Нормативные правовые акты, регулирующие судебно-экспертную деятельность в республике казахстан


Компьютерлік технология құралдарының сот сараптамасы



бет11/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.86 Mb.
#135994
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42

12. Компьютерлік технология құралдарының сот сараптамасы

28. Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу:

1) жай: файлдардың, бағдарламалардың, мәтіндердің бар болу, жоқ болу фактісін анықтау (бір объектіге қатысты); файлдарды, бағдарламаларды, мәтіндерді жасау (өзгерту) күнін және уақытын анықтау (бір объектіге қатысты);

2) күрделілік дәрежесі орташа: файлдардың, бағдарламалардың, мәтіндердің бар болу, жоқ болу фактісін анықтау (3 объектіден көп емес мөлшерде);файлдарды, бағдарламаларды, мәтіндерді жасау (өзгерту) күнін және уақытын анықтау (3 объектіден көп емес мөлшерде); дербес электрондық есептеу машиналарының (бұдан әрі - ДЭСМ) техникалық күйін анықтау (3 объектіден көп емес мөлшерде); жойылған файлдарды қалпына келтіру (1 объектіден көп емес мөлшерде); Майкрософт корпорациясы өнімдері туралы ақпаратты анықтау (1-2 данаға дейінгі мөлшерде);

3) күрделі:файлдардың, бағдарламалардың, мәтіндердің бар болу, жоқ болу фактісін анықтау (3 объектіден көп мөлшерде); файлдарды, бағдарламаларды, мәтіндерді жасау (өзгерту) күнін және уақытын анықтау (3 объектіден көп мөлшерде); ДЭСМ - нің техникалық күйін анықтау (3 объектіден көп мөлшерде); жойылған файлдарды қалпына келтіру (3 объектіден көп емес мөлшерде); нұсқаларды, жиынтықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді қондырудың әдістерін анықтау (5 данаға дейінгі мөлшерде); ДЭСМ - нің техникалық күйін анықтау (барлық функционалдық блоктарымен бірге 3 жиынтықтан артық мөлшерде); бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау (5 данаға дейін);Майкрософт корпорациясы өнімдері туралы ақпараттарды анықтау (3 объектіден көп мөлшерде); зиян келтіретін бағдарламалардың бар болуы мен олардың неге арналғанын анықтау;

4) аса күрделі: ұсынылған компьютермен Интернет жүйесінде жұмыс істеу фактісін анықтау; Интернет жүйесіне кіру күнін анықтау; ұсынылған компьютерден кіру жүзеге асырылған сайттарды, сонымен қатар ұсынылған компьютерлерден белгілі бір сайттарға кіру жүзеге асырылған көздің күні мен уақытын анықтау.


13. Сот өрт-техникалық сараптама

29. Сот өрт-техникалық сараптама:

1) жай: электр қондырғылары күйінің жанудың пайда болуымен себептік байланысы бар болуын анықтау жөніндегі зерттеу (3 объектіге дейінгі мөлшерде); заттар мен материалдардың өздігінен жану мүмкіндігін анықтау жөніндегі зерттеу (3 объектіге дейінгі мөлшерде); үдеткіштер болған кездегі жану фактісін анықтау жөніндегі зерттеу (3 объектіге дейінгі мөлшерде); өртенген заттар мен материалдарды қалпына келтіру (5 объектіден кем); тасымалдаушы-объектілерде мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының болуын анықтау;

2) күрделілік дәрежесі орташа: өрт ошағын және жанудың таралу бағытын анықтау мақсатында құрылымдарды зерттеу (15 объектіге дейінгі мөлшерде); электр қондырғылары күйінің жанудың пайда болуымен себептік байланысы бар болуын анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіге дейінгі мөлшерде); заттар мен материалдардың өздігінен жану мүмкіндігін анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіге дейінгі мөлшерде); үдеткіштер болған кездегі жану фактісін анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіге дейінгі мөлшерде); электр қондырғылары күйінің жанудың пайда болуымен себептік байланысы бар болуын анықтау жөніндегі зерттеу; өртенген заттар мен материалдарды олардың қалдықтары бойынша қалпына келтіру (5 объектіден артық); мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының түрін анықтау;

3) күрделі: өрт механизмін сараптамалық қалпына келтіру; мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының нақты көлемін сәйкестендіру; заттар мен материалдардың өздігінен жануын зерттеу; үдеткіштер болған кездегі жану фактісін анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіден көп мөлшерде);өрттің шығу көзінің табиғатын анықтау мақсатындағы зерттеу;

4) аса күрделі: мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының нақты көлемін сәйкестендіру; заттар мен материалдардың өздігінен жануын кешенді зерттеу.



14. Сот жарылыстехникалық сараптама

30. Сот–сараптамалық жарылыстехникалық зерттеу:

1) жай: жарылғыш заттың табиғатын анықтау; оқ-дәрілердің типін, олардың тактикалық-техникалық және құрылымдық мәліметтерін анықтау;

2) күрделілік  дәрежесі орташа: қолдан жасалған жарылғыш құралдары дайындау тәсілін (құрылымын, материалдарын) және оның жұмыс істеу принципін анықтау; жарғыш жүйесінде, жарғыш құралдарында жарылыстың болмау себебін анықтау; апатты жағдайдың пайда болу себебі мен жарылыстың тікелей техникалық себептерін анықтау;

3) күрделі: жарылғыш заттардың пайда болуының бірыңғай көзін анықтау;жарылыс механизмін қалпына келтіру мақсатында жарылыс іздерін (жарылғыш заттардың қолданылуын және олардың мөлшерін, жарғыш құрылғысының түрі мен құрылымын, жарылыс ошағын және т.б.), жарылысқа дейінгі материалды жағдайдың түрі мен қасиетін зерттеу; жарылыс объектісі немесе онымен технологиялық тұрғыдан байланысты болған құрал-жабдықтардың техникалық күйін анықтау және бағалау;

4) аса күрделі: жарылыс механизмін қалпына келтіру мақсатында жарылыс іздерін, жарылысқа дейінгі материалды жағдайдың түрі мен қасиетін кешенді зерттеу.


15. Есірткі  құралдары, психотроптық заттар менпрекурсорлардың сот сараптамасы

 31. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сот сараптамалық зерттеу:

1) жай: сараптама нәтижелерін автоматтандырылған құралдар арқылы рәсімдеуді пайдалана отырып, қолдан дайындалған есірткі құралдарын диагностикалық зерттеу (20 объектіден көп емес); есірткі құралдары мен психотроптық заттарды (табиғаты әртүрлі 10-нан 20-ға дейінгі объектілер); таңбалық мәліметтер мен салыстырмалы үлгілері болған кезде фармацептикалық препараттарды (5 объектіден көп емес) диагностикалық зерттеу;

2) күрделілік дәрежесі орташа: қолдан дайындалған есірткі құралдарын диагностикалық зерттеу (20-дан бастап және одан да көп объектілер);белгісіз есірткі құралдары мен психотроптық заттардың табиғатын анықтау;

3) күрделі: мөлшерлік анықтауды қамтитын есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сәйкестендірушілік зерттеу; көп мөлшерлі сұрақтары бар көп нысанды сараптамалар; ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі зерттеу;

4) аса күрделі: мөлшерлік анықтауды қамтитын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сәйкестендірушілік зерттеу.


16. Сот биологиялық сараптама

32. Сот-сараптамалық биологиялық зерттеу:

1) жай:  биологиялық жаратылысты қатпарларды анықтау және өсімдік немесе жануарлар тобына жатқызу мақсатында тасымалдаушы-объектілерді зерттеу;

2) күрделілік  дәрежесі орташа: биологиялық, зоологиялық және жіктеудің басқа түрлері бойынша объектілердің нақты түрін анықтау; объектілерді бір түрге, текке, тұқымдастыққа жатқызу мақсатында салыстырмалы зерттеу; із пайда болу механизмінің, болаттың, вегетацияның сақталу дәрежесінің белгілері бойынша олардың жалпы топқа тиістілігін анықтау;

3) күрделі: салыстырылып жатқан объектілердің ортақ тектік, топтық тиістілігі сұрағын шешу бойынша сәйкестендірушілік зерттеу;

4) аса күрделі: салыстырылатын объектілердің біртұтастыққа жататындығы туралы сұрақты шешу бойынша сәйкестендірушілік зерттеу; объектілердің бір массаға (шикізатқа, жартылай өнімге, өсімдік және жануар шикізатынан өңделген өнімдер) тиістілігі туралы сұрақты шешуге бағытталған зерттеулер; аймақтағы жер телімін анықтау бойынша кешенді зерттеу (ТБТК объектілері); ТБТК объектілерінің қатпарларының шығу көзін анықтау бойынша диагностикалық міндеттерді шешу; зерттеу объектілерінің қылмыстың нақты оқиғасы жағдайларымен кеңістік-уақыттық байланысын анықтау.



17. Cот молекулярлық-генетикалық сараптама

33. Cот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу:

1) күрделі: қан үлгілері және букальды эпителийлер бойынша биологиялық әкелікті анықтау; қан үлгілері және букальды эпителийлер бойынша биологиялық аналықты анықтау;

2) аса күрделі:адамды сүйек қалдықтары бойынша сәйкестендіру; белгілі бір адамдардан алынған, заттардағы және т.б. адам қанының, сілекейінің, ұрығының, шашының, ұлпаларының қатпарларын зерттеу; сүйек қалдықтары бойынша биологиялық әкелікті және аналықты анықтау; түсік материалдары бойынша биологиялық әкелікті және аналықты анықтау.


18. Сот психологиялық-криминалистикалық сараптама

34. Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу:

1) жай: шектеулі көлемде келіп түсетін, порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді:ойын картасын - 5 колодаға дейінгі; бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, дербес қалта компьютерін (бұдан әрі - ДҚК) - 2 данаға дейінгі; фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 5 данаға дейінгі;журналдарды, газеттерді - 2 данаға дейінгі; кітаптарды – 1 данаға дейінгі мөлшерде зерттеу;

2) күрделілік дәрежесі орташа:шектеулі көлемде келіп түсетін порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді: ойын картасын - 10-15 колодаға дейінгі; бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, ДҚК – 3-5 данаға дейінгі; фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 5-10 данадан көп; журналдарды, газеттерді - 5 данаға дейінгі; кітаптарды – 2-4 данаға дейінгі (зерделенетін мәтіннің көлеміне қарай) мөлшерде зерттеу;

3) күрделі: порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді: ойын картасын - 15-ке дейін және одан көп колода;
      бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, ДҚК – 5 данадан бастап және одан да көп; фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 10 данадан бастап және одан да көп; журналдарды, газеттерді – 5 данадан бастап және одан да көп; хаттарды, өзге де авторлық қолжазбалардың нұсқаларын 5 данадан бастап және одан да көп; кітаптарды – 5 данадан бастап және одан да көп (зерделенетін мәтіннің көлеміне қарай); ойын бағдарламаларын – 1 данадан бастап және одан да көп; өзге стандартты емес объектілерді – 1 данадан бастап және одан да көп;  порнографияны, зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын белгілердің бар/жоқ екендігін анықтау, объектілерді эротикалық/порнографиялық/зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын топқа жатқызу – 1 бейнетаспадан артық емес мөлшерде зерттеу; тасымалдаушы – объектілерге түсіріліп алынған (көзбен шолынатын, ауызша айтылған) әрекеттердің мағыналық мазмұнын анықтау;

4) аса күрделі: порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді:бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, ДҚК – 15 данадан бастап және одан да көп; фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 30 данадан бастап және одан да көп; журналдарды, газеттерді - 10 данадан бастап және одан да көп; хаттарды, кез келген өзге авторлық қолжазба нұсқаларын – 10 данадан бастап және одан да көп;  кітаптарды - 10 данадан бастап және одан да көп (зерделенетін мәтіннің көлеміне қарай); ойын бағдарламаларын - 1 данадан көп; өзге стандартты емес объектілерді - 1 данадан көп мөлшерде зерттеу; объектілерді - нақты адамның күйі мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезеңі, тергеу әрекеттері – жауап алу, оқиға орнында түсініктерді тексеру, ұстау және т.б. жазылған бейнежазбаларды - 1 данадан көп көлемде зерттеу; адамның физиологиялық және психологиялық күйін өзгерту мақсатында, оған әртүрлі тәсілдермен ықпал жасау фактісін анықтау; адамның физиологиялық және психологиялық күйінің, өзінің жасаған әрекеттерінің барысында, не болмаса оған қандай да бір тәсілдермен ықпал жасау нәтижесінде өзгеру фактісін анықтау – 5-20 данадан артық емес.


19. Сот психологиялық-филологиялық сараптама

35. Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу:

1) күрделі:мәтіннің жалпы бағыттылығын анықтау; басылымның мазмұнын түсінуге жалпының қолжетімділігін, онда жасырын, жанама ниет бар/жоқтығын айқындау; мәтіннің жанрлық, стилистикалық, композициялық ерекшеліктері, лексикалық-фразеологиялық тәсілдерін анықтау; сөйлеу дағдысы, тілдік қалыптарды зерттеу; материалдың мәтіні бойынша қолданылатын сөздер мен сөз айналымдарының семантикалық мағынасын зерттеу; материалдардың адамның (бір топ адам) эмоциялық, жігерлік өрісіне әсер етуінің психологиялық аспектісін зерттеу; адамның, не бір топ адамның күйіне, пікіріне, ойына, мінез-құлығына әсер ету мүмкіндігі бар материалдарды ақпарат ретінде баяндау стилін, үлгісін зерттеу;

2) аса күрделі: сөз мәтінінде ұлтаралық және діни араздықты, алауыздықты қоздыру, ұлттық және діни құндылыққа тіл тигізу, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күштеп құлату немесе өзгерту, не болмаса тұтастығына күштеп бұзуға шақыру белгілері бар сөйлеген сөздердің, пікірлердің бар/жоқ екендігін зерттеу; материалдарда қамтылған ақпараттарға сәйкес олардың белгілі бір діни бағытқа, ағымға (Ислам мұсылман діні, христиандық, буддизм, сондай-ақ әртүрлі сектанттық көріністер шеңберінде) жататындығын зерттеу;  сөз мәтінінде жеке және заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне қатысты қорлау сипатындағы айтылған сөздердің, пікірлердің болуы/болмауын зерттеу.



II- БӨЛІМ
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІКТЕРІ СОТ-САРАПТАМАСЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК САРАПШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ

ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 47 шешімімен бекітілген


1 бап. Осы кодексті әзірлеудің негіздемесі

Осы Кодексті әзірлеу кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің (әрі қарай – ЕурАзЭҚ) нормативтік құқықтық актілерінде, корпоративтік этика актілерінде қамтылған кәсіби мінез-құлық нормалары ескерілген.


2 бап. Осы кодекстің қолданыс аясы

2.1. Осы Кодекстің қағидалары ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің барлық мемлекеттік сарапшыларына міндетті болып табылады.

2.2. Сарапшы, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелеріне қызметке кіре отырып,өзіне осы Кодекстің этикалық нормалары мен талаптарын бұлжытпай орындау міндеттемесін ерікті түрде жүктейді.

2.3. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының осы Кодекстің қағидаларын бұзуытәртіптік теріс қылық болып табылады және ішкі заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.


3 бап. Осы кодекстің мақсаты

Осы Кодекстің мақсаты - ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының өз кәсіби борышын лайықты орындауы үшін олардың этикалық нормаларын, кәсіби мінез-құлық ережелерін белгілеу болып табылады.

3.2. Осы Кодекс:

ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшылары өз лауазымына қарамай сақтауға тиісті негізгі қағидаларды;

ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшылары өз қызметінде басшылыққа алуға тиісті этикалық нормаларды;

ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының өз кәсіби қызметіндегі мінез-құлық ережелерін;

этикалық дауларды шешу тәртібі мен этикалық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын анықтайды.
4 бап. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларына қойылатын жалпы этикалық талаптар

4.1. Сарапшы өз Отанына берілген, өз мемлекетінің Конституциясы мен оның заңнамаларын бұлжытпай сақтайтын, кәсіби борышына адал, өз лауазымдық міндеттерін орындаудың үлгісі болуы тиіс және мінсіз беделі болуы керек.

4.2. Сарапшыларға арналған этикалық нормалар жалпы этикалық талаптарды, сонымен қатар өз мемлекетінің заңнамасында көзделген олардың қызметінің ерекшелігі мен кәсіби міндеттемелеріне негізделген ерекше талаптарды да қамтиды.
5 бап. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері

сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының жұмыс ерекшелігіне негізделген негізгі этикалық нормалары мен қызметтерінің қағидалары

5.1. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшылары өз қызметінде келесі қағидаларды сақтауы тиіс:

адалдық пен әділдік – сарапшы өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде кәсіптік және жеке мінез-құлықтардың мінсіз нормаларын ұстануға, өз тұжырымдары мен шешімдерінде риясыздықты сақтай отырып, өз жұмысын білікті, адал ниетпен орындауға міндетті. Оның тұжырымдары мен қорытындыларына біржақтылық немесе оған көрсетілген қысым емес, тек заңды және әділ ақпарат қана негіз болуы мүмкін;

парасаттылық – сарапшы адамдарға тілектестік қатынаста, өзінің кәсіби қызметінде әдепті және адал ниетті болуы, өз беделімен өзі өкілі болып саналатын ұйымның беделін нығайтуы тиіс;

кәсіби құзыреттілік –сарапшы біліктілігі мен жұмыс сапасын, тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп отыруы қажет, сонымен қатар іс жүргізушілік заңнаманы, нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік ұсынымдар мен оқу құралдарын білуі тиіс. Егерде сарапшы, өзіне тапсырылған тапсырманы орындау үшін құзыреттілігі жоқ деп санаса, онда ол біліктілігін әрі қарай көтеруді жүргізу қажеттілігі мақсатында бұл туралы өзінің тікелей басшысын хабардар етуге міндетті және мамандығы аясында өз бетінше білім алу үшін шаралар қабылдауы тиіс;

мінсіз мінез-құлық – сарапшы ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің беделін нығайтуға барлық көмегін көрсетуге, құқық бұзушылықтар жасамауға, өзінің және сот-сараптамасы мекемесінің беделіне зиян келтіруі мүмкін мінез-құлықтардан тартынуы тиіс. Бұл дегеніміз, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы өзінің кәсіби қызметінде заңнаманың нормаларын, өзінің қызметтік міндеттерін және жалпыға бірдей этикалық нормаларды ұдайы басшылыққа алып отыруын болжайды;

бейтараптылық - ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы оның өзінің немесе мекеменіңбеделіне нұқсан келтіретін, мүдделердің қақтығысын туындататын, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесініңқызметіне тікелей немесе жанама зиян келтіретін тиісті емес қызметке тартылмауы тиіс;

ақпараттың құпиялығы - ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы заңда көзделген жағдайлардан бөлек, сараптама жүргізу барысында алынған ақпараттарды үшінші тарапқа ашуға тиіс емес. Ол құпия ақпараттарды қызметтен тыс мақсатта пайдаланбауы керек. Оның қызметіне баға тек іс жүргізушілік заңнамамен белгіленген тәртіпте ғана берілуі мүмкін.


6 бап. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының тәуелсіздігі

6.1. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының сот сараптамасын тағайындаған органдардан немесе адамдардан тәуелсіздігі ажыратылмайтын талаптар болып табылады. Сараптама немесе сараптамалық зерттеу жүргізуге тапсырма ала отырып, сарапшы адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаларымен сыйыспайды деп танылуы мүмкін қандай-да бір мүдделіліктен азат болуы тиіс.

6.2. Кәсіби қызметіне қатысты барлық мәселелерде ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы басқа қызметкерлердің, іске қатысушы адамдардың өзіне сырттай ықпал немесе әсер етуін болдырмауы тиіс. Сарапшы өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде, оның тәуелсіздігі мен жасаған тұжырымдарына ерікті немесе еріксіз түрде әсер етуі мүмкін адамдарды сараптама өндірісіне тартудан бас тартуы тиіс.

6.3. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшылары саяси, діни бейтараптық пен өз міндеттерін риясыз орындау үшін кез келген саяси және діни ықпалдан өзінің тәуелсіздігін ұстануы тиіс.

6.4. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшылары өз тәуелсіздіктерінің қамын ойлай отырып, олардың тәуелсіздігі менадалдығына әсер етуі мүмкін кез келген даулардан қашық болуы, сыйлықтардан және (немесе) сыйақылардан бас тартуы тиіс.

6.5. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшылары өз тәуелсіздіктерінің қамын ойлай отырып,өздерінің ресми мәртебесін жеке мақсаттарында пайдаланбауы тиіс, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын немесе олардың әділдігі мен тәуелсіздігіне күмән келтіретін қатынастардан қашық болуға міндетті.

6.6. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшылары олардың жұмыс істеу қабілетіне және тұжырымдарды риясыз жасауына әсер ететін шектеулерді ескеруі қажет. Егерде сарапшыларға қолайсыз ықпал ету көрсетілетін болса және де мұндай ықпал ету көзін жоюға мүмкіндік болмаса, онда сарапшылар бұл жөнінде басшылықты хабардар етіп, сараптама жүргізуден бас тартуы тиіс.

6.7. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшыларының жеке немесе отбасылық қатынастары олардың сараптама жүргізу кезіндегі тәуелсіздігіне қауіп-қатер келтірмеуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда олар тиісті сараптамаларды жүргізуге қатысуға құқылы емес және мұндай жағдайлардың бары туралы басшылықты алдын ала хабардар етуге міндетті.


7 бап. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшыларының әріптестерімен және бағынышты адамдарымен қарым-қатынастары

7.1. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшыларыұжымда іскерлік және жолдастық өзара қарым-қатынас орнатуға жағдай жасаулары тиіс. Олардың кәсібилігі мен бір-бірімен сындарлы ынтамақтастығы қызметтің тиімділігінің маңызды факторлары болып табылады.

7.2. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшылары өз әріптестерінің жеке кәсіби пікірлері болуы құқына түсіністікпен қарауы тиіс, әсіресе бұл пікірлер оның жеке пікірінен ерекшеленетін болса.

7.3. Басшылық лауазымдағы ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы кәсібиліктің үлгісі, мінсіз беделіболуы, адамдарға әділдіктің, қамқорлықтың, тілектестіктің үлгісі болуға, тиімді жұмыс істеу үшін қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік жасауы тиіс. Басшы өз жауапкершілігін әріптестеріне және бағынышты адамдарына жүктеуге құқылы емес.

7.4. Сараптама тағайындаған судьялармен, лауазымды адамдармен, іс бойынша тараптармен өзара қарым-қатынастары заңнамалық негізде құрылуы тиіс.
8 бап. Жариялылық және ақпаратты ұсыну.

8.1. Жариялылық - ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшыларының тиімді қызметінің маңызды шарттарының бірі. Олардың жұмысы туралы ақпарат заңнамамен белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарын берілуі немесе жариялануы мүмкін. Бұл қағиданы сақтау сарапшылар қорытындыларының нәтижесін жариялауды көздемейді.

8.2. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы бұқаралық ақпарат құралдарыныңЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің жұмысын жариялау жөніндегі қызметіне құрметпен әрі түсіністікпен қарауы және бұл қолданыстағы заңнамаға және осы Кодекске қайшы келмесе оларға қажетті көмек көрсетуі тиіс.
9 бап. Этикалық кикілжіңдер

9.1. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде келесілерден туындаған кикілжің жағдайларға ұшырасуы мүмкін:

Басшы тарапынан қысымнан;

сарапшының қызметтік іс-әрекетіне әсер ететін тұлғааралық, отбасылық және (немесе) жеке сипаттағы қарым-қатынастардан;

іс бойынша тараптар мен өзге де адамдардың сарапшының өз лауазымдық міндеттеріне қайшы әрекет етуіне бағытталған өтініштері мен талаптарынан;

сарапшының кәсіби дағдыларына нұқсан келтіру жолымен пайдакүнемдік мақсаттағы оған ықпал етуден.

Осы және осыған ұқсас барлық жағдайларда ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы өзін лайықты ұстауға және заңнамаға және өзінің қызметтік міндеттеріне, сондай-ақ осы кодекстің этикалық қағидаларына қатаң сәйкестікте әрекет етуі тиіс.

9.2. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы өзінің жеке беделіне немесе іскерлік атағына нұқсан келтіруі мүмкін кикілжің жағдайлардан аулақ болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет