Фирма – заңды тұлға құқығын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорны.
Франчайзинг – ірі компания шағын дербес кәсіпорынмен оған белгілі бір тауарларды шығару және оларды сату құқығын беру, сондай-ақ белгілі бір нарықта осы компанияның сауда маркасымен сауда қызметтерін көрсету туралы шарт жасасатын ынтымақтастық түрі.
Фрилансер – белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір келісілген жұмысты жүзеге асыру үшін, әдетте, алыстан тартылатын бос қызметкер.
Шарт – екі немесе одан да көп тұлғаның араларындағы құқықтары мен міндеттерін белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.
Шартқа қатысатын тараптар – бұл шарт кіммен және кімдердің арасында жасалады.
Шарттың мәні – сіздің екінші тараппен не туралы келісетіндігіңіз. Мысалы, Орындаушының Тапсырыс беруші үшін келесі қызметтерді орындауға міндеттенетіні туралы.
Шаруа немесе фермерлік қожалық – ауыл шаруашылығы жерлерін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді қайта өңдеу мен өткізумен тығыз байланысты жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын тұлғалардың еңбек бірлестігі.
Шаруашылық серіктестік – жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымына) бөлінген коммерциялық ұйым. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестігі өз қызметі үдерісінде өндірген және сатып алған мүлік серіктестікке меншік құқығымен тиесілі болады. Ш.С. толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін.
Шегерім – салық төлеушінің табыс табуға бағытталған қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығындары.
Шот-фактура – қосылған құн салығын төлейтін барлық салық төлеушілер үшін міндетті құжат.
Шығын – тауарларды немесе қызметтерді өндірумен және сатумен байланысты шығындар.
Шығын – түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табыстан шегерімдердің асып кетуі;кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан болған шығын.
Достарыңызбен бөлісу: |