«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Үлгі
Жоғарғы сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға арналған тест
Қазақ тілі пәні (оқу орыс тілінде)
-
Тест құрылымы
Тест деңгейлері күрделенген 30 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырмаға бірнеше жауап нұсқалары берілген, соның ішінен дұрысын таңдау қажет.
Тест сұрақтары оқу бағдарламасының келесі бөлімдеріне сәйкес келеді:
-
Фонетика және орфография
-
Лексика
-
Сөзжаса
-
Морфология
-
Синтаксис
-
Пунктуация
-
Стилистика
-
Елтану
Тест тапсырмаларының құрылымы
Негізгі және жалпы мектепте өткен қазақ тілі пәнінен 11-сынып оқушыларының білім және білік деңгейін анықтау үшін тест тапсырмалары қолданылады. Тест 30 сұрақтан тұрады.
Тест тапсырмасы 1 блоктан, жеңілден күрделіге қарай принципі бойынша орналасқан.
Тест жұмысы төмендегідей құрылымнан тұрады:
-
«Фонетика» бөлімі 3 тапсырмадан тұрады
Фонетикалық және орфографиялық дағдыларын тексереді. Бір тапсырма түсінуге, бір тапсырма қолдануға, бір тапсырма интеграцияға арналған.
-
«Лексика» бөлімі 3 тапсырмадан тұрады.
Лексика саласынан мақал мен мәтелдердің ерекшеліктеріне, фразеологизмдердің мағынасына байланысты білімдерін тексереді. Бір тапсырма түсінуге, бір тапсырма қолдануға, бір тапсырма интеграцияға арналған.
-
«Сөзжасам» бөлімі 2 тапсырмадан тұрады.
Сөздердің жасалу жолдарына байланысты білімдерін тексереді. Бір тапсырма түсінуге, бір тапсырма қолдануға арналған.
-
«Морфология» бөлімі 8 тапсырмадан тұрады.
Сөз таптарының морфологиялық сипатына байланысты білімдерін тексереді. Үш тапсырма түсінуге, төрт тапсырма қолдануға, екі тапсырма интеграцияға арналған.
-
«Синтаксис» бөлімі 6 тапсырмадан тұрады.
Сөйлем мүшелері, сөз тіркесі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша
білімдерін тексереді. Екі тапсырма түсінуге, екі тапсырма қолдануға, екі тапсырма интеграцияға арналған.
-
«Пунктуация» бөлімі 2 тапсырмадан тұрады.
Тыныс белгілерін қолдана білу дағдыларын тексереді. Бір тапсырма қолдануға, бір тапсырма интеграцияға арналған.
-
«Стилистика» бөлімі 2 тапсырмадан тұрады.
Стиль түрлерінің меңгерілуін тексереді. Бір тапсырма түсінуге, бір тапсырма интеграцияға арналған.
-
«Елтану» бөлімі 4 тапсырмадан тұрады. Ел тарихы мен мәдениетін, халықтың салт-дәстүрін және өлкетану туралы білім дәрежелерін тексереді. Бір тапсырма түсінуге, екі тапсырма қолдануға, бір тапсырма интеграцияға арналған.
Бағалау критерийлерінің /өлшемінің/ жүйесі
Әрбір дұрыс жауапқа 1балл қойылады.
Дұрыс емес жауапқа 0 балл қойылады.
89-100 % - «5» (30-26 балл)
72-88 % - «4» (25-22 балл)
55-71 % - «3» (21-17 балл)
54 % және төмен – «2» (16 балл және одан төмен)
Жұмысты орындау уақыты
Жұмысты орындау уақыты 45 минут.
Тест
1-нұсқа
1. Езулік дауысты дыбысты белгілеңіз.
A) Ұ
B) Ө
C) О
D) Ү
E) Ә
2.Ұяң дауыссыздан басталатын қосымшалар қатарын көрсетіңіз.
A) Аналар, әпкелер, қарттар.
B) Жігіттер, допты, әкелді.
C) Қыздар, далада, гүлге
D) Кітапты, дәптерлер, сызғышқа.
E) Тамырға, жапырақтар, сабақты.
3.Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.
A) Домбыра
B) Бауырсақ
C) Сәукеле
D) Ұршық
E) Баспалдақ
4. Диалект сөзінің анықтамасын белгілеңіз.
A) Қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз.
B) Ғылым мен техниканың дамуына байланысты қолданысқа енген жаңа сөз.
C) Белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөздер.
D) Белгілі бір аймақта тек ауызекі тілде ғана қолданылатын сөз.
E) Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап атанған сөз.
5. «Мұзға отырғызу» фразеологизмінің мағынасын анықтаңыз.
A) Сыйлау
B) Алдау
C) Аялау
D) Құрметтеу
E) Дәріптеу
6. Мәтелді көрсетіңіз.
A) Ат – ер қанаты.
B) Бірлік болмай, тірлік болмас.
C) Көппен көрген ұлы той.
D) Жердің сәні – егін.
E) Ырыс алды – ынтымақ.
7. Құрамында үш түрлі жалғауы бар сөзді көрсетіңіз.
A) әжелерге
B) әжелеріңізді
C) әжелеріміз
D) әжелерді
E) әжелер
8. Құрамында антонимы бар қос сөзді сөйлемді табыңыз.
A) Ол бізге бұлаққа баратын қып-қысқа жолды көрсетті.
B) Ауыл-қалаларда жаңа мектептер салынуда.
C) Біз таудан қызыл-сары гүлдер терді.
D) Әсия ертелі-кеш үй шаруасына көмектесіп жүреді.
E) Тойларда жылы-жылы лебіздер көп айтылады.
9. Табыс септігінде тұрған зат есімді көрсетіңіз.
A) Кітабының
B) Кітабына
C) Кітабында
D) Кітабымен
E) Кітабын
10. Қатыстық сын есімді анықтаңыз.
A) Сарғыш
B) Тұзды
C) Әдемілеу
D) Өте қызғылт
E) Ақшыл
11. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз.
A) Алтыдан
B) Жиырма бесінші
C) Алпыс
D) Екі-үш
E) Жетеу
12. Жалпылау есімдігіне байланысты сөйлемді табыңыз.
A) Олар жиыннан ерте қайтты.
B) Өзің қорықпасаң, жау қорқады.
C) Күллі дүниені алақанға сыйғызғандай.
D) Отанды қорғау – әрбір азаматтың парызы.
E) Бұлар енді келместей болды.
13. Күрделі етістікті сөйлемді табыңыз.
A) Айдын алақайлап жүгірді.
B) Апай менің жауабыма қанағаттанды.
C) Әйгерім ағасына хат жазып отыр.
D) Жастармен бұл сұрақ келісілді.
E) Суда жүзген құстар қайта-қайта таранды.
14. «Қашаннан бері» сұрағы қай үстеуге тән екендігін көрсетіңіз.
A) себеп-салдар
B) қимыл-сын
C) мөлшер
D) мезгіл
E) мақсат
15. Көңіл-күй одағайы қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бәрекелді, өлеңді жақсы айтасың!
B) Жә, күңкілдемей отыр!
C) Кешіріңіз, сізге не керек еді!
D) «Кеш жарық!» - деді ол кіре бере.
E) Әй, саған айтып отырмын!
16. Атау септігінен кейін қолданатын септеулікті көрсетіңіз.
A) кейін
B) тәрізді
C) тарта
D) соң
E) бірге
17. Сөйлемдегі сөздер неше түрлі тәсілмен байланысатынын белгілеңіз.
A) 6
B) 2
C) 3
D) 5
E) 4
18. Жанама толықтауышы бар жай сөйлемді анықтаңыз.
A) Ырыс алды – ынтымақ.
B) Досым кітапханадан журнал алды.
C) Қайыржанға кітап сатып алдық.
D) Сабақ басталуға аз қалды, оқушылар әлі келген жоқ.
E) Күн суық болса да, үшеуі сыртқа шығып кетті.
19. Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
A) Айқындауыш
B) Пысықтауыш
C) Анықтауыш
D) Толықтауыш
E) Бастауыш
20. Бірыңғай бастауышы бар толымды сөйлемді көрсетіңіз.
A) Менің арзан, келемеж, бос сөзді айтқым келмеді.
B) Көктем. Қар еріді.
C) Уақытты, ісіңді жоспарлай білу керек.
D) Біз нарықтық экономикаға, жаңа белестерге бет бұрдық.
E) Мұнда қоңыр аю, елік, ақ қоян, борсық қорғауға алынған.
21. Талғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын көрсетіңіз.
A) және, да, әрі
B) я, немесе, әлде
C) бірақ, дегенмен, алайда
D) өйткені, себебі, сондықтан
E) бірде, біресе, кейде
22. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Күз болғанда, құстар жылы жаққа кетеді.
B) Институтқа ерте жету үшін, біз тез жүрдік.
C) Сен оған айтқан соң, мен үндемедім.
D) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.
E) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салынады.
23.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
A) Рас-ау, Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?
B) Рас-ау, Абай аға - тағы бір байқағанымды айтайын ба?
C) Рас-ау - Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?
D) Рас-ау Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?
E) Рас-ау Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?
24.Тырнақша қай жерге қойылмайды .
A) Жетісу газеті
B) Абай жолы романы
C) Қаратал өзені
D) Заман-ай күйі
E) ИЛ-86 ұшағы
25. Сөйлем қандай стильде жазылғанын ажыратыңыз. Жаңа жібек жүзіндей үнемі тынымсыз құбылған ақ теңіздің жүзі жатыр.
A) ауызекі сөйлеу стилі
B) публицистикалық стиль
C) ғылыми стиль
D) көркем әдебиет стилі
E) ресми іс қағаздары стилі
26. Қарапайым сөздер және сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылатын, көбіне диалог түрінде келетін стиль түрін көрсетіңіз.
A) ауызекі сөйлеу стилі
B) публицистикалық стиль
C) ғылыми стиль
D) көркем әдебиет стилі
E) ресми іс қағаздары стилі
27. «Тіл туралы» заң қай жылы қабылданғанын табыңыз.
A) 2001 жылы тамыз айында
B) 1997 жылы шілде айында
C) 1998 жылы қаңтар айында
D) 1996 жылы наурыз айында
E) 2000 жылы қыркүйек айында
28. Орхон-Енисей жазуын зерттеген ғалымды анықтаңыз.
A) Ш.Уәлиханов
B) В.В.Радлов
C) В.В.Бартольд
D) Н.Т.Сауранбаев
E) А.Байтұрсынов
29. Бала жүре бастағанда қандай рәсім жасалатынын көрсетіңіз.
A) Бесікке салу
B) Тілашар
C) Ұзату
D) Арқан тарту
E) Тұсау кесу
30. «Қазақстанның Швейцариясы» атанған жерді белгілеңіз.
A) Көкшетау, «Бурабай»
B) Алатау, «Тарбағатай»
C) Алматы, «Алма-Арасан»
D) Қостанай, «Наурызым»
E) Жетісу, «Зайсан»
|
1-нұсқаның жауап кілттері
Тапсырма №
|
Жауабы
|
Тапсырма №
|
Жауабы
|
1
|
Е
|
16
|
В
|
2
|
С
|
17
|
Е
|
3
|
Е
|
18
|
С
|
4
|
Д
|
19
|
А
|
5
|
В
|
20
|
Е
|
6
|
С
|
21
|
В
|
7
|
В
|
22
|
С
|
8
|
Д
|
23
|
А
|
9
|
Е
|
24
|
С
|
10
|
В
|
25
|
Д
|
11
|
Д
|
26
|
А
|
12
|
С
|
27
|
В
|
13
|
С
|
28
|
В
|
14
|
Д
|
29
|
Е
|
15
|
А
|
30
|
А
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |