СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА КАДЕМИЯСЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
Пән: Гистология – 1
Кафедра/курс: Анатомия және гистология
Курс: 2
Тақырыптар: № 1-10
СЕМЕЙ - 2014
1. Тақырыбы. Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы
2. Мақсаты: гистология мен оның микроскопиялық және қазіргі кезеңдердері тарихын оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту;
салыстырмалы және эволюциялық гистологияның дамуынадағы ғалымдардың қосқан үлесін оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту;
Қазақстан Республикасындағы гистологияның дамуынадағы ғалымдардың қосқан үлесін оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту.
3. Тапсырма: 1.1. Гистология, цитология және эмбриология дамуында микроскопиялық этаптың динамикасын бейнелейтін кестені дайындау (1665-1950 ж). Көрсетілген кезеңдерде гистология, цитология және эмбриология дамуына ғалымдардың қосқан үлесін хронологиялық бірізділікпен көрсету қажет.
Тақырыпша1.1. Кесте «Гистология, цитология және эмбриология дамуындағы микроскопиялық этап»
№
|
Күні
(ғасыр/жылы)
|
Ғалым
|
Ғылымды дамытудағы ғалымның қосқан үлесі
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
Тапсырма 1.1. жеке орындалады.Тапсырма 1.2. Гистологиядағы ғылымның дамуында қазіргі этапқа тән (1950 жылдан қазіргі уақытқа дейін), жаңа тәсілдерді зерттеу мүмкіндігін бейнелейтін кестені дайындау.
Тақырыпша 1.2. Кесте «Гистология дамуындағы жаңа тәсілдерді зерттеу мүмкіндіктері».
Тәсілдің аталуы
|
Тәсіл мүмкіндігі
|
Растрлы электрондық микроскопия
|
|
Радиоавтографиялық тәсіл
|
|
Иммуногистохимия мен иммуно -цитохимияның тәсілдері
|
|
БТАЖз
|
|
Компьютерлі нтерференциялық микроскопия
|
|
Лазерлі конфокальді
микроскопия
|
|
Тапсырма 1.2. жеке орындалады.
4. Орындалу үлгісі:
тақырыпша 1.1. кестені толтыру;
тақырыпша 1.1. кестені толтыру.
5. Орындау белгісі (тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Әр тапсырманың көлемі – 1 бет. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.
6. Өткізу мерзімі: №1 аралық бақылаудан 4 жұма бұрын.
7. Бағалау белгісі:
Бағалау баллына әсер ететін жағдайлар:
- тапсырманы өткізу мерзімі;
- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы
- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі
- қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденуі
- тапсырылған көлемнен бет сандарының артуы
Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,
1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;
2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;
3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:
Қазақ тілінде:
1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.
2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.
3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.
Қосымша әдебиет:
1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.
2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.
3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.
4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.
Орыс тілінде:
Негізгі
1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б
2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.
3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.
4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.
5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.
6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.
9. Бақылау:
Сұрақтар: 1. Гистология дамуының микроскопиялық этапы.
2. Сипаттамалық, салыстырмалық және эвоюциялық гистологияның қалыптасуы.
3. Қазақстан мемлекетіндегі гистологияның дамуы (А.Г. Зорина, А.С. Толыбеков, А.Н. Бажанов және т.б.).
4. Гистология дамуыныңың қазіргі заманғы этапы.
Бастапқы білім деңгейлерін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1) Гистология дамуы тарихындағы кезеңдерді атаңыз.
2) Микроскопиялық кезең.
3) Микроскопиялық кезеңнің басталуын қандай ғалым атымен байланыстырады?
4) Қазақстан Республикасындағы гистологияның дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз.
5) Гистология дамуыныңың қазіргі заманғы этапы кезінде енгізілген гистологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін атаңыз.
Бастапқы білім деңгейлерін бағалауға арналған тесттер:
1. Гистология дамуының микроскопияға дейінгі кезені жалғасты:
1) 4 ғасырдан 10 ғасырға дейін
2) б.э. дейінгі 4 ғасырдан 17 ғ. ортасына дейін
3) 1665 жылдан 1950 ж. дейін
4) 1838 жылдан 1950 ж. дейін
5) 1950 жылдан қазіргі кезге дейін
2. Гистология дамуының қазіргі этапы жалғасты:
1) 4 ғасырдан 10 ғасырға дейін
2) б.э. дейінгі 4 ғасырдан 17 ғ. ортасына дейін
3) 1665 жылдан 1950 ж. дейін
4) 1838 жылдан 1950 ж. дейін
5) 1950 жылдан қазіргі кезге дейін
3. Гистологияның микроскопиялық кезені жалғасты:
1) 4 ғасырдан 10 ғасырға дейін
2) б.э. дейінгі 4 ғасырдан 17 ғ. ортасына дейін
3) 1665 жылдан 1950 ж. дейін
4) 1838 жылдан 1950 ж. дейін
5) 1950 жылдан қазіргі кезге дейін
4. Гистология дамуының қандай кезеңі Аристотель, Гален, Авиценна, Фалопий аттарымен байланысты?
1) қазіргі
2) микроскопиялық және қазіргі
3) микроскопиялық
4) микроскопияға дейін
5) микроскопияға дейін және микроскопиялық
5. Гистология дамуының қандай кезеңі Р.Гук, Я Пуркинье, Р.Броун, М.Шлейден, Т.Шванн, Р.Вирхов аттарымен байланысты?
1) қазіргі
2) микроскопиялық және қазіргі
3) микроскопиялық
4) микроскопияға дейін
5) микроскопияға дейін және микроскопиялық
6. Жасушалық қағида қай жылы қалыптасты?
1) 1665 жыл
2) 1671 жыл
3) 1830 жыл
4) 1833 жыл
5) 1838 жыл
7. Нерв жүйесінің фундаменталды зерттеуін жасап, нейрогистологияның негізін құрған кім?
1) Р.Гук
2) Я.Пуркинье
3) М.Шлейден
4) Р.Вирхов
5) К.Гольджи, Р.Кахаль
8. М.Шлейден, Т.Шванн, Р.Вирхов аттарымен қандай ғылыми жаңалық байланысты?
1) нейрондық теория
2) тін дамуының дивергентті теориясы
3) жасушалық теория
4) қатерлі кезеңдер дамуының теориясы
5) қан түзудің унитарлық теориясы
9. Қандай ғылыми жаңалық Р.Кахаль, К. Гольджи, А.С.Догель, Б.И.Лаврентьев аттарымен байланысты?
1) нейрондық теория
2) тін дамуының дивергентті теориясы
3) жасушалық теория
4) қатерлі кезеңдер дамуының теориясы
5) қан түзудің унитарлық теориясы
10. П.Г.Светлов атымен қандай ғылыми жаңалық байланысты?
1) нейрондық теория
2) тін дамуының дивергентті теориясы
3) жасушалық теория
4) қатерлі кезеңдер дамуының теориясы
5) қан түзудің унитарлық теориясы
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Гистология дамуының микроскопиялауға дейінгі этапына сиппатама беріңіз.
2. Ағылшын физигі Р.Гуктің еңбегі қандай?
3. Бірінші медициналық эмбриологиялық зерттеу кімге тиесілі?
4. Жасушалық теорияның негізін қалаушы кім?
5. Эмбриологияның дамуы қандай ғалымдардың есімдерімен байланысты?
6. Эволюциялық гистологияның дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз.
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған тесттер:
Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс
жауапты теріңіз:
Ғалым ... цитология дамуында келесі үлес қосты ...
1. Р.Гук. а) жасуша ішілік торлы аппаратты ашты және сипаттап жазды
2. Я.Пуркинье б) цитогенез теориясын құрды
3. Р.Браун в) бірінші болып «жасуша» терминін енгізді, микроскопты жетілдірді
4. М.Шлейден г) ядроны сипаттап жазып «протоплазма» терминін енгізді
5.К.Кольджи. д) ядроны «nucleus» деп атап, оны жасушаның тұрақты бөлігі деп
сипаттап жазды.
Ғалым ... гистология дамуында келесі үлес қосты ...
6. А.И.Бабухин а) вегетативті нерв жүйесінің гистофизиологиясын зерттеді
7. И.Ф.Огнев б) әр түрлі жануарлардың нерв жүйесі мен сезу мүшелеріне зерттеу
жүргізді
8. Ф.В. Овсянников в) нерв, бұлшық ет тіндерінің гистогенез және гистофизиология
сұрақтарын зерттеді
9. Б.И.Лаврентьев г) қан түзуді, қан және дәнекер тіндерді зерттеді
10. А.А Максимов д) ағзалар, тіндер, жасушалардың физиологиясы мен гисто -
құрылымына ішкі, сыртқы факторлардың әсері бойынша зерттеу-
лер жүргізді
Ғалым ... гистология дамуында келесі үлес қосты ...
11. К.Э.Бэр а) эмбриогенездің жүруіне экологиялық факторлардың рөлін
зерттеді, қатерлі кезеңдер теориясының авторы.
12. А.Н. Северцев б) органогенездерді жылдамдатудағы зат алмасудың маңызын
зерттеді
13. Д.Ф.Филатов в) ұрықтық жапырақшалар теориясын құрушы
14. П.П. Иванов г) мүшелердің дамуы жайлы үлкен салыстырмалы – эмбриология-
лық материал жинады, филэмбриогенездер теориясының авторы
15. П.Г. Светлов д) эмбриондық даму мен регенерация
1. Зақымдаушы әсерлерге жасушалардың реакциясы. Жасушаның қартаюы және өлуі.
2. Мақсаты: зақымдаушы факторлардың әсері кезінде қайтымды және кайтымсыз өзгерулердің морфологиялық айқындалуын оқып үйрену бойынша білімді бекіту; жасуша некрозы мен апоптозы айырмашылық белгілерін оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту.
3. Тапсырма: 1.1. Зақымдаушы факторлардың жасушаларға әсері кезіндегі жасушалық құрылымның бейімделу өзгерістерін көрсететін кестені дайындау.
Тақырыпша 1.1. Кесте «Зақымдаушы факторлардың жасушаларға әсері кезіндегі жасушалық құрылымның бейімделуі».
Жасушалық құрылым
|
Жасушалық құрылымның өзгеруі
|
Ядро
|
|
Ядролық қабық
|
|
Плазмолемма
|
|
Митохондриялар
|
|
Эндоплазмалық торлар
|
|
Гольджи кешені
|
|
Лизосомалар
|
|
Тапсырма 1.1. жеке орындалады.
Тапсырма 1.2. Жасушалардың некрозы мен апоптозы айырмашылық белгілері бойынша салыстырмалы кестені дайындау.
Тақырыпша 1.2. Кесте «Жасушалардың некрозы мен апоптозы айырмашылық белгілері»
Белгі
|
Некроз
|
Апоптоз
|
Ұғымды анықтау
|
|
|
Процестің таралуы
|
|
|
Процестің жылуға тәуел- ділігі
|
|
|
ДНК күйі
|
|
|
Жасуша ядросының өзгеруі
|
|
|
Тапсырма 1.1. жеке орындалады.
4. Орындалу үлгісі:
тақырыпша 1.1. кестені толтыру;
тақырыпша 1.1. кестені толтыру.
5. Орындау белгісі (тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Әр тапсырманың көлемі – 1 бет. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.
6. Өткізу мерзімі: №1 аралық бақылаудан 3 жұма бұрын.
7. Бағалау белгісі:
Бағалау баллына әсер ететін шарттар:
- тапсырманы өткізу мерзімі;
- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы;
- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі;
- қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденуі;
- тапсырылған көлемнен бет сандарының артуы.
Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,
1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;
2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;
3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:
Қазақ тілінде:
1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.
2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.
3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.
Қосымша әдебиет:
1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.
2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.
3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.
4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.
Орыс тілінде:
Негізгі
1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б
2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.
3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.
4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.
5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.
6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.
9. Бақылау:
Сұрақтар: 1. Жасушалардың бейімделуі, өзгерген жағдайда тіршілік ететін жасушалардың өмір тіршілігін сақтау үшін маңызы.
2. Зақымдаушы әсері кезінде жасушалардың қайтымды өзгерістері, олардың морфологиялық айқындалуы.
3. Зақымдаушы әсері кезінде жасушалардың кайтымсыз өзгерулері. Жасушалардың өлуі. Некроз және апоптоз. Жасушалардың өлуіне әкелетін факторлар мен стимулдар. (некроз. апоптоз).
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Жасушаларға зақымдаушы факторлардың әсері кезінде жасуша ядроларының қайтымды және қайтымсыз өзгерістерін атаңыз.
2. Жасушағаларға зақымдаушы факторлардың әсері кезінде жасуша цитоплазмасында қандай қайтымды өзгерістер байқалады?
3. Зақымдалған жасушалардың митоздық белсенділігі өзгере ме?
4. Жасуша ішілік репарация дегеніміз не?
5. Қартаю кезінде жасуша қалай өзгереді?
6. Апоптоз дегеніміз не?
7. Некроз дегеніміз не?
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттер:
1. Әр түрлі антигендер әсерінен пайда болған цитоплазманың спецификалық емес қалпына келмейтін өзгерістерінің бірігіп аталуы:
1) некроз
2) апоптоз
3) паранекроз
4) дистрофия
5) жасуша аралық регенерация
2. Жасуша ішілік құрылымның қалпына келуінің аталуы:
1) некроз
2) апоптоз
3) паранекроз
4) дистрофия
5) жасуша аралық регенерация
3. Жасуша апоптозы кезінде ядрода қандай өзгерістер жүреді?
1) тек кариолизис
2) тек кариопикноз
3) тек кариорексис
4) кариопикноз және кариорексис
5) кариопикноз, кариорексис және кариолизис
Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс
жауапты теріңіз:
Термин ... білдіреді ...
4. кариопикноз а) ядроның еруін
5. кариорексис б) жасушаның бағдарланып өлуін
6. кариолизис в) ядроның солуы мен хроматиннің коагуляциясын
7. апоптоз г) ядроның фрагменттерге бөлінуін
Дистофия кезінде ... жасушаларда байқалады жиналғаны ...
8) майлы а) гликоген қосындысы
9) белокты б) липидті қосындысы
10) көмірсутегі в) белокты қосындының
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Жасушаларға зақымдаушы факторлардың әсері кезінде оларда метаболикалық процестердің қандай өзгерістері байқалады?
2. Карипикноз, кариолизис, кариорексис дегеніміз не?
3. Митохондрияның калпына келмейтін зақымдануы кезінде қандай өзгерістер байқалады?
4. Жасушалардың толық және толық емес репарациясы дегеніміз не?
5. Қатерлі ісік жасушаларының өсуі немен сипатталады?
6. Жасуша некрозын қандай факторлар тудырады?
7. Апоптоз дамуының механизмін түсіндіріңіз.
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау тапсырмалар:
1. Жасушалық мембрананың өткізгіштігінің, органеллалардың құрылысы мен функциясының бұзылуының нәтижесінде жасушалар метаболизмі бұзылады, ол мембраналы органеллалардың вакулолизациясына және цитоплазмада жасушалық қосындының жиналуына әкелуі мүмкін. Жасуша құрылысының бұл өзгерісі қалай аталады?
2. Организмнің қалыпты эмбрионалдық дамуы кезінде апоптоз жиі кездесетіні белгілі. Эмбрионалды апоптозға қандай жасушалар ұшырайды?
3. Жасушаның «паранекроз» күйі қайтымды зақымдану болып табыла ма? Ол немен сипатталады. «Паранекроз» терминін алғаш енгізген кім?
1. Тақырыбы: Дамудың қатерлі кезеңдері
2. Мақсаты: адам дамуының қатерлі кезеңдері теориясы туралы түсінік қалыптастыру; қатерлі кезеңдердің адам организміне әсерін оқу бойынша білімді бекіту; адам кемтарлығы мен аномалиясының дамуындағы детерминация процесінің бұзылу рөлін оқу бойынша білім алу және бекіту.
3. Тапсырма: 3.1. Адам онтогенезіндегі дамудың қатерлі кезеңдеріне қысқа күнтізбек құру. Қатерлі кезеңдердің аталуын, оның орындалу мерзімін хронологиялық бірізділікпен көрсетіп, оған қысқаша сипаттама беру және мүмкіндігінше неге бұл кезеңде организм зақымдаушы әсерлерді неғұрлым қабылдағыш болатынын түсіндіру қажет.
Тақырыпша 3.1. Адам онтогенезіндегі дамудың қатерлі кезеңдері күнтізбегі.
№
|
Қатерлі кезеңнің
аталуы
|
Ұрықтың жасы
(немесе адамның)
|
Қатерлі кезеңнің сипаттамасы
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
Тапсырма 3.1. жеке орындалады.
Тапсырма 3.2. «Кемтарлық пен аномалияның себебі ретінде детерминация процесінің бұзылуы» атты тақырыпқа реферат дайындау.
Тапсырма 3.2. жеке орындалады.
4. Орындалу үлгісі:
тақырыпша 3.1. күнтізбек толтыру;
тақырыпша 3.2. рефератты дайындау.
5. Орындау белгісі (тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): күнтізбек, реферат көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Әр тапсырманың көлемі – 1 бет. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |