«ҰТО» РМҚК
2015 жылғы______________
№_______бұйрығымен бекітілді
Неміс тілі пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған
тест спецификациясы
(2016 жылдан бастап Талапкерлерді кешенді тестілеуге қолдану үшін бекітілген)
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.
Мақсаты: ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау үшін өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің, ҰБТ-ға қатыса алмаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілерінің, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің, республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектерінің және оқу орнын шетелде бітірген тұлғалардың неміс тілі пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.
Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.
Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес неміс тілі пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.
№
|
Бөлім
|
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
Морфология
|
01
|
Етістік
|
01
|
Етістік. Етістіктің негізгі формалары. Әлді етістіктің негізгі формалары. Әлсіз етістіктің негізгі формалары. Етістіктің ережеге бағынбайтын түрінің негізгі формалары. Ырықсыз етістің шақ формалары. Осы шақ түрі. Жай өткен шақ түрі: Претеритумпассив. Күрделі өткен шақ түрі: Перфектпассив. Күрделі өткен шақ түрі: Плюсквамперфектпассив. Келер шақ. Көмекші етістіктер. Бұйрық рай. Партицип I, II. Партицип I-анықтауыш не пысықтауыш қызметінде. Партицип II-анықтауыш қызметінде. Инфинитив оралымдары. haben/sein+Infinitiv етістік тіркесі. Инфинитив оралымдары: um... zu+Infinitiv; ohne ...zu +Infinitiv; anstatt ... zu+ Infinitiv.
|
02
|
Етістіктің меңгерілуі Табыс септігін меңгеретін етістіктер. Барыс септігін меңгеретін етістіктер. Табыс және барыс септігін меңгеретін етістіктер.
|
03
|
Модаль етістіктер.
|
02
|
Қызметтiк сөз таптары
|
01
|
Артикль. Белгілілік артиклінің қолданылуы Белгісіздік артиклінің қолданылуы Артикльдің қолданылмауы. Сұрау сөздер. Предлогтар. Барыс септігін қажет ететін предлогтар. Табыс септігін қажет ететін предлогтар. Барыс және табыс септігін қажет ететін предлогтар. Ілік септігін қажет ететін предлогтар.
|
03
|
Зат есім
|
01
|
Зат есім. Род категориясы. Мужской род зат есімдері. Женский род зат есімдері. Средний род зат есімдері. Зат есімнің көпше түрінің жасалуы Зат есімнің көпше түрі. Зат есімнің септелуі. Зат есімнің әлді септелуі. Зат есімнің әлсіз септелуі. Женский род зат есімнің септелуі. Зат есімнің ерекше септелуі. Зат есімнің көпше түрде септелуі.
|
04
|
Сын есім мен үстеу
|
01
|
Сын есім. Үстеу. Сын есімнің септелуі. Сын есімнің әлсіз септелуі. Сын есімнің әлді септелуі. Сын есімнің және үстеудің белгісіз артикльден, тәуелдік есімдіктерден және болымсыз есімдік «kein»-нен кейін септелуі.
|
05
|
Есімдік
|
01
|
Есімдік. Жіктік есімдік. Тәуелдік есімдік. Сілтеу есімдік. Өздік есімдік. Морфология. Болымсыз есімдік. Қатыстық есімдік. Жақсыз есімдік «es» және белгісіздік есімдік «man».
|
06
|
Сан есім
|
01
|
Сан есім. Реттік, есептік, бөлшектік.
|
02
|
Синтаксис
|
01
|
Сөйлем
|
01
|
Сөйлемдегі сөз тәртібі.
|
02
|
Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мезгіл бағыныңқы сөйлем. Себеп бағыныңқы сөйлем. Мақсат бағыныңқы сөйлем. Толықтауыш бағыныңқы сөйлем. Анықтауыш бағыныңқы сөйлем.
|
03
|
Лексика мен аударма
|
01
|
Лексика мен аударма
|
01
|
Лексика мен аударма.
|
04
|
Мәтінмен жұмыс
|
01
|
Мәтінмен жұмыс
|
01
|
Мәтінмен жұмыс.
|
02
|
Шағын диалог.
|
05
|
Елтану
|
01
|
Елтану
|
01
|
Германия, неміс тілінде сөйлейтін елдер.
|
02
|
Қазақстан.
|
Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Морфология- лингвистикалық білімдерін сөзге қатысты қолдана білу.
Синтаксис- тілдік материалға қатысты лингвистикалық білімдерін қолдана білу;
-неміс тілінің пунктуациясы,(мағыналық, синтаксис,коммуникативтік)
-сөйлемнің құрылымдық типтері (басыңқы және бағыныңқы сөйлемдер)
Лексика мен аударма – сөздік қорын тексеру;
-жаңа тақырыптарға байланысты лексикалық бірліктер, ауызша және жазбаша қарым-қатынастың жағдайлары мен проблемаларын білу;(150 лексикалық бірлік);
-оқуға және аударуға арналған жалпы лексикалық бірлік- 2100-2300 лексикалық бірлік болуы тиіс;
-лингвистикалық білімдерін сөзге қатысты қолдана білу.
– лексико-грамматикалық біліктілігін тексеру;
Мәтінмен жұмыс-(оқыған мәтіннің) мазмұнының меңгерілуін тексеру.
-түпнұсқа мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне отырып оқу (тақырыпты анықтау,негізгі ойды белгілеу,басты фактілерді анықтау, мәтіндегі негізгі фактілердің логикалық тізбектілігі)
-қажетті мәліметті түсініп мәтінді оқу;
-әр түрлі жанрдағы аутентивті мәтіндерді толық және нақты түсініп оқу.
Елтану – оқып отырған ел туралы білімін тексеру;
-әр түрлі қоғамның өмір сүру ерекшеліктерін;
-полимәдениетті қоғамның өмір сүру еркшеліктерін білу.
Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.
Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Бір тестте 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:
- тесттердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Тапсырма формасы:
Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.
Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.
Достарыңызбен бөлісу: |