I деңгей
2. «Қазақ тілі» атты өлеңді мәнерлеп оқу ,төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айту.
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!
(М.Жұмабаев)
II деңгей
«Қазақ тілі» атты өлеңді оқып,өлеңнің негізгі идеясын ашу.
2.Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Бесікте,тілің,тілмен,ақылы,айтылады./түбір,I-II- жақ,жекеше,көпше т.б/
3. 1. Нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне ...... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі .....
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Зеңгір көк ..... белгісі
а/ адалдықтың, тазалықтың, аспанның
ә/ қуаныштың, жеңістің
б/ жамандықтың, бейбітшіліктің
4. Күнге табыну ...... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
5. Күн бейнесі ...... белгісі
а/ татулықтың
ә/ байлық пен берекенің
б/ достықтың
III деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңнің мазмұнын айт.
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
Туған тілім,тіл байлығы, мақтанышым, құдыретті, үлгі-өнеге.
4-Тапсырма. Блиц-сұрақ әдісі. (Бір жауабы бар бес сұрақ)
1. Тілдің пайда болуына не себеп болды?
А. Адамзат қоғамының пайда болуы
В. Ұжымның пайда болуы
С. Отбасының пайда болуы
2. Тілді дамытатын кім?
А.Сөз, сөйлем
В. Оқушы, мұғалім
С. Қоғам, халық
3. Тіл не үшін керек?
А. Әңгіме айту үшін
В. Өмір сүру үшін
С. ЖОО-на түсу үшін
4. Адамды адам ететін не?
А. Тіл В.Ой С. Ақыл
5. Қазіргі кезде дүниежүзінде қанша тіл бар?
А. 4000 В.2000 С.5000
Достарыңызбен бөлісу: |