«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
Басқарма төрағасының
2017 жылғы 8 маусымдағы
№ 133 бұйрығына қосымша
Педагогтің кәсіби стандарты
Жалпы ережелер
Кәсіби стандарт «Педагог» білім бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде білім ұйымдарының қызметкерлерін оқытуға, білім ұйымдарының бітірушілері мен қызметкерлерін сертификаттауға арналған.
Қолданыстағы кәсіби стандартта төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тәрбие – әлеуметтік-мәдени нормативтік модельдерге сәйкес қоғамдық және мәдени өмірге қатысуға дайындау мақсатында тұлғаның мақсатты бағытталған қалыптасуы.
Деңгей біліктілігі/біліктіліктік деңгейі – қызметкердің еңбек әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілік пен дербестік өлшемдері бойынша сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыреттілік деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы.
Біліктілік – қызметкердің нақты еңбек қызметін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі.
Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы.
Ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығында мамандар даярлау сұраныс пен ұсыныстарды реттеуге арналған құқықтық және институционалды тетіктердің жиынтығы.
Салалық біліктіліктердің шеңбері (СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы.
Сала/негізгі топ – өндірілетін өнім, өндіріс технологиялары, негізгі қорлар мен жұмысшылардың кәсіби дағдыларының ортақтастығына тән кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы.
Кәсіби топ – кәсіби топшалардың жиынтығы, жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындайтын болжалды ұқсас еңбек қызметінің жиынтығы мен құзыреттіліктері.
Кәсіби топшалар – мамандықтардың жиынтығы, еңбек қызметінің қалыптасқан тұтас жиынтығы және оларды орындау үшін қажетті құзыреттіліктер.
Кәсіби стандарт (КС) – стандарт, нақты бір сала бойынша кәсіби қызметке, еңбек жағдайы мен біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, мазмұнға, сапаға қойылатын талаптар.