НЕФРОТИКАЛЫҚ СИНДРОМ Орындаған: Аралбай Р. Топ 435 ЖМ Қабылдаған: Капарова Р.К жоспар - Нефротикалық синдром
- Этиологиясы
- Патогенезі
- Клиникасы
- Диагностикасы
- емі
АНЫҚТАМАСЫ - Нефротикалық синдром — құрамына көп мөлшерлі (тәулігіне 3,5 г. артық) протеинурия, гипоальбуминемия, гиперлипидемия, липидрурия және жалпы ісіну кіретін бүйрек ауруларының кейбір түрлерінде пайда болатын клиникалық-лабораториялық симптомдар комплексі
ЭТИЛОГИЯСЫ - Нефротикалық синдромға бүйректің шумактық фильтрінін бұзылысымен жүретін барлық аурулары әкелуі мүмкін.
- Нефротикалық синдромның жіктелуі
Біріншілікті НС Екіншілікті НС Біріншілік нефротикалық синдромның себептері: • липоидтық нефрит (өзгерістері «минимальді» нефрит); • мембранозды гломерулонефрит және біріншілік нефриттің өзге түрлері — мезангиопролиферативті, мембраноздыпролиферативті, ошақты гломерулосклероз. Екіншілік нефротикалық синдромның себептері: - • инфекциялық аурулардан дамыған гломерулонефриттер: стрепто-коктық инфекцияда, инфекциялық эндокардитте, екіншілік мерезде, алапесте, В гепатитте, шистосоматозда, безгекте, т.б.; • дәнекер тінінің жүйелі ауруларында және жүйелі васкулиттерде дамыған гломерулонефриттер (жүйелі қызыл жегіде, ревматоидттық артритте, геморрагиялық васкулитте); • бүйректің зат алмасу бұзылысынан зақымдануы (бүйрек амилоидозы, диабеттік гломерулосклероз, біріншілік гиперпаратиреоз); • дәрмектік нефротикалық синдром —келесі дәрмектерді үзақ қолданғанда, кейде бір рет қолданның өзінде байқалған: алтын, висмут дәрмектері, В-пенициламин, рентгенконтрасттық заттар, каптоприл, аминогликозидтер, цефалоспориндер, эпилепсияға қарсы дәрмектер, сульфаниламидтер, туберкулезге қарсы дәрмектер, т.б.
- • уытты нефропатиялар (ауыр металлдардың қосындыларының, жыланның немесе жәндіктердің уларының әсерінен дамитын); • ісіктік нефропатиялар (лимфомада, лимфолейкозда, карциномада, лимфогранулематозда, меланомада дамуы мүмкін); • аллергиялық нефропатиялар (поллинозда, тағамдық идеосинкрозияда, жәндіктердің шағуынан болатын); • жүктіліктік нефропатия; • бүйрек артериясының немесе венасының тромбозы; • бүйректің трансплантациясы.
Достарыңызбен бөлісу: |