Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет пен мінез-құлық қалыптастыруға барлықбастауыш партия ұйымдары тартылады. Бастауыш ұйымдар жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлық қатерін, оған қарсы іс-қимыл тәсілдерін түсіндіру бойынша тікелей іс-шаралар өткізіп, білім беру мекемелерімен белсенді жұмыс жүргізетін болады. Партия жанынан құрылған мәдениетті дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» Қоғамдық кеңесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыруда, тәрбиелеуде және білім беруде маңызды орын тиеді. Партиялық менеджмент мектебініңнегізінде білім беру мекемелерінің дәріскерлері үшін тренингтер ұйымдастырылады.
Ғылыми-сараптамалық жұмысты ұйымдастыру, әлеуметтік өлшеулерді жүргізу партияның Қоғамдық саясат институтына жүктелген.
Достарыңызбен бөлісу: |