Сульфат-иондардың мөлшерін гравиметриялық әдіспен анықтау.
Құрамында сульфат-иондары бар ерітіндіге 2- 3 мл 2 н тұз қышқылының ерітіндісін қосады, ерітіндіні қыздырады (егер тәжірибе сілтілі ортада жүргізілген болса, міндетті түрде алдын-ала ортаның рН-ын қышқылдық ортаға өзгертіп алу шарт!) Барий хлоридінің ерітіндісін бөлек дайындайды, қыздырады және шыны таяқшамен араластыра отырып, оны құрамында сульфат-иондары бар ерітіндіге қосады. Түзілген тұнбаны (барий сульфаты) тұндырғаннан кейін, оның бетіндегі ерітіндіге барий хлоридінің ерітіндісін тамшылап қосып, сульфат-ионларының толық тұндырылғанына көз жеткізеді. Түзілген барий сульфаты өте майда кристалды зат, сол себептен сүзген кезде ол өте тығыз фильтрлерден де өтіп кетуі мүмкін, сондықтан алынған тұнбаны біраз уақытқа стакан ішінде қалтыру керек, сол кезде тұнбадағы бөлшектер іріленеді. Тұнбаны декантация әдісімен жуып-шаяды. Содан кейін күлсізденген фильтр (көк ленталы) арқылы сүзіп, тигельге салып, муфельде күйдіреді. Тұнбаның массасын анықтап, сульфат-иондарының мөлшерін есептейді.
Алынған нәтижелер бойынша күкірт диоксидінің тотығу дәрежесін немесе тотығуының ток бойынша шығымын анықтайды.
Алынған нәтижелерді кестеге жазады.
1- кесте. Ток тығыздығының күкірт диоксидінің тотығу дәрежесіне және тотығуының ток бойынша шығымына әсері.
№№
|
Ток тығыздығы, А/м2
|
Күкірт диоксидінің тотығу дәрежесі,%
|
Күкірт диоксидінің ток бойынша шығымы, %
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
2- кесте. Электролит концентрациясының күкірт диоксидінің тотығу дәрежесіне және тотығуының ток бойынша шығымына әсері.
№№
|
Электролит концентрациясы,моль/л
|
Күкірт диоксидінің тотығу дәрежесі,%
|
Күкірт диоксидінің ток бойынша шығымы, %
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
Орындалған жұмыс бойынша есеп беру:
Есепте процестің теориясы қысқаша түрде, эксперименттің мақсаты мен міндеттері, эксперименттердің қысқаша сипаттамасы, анализ әдістемесінің қысқаша сипаттамасы, есептеу әдістері, кестелер, тәуелділіктер қисықтары, алынған нәтижелерді талқылау және қорытынды болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |