Краудфандинг – белгілі бір жобаны қаржыландыру мақсатымен кез келген адамнан қаражат тарту түрі
Қаржы – ақша қаражаты қорларын құру және оны пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастарды көрсететін экономикалық кешен; мемлекеттің дамуына және оның ақша ресурстарына қажеттіліктеріне байланысты тұрақты тауар-ақша алмасу жағдайында пайда болды.
Қаржылық модель – компания қызметінің күнделікті және болашақтағы нәтижелерін ақшалай түрде ұсыну
Қаржылық ресурстар – бизнес иелері жинаған немесе банктен немесе басқа ұйымнан кредитке алынған ақша.
Қоғаммен байланыс (PR) – бәсекелестік ортадағы өмірде бейнені идеалды және қажетті етіп бекіту үшін объектінің әлеуметтік топтың құндылықтар аясындағы (идея, өнім, қызмет, жеке тұлға, ұйым – фирма, бренд) бейнесін құру және енгізу технологиялары.
Қолма-қол қаражат айырмасы – бюджеттің кезекті шығыстарын қаржыландыруға ақшалай қаражаттың уақытша болмауы.
Қосылған құн салығы − тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және тауарлар айналымы үдерісінде қосылған сату бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігінің бюджетке аударылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде аударылуы болып табылады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуі керек қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомалары мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленетін қосылған құн салығының сомалары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – қатысушылары алған міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға өзінің салымдарымен, ал бұл сома жеткіліксіз болған жағдайда енгізілген салымдарға өздеріне қосымша тиесілі мүлік арқылы еселенген мөлшерде жауап беретін серіктестік.
Құрылтай шарты – құрылтайшылардың коммерциялық емес ұйым құру туралы келісімі, оны құру үшін бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне беру (жедел басқару) шарттарын және оның қызметіне қатысу шарттарын анықтайды.
Қызметкер–жұмыс берушімен еңбек қатынастарында жасасқан және жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі; қызметін тұрақты мекемеде істемейтін бейрезидент тұлғаға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе өзге бейрезидент тұлғаға персоналды беруге келісімшарт бойынша жұмыс істеу үшін берілген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
Достарыңызбен бөлісу: |