Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети



бет1/4
Дата10.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#127075
  1   2   3   4
ЎЗБЕКИСТОН РЕСПУБЛИКАСИ ОЛИЙ ВА ЎРТА МАХСУС ТАЪЛИМ ВАЗИРЛИГИ

НИЗОМИЙ НОМИДАГИ ТОШКЕНТ ДАВЛАТ

ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТИ

Ўзбек тили ва адабиёти факультети

“Ҳимояга рухсат этилсин”

Факультет декани

ф.ф.н., доц. И.М. Азимов

2012 йил


5111300 – “Қозоқ тили ва адабиёти” бакалавр йўналиши бўйича кундузги бўлим IV курс 401 кz -гуруҳ талабаси Сансизбаев Аханнинг “Умумтаълим мактабларида лексикологияни ўқитишда узвийлик ва узлуксизлик” мавзусида ёзилган
БИТИРУВ МАЛАКАВИЙ ИШИ
Илмий раҳбар

1. п.ф.н., доц. Н.Сиздикбаев



Тақризчилар:

1. “Ўзбек тилшунослиги”

кафедраси ф.ф.н., доцент

.............................Д.Абдуллаева



2. С.Сарсенова

Тошкент вилояти, Бўстонлиқ

туманидаги № 16 мактаб ўқитувчиси

Ҳимояга тавсия этилсин”

Қозоқ тили ва адабиёти

кафедраси мудири,

п.ф.н., доц. Е. Абдувалитов

2012йил.



ТОШКЕНТ-2012

М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе.............................................................................................. 3бет.
I.Тарау. Қазақ тілі лексикасының шығу арналары

I.1. Лексикология және оның түрлері мен салалары.............................................................................................. 7 бет.

I.2. Қазақ тілінің негізгі қоры мен сөздік құрамы...........................16 бет.

II.Тарау Қазақ тілі лексикасының стильдік мәні мен қолдану шеңбері .

II.1. Тілдік стиль туралы ұғым..........................................................21 бет.

II.2. Қазақ тілінің ауызекі және жазба формалары...........................................................................................26 бет.
III.Тарау. Ауыспалы мағыналы сөз және оның 5-сыныпта оқытылуы..............................................................................................29 бет.

III.1. Призентация................................................................................37 бет.
IV. Қорытынды....................................................................................46 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................49 бет

КIРIСПЕ

Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі: Өзбекстан Республикасының Президенті И.А.Каримов: ...Біз қазіргі кезден-ақ ілгері дамуымыздың дағдарыстан кейінгі дәуірі туралы терең ойлануымыз, бұл туралы ұзақ мерзімге жоспарланған дәстүр істеп шығуымыз жөнінде ой толғауымыз шарт. Бұл дәстүр экономикамыздың тармақтарын модернизациялау және жаңалау, мемлекетіміздің жаңа шыңдарын иелеуге әсер ететін және әлем базарында бәсекелестігін қамтамасыз ететін заманауи иновацион технологияларды амалда қолдану бойынша мақсатты жоспарларды қалыптастыруымыз қажет”1,- деп айтқан болатын. Бұл айтылған пікірлердің тікелей тәлімге де тиісті екендігі көрініп тұр.

Сондай-ақ «... Егер біз мемлекетіміздің кез келген қаласы мен ауылдарында болмайық, жылт еткен қолынан өнер ұшқыны таматын жастарды көргенде, барлығымыз оны дер кезінде аңғарып, ардақтап, оған жылы лебіз білдіріп, оған жол ашып берсек, барша әркеттеріміз бен алға қарай жол жылжу сияқты міне осындай ұлы мақсатқа қаратсақ, сеніммен айтқанда, көре алмаушылықпен емес, соған әуес етіп жасауды өмір сүру заңына айналдырсақ, біз ұлттық даму барысында және де биік шоққыларды иелеуге жете аламыз...2» - деген болатын Президентіміз. Сондықтан да біз жастар, ғылым жолында көп ізденіп, келешекте ел үшін аянбай еңбек етуіміз, ұрпақты саналы тәрбиелеуге бел байлауымыз керек. Ол үшін ғылыммен айналысып, талай шығармашылық еңбектер жазып, мемлекетіміздің дамуына өз үлсетерімізді қосамыз.

Қазіргі қазақ тілінің лексика саласы нені үйретеді? деген сұрақ барлығын ойландыруы хақ. Бұл сұраққа төмендегіше жауап беруді жөн көрдік: лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді. Сондықтан да, лексикологияны оқушылардың сана-сезіміне әсер ете отырып, тілдің сөз байлығын қалыптастырып сөздерді дұрыс айтып, өз ойларын нақты жеткізу үшін қызмет етеді.

Біліктілік бітіру жұмысының зерттеу нысаны: оқушылардың сөздік қорын байыту.

Біліктілік бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың негізгі мақсаты - жаңа дәуірге жаңаша үн қосу мақсатында әр сабақты түрлендіре отырып, жаңа дәуірге сай білім берудің әдістер мен қалыптарынан пайдалана отырып сабақ өту - әр оқытушыға қойылатын басты талап болмақ. Қазақ тіліндегі лексикология және оның түрлері мен салаларын толық меңгеру; әсіресе, лексиканың сөз және оның мағынасын ажырату; сол сияқты сөздің көп мағыналығын ажырату, олардың бір-бірімен байланысу жолдарын анықтау; лекскологяины мектеп қабырғасында түрлі жаңа педагогикалық технология әдіс-тәсілдері арқылы оқыту сынды мәселелер бүгінгі кішігірім ғылыми жұмысымыздың негізгі міндеттерін құрайды.

Біліктілік бітіру жұмысының міндеті. Жалпы орта білім беретін мектептерде лексикологияны оқыту процесі. Оқу – тәрбие істерін қоғамда болып жатқан ең соңғы ғылыми технологиялық жаңалық өзгерістерімен тығыз байланыстыру.

Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбының зерттелуі:

Лексикология — тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары, қызметі туралы ілім (бұл термин гректің lехis және латынның lоgоs сөздерінен алынған). Ал лексика дегеніміз — бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Тілдегі бар сөздердің жиынтығын сол тілдің сөздік құрамы деп атайды. Сонда лексика және сөздік құрам деген терминдер — бір бірімен синоним.

Лексикологияның негізгі объектісі — сөз. Сөз тілдің лексикалық единицасы деп аталады. Тілдің лексикалық единицасы — сөздің қыр-сыры өте көп. Соған орай, сөз проблемаларын зерттеу мақсат-тәсілдеріне қарай, лексикология үш түрлі болып келеді: сипаттамалы лексикология; тарихи лексикология; салыстырмалы-салғастырмалы лексикология. Бұлар синхрондық және диахрондық тұрғыдан қарала береді.

Зерттеу объектісіне қарай, лексикология тағы да екі түрлi болады: жеке, нақты лексикология; жалпы лексикология. Жеке лексикология бір тілдің немесе туыстас тілдердің сөздік құрамын бүгінгi, қазіргі қалпы тұрғысынан зерттеп, баяндайды. Мәселен, қазақ лексикологиясы — қазақ тілінің сөз байлығы туралы ілімі; түркі тілдері лексикологиясы — түркі халықтары тілдерінің лексикасы жөнінде ілім. Ал, жалпы лексикология — лексикологияның тіл атаулынық лексикасына арналатын теориялық бөлімі.

Сөз атаулы тіл-тілдің бәрінде бар. Рас, бір тілдің лексикасы аса дамыған, бай болуы, екінші бір тілдің лексикасы кедейлеу болуы мүмкін. Бір тілде бар ұғым, сөз екінші бір тілдерде болмауы мүмкін. Мәселен, қазақ тілі — бірыңғай, дамыған әдеби тіл. Соның өзінде қазақ тілінде сөйлеушілердің бәрі бірі білетін сөзді екіншісі біле бермеуі ықтимал. Күріш, балық шаруашылығымен айналысатындар, бақша өсiретіндер т. б.

Лингвистикада лексика деген терминнің ұғымы аса кең. Лексика деп белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығын да айта береді. Мәселен, ауызекі сөйлеу тілі лексикасы, ауызекі күнделікті тұрмыс лексикасы, кітаби-жазба лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, жалпылама қолданылатын лексика, ресми-іс қараздары лексикасы, диалектілік лексика, профсссионалдық лексика, әскери лексика, терминологиялық лексика, арготивті лексика, экзотикалық лексика, көнерген лексика, актив лексика, пассив лексика т. т.

Лексикологияның негізгi объектісі — сөз, ал сөздің қыр-сыры өте көп дедік. Лексикология тілдегі сөздердi жан-жақты, әр түрлі тұрғыдан зерттейдi. Соған орай, лексикологияның бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше саласы мен тармақтары бар. Олардың негізгілері мыналар: семасиология, этимология, фразеология, ономасиология, ономастика, топонимика, антропонимика т. т.

Бұл салада қазақ тiл бiлiмi мамандары елеулi еңбектер жасаған. Жалпы тiл бiлiмiнiң мамандарынан К.Аханов және Ә.Хасеновтар қазақ тiлi лексикасын әрi туыс болған, әрi туыс емес тiлдердiң лексикасымен салыстыра зерттеген болса, Ә.Болғанбаев, Ғ.Мұсабаев, I.Кеңесбаев, С.Мырзабеков сияқты ғалымдар өз еңбектерiнде қазақ тiлiнiң негiзгi салаларынан бiрi болған лексика жайлы ой-пiкiрлерiн көрсетiп өткен. Олардың еңбектерінде лексикологияның әр қырынан зерттеліп, қазіргі қазақ тілінде оның теориялық мәселелері айқындалады.

Біз жоғарыдағы лингвисттердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып кішкентай ғана ғылыми жұмысымызды амалға асырдық.

Зерттеу әдісі: Осы біліктілік бітіру жұмысында кластер, ақыл шабуылы, венн диаграммалары, сөз жұмбақтар сияқты әдістерден пайдаланып, лексикологияның саласын соның ішінде лексиканы оқыту әстүрлі және жүйелі түрде талданған.

Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбының таңдалуы мен талқылануы. Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті Өзбек тілі және әдебиеті факультеті «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту методикасы» кафедрасында ұсынылған, сол кафедрада сынақтан өткен және ашық қорғауға ұсынылған.

Біліктілік бітіру жұмысының құрылысы мен көлемі: Біліктілік бітіру жұмысын талданған материалдардың бағыт-бағдары негізінде төмендегіше сипаттауға болады: жұмыстың жалпы сипаттамасы, кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 50 бетті құрайды.
I тарау. Қазақ тілі лексикасының шығу арналары

I.1. Лексикология және оның түрлері мен салалары

Лексикология - тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары, қызметі туралы ілім (бұл термин гректің lехis және латынның lоgоs сөздерінен алынған). Ал лексика дегеніміз - бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Тілдегі бар сөздердің жиынтығын сол тілдің сөздік құрамы деп атайды. Сонда лексика және сөздік құрам деген терминдер - бір бірімен синоним.

Лексикологияның негізгі объектісі - сөз .Сөз тілдің лексикалық единицасы деп аталады. Тілдің лексикалық единицасы - сөздің қыр-сыры өте көп. Соған орай, сөз проблемаларын зерттеу мақсат-тәсілдеріне қарай, лексикология үш түрлі болып келеді: сипаттама лексикология; тарихи лексикология;салыстырмалы-салғастырмалы лексикология. Бұлар синхрондық және диахрондық тұрғыдан қарала береді.

Зерттеу объектісіне қарай, лексикология тағы да екі түрлi болады: жеке, нақты лексикология; жалпы лексикология. Жеке лексикология бір тілдің немесе туыстас тілдердің сөздік құрамын бүгінгi, қазіргі қалпы тұрғысынан зерттеп, баяндайды. Мәселен, қазақ лексикологиясы — қазақ тілінің сөз байлығы туралы ілімі; түркі тілдері лексикологиясы — түркі халықтары тілдерінің лексикасы жөнінде ілім. Ал, жалпы лексикология — лексикологияның тіл атаулының лексикасына арналатын теориялық бөлімі.



Сөз атаулы тіл-тілдің бәрінде бар. Рас, бір тілдің лексикасы аса дамыған, бай болуы, екінші бір тілдің, лексикасы кедейлеу болуы мүмкін. Бір тілде бар ұғым, сөз екінші бір тілдерде болмауы мүмкін. Мәселен, қазақ тілі - бірыңғай, дамыған әдеби тіл. Соның өзінде қазақ тілінде сөйлеушілердің бәрі бірі білетін сөзді екіншісі біле бермеуі ықтимал. Күріш, балық шаруашылығымен айналысатындар, бақша өсiретіндер т. б. лексикасымен ондай шаруашылықтармен айналыспайтын жердегілердің сөздік қоры арасында, сөз жоқ айырма болады. Мәселен, Қызылорда тұрғындарының лексикасында қауын түрінің толып жатқан аты бар, арқа қазақтары оның бәрін біле бермеуі мүмкін.

Пәлен тілде пәлен сөз бар деп ешкім де, ешбір ғылым да нақты айта алмайды. Тiлдегі сөз санын шамалап қана айтып жүр. Мәселен, аса жақсы дамыған орыс тілінде миллионға жуық сөз бар деседі. Ағылшын және неміс тілдері де соған каралас (В.Н.Перструхин). Бірақ ешбір тілдің сөздігі сол тілдің барлық лексикасын қамтып, түсінік беріп көрген емес. Олай ету әзірше мүмкін емес. Сөздіктер ең негізгі, көбірек қолданылады дейтін сөздерді ғана молырақ қамтуға тырысады. Сондай сөздіктің бірі — В. И. Дальдың төрт томдық «Толковый словарь живого великорусского языка» (1863—1866 ж.) атты еңбегi. Мұнда екі жүз мыңдай сөз бар. Ал, он жеті томдық «Словарь современного русского литературного языка» (1948—1965) атты еңбекте 120480 сөз қамтылыпты. Қазіргi күндегі «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (он томдык) 70 мыңдай реестр сөз, 20—25 мыңдай күрделі сөздер мен фразеологизмдер қамтылған.

Бір тілдің лексикасы деген термин мен бір адамның, қайраткердің сөз қоры дегендер — бір нәрсе емес. Бір тілдің лексикасы аса мол, екінші бір тілдің лексикасы кедейлеу болатыны сияқты, бір адам ана тілі сөздерін аса көп білуі, енді бір адам аздау білуі мүмкін. Сондай-ақ, жеке адам лексикасында актив түрде қолданылатын сөз қоры бар да, сол адамның білетін жалпы сөз атаулысы бар. Бұл екеуі — екі бөлек нәрсе. Психологтардың айтуынша, жас балалар — 3600-дей сөз, 14 жасар балалар тоғыз мыңдай, ересек адамдар 12—13,5 мыңдай сөз қолдана алатын көрінеді. Әрине, мұның бәрі — түбір сөздер ғана емес, дербес сөздер. Бір сөз адам сөйлеуінің ішінде сан рет қайталанып келе береді.

Аса көрнекті ақын-жазушылардың тіл байлығы 20 мың сөзден сәл ғана артады деседі. Мәселен, «Словарь языка Пушкина» — Пушкин тілi сөздігінде 21290 сөз бар екен. Бұдан Пушкиннің сөз қоры — осы-ақ деген ұғым тумайды. Пушкин өз өмірінде одан да көп сөз біліп, колданғаны хақ.

Қазақ тілінде тарихта тұңғыш рет «Абай тілі сөздігі» 1968 жылы жарық көрді. Оның кіріспе мақаласында былай делінген: Абай өз шығармаларында небары 6 мыңдай ғана жекедара сөз қолданғандығы айқындалды. Бұдан, әрине, Абайдың барлық білген сөзінің саны немесе сол кездегі қазақ тілінің күллі сөзі осындай ғана екен деген қорытынды шықпайды. Өйткенi қандай ұлы жазушы болса да, өзінің білген сөздерін орынсыз тықпалап, ретсіз-жөнсiз енгізе бермекші емес, тек өзінің жазып отырған тақырыбына қатысы бар сөздерді ғана орнымен жұмсамақшы... Абай да білген сөздерін тегіс келтіре бермей, өзінің шығармаларына керектілерін ғана жұмсаған. Ал, расында, Абай қазақ сөзін шығармаларындағыдан әлденеше есе көп білiп оларды ретсіз колданбаған... Мәселен, ал етістігі және оның әралуан түрлері — 614 рет, көр етістігі — 328 рет, де етістігі -1037 рет, да шылауы 769 рет қолданылған. (АТС).

Лингвистикада лексика деген терминнің ұғымы аса кең. Лексика деп белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығын да айта береді. Мәселен, ауызекі сөйлеу тілі лексикасы, ауызекі күнделікті тұрмыс лексикасы, кітаби-жазба лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, жалпылама қолданылатын лексика, ресми-іс қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, профессионалдық лексика, әскери лексика, терминологиялық лексика, арготивті лексика, экзотикалық лексика, көнерген лексика, актив лексика, пассив лексика т. т.

Лексикологияның негізгi объектісі — сөз, ал сөздің қыр-сыры өте көп дедік. Лексикология тілдегі сөздердi жан-жақты, әр түрлі тұрғыдан зерттейдi. Соған орай, лексикологияның, бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше саласы мен тармақтары бар. Олардың негізгілері мыналар: семасиология, этимология, фразеология, ономасиология, ономастика, топонимика, антропонимика т. т.

Семасиология — гректің sета белгі, белгілеу және латынның lоgоs деген сөздерінен алынған термин. Бұл — лингвистикада тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін iлiм. Семасиология сөз мағынасын, сөз мағынасының өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейді. Лингвистикада семантика деген термин мағына деген ұғымды білдіреді. Сонда семантика мен мағына дегендер — бір-бірімен синоним.

Мәселен, Қаратаудың басынан кеш келеді, — дегендегі — бас, Байжан бізге бас-көз болып жүр, Бұлақ басы, — дегендерде бас сөздері түрлі-түрлі мағынада. Ол мағыналар контекст арқылы ажыратылады.

Артымыздан қол жетті; Аз жетпеді, мол жетті, — дегенде, қол сөзі ауыспалы мағынада, әскер деген мағынада қолданылып тұр; Көпей женгемнің қолын сағынып жүрмін, — десек, қол — дәмін, асын, тағамын деген мағынада, қолы қатты адам — десек, қол-ды сараң мағынасында да, колының күші бар, күшті мағынасында да ұғуға болады; Дина жеңгейдің дастарқаны мол десек, дастарканның көлемін айтпайды; дастарқаны бай, тағамдарға толы болады, жомарт, мырза, «төгіп тастайды» деген мағыналарда тұр. Сондай-ақ, бір тостағанды, бір аяқты тартып жіберді,— десек, тостағанның не аяқтық я кесенің өзін емес, ішіндегі тағамын (қымызын немесе айранын) ішіп жіберді деген ұғым білдіреді.

Бұл мысалдардан тіл-тілдің, сөз мағыналарының мол екендiгi айқын танылады. Осындай, сөз мағыналарының қыр-сырын зерттейтiн сала—семасиология.



Этимология — гректің etymon — шындық деген сөзiнен алынған термин. Этимология — морфемалардың, жеке сөздердің шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін ілім. Этимологияның тіл тарихын жете білу үшін маңызы зор. Өйткені тіл тарихы сол тілді қолданушы халық тарихымен тығыз байланысты болып келеді. Тіл тарихынан сол халықтық өткен жолын аңғаруға болады.

Мәселен, арық адамды қазақ: қылдырықтай болып қатып қалыпты,—- дейді. Қылдырық — о баста бидайдың қабығы деген мағыналы сөз екен. Мұндайды сөздің этимоны деп атайды. Сөз мағынасын бұлайша, бастапқы мағынасын аша түсіндіру ғылыми этимология деп аталынады.

Сөз мағынасын кейбір адамдар өзінше тұспалдап, өзінше топшылау жасап түсіндірушілік те болады. Әсіресе басқа тілден енген сөздерді бұрмалап айтып, оған өзінше мән-мағына берушілік те кездеседi. Мәселен, Сәкен Сейфуллиннің бір кейіпкері «осоавиахамді» асаубай әкім дейді; жас балалар орыс тілінде молотокты колоток, кейбіреулер бульвар дегенді — гульвар, поликлиниканы полуклиника деп атайды. Мұндай құбылыстарды халық этимологиясы деп атайды.

Халық этимологиясы кейде кездейсоқ ұқсастықтар мен байланыстарға, жақындықтарға да негізделеді. Соның нәтижесінде сөз жаңа мағыналы басқа бір сөзге де ұқсап кетуі мүмкін. Семантикалық және формальдық өзгеріске түсуі де ықтимал. Әсiресе сөздің дыбысталуы бұрмалануы мүмкін. Басқа тілден келген сөздің оны қолданушы екінші бір адамның ана тілінің дыбыстық заңдарына бағындырылуы мүмкін.



Фразеология — гректік рhrаsаsі — сөйлемше, қалыптасқан сөз дегеннен алынған термин. Фразеология — тілдегі тұрақты тіркестерді, единицаларды зерттейтін ілім. Тілдегі тұрақты сөз тіркестері бүтін бір тұтастық лексикалық бір ғана единица ретінде қолданылады. Ондай тіркестер екі немесе бірнеше сөзден де, бүтіндей бірер сөйлемдерден де құралуы мүмкін.

Қазақ тілінен мысалдар: аттың жалы, түйенің қомында; екі көзі төрт болды; көзіңнен айналайын; өзіңнең айналайын; мен сені жақсы көрем; сенің арқаңда күн көріп жүрмін; үріп ауызға салғандай т. т.

Орыс тілінде: спустя рукава; медвежья услуга; баклуши бить; попасть впросак; свинью подложить; типун тебе на язык т. б.

Ономасиология — зат немесе кұбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себебін зерттейтін, яғни заттардың атауы мен белгіленуі туралы iлім. Онома — грекше ат, есім, атау деген сөз. Ономасиология диалектологиямен, әсіресе лингвистикалық географиямен қатысты болып келеді. Диалектология —- диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктері туралы ілім; ал лингвистикалық география сол ерекшеліктердің қай территорияларда қолданылатынын айқындайды.

Ономасиологияның үлкен бір саласы — ономастика. Мұны ономатология деп те атайды. Бұл екі термин — бір-бірімен синоним. Ономастика, тұтасынан алғанда, ат, есім, атаулардың, шығу, қалыптасу жайын тексереді.

Ономастиканың өзi бірнеше тармаққа бөлінеді: топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, топонимиканың өз ішінде бірнеше тармақшасы бар: гидронимика — өзен, су, көл аттарын, оронимия -— тау, төбе шың, кұз аттарын, ойконимия елді мекен аттарын зерттейді.

Топонимика, тұтасынан алғанда, жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейді. Мәселен, қазіргі Семей — семь палат — сөзінен, Кереку (қазіргі Павлодар) —Коряков, Гурьев — Гурий деген кісі аттарынан алынған; Қарағанды облысында Нұра өзені бар. Нуур — моңғолша көл деген сөз. Сонда түпкі мағынасын қуаласақ, Нұра өзені — көл өзен немесе өзен-өзен деген сөздерден шығып, қалыптасқан болады; Кейбір топонимдер қазақ тіліне басқа тілдерден енген. Иран тілдерінен: Айдарлы, Бадам, Бетпақдала; араб тілінен: Ғазалкент, Қазалы; моңғол тілдерінен: Байынқол, Баянауыл, Зайсан, Кеген, Мақаншы, Нарынқол; угор тілдерінен: Мұғажар, Өлкейек, Сургут т. б.

Антропонимика — кісінің фамилиясын, әкесінің атын (отчество), кісінің шын аты мен лақап атын (прозвище), бүркеншік аттарды (псевдоним) қарастыратын сала.

Мәселен, орыс тілінде ең көп тараған фамилия — Иванов; одан кейін — Смирнов; үшінші орында — Қузнецов; ағылшынсаксон елдерiнде ең көп тараған фамилия — Смидт; Австрияда — Шмидт; Смидт пен Шмидтің мағынасы — ұста (кузнец) деген сөз. Швецияда 700 мың адамның фамилиясы — Андерсон. Сонда бұл елдің әрбір оныншы адамының фамилиясы — Андерсон.

Қазақ есімдерінің бірсыпырасы араб, иран тілдерінен енген; ол тілдердегі бастапқы мағынасы ұмытылып, қазақтың байырғы, төл атауына айналған. Орыс есімдерінің бірсыпырасы сол қалпында алынған: Света — Светлана, Роза — Розалина, Розалия, Валя - Бәлия, Дина, Жагор, Марат, Марлен, Замира, Дамира т. б.

Қазақ тіліне араб-парсы тілдерінен енген кейбір есімдердің бастапқы мағынасы манындай: Хасен — өте сұлу, тым көркем; Раиыс — бастық, басшы; Абдолла, Ғабдолла, Ғабдiлда, Әбдiлда, Әбілда т. т. — құдайдың, алланың құлы; Әубәкір — қыздар әкесі; Азамат — үлкен, зор; Ахмеди — мұсылман; Әдия — сый, сыйлық тарту; Асқат — бақытты, ырысты; Әлима — оқымысты; Мұқтар — таңдалған, іріктеліп сайланған; Сәбит — тұрақты, мықты; Ғабит —бас июші, тағзым етуші; Жамал — сұлу, көркем, әдемі; Мәулен — мырза, жомарт; Мүсілім — мұсылман; Қалима —сөз; нақыл; Халида — мәңгі өмір сүретін; ажалсыз; Қамар — ай; т. б. (Т. Жан.)



Астронимика (гректің аstrоп — жұлдыз деген сөзі)—жұлдыздар, әлем аспаны, планета аттарын тексеретін сала. Планета аттары, негізінен, грек, латын мифологиясына байланысты шыққан. Мәселен, Венера (қазақша Шолпан, латынша Venus, Veneris сөзі) — ежелгі Рим мифологиясында махаббат пен сұлулық кұдайы; Марс (латынша) —соғыс кұдайы; Юпитер (қазақша Есек қырған деп те атайды, латынша jupiten) — көк тәңірiсі; Нептун (латынша) —су тәңірісі, су құдайы; Плутон (грекше pluton— рlutos — байлық) —«жер асты патшалығы», жер байлығы құдайы; Жер (орысша Земля, латынша gаіа, gе — жер) — жер тәңірісі; Сатурн (латынша)—кұнарлылық тәңірісі; Уран (грекше аспан)—аспан тәңірісі (көк тәңірісі); Меркурий (латынша)—шешендік, саудагершілік, жол құдайы; құдайлардың хабаршысы.

Зоонимика (гректің zооn, жануар)—жануарлар атауларын тексеретін сала. Зоологиялық атауларға байланысты бірер жәйтке көңіл бөле кетуге болады; орыс тіліндегі бірсыпыра жануарлар атауы түркі тілдерінен алыныпты. Мәселен, орысша акжилан, акзилан (змея) — түркі, соның ішінде қазақ сөзі. Ал орыс тіліндегі — змея, змей, латынша serpens,sepo немісше Schlange, ағылшынша snake,дегендердің бәрінің этимоны (бастапқы мағынасы) — бауырымен жорғалаушы (земляная, ползающая по земле). Сол сияқты, архар (қазақша арқар), барс, барсук, (қазақша борсық), бирюк (қазақша бөрі), джейран (қазакша жирен; орысша әрі антилопа), каракурт (қазақша қарақұрт), киік, қарсақ, құлан, марал, сайғақ, сараншы, таракан, теке (козел), тышқан (тушканчик), шакал т.б. — орыс тіліне түркі тілдерінен енген атаулар.

Қазiргi қазақ тiлiнiң лексикологиясың өзiндiк зерттеу объектiсiне, зерттеудiң әдiс-тәсiлдерiне қарай және теориялық ұғымдардың жүйелеуiне қарай негiзiнен екi үлкен салаға: жалпы лексикология және жеке лексикология болып бөлiнедi.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет