артикулияциясы жағынан о мен ө бiркелкi жасалады. Яғни қос ерiннiң алға қәрай сγйiрленiп, дөңгеленуiнен жасалады. Ө фонемасының жiңiшкелiгi е тәрiздi болып келедi. Ө фонемасы сөздiң бас буынында, ортасында келе бередi де, ал соңында қазақ сөздерiнде де кездеспейдi. Мысалы : өрiк, өлке, өнер, төс. Ө фонемасы өзiнен кейiн келген е фонемасының айтылуыда ө-ге ұқсата жымдасады. Мысалы: өте сөзi өтө тγрiнде айтылады: төте-төтө ,көсем-көсөм, кγрек сөзi кγрөк тγрiнде айтылады т.б.
Ерiн даγыстыларының тағы бiр тγрi-ұ фонемасы. Ұ фонемасы да ерiн фонемасының қатарына кiредi. Бұл фонеманы айтқанда ерiн фонемасының айтқаннан гөрi сәл сγйiрленiп тұрады. Бiрақ тiл артикулияциясы жағынан о фонемасынан айырмасы жоқ. Бұл да жуан дауыстыларға жатады. Акустикалық жақтан қысаң дауысты дыбыс. Себебi жақтың болар-болмас ашылуы аркылы жасалады. Сондай-ақ иеқтiң жоғары қөтерiлуiнен, ауыздың тар ашылунан пайда болады.
Қазақ сөздерiнiң бас буынында, ортасында келе бередi. Соңында ешқашан кездеспейдi. Мысалы: ұ мен ұрық, құлын, жұлын т.б. Ұ фонеамасы сөз iшiнде екiншi буында келгенде тетелес тұрған ұ фонемасынын ықпалымен ы дыбысы айтылуында ұ болып естiледi. Мысалы: Құлын-құлұн, құлық-құлұқ т.б. Ерiн дауыстылардың таы бiр тұрi - у фонемасы. У фонемасы ұ фонемасының жiңiшке тγрi (корреляциясы). Бұл у фонемасы да қос ерiннiң алға қарай дөңгелене барып, сγйiрленуi арқылы жасалады. Осы у фонемасы сөздiң басында, ортасында кездеседi де, сөз аяғында ұшырмайды. Мысалы: γкi, γмiт, γкiмет, тγзiм, жγзiк т.б. У-фонемасы өзiнен кейiн келген езулiк дауысты дыбысты нақ өзiндей елiктiредi. Мысалы: жγзiк сөзi айтылуда жγзγк турiнде айтылады.
Езу дауыстылары
Жоғырыда айтқандай езу дауысты дыбыстарды айтқанда езудiң қимылы ерекше болады. Осы езу дауыстыларына а фонемасы жатады. Бұл а фонемасы дауыстылардың iшiндегi мейлiңше ашық айтылатын дыбыс болып табылады. Осындаға а фонемасы иектiң төмен тγсуi аркалы дыбысталады. Жасалау орны жағынан тiлдiң кейiн жиырылуынан пайда болады. Бұл дауысты дыбысты айтқанда ерiнiң сγйiрленбей, керiсiнше тартылуы арқалы дыбысталғандықтан езу дыбысы деп аталады.
Осы а фонемасы қазақ сөздерiнiң барлық iшiнде (позициясында) яғни басында, ортасында , аяғында келе бередi. Мысалы : ана, дала, қала т.б. Сондай-ақ а фонемасы көп буынды сөздегi бiркелкi келген а фонемасы екiншi буында кγңгiрттеу естiледi. Мысалы: балалар, шағалар . Осы сөздердiң екiншi буынындағы а өзге буындағы а дыбысына қарағанда кγңгiрттеγ естiлiп тұр. Бұл фонема тγбiр тұлғалы сөзде де, туынды тұлғалы сөзде де кездесе бередi. Мысалы: қала, бала, қалалар. Мұнда көптiк жалғауында кездесiп тұр. Сондай-ақ а фонемасы септiк жалғауында да кездеседi. Мысалы: қалаға, далаға, қолына барыс септiгiнде , жатыс септiгiнде қалада, қалаңнан. Қазақ тiлiндегi негiзгi морфемада, яғни тγбiр сөзде а фонемасы кейде ә дыбысымен ауысып отырады. Мұндайда ол фонемалық қасиетке ие болады. Мысалы: мына сөздердi салыстырып қараңдар: ал-әл, сат-сәт т.б. а фонемасы қосымшаларда да е фонемасымен ауысып отырады. Мысалы: колхоздар, сөздер, тауа-γйге, тауда-γйде.
Ә фонемасы, бұл а фонемасының жiңiшке сыңары. Бұл а-дан жасалу жағынан ажыралады. Мысалы: а фонемасы тiлдiң кейiн жиырылуы арқылы жасалса, ә фонемасы тiлдiң iлгерi созылуы арқылы айтылады. Ә фонемасы қазақ тiлiнде сирек кездеседi. Көбiнесе сөздiң бас буынында ұшырайды. Мысалы: әскер, әсем. Ә фонемасы ш, ж, й дыбыстарымен тетелес ә дыбысына айналып айтылады. Мысалы: жай-жәй, шай-шәй.
Достарыңызбен бөлісу: |