23
Үміт cәулесі
бара жатқандарын уайымдайтын. Құранда оның осы
уайымы:
ًاف َسَأ ِثيِد َحْلا اَذَهِب اوُنِمْؤُي ْمَّل نِإ ْمِهِراَثآ ىَلَع َك َسْفَّن ٌع ِخاَب َكَّلَعَلَف
“Олар Құранға сенбеді деп қатты күйзеліп, өзіңді жеп
бітіре жаздайсың”(«Кәһф» сүресі, 6-аят)
– деп баян-
далады. Ешбір дүние мен байлық оның көңілін аулаған
емес, қолында дәулеті болмағаны үшін қайғыруды
жөнсіздік деп ұғатын. Тек дінді толық түсінбегендердің
жағдайына қайғыратын.
Орынды қайғы – адамның Раббысына құлшылығы
көңілден шықпады деп, сонымен қатар бір күнә жасап
қойғандығы үшін қайғыру. Сонда ғана оның ар-ожданы
ашынып, тура жолда екенін білдіреді. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) бір хадисінде:
ٍّمَغ َلَو ىًذَأ َلَو ٍنَز َح َلَو ٍّمَه َلَو ٍب َصَو َلَو ٍب َصَن ْنِم َمِل ْسُمْلا ُبي ۪صُي اَم«
»ُهاَياَط َخ ْنِم اَهِب ُ ّٰهللا َرَّفَك َّلِإ اَهُكاَشُي ُةَكْوَّشلا ىَّت َح
«Алла тағала мұсылман құлының басына келген
шаршап-шалдығу, ауру-сырқау, үрей, уайым, күйініш
пен қайғы-қасірет секілді қандай да бір ауыртпашылық
себепті, тіпті, қолына немесе аяғына кірген кішкене
тікен үшін де оның күнәларын жарылқап кешіреді»
6
деген.
Міне, бұл хадис
мұсылманның басына кел-
ген қиындықтың оның күнәсінің кешірілуіне себеп
болатындығын нақты білдіріп тұр. Әрине, басына бәле
келуін тілеп, оны құлшылық деп есептеуі дұрыс емес.
Егер осылай жасау дұрыс болған болса, шариғат оны
бұйырып соған шақыратын еді. Әрі пайғамбарымыз
(с.а.с.) өмірін солай өткізетін еді.
Егер әрдайым
6
Бұхари, Мәрда 1; Мүслим, Бирр 49.
24
Үміт cәулесі
қайғырып жүрсе, қалайша жадырап қуанар еді, қалайша
жүрегі жай табар еді, үмбеті қалай жұбаныш табар еді?!
Өз кезегінде қайғы – Алланың құлға берген бір
сынағы. Ал пенде басына келген сынаққа сабыр
сақтайды. Міне, осы
сабыр Алланың таразысының
алдында жоғары маңызға ие. Шариғат Алланың
мейіріміне, кеңдігіне әрі пайғамбар (с.а.с.) арқылы жет-
кен тура жолға, әр мұсылман жасаған жақсылықтарға
қуануға шақырады. Ал
«Алла бір құлды жақсы көрсе,
жүрегіне қайғы орнатады. Егер бір құлды жек көрсе,
жүрегіне қобыз орнатады» деген хабарға келсек, мұны
кейбір ғалымдар яһуди
және христиандардан келіп
жеткен мәліметтер десе, енді біреулер оның Тәуратта
келгенін айтады. Хадистің келіп жеткен тізбегі күмәнді
болғанымен, мағынасы сабақ алуға тұрарлық. Расында
мүмін өзінің күнәсін ойлап қайғырады. Ал парықсыз,
күнәһар адам болса, қаперіне ештеңе де кіріп шықпай,
қуаныш, ойын-күлкі, ырду-дырдумен жүре береді. Егер
ізгі адамдардың жүрегінде қайғы орнаса, аз жақсылықты
жасаймын деп жүріп, сауабы мол жақсылықты уысынан
шығарып алғандықтан және істеп қойған күнәларының
өзекті өртеуінен болмақ. Ал, күнәһар адамдардың
қайғысы дүниеден құр қалудан, шаһуаттары қалаған
істерді істей алмай немесе дүниелік мақсаттарына жете
алмағандықтан туындап жатады.
«Қайғы – қараңғы түнек сияқты әрі адамның биікке
көтерілуіне кедергі келтіретін тұсау. Сондықтан бо-
лар Абай атамыз: «Шығар есігін таба алмай, уайым-
қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де
бір антұрғандық» деп қатты қайғыға берілу құптарлық
іс еместігін айтқан. Уайым-қайғыға салынған адам өмір
сүру қабілетін тоқтатып, іштей мүжіліп не ауруға, не
25
Үміт cәулесі
кеселге ұшырап, не бір басқа пәле-жалаға ұрынып өз
өмірін жойып жіберуі бек мүмкін.
Қайғының Алла тарапынан келген сынақ екендігі
күмәнсіз. Мысалы, ауру, қайғы-мұң, қиындықтар т.б.
секілді жайсыздықтар нәтижесінде адам көңілінде бітеу
жара пайда болады. Сондықтан өзің қуанатын әрі Алла-
дан жақсы және разы болатын өмір сұрауың керек. Со-
нымен қатар жан тазалығымен, кең пейілмен разы етуін
өтінуің қажет. Өйткені, бұл – осы дүниенің нығметі.
Кейбір кісілер: «Расында, дүниеде жаннат бар, кім оған
кірмеген болса, ақыреттің жаннатына кірмейді» деп осы
мәселеге назар аударған.
Достарыңызбен бөлісу: