Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет62/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98
Үміт сәулесі

ЖАРАТЫЛЫСТЫ ТАНУ ИМАНДЫ 
АРТТЫРАДЫ
Дүние Алла тағаланың көркем есімдерінің көрінісі. 
Алла тағаланың шеберлігін, құдіретінің күштілігін, 
шексіз мейірімділігін, әділеттілігін және басқа да си-
паттарын осы дүниеге имани көзқараспен қарап көруге 
болады. Мысалы, жан-жануарлардың өз балаларына 
деген мейірімін көріп Алланың мейірімділігін, әлемдегі 
табиғаттың әдемілігі арқылы Алланың жәмал (әдемі) 
есімін көресің. Аспанның дүрсілі мен найзағайдың 
ойнауы Жаратушының құдірет сипатының көрінісі 
болмақ. Құран кәрімнің көптеген аяттарында бізге 
жаратылысымызға қарап ой жіберуімізді бұйырады. 
Мысалы: ْتَقِل ُخ َفْيَك ِلِبِلا ىلِإ َنوُرُظنَي لفَأ «Олар түйенің қалай 
жаратылғанына назар салмай ма?» (Ғашия 17-аят)
ٍء ْىَش نِم َُّللا َقَل َخ اَمَو ِضْرَلاَو ِتاَواَمَّسلا ِتوُكَلَم ىِف ْاوُرُظنَي ْمَلَوَأ


132
Үміт cәулесі
«Олар жер мен көктің патшалығы мен Алланың 
жаратқанына зер салып қарамайды ма?» (Ағраф 
сүресі 185-аят)
ٍجوُرُف نِم اَهَل اَمَو اَهاَّنَّيَزَو اَهاَنْيَنَب َفْيَك ْمُهَقْوَف ِءآَم َّسلا ىَلِإ آوُر ُظنَي ْمَلَفَأ
«Олар үстеріндегі аспанды қалайша 
(тіреусіз) жаратқанымызға, оны (жұлдыздармен) 
әшекейлегенімізге, онда ешқандай саңылау-сызат 
жоқтығына назар салып қарамайды ма?» (Қаф 
сүресі 6-аят)
ِباَبْلَلا ىِلْوُل ٍتاَيل ِراَهَّنلاَو ِلْيَّلا ِفلِت ْخاَو ِضْرَلاَو ِتاَواَمَّسلا ِقْل َخ ىِف َّنِإ
«Көк пен жердің жаратылысында, күн мен түннің 
кезекпен алмасуында ақыл иелері үшін айқын дәлел 
бар» (Әли Имран 190-аят) – делінеді.
Олай болса, адам баласы дүниеге келген заматтан ба-
стап айналасындағы жаратылыстарға қарап, тамсанып, 
таңырқап мұншама керемет жаратылыстың иесі болма-
уы мүмкін емес және ол аса құдірет иесі, шексіз шебер, 
шексіз ілім иесі деп иманы артады. Жаратылысқа осын-
дай көзқараспен қарау адамның иманын кемелдендіріп, 
Аллаға жақындатады. Сондықтан Құран: ْنِم َ َّللا ى َش ْخَي اَمَّنِإ 
ءاَمَلُعْلا ِهِداَبِع «Шындығында, құлдарының арасынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет