Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы №213-i қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Әр түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары



бет2/5
Дата23.02.2016
өлшемі358.5 Kb.
#6581
1   2   3   4   5

6-бап. Әр түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары

1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.

3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.

 

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды



6-1-бап. Мерзімдерді есептеу

1. Заңнамада белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен немесе басталуы сөзсіз болатын оқиға көрсетіле отырып айқындалады. Мерзім жылдармен, тоқсандармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде де белгіленуі мүмкін.

2. Жылдармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

Айлармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

Апталармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және және мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде аяқталады.

Күндермен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.

Сағаттармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған оқиға басталған минуттан басталады және белгіленген кезеңнің соңғы минутында аяқталады.

 

 



2-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау

 

7-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары

1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары бір жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзімге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлінеді.

Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ дайындау уақыты бір жылдан астам мерзімге жоспарланатын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу көзделеді.

2. Дайындау жоспарларында:

1) нормативтік құқықтық актінің деңгейін, нысаны мен реттеу мәнін бейнелейтін атауы;

2) дайындау мерзімдері;

3) жобаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіледі.

3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспарларын тиісті актілерді қабылдауға құзыретті мемлекеттік органдар жасайды және бекітеді.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық мониторингтің қорытындылары бойынша дайындалған ұсыныстары ескеріледі.

5. Нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және бекітетін мемлекеттік органдар жоспарларға осы актілердің дайындалуын бейнелейтін басқа да көрсеткіштер енгізуі мүмкін.



2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен 6 тармақпен толықтырылды   

6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын дайындауға қолданылмайды.

 

8-бап. Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын нормативтік құқықтық актілерді дайындауды жоспарлау



Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртібі мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

 

9-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң актілерін дайындауды жоспарлау



Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайтын заң актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртібі мен нысандарын Парламент пен оның палаталары Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында белгіленген өз құзыретіне сәйкес айқындайды.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобасы жұмыстарын жоспарлау

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобасы жұмыстарының жыл сайынғы жоспарын жасайды.

2. Жоспардың жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді.

3. Үкіметтің заң жобасы жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.

 

11-бап. 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



 

12-бап. Орталық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының өзге орталық органдары құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлау ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшеліктерін осы органдардың әрқайсысы айқындайды.

 

 



 

2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 3-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеу және ресiмдеу

 

13-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеушілер

1. Президент Әкімшілігі, Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар, олармен келісім бойынша ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеушілер бола алады.

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері Парламент депутаттары болып табылады.

«Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 4 қарашадағы № 1654 Қаулысын қара

2. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына оның Әкімшілігі, Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ ұйымдар және азаматтар енгізе алады.

3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органдар өз бастамасымен немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді.

2015.02.11. № 384-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық кеңестер және азаматтар нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге немесе мұндай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкілетті органдар оларды өздері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуін және жобалардың қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкін.

 

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



14-бап. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеу тәртібі

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеушi уәкiлеттi орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функцияларын атқаратын өз бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесi қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы мiндеттi.

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.

2. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтiк құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық қаулыларының жобаларын, ал қажет болған жағдайда - басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актілерінiң жобаларын дайындауға әртүрлi білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi тартылуы мүмкiн.

3. Бiр деңгейдегi уәкiлеттi органдардың заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерінің жобаларын бiрнеше уәкiлеттi орган әзiрлеуі, ал қажет болған жағдайда - қабылдауы мүмкiн.

Бiрнеше уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерінің жобаларын олар осы Заңда көзделген тәртiппен бiрлесiп әзiрлейдi және олар уәкiлеттi органдардың басшылары қол қоятын бiрлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрiнде қабылданады.

Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) туынды нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған уәкiлеттi органдардың негiзгi нормативтiк құқықтық актілері арқылы бекiтіліп, онда туынды актiнi қабылдауға арқау болған негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер көрсетiледi.

Заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердi келiсудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен заңнамалық актінің жобасын әзірлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары заңнамалық актінің жобасын әзірлеуді, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, бір ай мерзімде жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, егер осы актiлер жалпыға мiндеттi маңызға ие болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық актінің жобасын дайындауды өзiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлiнген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, оны дайындауға шарттық негiзде мамандарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның iшiнде шетелдiктерге тапсырыс бере алады.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



7. Уәкiлеттi орган нормативтік құқықтық актілердің балама жобаларын дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдарға және ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, бiрнеше ғылыми мекемелерге немесе ғалымдарға тапсыруға құқылы.

8. Егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсінің, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтiк құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын іске асыру үшiн бір деңгейдегі немесе төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болса, онда нормативтік құқықтық актiнiң негiзгi түрінің жобасымен бiр мезгiлде көрсетiлген өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге актiлердiң жобалары дайындалуға немесе тиiстi органдарға осындай актiлер дайындау туралы тапсырмалар берiлуге тиiс.

Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiн қараңыз

2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



9. Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылады.

Заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



15-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің және қабылдаудың ерекшеліктері

1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.



Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жоба келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.

2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазбада нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзілуіне байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есеп-қисаптың нәтижелерi қамтылуға тиiс.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Сараптама қорытындыларын мемлекеттiк органдар белгiлеген мерзiмдерде:

1) республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;

2) облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері;

3) қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері ұсынады.

3. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде мiндеттi қосымша болып табылады.



Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

4. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келiскен кезде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына тиiстi өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгiзедi.



Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негіздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар сараптамалық қорытынды ұсынған және сарапшылық кеңестің мүшесі сарапшылық кеңестің отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.

Бұл ретте сарапшылық кеңестің отырыстары сарапшылық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.

5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.



Нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.

6. Осы бапта көзделген рәсiмдер жеке кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдаудың мiндеттi шарттары болып табылады.

7. Жеке кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобалары тиiстi органда немесе сарапшылық кеңестiң отырысында қаралғанға дейiн олар, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға (таратылуға) жатады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2 және 3-тармақтарында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттiк органдарға жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды

9. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.

 

2015.02.11. № 384-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



15-1-бап. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдаудың ерекшеліктері

1. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу процесіне коммерциялық емес ұйымдарды, азаматтарды тарту мақсатында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоғамдық кеңестер құрылады.

2. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын тиісті орталық мемлекеттік органдармен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарымен бірлесіп құрылған қоғамдық кеңестерге талқылау және ұсынымдарды тұжырымдау үшін жібереді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдар беру үшін белгіленетін мерзім Қоғамдық кеңеске келіп түскен кезінен бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.

Ұсынымдар нормативтік-құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымша болып табылады.

Ұсынымдар қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

3. Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіскен кезде нормативтік-құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.



Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган ұсынымдармен келіспеген жағдайда тиісті Қоғамдық кеңеске он жұмыс күні ішінде келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтік-құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.

 

16-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын мүдделi мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келiсу



1. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда - оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келiсуге жiберiледi. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржы-экономикалық есептеулер қоса беріледі.

Егер заң жобасында қамтылған құқық нормаларын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса (егер ондай қажеттілік болмаса, онда ол ілеспе хатта көрсетіледі), заң жобасына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органға ұсынады.

2. Қазақстан Республикасының Президентi актілерінiң жобаларын және Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртібімен енгiзетiн заң актілерінiң жобаларын қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары мiндеттi түрде келісілуге тиiстi мемлекеттік органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен дайындалған заңнамалық актілердің жобалары, Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі.

4. Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісілуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер уәкілетті орган өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, - оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісілген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеген органға хабарлауға тиіс.



Мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, сондай-ақ оның құзыретіндегі мәселелерге тікелей қатысты болуға, негізделген және түпкілікті болуға, жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс.

5. Алынған ескертпелер бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын, қажет болған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні әзiрлеген орган пысықтайды, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертпелер туралы, ескертпелердiң қабылданбау себептерi туралы анықтама жазады. Бұл анықтама жұмыс тобын құрған мемлекеттік органға нормативтiк құқықтық актінің жобасымен бiрге берiледi.

6. Жұмыс тобын құрған мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасына жұмыс тобымен бiрлесiп талқылануға тиiсті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуi немесе нормативтік құқықтық актінің жобасын жұмыс тобына пысықтауға қайтаруы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықты  (заңдық техникасы) қараңыз

 

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет