Не педагогика факультеті



Pdf көрінісі
бет1/89
Дата25.02.2024
өлшемі2.07 Mb.
#493148
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Логопедиялық технология лекция



Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
 
 
«Логопедиялық технология» пәнінен 
6В01901- Арнайы педагогика 
мамандығы студенттері үшін 
лекция сабақтарға арналған 
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ 
Оқу түрі: күндізгі 
Шымкент 2024ж 
Құрастырушы: аға оқытушы У.Ж.Кудайбергенова 


Әдістемелік нұсқауда жалпы лекция сабақтарды ұйымдастырудың мақсаттары мен 
міндеттері және жүргізілуіне қойылатын талаптар көрсетілген. Сондай-ақ, және «Логопедиялық 
технология» пәнінен жүргізілетін лекция сабақ тақырыптары және оларды өткізуге арналған 
нұсқаулар беріледі.
Әдістемелік нұсқау Педагогика кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.
№__ хаттама, «___» ______ 2024ж. 
Кафедра меңгерушісі ________ А.О.Оразова 
Тақырыбы:Кіріспе 
1. Логопедиялық технологияның пәні, мақсаты. 
2. Логопедиялық технологияның принциптері мен әдістері. 


Логопедиялық технологияның пәні, мақсаты. 
Логопедиялық ритмика оқу дисциплинасы мен әдістемелер жиынтығына әсер ететін белсенді 
терапияның бір түрі болып табылады. 
Логопедиялық технологияның алғашқы түсініктемесі әуенді, сөзді, қозғалысты түсіну кезінде 
қалыптасқан. 
Ал екінші бір түсінігі оның өз бойына дамуында аномалиялық кемшілігі бар және тілдің 
кемістігі бар адамдарды емдеу, оқыту және тәрбиелеу әдістерінің кез келген түрін меңгеруімен 
байланысты. 
Логопедиялық технологияның объектісі болып тіл кемістігінің құрылысы, тілдің емес 
психикалық функциялар және тілдің патологиясы бар адамдардың тілдің бұзылуы болып табылады. 
Пәні болып – музыканың және сөзбен байланысқан қозғалыс жүйесімен сенсорлық 
психомоторлық функциялардың көптеген бұзылулары табылады. 
Мақсаты – тілдің және тілдік емес функциялардағы тілдік кемістіктерді дамыту және 
координация арқылы жою, сонымен қатар адамдағы ішкі және сыртқы орта жағдайларына бейімдеу. 
Логопедиялық технологияның міндеттері сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу және 
коррекциялық болып бөлінеді. 
Тілдің кемістігі бар адамдарда сауықтыру міндеттерін шешу кезінде сүйек бұлшық еттері 
қатаяды, тыныс алу, моторлық сенсорлық функциялар дамиды, тепе – тендік сақтауға, дұрыс мүсінді 
болуға тәрбиеленеді. 
Білім беру міндеттерін іске асыруда қозғалыс дағдысын қалыптасуына көңіл бөлінеді. 
Тәрбиелік міндеттерін шешу төмендегілерді қамтиды: 
1. Ритмдік сезімнің дамуы. 
2. Әуенді тыңдау арқылы ритмді мәнерлі түрде қозғала алу қабілеттері дамиды. 
3. Жеке тұлғаның жағымды жақтарын тәрбиелеу. 
4. Сабақтардың коррекциялық жағы тілдің кемістіктің құрылымын және механизмін есепке 
алу және жинақталған кезеңді логопедиялық жұмыспен тығыз байланысты болады. Логопед 
пациенттің жас және жеке ерекшеліктерімен қатар оның қозғалыс функциясының жағдайларын
гнозисін, праксисін кеңістікте бағдарлай алу қабілетін есепке алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет