Серуен № 4
Итті бақылау
Мақсаты: жануарлардың көктемгі өмірі туралы түсініктерін жүйелендіру;
жануарлар тіршілігіндегі өзгерістер себебін іздей білуге үйрету, өздерінің үйіндегі жануарларына деген жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Бақылау барысы
Көркем сөз «КҮШІГІМ» А. Меңдібай
Кіп-кішкентай күшігім,
Сүйкімдісін өзінің.
Еркелейді ойнақтап,
Жылтырын-ай көзінің.
Оратылып аяққа,
Бір сәт тыным таппайды.
Кел, достарым, жасқанба,
Күшігім менің қаппайды
Тәрбиеші сұрақтары.
Бұл күшік сендерге ұнай ма?
Күшікке қандай ат лайық деп ойлайсыңдар?
Күшіктің көңіл-күйі қандай?
♦ Не себепті көңіл-күйі көтеріңкі деп ойлайсыңдар?
♦ Сендерше күшіктер көбіне немен айналысқанды жақсы көреді?
Үйде асырауға алған иттер өз иесін өте жақсы көреді. Ол онымен үнемі бірге болады, иесі үшін қандай да бір қиыншылыққа төтеп береді. Ол өз иесін ешуақытта сатпайды. Ит - адамның сенімді досы.
Бірақ, біздер де оны күту, дұрыс тамақтандыру керек екенін ұмытпауымыз керек. Яғни біз өз күшігімізді немесе мысығымызды, өзімізге тиесілі қандай да бір жануарымыз болса оған қамқор болуымыз керек екенін естен шығармағанымыз, оларды сүйе білгеніміз жөн.
Еңбек: Жер қазу жұмыстарына қатысу.
Мақсаты:
ұжыммен жұмыс істей білулерін тиянақтау;
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, бастаған істі аяқтауға деген құлшыныстарын арттыру.
Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан».
Мақсаты:
— белгі бойынша әрекет етуге баулу;
— жылдамдық, байқампаздық дағдыларын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |