сөзтіркестерінің тұрақты үлгілерінің қалыптасуына әсер етеді. Дизартриясы бар баламен қатынас тек
ана тілінде болу қажет.
Дизартрияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің дамуы бұзылады. Мұндай жағдайда,
егер бала сөйлей алмағанда да ата-аналар ыммен, жестпен сөйлеспей, баланың, өздерінің іс-әрекетін
сөзбен айтып отыру керек. Сөйлеу функциясын дамыту барысында балаларды қысқа, ырғақты өлең,
тақпақтарды естіп, қайталауға үйрету керек. Қайталауда дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуына көңіл
бөлу қажет. Мұндай жаттығулардың мақсаты- дауыс реакцияларын, тыныс алу,
аяқ-қолдың
қимылымен бірге сәйкестендіру болып табылады.
Баланың сөйлеу тілін, психикасын дамытуда ойын іс-әрекеті кеңінен қолданылады.
Ойыншықтарды, басқа құралдарды іріктеу, ойын процесін басқару, нұсқау беру баланың жас
ерекшелігіне, жұмыс мақсатына сәйкес ойластырылады.
Екінші кезектегі шаралар.
Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жетілмеуі, фонематикалық
процестерінің толық
қалыптаспауы сөздің дыбыстық құрамын талдау мен жинақтау дағдыларын өзбетімен менгеру
алғышарттарының қалыптасуын кешеуілдетеді.
Дизартриясы бар балаларда мектепке дейінгі жаста тіл кемістіктерін толық түзеткен
жағдайдың өзінде жазудың (дисграфия) және оқудың (дислексия) бұзылуы кездеседі. Арнайы
әдебиеттерде осыған байланысты қарапайым оқу, жазу дағдыларын 5 жастан бастап қалыптастыру
қажет деген көзқарастар кездеседі. Балабақшаның ересектер мен дайындық топтарының бірінші
жылында сөздің дыбыстық құрамын талдау дағдыларын менгереді.
Екінші жылы әріптермен
танысады. Оқыту барысында буын кестелері, ойындар (лото, домино, т.б.) қолданады. Дислексия мен
дисграфияны түзету логопедиялық жұмысы жүйелі, кешенді жүргізілуі керек.
Үшінші кезектегі шаралар.
Бұл денгейдегі сақтандыру шаралары жасөспірімдердің ары қарай оқуына, кәсіби
бағдарлауына байланысты. Дизартриясы бар жалпы білім беру мектепті бітірген балаларға қатал
шектеу қойылмайды. Дегенмен, мамандық талдау жұмысқа орналасу мәселелерін шешуде кәсіби
кеңес алудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: