Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
маңызды. Өйткені, мектеп өскелең ұрпақтың бойына ғылым негіздерін
сіңірумен бірге, өз ұлтына тән этикалық, эстетикалық мәдениетін
қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мектептегі педагогикалық процестер жеке
тұлға ерекшелігіне, дамуына, қалыптасуына, білім мен іскерлікті және дағды
мен шеберлікті меңгеруге, бойына сіңіруге атсалысады. Ал, педагогикалық
процестің басты ұйымдастырушысы, әр баланың жан дүниесін танып-білуші,
әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, бір сөзбен айтқанда, аса жауапты
міндеттерді атқарушы, ел болашағының мүсіншісі – мұғалім.
Қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы, тіл жанашыры,
ғалым А. Байтұрсыновтың мұғалім туралы «Ең әуелі мектепке керегі –
білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім», – деп
баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Осыған орай, музыка
пәні мұғалімінің қызметін – ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық,
ізденушілік бағытта көруге болады.
Жас баланың жан дүниесіне музыканың құдіретті сазымен әсер
етіп, музыкалық тәрбие берудің тәсілдері арқылы парасаттылық, жоғары
талғампаздық, адамгершілік, патриоттық сияқты ұлы сезімдерге тәрбиелеудің
мүмкіндігі зор. Сонымен қатар, музыка маманы бала бойында музыкаға
эмоционалдық көзқарасты тәрбиелеуге, эстетикалық талғамын, музыкалық-
эстетикалық қажеттілікті дамытуға бағыттауға, әсемдікті музыкалық форманың
ең жетілген түрлері мен идеялық-образдық мазмұнының бірлігі арқылы
қалыптастыруға және музыка өнері арқылы сезімін арттыруға, музыкалық
материалдарды толық игеру үшін сабақ барысында эмоционалдық қалыпты
сақтауға, оқушылардың музыка өнерін терең ұғынуы үшін эстетикалық толғаныс
әлемін байыту, кеңейтуге жұмыстануға міндетті.
Жеке адам мәселесін зерттей келе, Б. Г. Ананьев адамды негізгі үш
әлеуметтік іс-әрекет аспектісінің субъектісі ретінде қарайды: еңбек, қарым-
қатынас, таным. Автордың пікірінше, адам іс- әрекеттің субъектісі ретінде, іс-
әрекеттің құралы немесе пәніне сай келетін белгілі бір индивид пен тұлғаның
қасиеттері арқылы көрінеді [1].
С. Л. Рубинштейннің зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-
әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен
сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну
қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекет жасай білуі – жеке адамның
мәнді белгілері [2].
Д. Б. Элькониннің пікірі бойынша, баланың психикалық дамуы туғаннан
қартайғанға дейін бір-бірінің орынын басатын өзіндік ерекшелігі бар кезеңдерін
бастан өткереді. Осыған байланысты әр кезеңге сай жетекші іс-әрекет
болатынын атап көрсетеді: тікелей эмоционалды қарым-қатынас (туғаннан 1-ге
дейін), заттық-манипулятивтік іс-әрекет (1–3 жас), сюжетті рөлдік ойындар
(3–7 жас), оқу (7–15 жас), оқу-кәсіптік іс-әрекет (15–17 жас) [3].
Тұлға дамуының жас ерекшеліктері кезеңдерінің жетекші іс-әрекет
түрлерін М. С. Каган былай ұсынады: қарым- қатынас (0–3), балалар көркемдік
шығармашылығы (3–7), таным (7–15), құнды бағдарлық іс-әрекет (15–18),
дамыған іс-әрекет (егделік), қарым-қатынас (қарттық) [4].
Жоғарыда айтылған жеке тұлға туралы түсініктерді талдай келе, біз
мынадай тұжырым жасадық: «жеке тұлға дегеніміз – өз ерекшеліктерімен
дараланатын, қоғам саясатына сай, саналы әрекетте қарым-қатынас жасайтын,
дүниетанымдақ көзқарасы кең, рухы бай, тәрбиелі, білімді, мәдениетті тұлға».
Теорияда мәдениет рухани және материалдық болып екіге бөлінеді.
Сонымен бірге қоғамдық мәдениет және тұлға мәдениеті түсінігіне кірігеді.
Мәдениет – адамның өмірі мен іс- әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-
ақ олардың материалдық және рухани байлықтарын жасауынан көрінетін қоғам
мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі. Қазіргі мәдениет әр халықтың
өзіндік ерекшеліктері мен мәдени дәстүрлерінен тұрады. Сонымен қатар,
кез-келген ұлттық мәдениет тек өзінің мәдени мұрасына сүйеніп қана қоймай,
басқа халықтардың да мәдени жетістіктерінің есебінен байытылып отырады.
«Мәдениет», «тұлға мәдениеті» ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне
педагогтер, психологтер, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Аталған
мәселе бойынша жүргізілген теориялық зерттеулер бұл ұғымдарға деген
психологтардың, педагогтердің көзқарастарының әр түрлі екендігін көрсетті.
Мәдениет және оны қалыптастыру мәселесіне арналған көптеген еңбектерді
зерттеу, сондай-ақ, психологиялық педагогикалық зерттеулерді талдау
нәтижесінде мынадай тұжырым жасауға болады. Мәдениет– адамзаттың
тұлғалық келбетінің жарқын бір көрсеткіші. Бұл туған, өскен ортаға, табиғат
құбылыстарына, алған білімге, тәлім-тәрбиеге, тұрмыс жағдайында және т.б.
толып жатқан себеп факторларға байланысты қалыптасады.
Мәдениет мәнін анықтаумен «іс-әрекет» ұғымы тығыз байланысты,
яғни мәдениет теориясын іс-әрекет теориясымен байланыстыру. Мәдениетке
мұндай анықтаманы көптеген авторлар берді. Мысалы, мәдениет бірнеше іс-
әрекеттердің жиынтығы және олардың нәтижесі ретінде (М. С. Каган); іс-әрекет
тәсілі ретінде (Э. С. Маркарян). Ғалымдардың еңбектерін пайымдай отырып,
оқушылардың музыкалық мәдениеті – түйсігіне бағына отырып, алған біліміне,
біліктері мен дағдыларына және де интеллектуалдық бейімділіктеріне сүйеніп,
әсемдікті көре, түсіне, жасай білуі, талғап бағалай білуімен сипатталатын жеке
тұлғаға тән қасиет деген тұжырым жасадық.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде музыка пәні мұғалімінің
музыкалық-педагогикалық іс-әрекеті туралы анықтама берілген көптеген
68
69
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Достарыңызбен бөлісу: |