Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
зерттеулер бар. Л. Г. Арчажникова музыка мұғалімінің музыкалық-
педагогикалық іс-әрекетінің төмендегідей компоненттерін бөліп көрсетеді:
– оқу-тәрбие процесіндегі конструктивті және ұйымдастырушылық;
– оқушылардың музыкалық мәдениетін, жоғары көркемдік эстетикалық
талғамын тәрбиелеу;
– ақпараттық-музыка өнері туралы негізгі білімдерді қалыптастыру;
– музыкаға интеллектуалды сезімдік қатынасын тәрбиелеу;
– коммуникативтік қарым-қатынас дағдысын дамыту.
Автор «Шығармашылық әрекет танымдық әрекетпен тығыз байланысты»
дегенді жетекке алады. Ғалымның пікірінше, музыка мұғалімінің танымдық
іс- әрекеті белсенді, саналы, шығармашыл және педагогикалық жұмысқа
зерттеушілік пен өз білімін одан әрі жетілдіруге дайындығынан тұрады [5].
С. В. Илларионов еңбегінде музыкант-мұғалім іс-әрекетінің мазмұнды
компоненті оның теориялық білім көлемі мен шығармашылығы ретінде көрініс
табады. С. В. Илларионовтың көрсетуі бойынша, музыкалық-педагогикалық
іс-әрекетке – қызығу, саналылық, жауапкершілік, танымдық белсенділік,
пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі және т.б. жатады [6].
Іс-әрекет ұғымына берілген көзқарастарға шолу біздің зерттеуімізде
мынадай екі бағытта қажет: музыкалық мәдениетті қалыптастыру процесіндегі
оқушының іс-әрекеті және мұғалімнің іс-әрекеті. Өйткені, оқушылардың
тұлғасын қалыптастыруда әртүрлі іс-әрекеттерді қолдану мұғалім іскерлігіне
байланысты жүзеге асады.
Психолог А. Н. Леонтьев өз еңбектерінде субъектіні дамыту барысында
оның жекелеген әрекет түрлері өзара иерархиялық қатынаста болатынын, бұл
әрекет түрлерінің иерархиясы олардың өзіндік дамуында пайда болатынын атап
көрсетеді [7]. Олай болса, музыкалық іс-әрекеттің көптеген түрлері адамның
тұлғасын қалыптастыруға әсер етеді. Музыканың мәні, оның эмоционалды түрде
қабылдануында және сезімді дамытудағы маңыздылығында. Оқушылардың
эмоциясын қалыптастыруда, адамның сезім туралы түсінігін кеңейтуде
музыканың бейнеленуін өмірмен байланыстыру түрлі музыкалық әрекеттердің
барысында жүзеге асырылады.
Оқушылардың музыкалық іс-әрекеті бұл балаларды музыкалық өнермен
таныстыру құралы (сол арқылы айналадағы өмірді және өзін тануы), мұнда
музыкалық дамуы және жалпы дамуы жүзеге асырылады. Музыкалық өнерді
тану оны эмоционалды қабылдау арқылы іске асады. Музыка мазмұнын
эмоционалды-образды түсіну оқушылардың қабылдауын тереңдетеді,
орындаушылық және шығармашылықта музыкалық білім беру, музыкалық іс-
әрекеттер негізге алынады. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
мақсатында орындалатын музыкалық іс-әрекеттерді былай жіктеуге болады:
– Музыканы қабылдау (тыңдауға арналған музыканы қабылдау,
музыкалық-дидактикалық ойындар, музыканы орындалуына байланысты
қабылдау).
– Орындаушылық (музыкалық-ырғақтық қозғалыс, ән айту, музыкалық
аспаптарда ойнау).
– Музыкалық білім (жалпы білім, және музыкаға қатысты арнайы білім)
Бұл әрекеттердің барлығының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы,
музыканы қабылдау – іс-әрекеттің жеке бір түрі бола алады және қалған әрекет
түрлерімен байланысты. Орындаушылық және шығармашылық – ән айтуда,
музыкалық-ырғақтық қимылдар жасауда, музыкалық аспаптарда ойнауда жүзеге
асады. Музыкалық білім іс- әрекетінде – өнердің бір түрі ретінде музыка туралы
жалпы мәлімет, музыкалық жанрлар, композиторлар, музыкалық аспаптар
және т.б. сондай-ақ, орындаушылық қабілет туралы арнайы білімдер беріледі.
Ән айту (музыкалық әрекеттің бір түрі) – адамның дене бітімінің дұрыс
қалыптасуын, өкпесінің және дауыс аппаратының нығаюын дамытады.
Музыкалық-ырғақтық қимылдарды жүйелі пайдалану дәлдікті, сұлулықты
меңгертеді. Балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы олардың есту қабілетін,
шығармашылығын дамытады. Музыка тыңдау – сезімталдыққа, жылылыққа,
айналадағы дүниені танып-білуге үйретеді. Музыкалық іс-әрекеттердің
әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен оқушылардың қабілеттерін өсіріп,
музыкалық дамуына арнайы әсерін тигізеді.
Сондықтан, музыкалық білім беруде музыкалық іс- әрекетттердің барлық
түрлерін пайдаланған тиімді. Сонымен қатар, оқушылардың музыкалық
мәдениетін қалыптастыруда музыкалық қабілеттерді дамыту үшін музыкалық
әрекеттер бірінің орнын бірі баса алады. Мысалы, музыкалық аспаптарда
ойнауда ырғақтық қозғалыстар, ән айту, музыканы қабылдау дамиды. Ал,
музыка туралы мәліметті қабылдау, орындаушылық, шығармашылық кезінде
беруге болады. Осылайша, музыкалық іс-әрекеттің барлық түрі балалардың
музыкалық мәдениетін қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.
Б. В. Асафьев музыкалық іс-әрекетті үш бірлік процесі – композитордың
музыканы шығаруы, орындаушының оны жеткізуі және тыңдаушының
қабылдауы ретінде анықтады [8].
Музыканы жазу (шығармашылық) – музыкалық іс-әрекеттің алғашқы
түрі және сол арқылы орындаушылық, қабылдау іске асады. Орындаушы-
композитор шығармасын тыңдаушыға жеткізуші. Ол шығарманың туу тарихын,
автордың ойын, ноталық жазбаны шығармашылықпен меңгеруі тиіс. Оның
міндетіне шығарманы автордың айтар ойымен, тілімен жеткізу де кіреді.
Дегенмен, әр орындаушының өзіндік ерекшелігі болады. Орындаушылық та
өзгелер үшін баға жетпес көркемдік құндылық. Тыңдаушы – шығарманы
70
71
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Достарыңызбен бөлісу: |