Нұсқаулар Лабораториялық жұмыс №1 2



бет1/8
Дата01.03.2024
өлшемі90 Kb.
#493777
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
метод.указ. Microsoft Office Word(1)


«Биотехнология негіздері»
пәні бойынша лабораториялық сабақтарға методикалық нұсқаулар
Лабораториялық жұмыс № 1 - 2.
Мәселелік оқытудың әдісі бойынша жоба. Тақырыбы: «Әртүрлі залалсыздандыру тәртібтерінің микроорганизмдердің жойылуына тигізетін әсері. Физикалық және химиялық әдістердің зазалсыздандыру тәртібінің тиімділігін зерттеу».
Мақсаты: студенттерді зертханада және практикада қолданылатын залалсыздандыру тәсілдерімен таныстыру және олардың микроорганизмдердің жойылуына тигізетін әсері.
Залалсыздандыру – объектілерді микроағзалардан толық тазарту. Бұл тәсіл микробиологиялық практикада кең қолданылады. Залалсыздандырудың бірнеше тәсілдері белгілі. Көп жағдайда қыздыру арқылы залалсыздандыру қолданылады.
Фламбирлеу – тек қолданар алдында ілмектерді, инелерді, шпательдерді, ұсақ металл заттарды (қайшыларды, жабын шыныларды) от жалынында қыздыруға болады.
Құрғақ ауамен залалсыздандыру – оны көбіне құрғақ материалдарды, ыдыстарды өңдеуге қолданылады. 2 сағат бойы 170 - 200˚С электр кептіргіш шкафта іске асырады. 170˚С жоғары температуралар мақталы тығындар , қаағаздар жарамсыз болып қалады. Залалсыздандыру алдында ыдыстарды мақталы тығынмен жабады, қағазбен орайды. Залалсыздандырған ыдыстарды ұзақ уақыт сақтауға болады. Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін шкафты салқындағаннан кейін ашады. Не ыстық және салқын ауаныңғ кездесуінен шыны ыдыстар жарылуы мүмкін.
Ағымдағы бумен залалсыздандыру – ағымдағы бумен құрғақ бумен залалсыздандыруға шыдамайтын заттарды, коректік орталарды өңдейді. Бұндай залалсыздандыру Кох қайнатқышында іске асырылады.Оны 3 күн бойы 30 минут ұзақтығымен жасайды.
Қысым астында қаныққан бумен залалсыздандыру – тұрақты споралардың қырылуына алып келетін залалсыздандырудың жылдам және сенімді тәсілі болып табылады. Бұл тәсілмен ыдыстарды және коректік орталарды залалсыздандырады. Қысым астында қаныққан бумен залалсыздандыру автоклавта жүзеге асады.
Биотехнологиялық өндірісте және олардың жекеленген кезеңдерде биотехнологиялық өнім алу кезінде асептикалық жағдайларды талап етеді. Асептикалық жағдай деп контаминаттардың түсуіне кедергі жасайтын шараларды айтады. «Контаминат» деген термин деп бөгде микрофлораны немесе ластағыш микроорганизмдерді айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет