Научный журнал


АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАОБТ ДИРИЖЕРЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет48/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   202
АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАОБТ ДИРИЖЕРЛАРЫ:
КУЗЬМИЧ ФЕДОР АНДРЕЕВИЧ (1908–1963)
Мақалада Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және 
балет театрында тұңғыш дирижер қызметін атқарған және қазақ 
ұлттық опера өнерінің бірнеше жыл тұрақты жетекшісі болған 
Федор Андреевич Кузьмичтің шығармашылығы сөз болады. Қазақстан 
дирижерлік өнерінің тарихын сөз өткенде есімі А. Жұбановтармен қатар 
айтылатын дирижерлар тізімінде тұратын Кузьмич туралы жазылған 
алғашқы мақала .
Кілтті сөздер: дирижер, оркестр, театр, қазақ операсы, қазақ 
музыкасы.
КІРІСПЕ
Үрмелі оркестр музыканты, дирижер. Қазақ ССР еңбек 
сіңірген әртісі (1936). Смоленск облысының Пригорье 
селосында дүниеге келген [1]. Федор Андреевич Алматы 
опера театрының алғашқы дирижері. Алматы қаласына 
келгенге дейін Москва әскери үрмелі оркестрінде қызмет 
еткен. Әуелі Алматы әскери горнизонының үрмелі 
аспаптар оркестрінде кернейші болған, шекара полкінде 
әскери міндетін өтеген соң 1934 жылы Қазақ опера және 
балет театрының дирижері қызметіне келген. 
Өкініштісі, қазақ ұлттық операсының тұңғыш
дирижеры туралы ақпарат мардымсыз. Алған білімі, отбасы 
жайлы, өмірінің соңғы жылдары жөнінде ешқандай дерек 
табылмады. ҚР МОА және МОА КФҚжДЖ сақталған құжаттар арасынан аз ғана 
мәлімет, бірнеше афиша мен жалғыз фотосурет кезікті [2]. Қазақ опера тарихын 
жазған еңбектердің көбінде қазақ опера театрының тұңғыш дирижеры Федор 
Кузьмич туралы айтылмаған. Сол кезеңнен хабар беретін бірнеше сөйлем композитор
Е. Брусиловскийдің күнделігі негізінде жарық көрген «Дүйім дүлдүлдер» атты 
кітапта ғана бар. Театрда дирижерлікті амалсыз қоса алып жүрген композитор 
Сурет 1


76
77
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
И. В. Коцыктың орнына дирижер болған Ф. А. Кузьмичтің шығармашылық 
портретін бейнелеу үшін 1934–1947 жылдар аралығындағы хатқа түскен еңбегін 
негізге алдық. 1936 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің декадасына 
қатысты дайындық жұмысы мен декада кезіндегі жауапты концерттерде 
дирижердің кәсіби келбеті анық көрінген. Оның шеберлігі мен біліктілігі туралы 
Е. Брусиловский «Кузьмичтің жаратылысынан қолы епті, сермеуі батыл, еркін 
және жігерлі еді. Әрі ұйымдастырушылық та қабілеті болатын... Кузьмич ертеден 
кешке дейін қол үзбестен, тіпті, театрдан шықпастан жұмыс істеді» деген [3].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1933 жылы қазақтың ғашықтық эпосы бойынша «Қыз Жібек» атты тұңғыш 
қазақ ұлттық операсын жазу жұмысы басталды. Бұл спектакльге дирижер 
ретінде Ф. А. Кузьмич бекітілді. Қазақтың тұңғыш музыкалы қойылымымен 
Кузьмичтің дирижерлік карьерасы да қатар дамыған. Опера дайындау жұмысы 
қызықты болды. Өйткені, «Қыз Жібек» және «Жалбыр» операларын жазу 
барысында композитор Е. Брусиловский халық өнерпаздарымен де, кәсіби 
музыканттармен де тығыз жұмыс істеді. Солист-әншілердің табиғи дауысы күшті 
әрі халықтық ән айту мәнерін керемет меңгерсе де, арнайы музыка сауаты төмен 
болғандықтан, опера өнерін үйрену оңайға соқпаған. Оркестрмен айту, сахналық 
ойын тәртібі, партияны жаттап есте сақтау сияқты міндеттер қажырлы еңбекті 
талап етті. «Ол метроырғақтың тар шеңберлеріне мойынсұнғысы келмейтін 
әншілермен тез тіл табысып, көп ұзамай театрдағы ерекше адамға айналды. 
Әрбір әншінің осал тұстары мен оңды қасиеттерін, қай тұста еркін шырқап, 
қай тұста сүрінетінін, оларға қай тұста жедел жәрдем керек болатынын жақсы 
білетін. Әншілердің ешқайсысы да нота білмейді, сондықтан өз партияларын 
көпке дейін нақпа-нақ есте сақтай алмай жүретін» [4]. Композитор мен дирижер 
үшін көмегін аямаған қазақ музыка театрының іргесін қалаушы әріптестері 
жазушы Ғ. Мүсірепов, суретші А. Ненашев, режиссер Ж. Шанин, әншілер 
Қ. Байсейітов, Қ. Жандарбеков, К. Байсейітова, М. Ержановтар болатын. 
Спектакльдің орасан табысқа жетіп, халықтың сүйікті қойылымына айналуына 
атсалысқан жасы жиырма мен қырықтың арасындағы талантты әртістердің 
қайрат-жігері, режиссер, композитор, суретшінің ерен еңбегімен қатар дирижер 
Федор Кузьмичтің де қосқан үлесі зор. Кейіннен бірнеше редакциялық өзгеріске 
ұшыраса да, «Қыз Жібек» операсы – бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан 
сәтті қойылым. 
Дирижер Ф. А. Кузьмич сонымен қатар Е. Брусиловскийдің «Жалбыр» 
операсын да алғаш сахналаған тұлға [5]. Осы операда актер сөйлейтін көріністер 
барынша азайтылып, вокалды-музыкалық речитативтер көбірек жазылды. 
«Жалбыр» операсының партитурасында операға тән темп, дыбыс динамикасы, 
пауза, цезура сияқты музыкалық көркемдік белгілердің бәрі анық көрінді. 
Композитор мен дирижердің тығыз шығармашылық байланысының көрінісі 
ретінде және дирижердің жанкешті еңбегі туралы Е. Брусиловскийдің «Ал 
театрда қызу дайындық жүріп жатты. Музыкалық тұрғыдан алғанда бұл жұмыс 
түгелдей дерлік театрдың негізгі, дәлірек айтқанда бірден-бір дирижері Федор 
Андреевич Кузьмичтің иығына түсті» деген сөзі көп нәрсені аңғартады [6].
Сурет 2
1936 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің декадасына 
театр ұжымы дирижер Федор Кузьмичтің жетекшілігімен «Қыз Жібек» 
пен «Жалбыр» операларын қойды. Декада дайындығының қалай өткені, 
қатысушылардың ертелі-кеш оркестрмен репетиция жүргізгені, қолайсыз әрі 
қиын жағдайға қарамастан беріле жұмыс істегені туралы Т. Жүргенов, Ж. Шанин,
А. Жұбановтар сол кездегі мақалаларында, Қ. Жандарбеков «Көргендерім 
мен көңілдегілерім», Ш. Жиенқұлова «Өнерім менің – өмірім», Қ. Байсейітов 
«Құштар көңіл» кітаптарында тәптіштеп жазған. Декада сапарының сәтті өткені 
жөнінде сол кезеңнің баспасөзі мейлінше мақтап жазды. Соның бірі – атақты 
совет жазушысы А. Толстойдың «С первых же тактов казахской народной 
музыки, с первых движений актеров, с первых звуков их голосов – странных, и 
пленительных – чувствую, как рушатся мои предрассудки. Предо мною и театр, и 
что-то большее... Здесь присутствуют красота, здесь сила и молодость, убеждение, 


78
79
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет