«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Жоғарғы сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға арналған тест



Дата24.02.2016
өлшемі106.3 Kb.
#18115
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Үлгі

Жоғарғы сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға арналған тест
Қазақстан тарихы, 11 сынып



  1. Тест құрылымы

Тест 30 тест тапсырмалары қолданылады. Тапсырмалар оңайдан қиынға қарай етіп орналасқан. Әр сұраққа бірнеше жауап нұсқалары берілген. Тапсырмаларды орындаған кезде берілген жауап нұсқаларынан дұрыс жауапты таңдау қажет.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Ежелгі Қазақстан тарихы XVIII ғасырдың басы мен 1914 ж. дейінгі аралықтағы Қазақстан тарихы, 1914 жылдан бастап қазіргі дәуірге дейінгі аралықтағы Қазақстан тарихы.


.

  1. Тест құрылымы:

  • Бөлім «Ежелгі Қазақстан тарихы» 4 тапсырмадан тұрады, тексерілетін элементтері:

  • тас дәуірінің хронологиясын білу;

  • қола дәуірі кезеңдерінің тарихи терминдерін анықтау;

  • темір дәуірінің Қазақстан территориясындағы археологиялық ескерткіштерінің орналасуын анықтау;

  • темір дәуірінің тарихи деректерінің мазмұнын талдай білу

  • Бөлім «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» 6 тапсырмадан тұрады, тексерілетін элементтер:

  • ерте орта ғасырлардағы археологиялық ескерткіштерін білу;

  • ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің қоғамдық құрылымын білу;

  • Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердіің орналасуын білу;

  • орта ғасырлардағы мәдениеттің даму ерекшеліктерін білу;

  • орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларды сәйкестендіріп, салыстыра алу;

  • ерте ортағасырлық мемлекеттердің дамуына Ұлы Жібек жолының маңызын ашу

  • Бөлім «XVIII ғасырдың басы мен 1914 ж. дейінгі аралықтағы Қазақстан тарихы» 10 тапсырмадан тұрады, тексерілетін элементтер:

  • XVIII-XIX ғ.ғ.ұлт-азаттық қозғалыстардың басшыларын білу

  • Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстардың хронологиясын білу;

  • XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның ғылым, білім және мәдениет өкілдерін білу;

  • XIX ғ патшалық Ресей жүргізген реформаларының нәтижелерін білу;

  • ұлт-азаттық көтерілістердің тарихи маңызын ашу;

  • XVIII-XIX ғғ Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарған жеке тұлғаның тарихтағы орнын анықтау;

  • XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы өнеркәсіптің даму ерекшеліктерін білуі

  • XVIII-XIX ғасырлардағы тарихқа жататын тарихи деректердің мазмұнын талдай білу;

  • XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басындағы тарихи оқиғалардың уақытын салыстырмалы түрде анықтай алу;

  • Қазақстанның Ресей империясына қосылу үрдісіне тарихи баға беру

  • Бөлім «1914 жылдан бастап қазіргі дәуірге дейінгі аралықтағы Қазақстан тарихы» 10 тапсырмадан тұрады, тексерілетін элементтер:

  • XXғ.(40-70ж.ж.) тарихи шығармаларының авторларын білуі

  • Ақпан революциясынан кейінгі саяси-партиялық күштердің арақатынасын білуі

  • 20-30-шы жылдардағы Кеңес әдебиеті мен өнердің даму жетістіктерін білу;

  • Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси даму ерекшеліктерін анықтау (ҚР Констиуциясын қабылдау, Жоғарғы Кеңестің қызметі т.б.)

  • 20-30-шы жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін анықтау;

  • Тәуелсіз Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнығуы және даму ерекшеліктерін анықтау

  • Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандықтардың рөлін анықтау;

  • Қазақстанның XX ғасырдың аяғындағы халықаралық жағдайын талдай білу;

  • XX ғасырдың соңындағы тарихи оқиғалардың себеп- салдары байланыстарын анықтау;

  • Н.С.Хрущев реформаларына тарихи баға бере алуы (50-60 ж.ж.)


6. Бағалаудың критериалдық жүйесі

Бағалау дихотомиялық шкаласында өткізіледі.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай қойылады, ал қате жауапқа 0 ұпай қойылады.
7. Тапсырманы орындау уақыты.
Тапсырманы орындау уақыты 45 минут
Ұпайларды бағаға айналдыру шкаласы:

«5»-89-100% 26-30 ұпай

«4»-72-88% 22-25 ұпай

«3»-55-71% 17-21 ұпай

«2»- 54 % 16 ұпай және одан төмен

Тест
1. Палеолит дәуірі қамтитін уақыт:

A) б.з. б. 2 млн 500 мың - 12 мың жыл.

B) б.з. б. 2 млн 500 мың - 800 мың жыл.

C) б.з.б. 2 млн 500 мың - 40 мың жыл

D) б.з.б. 2 млн 500 мың - 140 мың жыл

2.Ежелгі андроновшылардың жер жырту құралы:

А) қайла


В) тесе

С) дәнүккіш

D) соқа

3. Қарлұқ қағанаты дәуірінен бері сақталынған VII- VIII ғасырларға жататын Жамбыл облысында орналасқан ескерткіш:

А) Білеулі

В) Ақыртас

С) Мырзарабат

D) Бабаджа-қатын кесенесі

4.Қимақ қағанатында жеке тайпа көсемдері:

А) атабек деп аталды

В) яланкуг деп аталды

С) шад-түтік деп аталды

D) ябғу шад деп аталды

5. Оңтүстік Қазақстан мен Сыр бойының қазақтарын азаттық көтерілісте басқарған халық арасынан шыққан белгілі батыр:

А) Жаңқожа Нұрмұхамедұлы

В) Жоламан Тіленшіұлы

С) Исатай Тайманұлы

D) Кенесары Қасымұлы

6. Сырым Датұлы басқарған көтерілістің жылдары:

A) 1836-1838 ж.ж.

B) 1784-1798 ж.ж.

C) 1783-1797 ж.ж.

D) 1785-1798 ж.ж.

7. Батыр, әрі ақын, Баймағамбет сұлтанға үндеу жолдаған көтеріліс басшысы:

А) Дулат Бабатайұлы

В) Махамбет Өтемісұлы

С) Сүйінбай Аронұлы

D) Шернияз Жарылғасұлы

8. «Қан мен тер» трилогиясының авторы:

А) Ә.Нұршаихов

В) І.Есенберлин

С) С.Асфендияров

D) Ә.Нұрпейісов

9. Түркістандағы съезде «Жер-бүкіл халықтың меншігі» деген ұранмен табысқа жеткен партия:

А) кадеттер

В) эсерлер

С) большевиктер

D) трудовиктер

10. 20-30-шы жылдарда Қазақстанның кино өнерінің дамуы:

А) 1938 ж. қазақтың бірінші дыбысты фильмі- «Амангелді» кинокартинасын жасап шығарған, «Ленфильм» киностудиясынан бастау алды

В) «Қыз Жібек» фильмін шығарған «Мосфильм» киностудиясынан бастау алды

С) бірнеше деректі және көркем фильмдерді шығарған «Шығыскино» тресінің Алматы бөлімшесінен бастау алды

D) Ш.Айманов атындағы Алматы киностудиясынан бастау алды

11. Сақ дәуіріне жататын Берел қорымы:

А) Батыс Қазақстанда орналасқан

В) Шығыс Қазақстанда орналасқан

С) Жетысуда орналасқан

D) Оңтүстік Қазақстанда орналасқан

12.Қарахан мемлекетінің орналасқан орны:

А) Алтай таулары және Орхон өзенінің шығыс бөлігінде

В) Орталық Қазақстанда

С) Маураннахрдың шығыс бөлігі мен Жетысуда

D) Жетысу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде

13. Қазақстан жерінде ислам дінінің таралуына байланысты:

А) сауда-саттық қарым-қатынастар дами бастады

В) ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастады

С) Тәңірге сену және бақсылық наным-сенімдер жойылды

D) діни рәсімдерді орындау көшпелілердің күнделікті өмір салтына айналды

14.1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғының» қабылдану нәтижесінде:

А) Қазақ жерін орталықтан басқару жүйесі енгізілді

В) қазақ рулары арасындағы қарым-қатынастар реттелді

С) хандар мен басқа ақсүйек феодалдар тарапынан жүргізілген халықты қанау жойылды

D) Орта жүзді басқару құрылымы сақталынды

15.Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілістің маңызы:

А) Орталық Қазақстан жерін отаршылдық тәуелділіктен босатты

В) Ресей патшалығы Қазақстанның оңтүстік бөлігін отарлаудан бас тартты

С) Ресей патшалығының әкімшілігі Қазақстанды отарлау саясатын түбірімен қайтадан қарастырды

D) көтеріліс қазақ қоғамындағы ішкі қайшылықтарды айқын көрсетті

16. А.Левшиннің атақты тарихи тұлға туралы үзіндісін оқып атын анықтаңдар: «....өз заманындағы қырғыз билеушілерімен салыстырғанда жасымен, айлакерлігімен, тәжірибелілігімен, ақылдығымен, өз қарамағындағы халықтың көптігімен басым болды. Ресей императрицасымен және Қытай Боғды ханымен қарым-қатынасында тәуелсіздігін көрсетті...»

А) Әбілқайыр

В) Тәуке

С) Абылай

D) Жәңгір

17. XX ғасырдың басында тау-кен кәсіпорындарының көпшілігі:

А) шетел капиталистердің қолында шоғырланды

В) мемлекеттің меншігіне айналды

С) жергілікті кәсіпкерлермен басқарылды

D) ресейлік капиталистердің қолында шоғырланды

18. Н.Н.Аристов және М.Красовский еңбектерінде қозғалған негізгі мәселе:

А) қазақтардың әдеттегі құқықтық нормалары

В) қазақ халқының шығу тегі

С) Кіші жүздің тарихы

D) қазақтарда қалыптасқан жер қатынастары

19. 1993 ж. соңында елімізде жаппай Кеңестердің өзін-өзі таратуының негізгі себептерінің бірі:

А) ескі Кеңестер елде болып жатқан саяси және экономикалық үрдістерге әсер ете алмады

В) КСРО-ң ыдырауына байланысты Кеңестердің қызметіне қажеттілік болмады

С) Коммунистік партияда адам санының азаюы

D) Қазақ КСР-ң Қазақстан Республикасы деп атауының өзгеруіне байланысты

20.20-30-шы жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшелігі:

А) жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдығы

В) Коммунистік партияның басшылығы барысында қоғамда демократиялық тенденцияларының өсуі

С) Коммунистік партияның басшылығы барысында қоғамда партияның өктемдік, авторитарлық билігінің күшеюі

D) Автономиялық республикалардың сепаратистік тенденцияларының күшеюі

21.Приватизация үрдісі барысында елімізде азаматтар мен кәсіпорындар арасында делдалдық қызмет атқарған:

А) жеке меншік банктер

В) түрлі делдалдық компаниялар

С) үкіметтік комиссиялар

D) инвестициялық қорлар

22. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақстандықтардың жеңіске қосқан маңызды үлесі:

А) тыл жұмыстарына қатысуы

В) Қарсыласу қозғалысына қатысуы

С) маңызды әскери-экономикалық және адам ресурстары

D) маңызды идеологиялық және мәдени ресурстары

23. Ежелгі жазба деректерде сақ қоғамындағы әйелдің рөлі туралы:

А) сақ қоғамында әйелдердің рөлі жоғары әрі сыйлы болғанын жазады

В) әйел-отбасының және үйдің қамқоршысы ретінде бейнеленген

С) әйел адамы тәуелді және құқықсыз жағдайда бейнеленген

D) әйелдер түрлі дауларды шешуге құқысы бар азамат болғаны туралы жазады

24. Қазақ хандығының пайда болуы:

А) қазақ тайпаларының жауға қарсы бірігуінің нәтижесінде іске асырылды

В) қазақ тайпаларының бірлесіп жайылым жерлерін пайдалану нәтижесінде іске асырылды

С) қазақ тайпаларының біртұтас этникалық мемлекет болып бірігуінің нәтижесінде іске асырылды

D) қазақ халқының жоңғарларға қарсы бірігуінің нәтижесінде іске асырылды

25. Ұлы Жібек жолының дамуы:

A) көшпелілердің өмір сүру салтын өзгертті

B) қазақ тайпаларының этникалық бірігуіне әсерін тигізді

C) орта ғасырларда Азия және Африка елдері арасында мәдени және дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына әкелді

D) орта ғасырларда Шығыс пен Батыс елдері арасында мәдени және дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына септігін тигізді

26. Уақыты жағынан кейінрек болған тарихи оқиға:

А) Ақмола округінің құрылуы

В) ұйғырлар мен дүнгендердің Жетысуға қоныс аударуы

С) Бөкей Ордасында хандық билігінің жойылуы

D) Бөкей Ордасындағы көтеріліс

27. Қазақстанның отаршылдық бағытта дамуы:

А) өлке экономикасының шикізаттық бағытта дамуын қалыптастырды

В) өзіне тән ауылшаруашылық және өнеркәсіптік дамуына негіз қаланды

С) Қазақ жерлерінің кейбір аймақтарының саяси оқшаулануына негіз қаланды

D) Қазақ мемлекеттілігінің негізі қаланды

28. XX ғасырдың соңындағы Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдық бағыттары:

A) дамыған мемлекеттермен космос саласында ғылыми қарым-қатынас орнату

B) қуатты экономикалық потенциалы бар көрші мемлекеттермен экономикалық және саяси қарым-қатынасты дамыту

C) Латын Америка және араб елдерімен саяси қарым-қатынасты дамыту

D) араб елдерімен саяси және экономикалық қарым-қатынасты нығайту

29. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы:

А) Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі ретінде және адамның жеке құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекітті

В) Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі ретінде және адамның саяси құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекітті

С) Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі ретінде және әр адамның экономикалық құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекітті

D) Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі ретінде және адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекітті

30.Аумақтық басқармалар-халық шаруашылығы кеңестерінің құрылуы:

А) экономикалық реформалардың тиімсіздігін көрсетті

В) халық шаруашылығын тиімді басқарылуына әсер етті

С) елді интенсивті даму жолына бағыттады



D) әкімшілік-басқару аппараттының қысқартылуына әкеп соқты


Ключи к тестам


№ вопроса

ответы

1

А

2

В

3

В

4

С

5

А

6

С

7

В

8

D

9

В

10

С

11

В

12

D

13

В

14

А

15

D

16

С

17

А

18

В

19

А

20

С

21

D

22

С

23

А

24

С

25

D

26

В

27

А

28

В

29

D

30

А


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет