8 - тақырып Мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың ерекше субъектісі ретінде
1 «Дөңгелек үстел» отырысында профессор Т.Сұлтанов Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі болып табылатындығы жоқ екендігін айтылды. Оның пікірінше кодексте (жеке және заңды тұлғаларға қарағанда) мемлекетке қатысты баптар аздау. Ол дұрыс емес. Басқа ғалым А.Бекетов Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде құқықтық қатынастың субъектісі ретінде мемлекеттің рөлі толық көлемде көрсетілгендігін дәлелдейтін бірнеше аргументтер айытты.
Сіз кімнің пікірін жақтайсыз? Өзіңіздің айтқан пікіріңізді дәлелдеңіз? Сіздің пікіріңізше, қандай қызмет саласында мемлекет, өзін азаматтық – құқықтық айналымдағы мемлекет қызметіне қатысты ережелер азаматтық заңнамасында болса, тәжірибеде не істеу керек?
2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік меншікті басқару бойынша органды кім айқындайды? Ол туралы айтылған тиісті құқықтық актіні атап және бапты көрсетіңіз?
3 Қазақстан Республикасының қазынасын заңды тұлғаны тіркеуден түскен қаржыдан республикалық бюджет құрайды.
Сіздің ойыңызша «Қазақстан Республикасының қазынасына» қандай анықтама беруге болады? Әкімшілік – аумақтық бөліністерде қазына бар ма? Егер болса, ол қалай құрылады?
4 Мемлекеттік меншіктің бір бөлігі шаруашылықты жүргізу құқығы негізінде мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорында тіркелген. Сіздің пікіріңізше, бұл меншік Қазақстан Республикасының міндеттілігін қамтамасыз ететін құрал ретінде бола ала ма?
5 Жалғыз тұратын азаматша А.Асанова мұраға өсиет жазбай қайтыс болады. Оның Павлодар облысында бау – бақшасы, Павлодар қаласында жекешелендірілген пәтері және орыс суретшілерінің қымбат суреттері қалады. А. Асанованың ең жақын адамы бала кезіндегі жан досы М. Арманова.
Қайтыс болғаннан кейін мұраға мыналардың қайсысы ие бола алады:
-
М.Арманова;
-
Павлодар облысындағы коммуналдық меншік департаменті;
-
Қала басшылығы;
-
Қала;
-
Мемлекет. Қайсысы меншік иесі есебінде болады және оның сақталуына кім кепілдік береді?
9 - тақырып Мәмілелер
1 Шет ел кинофилмдерінде осындай сюджеттер көбірек кездеседі: жас жесір әйел қайтыс болған қарттың өсиетінен мынаны біледі, егер ол зайыбы қайтыс болғаннан кейін қайта тұрмысқа шығатын болса, қалған өсиетке иелік ете алады. Осындай өсиет түрі шетелде ақиқатқа ие болады. Ал біздің тәжірибеде мұндай өсиет кездеспейді. Бұндай өсиетті шартты мәміле ретінде қарастыруға бола ма? Шартты мәміленің ұғымына талдау жасап және түрлерін атаңыздар.
2 Азаматтардың көбі күнделікті мәміле жасаған кезде оның нысаны туралы ойламайды. Заңмен белгіленген нысанды сақтамай мәміле жасалса, ол заңды күшке ие болуы мүмкін бе?
Сіздің пікіріңізше, «мәміле нысанын» қалай түсіну керек? Неше мәміле нысаны бар?
3 Кез келген азаматтық-құқықтық мәмілені жасаған кезде, оның қатысушылары оның заңға сәйкестігіне мән беруі керек?
Сіздің пікіріңізше, заңға сәйкес мәміленің қандай белгілері бар?
4 Төменде көрсетілген мәмілелердің қайсысы міндетті түрде нотариалды куәландырылған және мемлекеттік тіркелуге жатады:
- үйді сату;
- кәсіпорынды сату;
- ақшаны заемға алу туралы шарт;
- рента шарты;
- өсиет.
5 Заңға сәйкес емес мәмілелер рестиуцияға әкеліп соғады. Сіздің пікіріңізше реституция ретінде нені түсінуге болады? Азаматтық кодекстегі жалған мәмілеге мысал келтіріңіз? Ол бойынша мыналар қарастырылады:
- екі жақты реституция;
- бір жақты реституция;
- реституцияны болдырмау
6 Өзінің 25 жастағы немересі Алинаға 80 жастағы Мұстафин бақшадағы үйін немересіне сыйға береді және ол үйде жаз мерзімдерінде тұрмақшы болады, ол үйін сыйға берген кезде, немересінің ол үйді күтіп – ұстауына сеніммен қарайды. Бірақ ол үйді алғаннан кейін немересі үйді қараусыз қалдырады.
Мұстафин шартты бұза ала ма? Егер бұзатын болса нені басшылыққа алады?
7 14 жастағы Әлішер күзгі каникул кезінде теңгесін банкке салады. Келесі жылдың күзінде банкке салған ақшасыг алмақшы болап банкке барған кезде банк қызметкері оған ақшаны алуына ата – анасының келісімінің қажеттілігін айтады.
Жинақтаушы банктің қызметкерінің талабы құқыққа сай ма? Әлішер банкке салған ақшасына ата – анасының келісімінсіз велосипед сатып алуына құқығы бар ма?
10 – тақырып Өкілдік және сенімхат
1 Өкілдік институты Ежелгі Римнен басталады, ал қазіргі уақытты өте кең қолданыста. Қазіргі қолданыстағы қазақстандағы заңнамаларда бұл институтың анықтамасы көрсетілмей қалған.
Бұның себебі неде деп ойлайсыз? Сіздің ойыңызша, Қазақстан Рсепубликасының Азаматтық кодексіндегі 5 тараудағы «өкілдік» дегенді қалай түсінесіз? «Коммерциялық өкілдік» дегенге сіздің көзқарасыңыз қалай?
2 Сенімхат бір тұлғаның екінші бір тұлғаға өкілдік етуге рұқсат беретін жазбаша құжат екендігі белгілі.
Бұл бір жақты мәміле.
Азаматтық айналымның қатысушыларына азаматтық заңдылықтар бойынша оны рәсімдеудің қандай талаптары қойылған?
3 Өзіңіздің ойыңыздан екі сенімхатты құрастырыңыз: бірін - істі сотта қарау туралы (сот отырысына қатысуға); екіншісін – сотта жеңіп шыққан іс бойынша ақшаны қайтаруға. Қанша уақыт өткенше сіздің берген сенімхатыңыздың күші болады. Сенімхат алған адам сіздің атыңыздан барлық істеріңіз бойынша қол қоюға құқығы бола ма?
4 «Сенімхатты қайтадан сенамхаттау» денеіміз алғашты тұлғаның сенімхатты жаңа бір тұлғаға беру болып түсініледі.
Кімнің алғашқы берген сенімхатты басқа бір тұлғаға қайта сенімхаттауға құқығы бар екендігін талдай отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз? Қандай жағдайда әрекет құқыққа сай болып табылады?
11 - тақырып Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап мерзімі
1 Мезгіл ретінде кейбір жағдайларда сәт (момент), ал басқа жағдайларда уақыт кезеңі деп түсіндіріледі. Цивилистік теорияда мерзімді заңи факт ретінде қарастырады.
Сіздің пікіріңізше, цивилистік және тұрмыстық «мерзім» ұғымдары қалай ажыратылады. Мерзімдер қандай заңи факт түріне жатады? Азаматтық айналымдағы нақты субъектінің азаматтық құқықты жүзеге асыру кезінде мерзімнің мәні қандай? Мерзімді санаудың тәртібі мен нысаны қандай?
2 Талап мерзімі ұғымы материалдық іс жүргізу мәнінде талап қою құқығына байланысты болады. Өкінішке орай, осы құқықтар мен ұғымдардың байланысы толық зерттелмеген.
Сіздің пікіріңізше, жоғарыда айтылған құқықтардың арасында айырмашылық қандай? Азаматтық құқық қатынасының қатысушыларының қайсысы талап мерзімі институтының болуын қызықтырады. Заңда белгіленген талап мерзімін бөлу немесе талап мерзімін тоқтату қалай ажыратылады? Талап мерзімінің қайсысы ұсынуға міндетті болады?
Мәмілені (даулы және жойылған) етіп тану талап мерзіміне ұқсас па? Өздерінің қорытындыларын дәлелдеңдер.
3 Сіздің ойыңызша төменде көрсетілген қайнар көздердің қайсысы мәміленің мерзімін анықтаудың тәртібін белгілейді:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
- Қазақстан Республикасының Көлік кодексі;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;
- Азаматтық-құқықтық шарт;
- Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
- Қазақстан Республикасының Кеден кодексі.
4 Талап мерзімі ретінде тұлғаның бұзылған құқығын қалпына келтіру туралы талап – арыз үшін белгіленген мерзім болады. Ол материалды ұғым.
Қалай ойлайсыздар, жоғарыда көрсетілген құқықтар мен мерзімдердің қандай айырмашылығы бар? Сіздің пікіріңіз бойынша талаптың ескіру институтының жүзеге асуына, азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушыларының қайсысы мүдделі?
4жыл өткеннен кейін Канададан оралған профессор П.А.Наждановтардың отбасы, пәтерінен 1897 жылы жасалынған «Карно» фирмасының үстел шамының, сонымен қатар басқа да ескі заттарының жоғалғандығын білді. Үш жарым жыл өткеннен кейін бөлімше дәрігері болып жұмыс істейтін профессордың әйелі өзінің емделушісі В.Мишинаның пәтерінен өзінің стол шамын көреді. Ол жоғалған шымын қайтарып алу жөнінде сотқа Мишинаға қатысты талап қоюға шешім қабылдайды. Мишинаның айтуы бойынша шамды ол ескі заттар дүкенінен сатып алғанын айтады.
Осы жағдайлар жөнінде таныстарынан кеңес сұрағанда да, оларға талап мерзімінің өтіп кеткенін айтады. Аталған іс бойынша талап мерзімі қай уақыттан басталған? Меншік иесінің затын меншік иесі емес уақыттан қайтарып алуына талап елігінң талаптары қолданылуы мүмкін ба?
Азаматтық құқық субъектілерінің қандай талаптары бойынша талап ескіруінің арнайы мерзімдері қалыптасады. Мысал келтіріңіз. Кейбір мемлекеттерде бұл мерзімдер ұзақтау болады, оның себебі неде? Сіз қалай ойлайсыз?
Төменде көрсетілген оқиғалардың қайсысы талаптың ескіру мерзімін қалпына келтіруге мүмкіндік береді:
-
Борышкердің ауруханада болуы;
-
Несие берушінің психикалық ауруы;
-
Борышкердің сауатсықдығы;
-
Несие берушінің тұрғылықты мекен – жайында шет елге кетуіне байланысты көп уақыт болмауы.
Егер уақытты алу себепті болса, талаптың ескіру мерзімі қалай болады?
Икон сатып алған Т.Сидрова мен В.Володин сатушыға жарты ақшасын береді, қалғанын бір аптадан кейін беруге уәделеседі. Бірақ аталған ақшаны 4 жыл өткеннен кейін береді. Есеп айырысу қаржы инфляциясына және уақытында ақшаны төлемегені үшін пайызды алумен байланысты болады. Бір апта өткенен кейін ол талап мерзімінің өшіп кеткендігін, оны қайтарып ала алмайтындығын біледі.
Өзінің құқықтық сауатсыздығына байланысты Володин төленген төлемді сот тәртібі арқылы қайтарып алу құқығының мүмкіндігі бар ма?
12 - тақырып Меншік құқығының түсінігі
1 Көбіне меншік құқығы экономикалық қытынас ретінде бекітіледі. Меншік түсінігін экономикалық категория ретінде дұрыс анықтама беруге болады. Бірақ олар өзіндік әр түрлі анықталады. Мысалы:
- Меншік – бұл материалдық құндылық (көбі солай есептеледі).
- Меншік – бұл затқа қатысты адамдар арасындағы қатынас; меншік иесі затқа, өзінік деп қарайды, ал, меншік иесі емес адам оған басқаша қарайды. (яғни, кеңестік кезеңдегі азаматтық құқық оқулықтарында осылай көрсетілген);
- Меншік – бұл тарихи анықталған қоғамның материалдық құндылығының нысаны мен өндірістің барлық құралы. Бұл көзқарасты Ресей ғалымдары В.И. Грибанов пен Е.А.Суханов қолдаған;
- Меншік – бұл тарихи тұрғадан қалыптасқан мүлікті бөлу және пайдалану, иелік ету (В.П.Павлов);
- Меншік – бұл индивидтердің қатынасы немесе коллективтерге қатысты мүлік (Ю.Н.Толстой);
Аталған анықтамалардың қайсысы сіздің пікіріңіз бойынша нақтылау.
2 Заң тұрғысынан меншікті «объективті» және «субъективті» категория ретінде екі жақты қарастырады.
Жоғарыда аталған түсінікке сәйкес «меншік құқығына» сипатама беріңіз?
3 Мазмұны бойынша меншік құқығы үш өкілеттілікке ие. Үш өкілеттілікті атап және оған жеке сипатама беріңіз. Практикадан мысал келтіріңіз.
«Меншік құқығының мазмұны», «меншік иесінің өкілеттілігі» түсініктеріне сіздің көзқарасыңыз қалай?
4 Меншік құқығы басқа құқықтар сияқты белгілі бір негіздерге (құралдарға) байланысты пайда болады. Оның негізі екі топқа: алғашқы және өндірістік деп бөлінеді. «Меншіктің пайда болуының алғашқы әдісі» және «меншіктің пайда болуының өндірістік» түрлеріне сәйкес сіз қандай көзқарас білдіре аласыз?
Меншіктің пайда болуының алғашқы әдісіне Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген бапқа сілтеме жасай отырып, барлық тәсілдерді көрсету арқылы кесте толтырыңыз.
5 Жалғыз басты және қарт Т. Бегалов Аққу ауылындағы өзінің үйін жауып, Шымкенттегі қарындасына бірге тұру үшін көшіп кетеді. Үш жыл өткеннен кейін мемлекеттік жылжымайтын мүлікті құқықтық реттеу арқылы ол үйді иесіз деп табады. Қанша жыл өткеннен кейін Бегаловқа бұл мүліктің коммуналдық меншік екені жөнінде ұсыныс бере алады.
Егер ол үй коммуналдық меншік болса, Т.Бегалов бұл үйдің меншік иесі бола ала ма?
6 Грозни қаласының босқыны Анзоровтар отбасы Хатьков поселкесіне ауыл шаруашылығы кооперативінде жұмыс жасауға көшіп келеді. Жергілікті өзін – өзі басқару органы оларға поселкедегі Атырауға баласымен тұруға кеткен зейнеткер А.П.Якуловтың тастап кеткен үйіне қоныстануды ұсынады. Олар ол үйге меншік иесі болмаса да, өз үйлері сияқты оған жөндеу жұмыстарын жүргізеді
Бұл отбасы қоныстаған үйге қашанда болмасын меншік иесі бола ала ма? Қандай жағдайда қай уақыттан бастап мұндай құқық пайда болады? Аталған жағдайға байланысты меншік құқығының туындауы қалай аталады?
7 Анықталғандай бұл:
- Меншік құқығының тоқтатылуы тікелей заңда көрсетіледі;
- Меншік құқығының тоқтатылуы заңға тәуелді болмайды және ол кез келген оқиғаға байланысты да болуы мүмкін.
Аталған анықтаманың қайсысы дұрыс? Өз пікіріңізді білдіріңіз? Меншік құқығының мәжбүрлеу арқылы тоқтатуы мүмкін бе? Егер болса қандай жағдайда?
8 Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да нормативті актілерде «меншік нысанының» түсінігі берілген, бірақ анықтамасы заңдылықтарда көрсетілмеген. Азаматтық құқық теориясында меншік нысаны екі белгі бойынша ажыратылады:
а) құқықтық әрекет көлемі бойынша меншік иесінің үш өкілеттілігі;
б) меншіктің пайда болуы мен тоқтатылуына байланысты.
Мысал ретінде меншік құқығының субъектілері мен түрлерін атап көрсетіңіз? Бір объектіні мысал ретінде ала отырып, оған құқық субъектісі бойынша әртүрлі өкілеттілікке мысал келтіріңіз?
9 Жем – шөп мәдени өсімдіктерін өсуіріге мамандандырылыған «Васход» ауыл шаруашылық кооперативінің иелігіндегі 25 сиыр мен сиыр тұратын орын П.Волковқа сенімгерлікпен басқаруға беріледі. Екі жыл өткеннен кейін сиыр тұратын орында электр желісінің ақаулығынан өрт шығады. Бұған сиыр тұратын орынның электр желісінің қолдану мерзімінің өтіп кетуі себеп болған. Кооператив пен Волковтың арасында өрттің салдарынан келген шығынның орнын толтыру туралы дау туындайды. Кооперативтің сиыр тұратын орынды Волковқа сенімгерлікпен басқаруға беруге құқығы бар ма? Сіздің ойыңызша келтірілген зиянның орнын кім толтыруы тиіс?
13-тақырып Жеке, мемлекеттік және коммуналдық меншік
1 Біздің мемлекетімідің алғашқы қалыптасу кезеңінде меншік нысаны өзіндік және мемлекеттік болып бөлінген. Қолданастағы заңға сәйкес меншік жеке және мемлекеттік болып бөлінген.
2 Кооператив ұйымы кооператив меншік құқығының субъектісі болып табылатыны анық. Нақты бір кооперативтің меншік құқығының мазмұны оның түрі мен кооператив объектісінің құқық қабілеттілігіне байланысты болады.
Кооператив меншігі қалай пайда болады, оның құрамы қандай? Кооперативтің «бөлінбейтін қорына» сәйкестілігі дегеніміз не?
3 Қайырымдылық ұйымы құрылғанда ол, қоғамдық ұйым болып табылады. Оның мүлкінің құқықтық режимі қалай қалыптасады? Мүліктің құқықтық режимі неге байланысты болады?
4 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлға оның бірлестіктерін (ассоцияция мен одақ) ұйымдық – құқықтық нысан ретінде қарастырады.
Қатысушылардың салған салымы, одақтың меншігінде бола ала ма? Егер қатысушы ассоцияциядан шыққан жағдайда салған мүліктік салым қайтарылуы мүмкін бе?
5 Акционерлік қоғамның жарғылық қоры үлеске емес, акцияға бөлінеді. Егер акциноерлік қоғамның қатысушысы қоғамнан шыққан кезде заттан немесе қаржыдан өзіне тиісті үлесін талап ете ала ма? Сіздің пікіріңіз қалай?
6 Қазақстан Республикасы коммуналдық тұрғыда құралған біртұтас мемлекет. Мемлекеттің мүлкі Қазақстан Республикасы мен коммуналдық құрылым арасында қандай нормативті актімен бекітіледі. Қазақстан Республикасы, оның коммуналдық құрылымы немесе мемлекеттік билік органы не басқарамының қайсысыменшік құқығының субъектісі бола алады?
7 Мекеме коммерциялық ұйым болып табылмайды. «Мекеме» түсінігіне сіз қандай анықтама берер едіңіз? Мекеменің заңды тұлға ретінде болуына қандай анықтама беруге болады? Мекеме заңды тұлға ретінде өзінің тапқан табыстарына иелік етіп, оны өз пайдасына жарата ала ма?
8 Қазақстан Республикасының Констиуциясының 6 бабына саәйкес жер және табиғи ресурстар, жеке және мемлекеттік меншік болады деп көрсетеді. Ал жердің телімдері иесіз болып табылуы мүмкін бе?
9 Мемлекеттің қазынасын қандай мүліктер құрайды? Ол мемлекеттің қазынасын толықтыра ма, егер толықтыратын болса, қандай жағдайда қай уақытта болуы мүмкін?
14 - тақырып Жалпы меншік
1 Бірқатар цивилистердің пікірі бойынша жалпы меншік тек объективті мағынада ғана, ал субъективті мағынада ондай құқық жоқ дейді. Профессор Н.И.Коваленконвң айтуынша, құқықтың жалпы теориясы мен Азаматтық кодекстің «Жалпы меншік» тарауының кейбір бөлімдеріне қолданыстағы заңдылықтар қайшы келеді. Бұл екі пікірдің қайсысы сіздің ойыңызша дұрыс.
2 А.Асанова жұмыссыз үйде отырған ана, бірақ үйіндегі табыстың артық қалғанына үнемі алтын әшекейлер сатып алатын. А.Асанова күйеуімен некесін бұзған кезде сотқа ортақ меншікті бөлуді талап етеді. Пәтер үйленгенге дейін күйеуінің ата-анасынан қалған мұра болатын, бірақ, үйленгеннен соң ол үйді жекешелендірген болып шығады.
Пәтер мен алтын әшекейлер ортақ меншік болып табыла ма?
3 Г.Көпеева қайтыс болғаннан кейін оның ересек үш баласы анасынан қалған үйді 1/3 бөлікке бөліп иеленеді. Мұрагерлердің біреуі Алма ауылдан көшіп кетуіне орай өзінің екі бауырына өзіне тиесілі үлесін досы Айман Есжановаға сатқысы келетінін айады. Бұл жерде Алма бауырларының меншікке құқығын бұзып отырған жоқ па? Үйді сату жөніндегі хабарламаның нысаны мен мазмұны қалай болуы тиіс. Практикалық мысал келтіріңіз?
4 А.Қайдаровтардың отбасындағы фермерлік шаруашылығының меншігінде: жер телімі, шараушылықты жүргізу үйі, сиыр, құс, жеңіл және жүк көлігі, ауыл шаруашылығы техникалары және тағы басқа болды. Оның үлкен ұлы Самат үйленгеннен кейін фермерлік шаруашылықтағы өзінің үлесін шаруашылық ашуына байланысты беруді талап етеді. Саматтың бұл әрекеті құқыққа сай ма?
5 Апалы – сіңілілі Алма мен Самал Армановалар ата – анасы өлгеннен кейін өсиет бойынша қалған үйге иелік етеді. Оның біреуіне екі болме, ал екіншісіне бір бөлме қалады. Асырайтын баласының жоқтығы және қаражатының молдығын ескере отырып екі бөлмеге ие болған Самалға Алма үйдегі электр жарығы мен төленетін салық құнын тең төлеуді талап етеді.
Алманың әпкесіне қойған талабының құқықтық себебі бар ма? Егер самал үйінің бір бөлмесін басқа адамға жалға беретін болса, сіздің пікіріңіз қалай болады?
6 РФ Азаматтық заңдылығында ортақ қызмет ету шарты РФ Азаматтық кодексінің ерекше бөлімімне, ал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жалпы бөлімімен реттеледі. Бұл екі айырмашылықтың мәні неде?
15 - тақырып Басқа да заттық құқықтар
1 «Заттық құқық» түсінігі алғашқы қалыптасу кезеңдерінде цивилистердің қолданысында болмаған. Ал қазіргі заңдылық бойынша қоланысқа енді. Аталған түсінік міндеттемелік құқық түсінігіне қайшы келеді.
«Заттық құқық» түсінігінің түрлерін көрсете отырып, оның анақтамаларына сипаттама беріңіз? Заттық құқықтың меншік құқығына қандай байланысы бар? Заттық құқықтың міндеттемелік құқықтан айырмашылығы қандай? Қазіргі уақытта практикада меншік иесі жоқ заттық құқықтың қай түрі көп тараған? Алғашқы қолданыста болған ҚР Азаматтық кодексінде қандай заттық құқықтар көрсетілген?
2 Марат Асқарұлы өз меншігіндегі жер телімін 5 жыл мерзімге кәсіпкер Мұрат Құсайынұлына жалға береді. Кәсіпкер Мұрат Құсайынұлы ол жерге керосин мен бензин сататын дүкен мен қойма салады. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін Марат Асқарұлы кәсіпкер Мұрат Құсайынұлынан жер телімін бастапқы қалыпқа келтіруін талап етеді, бірақ оған кәсіпкер Мұрат Құсайынұлы қарсылық білдіреді. Шектеулі мерзімде иелік еткен жерге кәсіпкер Мұрат Құсайынұлының құрылыс жүргізуге құқығы бар ма?
3 Мемлекеттік орта білім беру орнының директоры Қ.Дулатов ақылы негізде аптасында екі реті би үйірмесін өткізетін орын мен спорт залын жалға береді. Оның әрекетіне мемлекеттік органдар тарапынан қарсылықтар туындайды. Ол қарсылықтың құқықтық салдары қандай. Директордың ол орындарды жалға беруге құқығы бар ма? Бірақ мемлекеттік оқу орны мен жеке оқу орындарының арасындағы жасалынған шарт құқықтық мәнге ие.
4 Қ.Қайырбаев өзіне жеке меншік үй салу үшін өзінің көршісі А.Армановтың жерінен сервитутты сот арқылы талап етеді, дегенмен оның үйінің есігі өзеннің суы шайп кететін жаққа орналасқан. Бірде ол сот шешімінен ол жердің Асқаровқа жалға берілгендігі, Асқаровтың ол жерге машинасының тұрағын салғандығы анықталады. Сот шешімі шыққан күні Қ.Қайырбаев сот залында болмайды, оның себебі сол күні ол көлік апатына түсіп, ауруханада болады. Ал оның көлігін қалпына келтіруге мүмкіндіктің жоқтығы анықталады. Бұны білген А.Арманов өзінің жеріндегі сервитуттың күшін жою жөнінде сотқа талап арыз қояды, оның негізі енді Қ.Қайырбаевтың көлігінің жоқтығы себеп болады.
Қ.Қайырбаевтың көршісінің жерінен сарвитутты сұраған дұрыс па? А.Армановтың әрекетінің құқықтық салдары қандай болуы мұмкін?
5 Мемлекеттік демелыс орны коммерциялық банктен төмен бағаға бау – бақша жерін сатып алып, оған жеке тұлғаларға сату үшін үй салуға қарыз ақша алады. Кірген табыстың бір бөлігін демалыс орнынынң жөндеу жұмысына және үй жиҺаздарын және т.б. сатып алады. Бірақ (Мемлекеттік орган) демалыс орнының меншік иесі бұл қызметке тыйым салады, оның себебі мемлекеттік мекеменің коммерциялық қызметпен айлалысуға құқығының жоқтығы әсер етеді.
Істі шешіңіз?
16 - тақырып Меншік құқығын және басқа да заттық құқықтарды қорғау
1 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде азаматтық құқықтарды қорғаудың тізімдері берілген. Бұған қарамастан заттық құқықтарды қорғаудың арнайы әдістері де бар. Заң нормасында көрсетілген заттық құқықтарды қорғаудың шарттары неде?Қандай арнайы қорғау тәсілдерін белесіз? Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген тізім мен оқулықтарда көрсетілген тізімдер сәйкес келе ме? Заттық құқықты қорғау тәсілдерін азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері ретінде қолдануға бола ма?
2 Виндикациялық талап – бұл меншік иесінің өзінің мүлкін заңсыз иеленген меншік иесінен талап етуі. Сіздің ойыңызша мұндай талапта құқықтың субъектісі мен міндеттеменің субъектісі болуы мүмкін бе? Әртүрлі анықталған заттар мен қолдан жасалған заттар виндикациялық талаптың объектісі бола ала ма? Талапты қанағаттандырған кезде адал ниет пен арам ниет ескеріле ме? Бұл талап бастапқы меншік иесіне қолданылуы мүмкін бе?
3 Негаторлық талап дегегіміз не оның құқықтық жағдайы қандай?
Сіздің ойыңызша мұндай талапта құқықтың субъектісі мен міндеттеменің субъектісі болуы мүмкін бе? Әртүрлі анықталған заттар мен қолдан жасалған заттар негаторлық талаптың объектісі бола ала ма? Бұл талап бастапқы меншік иесіне қолданылуы мүмкін бе? Меншік құқығының бұзылуын басшылыққа ала отырып, үш оқиғаны ескеріп, соттық тәртіпте негаторлық талапты шешуге мысал келтіріңіз?
4 А.Айдынов өзінің қатаң түрдегі жазасын өтеуіне байланысты өз уақытында әкесінен қалған үйге мұрагер ретінде өз уақытында түсе алмайды. Мұрагерлікке оның тәтесі – Айша, екнші кезектегі болашақ мұрагер ретінде түседі. Жазасын өтеп келген А.Айдынов соттық тәртіпте бірінші кезектегі мұрагер ретінде әкесінен қалған үйді қайтарып беруді талап етеді.
Егер Айша сол үйдің екінші қабытына жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар құбыр мен беранда салғанын ескерсе, А.Айдыновқа басты соттық талқылауда үйді қайтарып беру туралы шешім шығуы мүскін бе?
5 М.Манасованың үйіндегі ұрлықтан кейін оның сертификатының жоғалғандығы және оның көшірсесінің, нөмірінің өзінде сақталғандығы анықталады. Ұрлық жасаған тұлғаны анықтап, одан жауап алған кезде ол сертификатты бір бөлмесін жалдап тұрып жатқан үйдің иесі Л. Ормановқа төлейтін қарызының орныны бергені анықталады.
М. Манасова виндикациялық талап арқылы Л. Ормановтан сертификатын қайтарып ала ала ма?
6 Төмендегі жағдайларға байланысты:
а) даулы мүліктікті бөлу жөнінде;
б) заңсыз иеленушіден мүлікті қайтарып алу жөніндегі талап арызын құрастырыңыз.
Аталған талаптар бойынша сот шешімін шығарыңыз.
17 – тақырып Міндеттеме түсінігі және тараптары
1 Міндеттеме бірнеше мағынада қолданылады. Көбінде міндеттер (несиеге алынған мүлікке ақы төлеу міндеті) мен жеке міндеттемелерді (сатып алынған затқа ақысын төлеу) бекітетін құжат деп қарастырады.
Азаматтық – құқықтық міндеттеме дегенді қалай түсініесіз? Соңғы 5 күннің ішінде іс қандай азаматтық құқықтық міндеттемелер жасадыңыз, мысал келтіріңіз?
Шарттық міндеттемелердің шарттық емес міндеттемелерден, ал міндетті құқықтық қатынастың заттық қатынастан етекшелігі қандай?
2 Міндеттеменің құрылымдық элементтерінің бірі ол-міндеттеменің объектісі. Оқулықтар мен ғылыми еңбектерде міндеттеменің пәні деп те қарастырады. Ал бұларды талдаған кезде олар әртүрлі мағына береді. Кейбір авторлар (Е.В. Суханов, О.Н.Садиков, А.И. Масляев) объекті деп-мүлікті, ақшаны және оларды беруді айтады. Ал, басқа авторлар (В.Т.Смиронв, Ю.К.Толстой, А.К.Юрченко) міндеттеменің объектісі болып ақша, затқа және қызмет көрсетулерге бағытталған әрекет болып табылады дейді. Дегенмен, оқу әдебиеттерінде (қараңыз: Гражданское право ч.2 под.ред. А.П.Сергеев, Ю.К.Толстого.-М.,1999) шарттың мәні ретінде ақша, зат, қызмет көрсетулердің нәтижесі табылады.
«Міндеттеменің пәні» мен «Міндеттеменің объектісіне» сіз қандай анықтама берер едіңіз?
Азаматтық құқықтық қатынастар мен міндеттеме элементтерінің мазмұны бір – бірен сәйкес келе ме?
3 Шарттың қарапайым құрылымынан «шарт мазмұнын» (орны, уақыты, бағасын), шарт ережелерін анықтайды. Қазіргі кездегі оқу құралдарында шарт мазмұны басқа мағынада қолданылады. «Шарт мазмұны» дегенді сіз қалай түсініесіз? «Шарт мазмұны», «міндеттеменің мазмұны», «Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұнын» бір мағына ретінде қолдануға бола ма?
4 Азаматтық – құқықтық міндеттемелердің пайда болуының себептері не? Оны топтастыруға бола ма?
5 Әдетте міндеттеменің тараптарынын бір тұлға құрайды.
Егер міндеттеменің тараптарының біреуі кеі тұлға болса, қандай өзгерістер болуы мүмкін? Егер екі жақ тараптарда екі тұлғадан болса ше? мұндай жағдайда құқықтық жағжай өзгеруі мүмік бе?
6 Мына жағдайларда азаматтық-құқықтық міндеттемелер тоқтатылуы мүмкін бе:
а) Қ.Қайырбаев «Заря» коммерциялық банкіне үлкен пайыздар алмақ ниеттіе ақшасын вексель ретінде салады. Бірақ одан салымын алатын күні банк кассасында ақша жоқтығынан өзінің салған салымын қайтарып алма алмайды;
б) 36 жастағы Алпамыс 80 жастағы Мартаны өмір бойы асырау туралы рента шартыны жасасады. Шарт жасасқан күннің ертеңінде Алпамыс, жұмысқа баратын көліктегі апаттан қайтыс болады;
в) Сырлау және әктеу құралдарын шығаратын өндірісін Асанов стады. Сату шартына қол қойған кезде ол өндірісте өрт шығып, өндіріс толықтай жанып кетуі салдарынан мемлекеттік тіркеуден өтпей қалады;
7 Заңда қандай жағдайларда міндеттемені орындаудан бір жақты бас тартылады.
8 Төмендегі оқиғалар бойынша міндеттеменің тоқтатылу жағдайын көрсетіңіз:
а) Асанов Каримовтың көмегімен қыс айында бау-бақша сатып алады. Көктем айында ол жеррді пайдалану мүмкін болмайды, себебі ол жерге су толып кеткен. Судың кебуіне кем дегенде төрт апта уақыт қажет екенін біледі;
б) 72 жастағы Құрманов мемлекеттік бажды төлеуді азайту үшін шет елдік көлігін сатып алу сату шартын жасасу арқылы қызының атына береді.
9 Төменде көрсетілген оқиғалар азаматтық-құқықтық қатынастар тудыра ма?
а) 10 сынып оқушысы марат өзінің досы азатты 20 жастағы мас Қасаннан қорғау арқылы оның тісін сындырады;
б) Асанов ағаш аула салу үшін матариалдарға тапсырыс береді, аула салған кезде ол ауланың биіктігі талапқа сай келмей қалады. Ал матариал шығаратын жерде қателік анықталады, бірақ материал уақытында дайын болмай кешіктіріледі;
в) 3 сынып оқушысы баспалдақтан алтын алқа тауып алады.
18-тақырып Міндеттемені орындау
1 Міндеттеменің мақсаты оны орындау болып табылады. Дегенмен «міндеттемені орындау түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылмаған, бірақ теориялық жұмыстарда оны міндеттеменің қағидасы деп қарастырады.
«Міндеттемені орындауды» сіз қалай түсінесіз? Міндеттеменің қағидалары қандай? Соңғы кездері ол қағидалардың құрамына өзгерістер енді ме?
2 1999 жылдың 2 мамырында Айдарбаев «Омега» коммерциялық банкіне 50мың теңгені 40% өсіммен салады. Міндеттеме депозиттік салым шартымен рәсімделген.
Қай уақыттан бастап міндеттеме күшіне енеді? Шарттың аяқталу мерзімі қашан? Банк шарт мерзімі аяқталғанша бір жақты пайыздың мөлшерін азайта ала ма? Ол шартқа өзгөзгертулар мен толықтырулар енгізу қандай нысанда болуы шарт?
3 Семей цемент заводы Астана қаласына тасымалдау шарты бойынша екінші кварталда 100 вагон цемент жеткізуге шарт жасасады. Оның жеткізілгені нақты 80 вагон. Тапсырыс берген жақ шарт бойынша қажетті зат толық жетпеуі салдарынан, артық ақшаны қайтаруды талап етеді. Ал завод болса айыппұл төлегендігі үшін одан бас тартады.
Қойылған талап дұрыс па? Шартта көрсетілмеген айыппұлды тапсырысшының есебінен төлеу дұрыс па? Егер завод тапсырысшының берген тапсырысынан артық әкелсе, оған ақша төлеуге құқығы бар ма?
4 Ерлі – зайыпты Оспановтар жаңбырдың жаууына байланысты көршісінен қол шатырын, кешке әкеліп береміз деп сұрап алады. Олар қол шатырды бір ай өткенге дейін кері қайтармайды.
Бұл жағдайда азаматтық – құқықтық міндеттеме туындай ма? Егер солай болса, бұл қалай аталады? Қанша уақытта қол шатырды қайтарып беру қажет?
Егер көршісі Оспановтарға тоғыз күн өткеннен кейін затын қайтарып беру туралы телефон соқса, онда жоғарыда көрсетілген жағдай өзгере ме? Ал Оспановтар бұл телефон қоңырауынан кейін затты тез арада қайтаруы тиіс еді. Бұл жағдай заңда көрсетілген? Көршісі қол шатырын әкелген кезде қандай талаптар қоюға құқығы бар?
19 - тақырып Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету
Азаматтық заңдылықта міндеттеменің (350 – бап және 354 – бап) орындалуын қамтамасыз етуде қолданылатын шаралар көрсетілсе де, онда арнайы шаралар да айтылады.
1 Неге заңдылқта қосымша мәжбүрлеу шаралары көрсетілген? Қандай қосымша шараларды сіз білесіз? Бұл шаралардың атқатарын қызметі қандай? «Акцессорлық» міндеттемені қамтамасыз ету дегенді қалай түсінесіз? «Міндеттемені қамтамасыз ету» дегенді қалай түсінуге болады?
2 Мүлік туралы заңнаманы зерттеңіз және оның құрылымын көрсетіңіз. Мүлік кепілдігі туралы заңнаманы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің сәйкес бөлігімен салыстырыңыз. Заңда аталған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде қарастырылған кепілдердің барлық түрлерін анықтаңыз. Олардың арасында қарама – қайшылықтар болған жағдайларда, кепіл туралы нормаларды қолдану кезінде қайсысына артықшылық беріледі: Азаматтық Кодекске әлде Заңға ма?
3 Ипотека туралы заңнаманы зерттеңіз. Ипотека туралы заңнын құрылымы, мазмұны, бағыттылығы, көлемі бойынша кепіл туралы заңнамасымен қалай арақатынасады?
4 Келесі іс бойынша кепілдік міндеттеменің мәтінін құрастырыңыз: 1999 жылдың 1 қаңтарында Қ.Н. Сабденов өзінің танысы Д.А. Көжеевке, оның «Волга» автокөлігін оны пайдалану құқығынсыз кепілге алып, 1999 жылдың 1 тамызына дейін 150 мың теңге береді. Автокөлік туралы мәліметтер: нөмірлік белгісі – «S 594 МКN», түсі ақ, орындықтарындағы чехолдар жасыл оюлары бар қызыл гобеленнен жасалған, спидометрде 10 мың км, автокөлікте айтарлықтай ақаулары жоқ.
Көжеевтің оған қарызды шартта белгіленген мерзімінде қайтармаған жағдайдағы Сабденовтің әрекеттер тәртібін сипаттаңыз.
5 Үш тұлғаның арасында міндеттеме шартын құрастырыңыз: Пичугин Ф.Г,.Петров И.К. және С.Т. Литвиненконың Кислициндарға 1999 жылдың 10 қазанында «Гарант» коммерциялық банкінен үш айға алынған 90 мың теңгені мерзімінде қайтару туралы.
Мұндай міндеттеменің түрі қалай аталады? Кислицин В.Н. шартта белгіленген мерзімде қарызын қайтармаған жағдайдағы «Гарант» банкі әкімшілігінің әрекеттер тәртібін сипаттаңыз.
6 «Хрусталь» шыны зауыты «Антилопа» автокөлік зауытына олар шығаратын автокөліктерге әйнектер жеткізіп отыруға міндеттенеді. Тауарға ақы оны, алғаннан кейін үш күннің ішінде төленуі керек. Төлемді кешіктіру үшін жеткізілген тауар бағасыының 3% мөлшерінде тұрақсыздық құны белгіленетін. Автокөлік зауытының есеп-шотында қаражаттың болмау себебінен тауардың кезекті партиясы үшін төлемді 30 күнге кешіктіреді. Тұрақсыздық құнын төлеуден оны тым жоғары деп санап, бас тартады.
Кім де кім авто зауытты тұрақсыздық құнын төлеуден босатуға құқылы ма? Несесе оны төмендетуге? Шарт жасасқаннан кейін тұрақсыздық құнының мөлшерінің өсуі мүмкін бе? Оны істеуге құқылы кім?
7 2 маусым күні Э. Синицын Б. Фортунатовқа оның қала сыртындағы үйіне 30 маусымға дейін пеш салып беруге міндеттенеді және оған аванс беруді сұрайды. Тапсырысшы оған сенімхат негізінде 5 мың теңге беріп, бұл төлемді кепіл деп атайды. Екі күннен кейін Э. Синицын жұмысқа кіріспей тұрып, одан бас тартады. Б. Фортунатов одан міндеттемені орындаудан бас тартқаны үшін ақшаны қайтаруды және 5000 теңге мөлшерінде шығынды өтеуді талап етті.
Б. Фортунатовтың Э. Синицынға қойған талабы заңды ма? Шартты орындамағаны үшн шығындар қандай тәртіппен есептеледі? Бір мезгілде кепілдікті де, шығындарды да талап етуге бола ма?
8 «Тұлпар» банкінде кепілдікте болған Кенжебаевтардың екі бөлмелі жекешелендірілген пәтері, олардың банктен 2 жыл менрзімге ипотекалық несие шартымен ресімделген 200 мың теңге алуымен, биліктің жергілікті атқару органдарымен коммуналдық қажеттіліктерге алынып қойылады, орнына метро бекетінің жанында орналасқан жаңа нысандағы үйден көлемі жағынан да үлкен басқа пәтер ұсынылады.
«Тұлпар» банкінің кепілдік құқығы Кенжебаевтардың жаңа пәтеріне таралады ма? Банк Кенжебаевтардан пәтер кепілдігімен қамтамасыз етілген несие шартын жедел орындауын талап етуге құқылы ма? Егер де Кенжебаевтар банкке 200 мың теңгені шартта белгіленген мерзімде қайтармаса, кепілдік міндеттемесінің қатысушылары арасында есеп айырысу қалай жүргізіледі?
20 – тақырып Азаматтық құқық бойынша жауапкершілік
1 Барлық азаматтық – құқықтық санкцияларға мемлекеттік мәжбүрлеу белгісі тән. Алайда, бір санкциялар ешқашан теріс мүліктік салдарларға және кей кездерде кінәлі құқық бұзушыны айыптауға әкелмейді, ал басқа санкциялар әрқашан мүліктік сипаттағы теріс салдарларға және кінәлі құқықбұзушыны айыптауға әкеледі.
Жоғарыда аталған санкциялар қалай аталады? Азаматтық-құқықтық санкциялардың бір немесе бірнеше түрлеріне мысалдар келтіріңдер.
2 Азаматтық – құқықтық жауапкершілік бірнеше қызметтер атқарады, оған нақты бір қағидаттар тән.
Сіздің ойыңызша азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің ұғымы қалай анықталады? Қағидаттар, функциялар дегенді қалай түсінуге болады? Осы қағидаттар мен функциялар қандай? Олар ерекшелене ме әлде құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда бірдей бола ма? Қандай жағдайларда азаматтық – құқықтық жауапкершілік пайда болады?
3 Зиян мен кінә жауапкершіліктің пайда болуының маңызды, бірақ, жалғыз емес шарттары болып табылады.
«Зиян» және «кінә» ұғымдарын, олардың түрлерін анықтаңыз. Кінәсіз жауапкерпшілік туындауы мүмкін бе? Егер туындаса, қандай жағдайларда болуы мүмкін? «Моральдық зиян» дегеніміз не? Қай жағдайларда моральдық зиян өтелуге жатады? Жауапкершілік туындау үшін қандай жағдайлар болуы керек? Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің нысандары қалай сипатталады?
4 Шығынның орнын толтыру кезінде жәбірленуші тұлғалар «залал», «шығын», «тұрақсыздық құны», «өсім», «айыппұл»,«сынақты тұрақсыздық» деген ұғымдармен кездеседі.
Сіз берілген ұғымдар бойынша клиенттерге қандай кеңес берер едіңіз? Олардың құрамы мен арақатынасын анықтаңыздар.
5«Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің түрлері» кестесін оған деликтті, келісім-шартты, үлесті, ортақ, субсидиарлы, регрессті жауапкершілікті қосып, құрастырыңыз.
6 Мысал ретінде 5 тапсырмадағы ұғымдар қолданылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарының нөмірлерін келтіріңіз.
7 Ф. Окуневтен И. Журкиннен арендаға алған қойма ғимаратына арендаға алушының кінәсінен ақау келтірілген. Ф. Окунев И. Журкинге келесі залалдардың орнын толтыру туралы талап-арыз қояды:
– өрт нәтижесінде қойма ғимаратына келтірілген залалдар сомасы;
– қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мерзіміне арендалық төлемін;
– құрылыс ұйымы құрастырған сметаға сай қалпына келтіру жұмыстарының бағасы;
– аренда алушы шартқа сай өзіне жүктелген міндетін, яғни, аренда берушінің пайдасына қойма ғимаратын сақтандырған жағдайда, аренда беруші алатын сақтандыру сомасы.
Қандай сомалар сіздің ойыңызша өтелуге жатады.
8 Балық қонсерві зауыты мен сауда үйі арасында балық консервілерін тасымалдау туралы шарт жасасқан болатын. Алайда, зауыт күздің екі айы ішінде консервілерді жеткізбейді, сондықтан сауда үйі оны тұрақсыздық құнын өтеуге міндеттейді. Сотта консервілерді мерзімінде жеткізбеу созылмалы су тасқынына байланысты болғаны анықталады, сол себептен балықаулаушы кемелер теңізге балық аулауға шыға алмаған.
Талапкер жауапкердің дәлеледерін, олар тек зауыт пен балықаулаушы шаруашылықтар арасында мәнге ие деп, танымады. Сіздің ойыңызша, зауыт консервілерді жеткізбегені үшін сауда үйінің алдындағы жауапкершіліктен босатыла ма?
9 Мектеп – интернатта кеш мезгілінде балалар төбелес ұйымдастырады. Нәтижесінде тоғыз жасар Дамир Бекшеновтың аяғы сынады. Ол өзін осы халге жеткізген деп он жасар Талғат Тұртұловты айыптайды. Жәбірленушілердің ата-аналары заң факультетінің студенті Олжас Сарсеевтің кеңесін басшылыққа алып, Т. Тұртұловтың ата-аналарына, оларға және олардың ұлына келтірілген моральдық залалды әрі емдеуге келтірілген шығындарды өтету мақсатымен талап-арыз жасады.
Болашақ заңгердің кеңесі орынды ма?
10 Төменде келтірілген жағдайлардың қатысушылары азаматтық – құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? Егер тартылса, кім, қандай нысанда және неге?
– Семей қаласынан Павлодар қаласына су кемесімен теледидар партиясын түсіру кезінде, қатты су тасқыны болып, теледидардың үштен бір бөлігінің кинескоптары сынып қалады.
– Жол бойымен келе жатқан хирург Клюев, жол жиегінде соғылған автокөлігінің жанында отырған, оған бейтаныс 23 жасар Нефедоваға автокөлігінен шығып, оның өміріне қауіп – қатер жоқ деп есептеп, ауруханаға жеткізбей қояды. Бірнеше сағаттан кейін ол автокөлік апатында алынған жарақаты нәтижесінде іш құрылысына қан құйылуынан қайтыс болады.
– «Ақ Бота» лагерінде демалыста болған 40 бала, тәрбиешілері Д. Сүйімбаев ұйымдастырған суға шолмылудың нәтижесінде қатты суық тигеннен ауырып қалады.
– Қарағанды қаласының тұрғындарына арналған, қораптарға бөлшектеп салынған құрғақ шай бар қапқа, ұшақпен жеткізу кезінде кептірілген балық салынған қағаз қораптардың жанына қойылуы нәтижесінде балықтың иісі жұққан.
– Е. Рогов, автокөлік сатып алғанының екінші күнінде асырауында екі кішкентай баласы мен зайыбы бар, мас күйдегі жаяу жол жүруші, А. Некрасовты соғып кетеді. А. Некрасов алынған жарақаттарынан, сезіміне келмей қайтыс болады.
– Ет сақталатын вагон – рефрижераторда суыту құрылғысы сынып қалады. Бұл жағдай Ақсу қаласынан Шымкент қаласына беттеген пойызда орын алған. Ауа – райы өте ыстық болғандықтан ет бұзылып кетеді.
21 - тақырып. Міндеттеменің тоқтатылуы
1 Әр міндеттеменің басы (оны «пайда болу деп атайды») және соңы («тоқтатылу») болады. «Міндеттемені тоқтату» ұғымының заңды анықтамасы жоқ. Ал, доктриналды анықтамасы соңғы жылдары беріле бастады, бірақ азаматтық құқықтың әр әдебиетінде емес.
Авторын белгілей отырып, кез – келген үш оқулықтан «міндеттемені тоқтату» ұғымына анықтама жазып алыңыздар. Оларды бағалаңыз және егер келіспесеңіз, өз анықтамаңызды беріңіз.
2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 21 тарауында міндеттемелерді тоқтатудың алуан түрлі әдістері берілген, бірақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде басқа да тарауларында белгіленген басқа да әдістері бар.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тарауларды көрсетіп, міндеттемені тоқтату әдістерінің кестесін құрастырыңыз.
3 «Диас» сауда үйі сатып алу – сату шартымен 1998 жылдың ақпан айында Қ. Ахметоваға 2 жыл кепілдік мерзімімен бейнемагнитафон сатады. Сол жылдың қарашасында Қ. Ахметова оған сатылған бейнемагнитафонның төмен сапалылығы үшін шығындар мен моральдық залалды өтеуді және шартты бұзуда талап етеді. Фирма өкілі оған оның талаптары шарт бұзылғандықтан құқыққа сай емес деп түсіндіреді.
Сипатталған міндеттеме тоқтады ма? Қ. Ахметованың талаптары құқыққа сай ма? Сатушының міндеттері мен сатып алушының құқықтары сақтала ма?
4 «Якорь» ЖШС «Тайфун» мейрамханасына күнделікті 85 кг жоғары сапалы балық жеткізіп отыруға міндеттенеді. «Якорь» ЖШС – ның иелігіндегі жалғыз траулердің істен шығуынан кейін, жеткізуші мейрамхана администраторына шарттың күші бұзылғандығы жайлы айтады. Мейрамхана «Якорь» ЖШС – гі арендаға басқа траулер алып, шартты орындауды жалғастыра алады деп бас тартуды қабылдамайды.
Жоғарыда сипатталған мән-жайлар жеткізілім шартын бір жақты бұзуға негіз бола ала ма? Шартты сақтау тәсілі ретінде мейрамхана әкімшілігінің ұйғарымының орындалуы міндетті ме?
5 Б. Сафонов Е. Кротовпен суда жүзетін құстарды өсіру мақсатында оның жер учаскесінің бойымен ағып жатқан өзенге құрық құру туралы шарт жасасты. Құрылысты бастағаннан кейін екінші күні Б. Сафонов жиналған су көрші жер учаскесін басып алуы мүмкін деп, өзінің тапсырысынан бас тартады. Е. Кротов оған қарсы болмады, бірақ осы жұмыспен қатар ұсынылған басқа пайдалы жұмыстан бас тартқандықтан, шарттың тоқтатылуы себебінен шығынға ұшырағандығы үшін, жоспарланған жұмыстың толық көлемін төлеуін талап етті.
Е. Кротовтың талабы заңды ма? Е. Кротов шарттың бұзылуы кезінде жұмысты отындауға әлі кіріспесе, жауап өзгерер ме еді?
6 Т. Скамейкин Елкин Е. оған Түркиядан Семей рыноктарында сатуға әйел тондарының партиясын әкелу туралы шарт жасасады. Тондарды ұшақтың чартерлік рейсімен Семейге тасымалдау кезінде, ұшақтың жүк бөлімінде пайда болған өрттің салдарынан олар жарамсыз күйге ұшырады. Нәтижесінде екі жақ та шығынға ұшырады: Елкин Е. тондарды сатып алуға, тасымалдауға, жеке жүріп-тұруға, қонақ үйде тұрып, тамақтануына жұмсалған қаражатынан айырылды, ал, Скамейкин Т. болса болжаған табысын алу мүмкіндігінен айырылды.
Шарттың орындалуы тоқталды ма? Елкин Е. өзінің міндемесін орындамағаны үшін Скамейкиннің алдында жауапты ма? Міндеттемені орындамаудың себебі Елкин Е – нің абайсыздығы болса, жауап өзгерер ме еді?
7 Жеке кәсіпкер И. Оразбаев 15 тамызға дейін Васенковтан жанар-жағар май сатып алу үшін 80 мың теңге қарызға алады. Қарыз мерзімінде қайтарылмайды, ал 27 қыркүйекте Васенков В. Аяқ астынан қайтыс болады. Қайтыс болғанның барлық мүлкі оның ұлы Анатолийге көшеді.
Міндеттеменің орындалуы тоқталды ма? Егер де сіз Оразбаев И. қарызды қайтаруға міндетті деп есептесеңіз, онда кімге және қандай сомада? Васенков В. емес, Оразбаев И. қайтыс болса жауап өзгерер ме еді?
8 «Юность» тігін фабрикасы балалар кешенді дүкеніне 1 тамызға дейін қыздарға арналған мектеп киімін жалпы мөлшері 500 нысанада жеткізуге міндеттенеді. Алайда шартта белгіленген мерзімде және одан кейін тапсырылған киім жеткізілмейді, нәтижесінде кешенді дүкен шығынға ұшырайды. Шартты бұзудың себебі тігін фабрикасында қажетті матаның болмай қалуы болады. Мата мақта фабрикасында қажетті жіптің болмауынан өндірілмейді.
Тігін фабрикасы кешенді дүкен алдында өз міндеттемесін орындамағаны үшін жауап берді ме? Бұл сұрақтың жауабына фабрикада матаның болмау фактісі мен себебі әсер ете ме? Егер фабрика дүкен алдындағы шығындарды өтесе, бұл оны сол тауарды болашақта жеткізу міндетінен босата ма? Берілген сұрақты шешуге тапсырысқа берілген тауар кешенді дүкенге бір де бір рет жеткізілмегенің маңызы бар ма?
9 Жеке кәсіпкер Акулов А. өзіне тиесілі наубайхананы інісі Крымов К-ға тұрақты рента шарты бойынша береді. Осыдан бір жарым жыл өткеннен кейін Акулов А. қайтыс болады.
Шарттың әрекет етуі тоқталды ма? Сіздің ойыңызша Акулов А. емес, Крымов К. Қайтыс болса жағдай өзгерер ме еді? Жоғарыда келтірілген екі сұраққа да жауап егер бұл ғұмырлық рента болса қалай болар еді? Ал, егер өмір бойы асырауда ұстау шарты болса ше?
10 Профессор Болтабаев Т. өзінің философия мен логикадан ескі кітаптарын аспирант Киреев Н – ға сатады. Төлемді бөлшектеп үш айда жүзеге асыру көзделеді. Алғашқы екі айда Кирев Н. ақшаны төлейді де, үшінші айда – қалған төлемді екі ай ішінде толық өтеуге міндеттенетін қолхат береді.
Кітапты сатып алу бойынша міндеттемеге не болды? Мұндай әрекет заңмен көзделген бе және ол қалай аталады? Бұл келісім борышты өтеу бойынша міндеттеменің ескіру мерзіміне қалай әсер етеді? Бұл мерзім қай айдан жүзеге асады?
22 – тақырып. Шарт ұғымы және оның ережелері
1 Заңнама «шарт түрі», «шарт нысаны» деген ұғымдарға нақты анықтама бермейді, алайда оларды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің құрылымын анықтауға қолданылады.
Төменде көрсетілген үш шарт сипаттамасын салыстырып, қайсысын және неліктен азаматтық-құқықтық шарттың анықтамасы болып табылатынын айтыңыз:
– шарт бұл – белгілі бір нәрсе туралы келісім;
– шарт бұл – міндеттемелік құқықтық қатынастарды анықтайтын айғақтарды бекітетін құжат;
– шарт бұл – екі немесе оданда көп адамның азаматтық құқықтары менміндеттерін белгілеуі, өзгертуі, тоқтатуы туралы келісім.
2 Азаматтық кодекстің жадпы бөліміндегі және ерекше бөліміндегі шарт түрлері туралы баптардың аталуын салыстырыңыз?
Азаматтық-құқықтық шарттың мәні әдебиетте әртүрлі анықталады:
– шарт бұл – заңды факт;
– шарт бұл – мәміле;
– шарт бұл – міндеттеме;
– шарт бұл – азаматтық – құқықтық қатынастардың пайда болуы, тоқтатылуы, және өзгеруінің негізі;
– шарт бұл – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі тәсілі;
– шарт бұл – азаматтық – құқықтық айналымның қозғалыс күші;
3 Сіздің ойыңызша жоғарыда көрсетілген шарттың мәнінің қайсысы дәлірек келеді.
4 Азаматтық құқықтың қандай элементтері азаматтық құқық теориясында көрсетіледі?
5 Азаматтық құқық теориясында шарттуралы ережелерді қолданыстағы, қарапайым және әдеттегі деп бөледі. Аталған шарт ережелерінің әрқайсысына жеке – жеке сипаттама бюеріп, оларға мысалдар келтіріңіз?
23 – тақырып Шартты бекіту, өзгерту және бұзу
1 Оқу әдебиеттерінде шартты бекіту туралы жағдайлардың нақты бір нұсқасын көрсетпейді. Денегмен бұл жағдай тәжірибеде қолданылуда.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша шартты бекітудің неше нұсқасы болады деген ойдасыз? Қандай факторлар шарттың бекітілуіне себеп болады? Шартты бекіту жағдайлары неше сатылы үрдістен өтеді? Шартты бекітудің әр нұсқасының өзіндік қандай ерекшеліктері бар?
2 Павлодар қаласындағы Бектұров көшесінде орналасқан Қ. Армановтың жеке меншігіндегі үйді А. Құрмановтың сатып алу туралы шартының мазмұнын талдай отырып, шарттың мәтінін құрастырыңыз? Үй үш бөлмелі және ас үйден, төбесінің шатыры бар, қоршалған және ақ тастан қаланып салынған. Үйдің орналасқан жер аумағы 0,12г тең. Жер телімінде шифермен қапталған қора, ағаш дәретхана, сонымен қатар ас үй бар. Сатушы өзінің үйін 900 мың теңгеге бағалайды, дегенмен техникалық инвентаризация бюросының берген анықтама қағазына сәйкес үйдің құны 700 мың теңге деп көрсетілген.
3 2000 жылдың қаңтар айында «Лада» сауда бірлестігі СМУ-8 құрылыс ұйымымен мамыр айына құрылыс медігерлігі жөнінде шарттасады. Құрылыс объектісі-көкеніс қоймасы болатын. СМУ-8 кіәнісне байланысты шарт мамыр айында да немесе одан кейінгі үш айда да бекітілмей қалады. Құрылысты салу мерзімі өтіп кетеді.
Қаңтар айында азаматтық-құқықтық шарт күшіне ене алам ма? Егер ол күшіне енетін болса, қандай түрге, және қандай кінәнің нысанына жатады? Сіз бұл шартқа қалай қарайсыз? Оған сипаттама беріңіз? Сіз қалай ойлайсыз «Лада» ЖШС СМУ-8-ге келтірген шығындарын өндіпір алуға құқығы бар ма?
4 Балалар демалыс бағында орналасқан ресторанның иесы П. Болатбаев наурыз айында шаруа қожалығының иесі Р.Момыновпен апта сайын әр жеткізілімде мерзімге сәйкес редисканы 20 теңгемен, құлпынай мен бүлдіргенді 10 теңгемен алуды келіседі.
Бұл шартқа қандай сипаттама бересіз? Тараптардың келісіміне сәйкес редисканың бағысы өзгертілуі мүмкін бе? Бұл шарт бойынша құлпынайдың бағасы қалай аныталады?
5 Шет елдік (бағасы доллармен көрсетілген) аяқ киім сататын дүкенннен аяқ киім алмақшы болған 65 жастағы А. Саматовқа түсініксіз жағдайлар туындайды. Екі жас әйелге аяқ киім көрсетіп жатқан сатушы Айгүлге аяқ киімті көрсетуге сұраған А.Саматовқа сатушы ол «аяқ киім сізге келмейді» деп жауап береді.
Сатушы қандай әдеп нормасы мен заң нормасын бұзып отыр? Бұл арада қандай шарттың түрі мен нұсқасы туралы айтылып отыр? А.Саматовтың қандай құқығы бұзылып отыр?
6 А. Солтанов Қостанай қаласындағы ерлер киімі дүкенінің директоры, «Сәт» тігін фабрикасының директоры Қ. Амановпен шарт жасасады, бірақ ол затты жеткізуді дәл сол қалада орналасқан өндірістік дүкеннің иесі А. Есеновпен шарт жасасады бірақ, затқа ақшаны Қ.Амановқа төлеуі тиіс болатын.
Бұндай шарт қалай аталады? Қандай жағдайда А.Солтанов пен Қ.Аманов, А.Есеновтың келісімінсіз шарты өзгертуге және бұзуға қандай жағдайда құқықтары жоқ және оны еркін пайдалануға құқықтары бола ма?
7 Астана қаласының тұрғаны Қ.Арманова барлық қала үшін шет елдік өндірістік тұтыну заттарын сатып алумен айналасады, жаңа жыл мерекесінің алдында ол «Экстра-М» газетіне көп мөлшерде заттар сатып алушыларға 10% -тен 50%-ке дейін бағасының төмендетілетін жөнінде хабарлама береді. Хабарламаны оқыған Қарағанды қаласының тұрғыны, «Сұлулық» дүкенінің иесі М. Әсетова Қ. Армановаға өзіне қажетті заттардың көлемі мен саны және затты алып кетуге келетін уақыт мерзімін көрсете отырып өзінің келісімін көрсете отырып хат жазады. Бірақ үш күн өткен соң ол тапсырыс берген заттардан бас тартатындығы туралы екінші хатын жазады.
Сіздің ойыңызша, мына жағдайда жарнама, оферта, акцептің қайсысының маңызы артықырақ болады? шарт жасалынды ма? Қ.Арманов М.Әсетованың бірінші хаты бойынша берілген тапсырысын алып кеткен жағдайда қандай жағдайлар туындауы мүмкін?
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы . 1995 жылдың 30 тамызында республикалық бүкілхалықтық референдумда қабылданған
2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі), 1994 жылдың 27 желтоқсаны
3 «Шаруашылық серіктестігі туралы» ҚР Президентінің 1995 жылдың 2 мамырындағы заң күші бар Жарлығы
4 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы»: ҚР Президентінің 1995 жылдың 19 маусымындағы заң күші бар Жарлығы
5 «Жылжымайтын мүліктерді ипотекалау туралы» ҚР Президентінің 1995 жылдың 23 желтоқсаныныдағы заң күші бар Жарлығы
6 «Банкротттық туралы» ҚР заңы. 1997 жылдың 21 қаңтары
7 О регистрации залога движимого имущества: Закон РК, от 30.06.98 г.
8 О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью: Закон РК, от 22.04.98 г.
9 «Акционерлік қоғамдары туралы» ҚР заңы 2003 жылдың 13 мамыры
10 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР заңы 2001жылдың 16 қаңтары
11 «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңы 1997 жылдың 19 маусымы
12 Төлеуғалиев Ғ. ҚР азаматтық құқығы 1т. – Алматы: «Жеті Жарғы» 2001. – 450 б.
13 Гражданское право: учеб. / под ред. М. К. Сулейменова, Ю. Г. Басина. – Алматы, 2000. – 480 с.
14 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть): Комментарий / под ред. М. К. Сулейменова, Ю. Г. Басина. Кн. 1. – Алматы: 2003. – 544 с.
15 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть): Комментарий / под ред. М. К. Сулейменова, Ю. Г. Басина. Кн. 2. – Алматы: 2003.-528 с.
16 Басин Ю. Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: понятия и общая характеристика. – Алматы: 2000. – 120 с.
17 Басин Ю. Г. Сделки. – Алматы: 1999. – 142 с.
18 Басин Ю. Г. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. – Алматы: 1997. – 136 с.
19 Гражданское право: В 2 ч. Ч. 1 под ред. А. Г. Калпина, А. И. Масляева. 2-е изд. – Москва: 2000. – 496 с.
20 Гражданское право: В 3 ч. Ч. 1 под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толстого. 2-е изд., перераб. и доп. – Москва: 2000. – 728 с.
21 Гражданское право: учебник. Ч. 2 / под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толстого. – Москва, 1999. – 736 с.
22 Гражданское право: учебник. Ч. 2 / под ред. А. Г. Калпина. – Москва, 1999. – 420 с.
23 Гражданское право. Т. 3. Полутом 1: учебник. под ред. Б. А. Суханова. – Москва, 2000. – 318 с.
24 Гражданское право. Т. 3. Полутом 2: учебник. под ред. Б. А. Суханова. - Москва, 2000.-285 с.
25 Гражданское право в схемах. Ч. 1: учеб. пособие. под ред. И. А. Бремичева. – Москва, 1999. – 408 с.
26 Гражданское право в схемах. Ч. 2: учеб. пособие. под ред. И. А. Бремичева. – Москва, 1999. – 368 с.
27 Гражданское право России. Ч. 2. Обязательственное право: учеб. пособие. под ред. В. В. Валесского. – Москва, 1998. – 518 с.
28 Гражданское право: учебник / под ред. С. П. Гришаева.-2е изд. переработанное и дополненное. – Москва: Юристъ, 2004. – 496 с.
29 Абдыкадыров Б. К. Гражданское право (Общая часть): учебное пособие в схемах. – Алматы: Юрист, 2004. – 185 с.
Мазмұны
Алғы сөз.......................................................................................................3
1 Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Жалпы бөлім)
бағдарламасы.........................................................................................5
1 – тақырып Азаматтық құқық – ғылым, құқықтың бір саласы
ретінде....................................................................................................5
2 – тақырып Азаматтық құқықтың қайнар көздері.................................5
3 – тақырып. Азаматтық құқықтық қатынас............................................5
4 – тақырып Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.............5
5 – тақырып Азаматтық құқық объектілері..............................................6
6 – тақырып Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде..........6
7 – тақырып. Заңды тұлға азаматтық құқық субъектісі ретінде.............6
8 – тақырып Мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністер азаматтық
құқықтың ерекше субъектісі ретінде..................................................7
9 – тақырып Мәмілелер..............................................................................7
10 – тақырып Өкілдік және сенімхат........................................................8
11 – тақырып Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап мерзімі.............8
12 – тақырып Меншік құқығының түсінігі...............................................8
13– тақырып Жеке, мемлекеттік және коммуналдық меншік................9
14 – тақырып Жалпы меншік.....................................................................9
15 – тақырып Басқа да заттық құқықтар...................................................9
16 – тақырып Меншік құқығын және басқа да заттық құқықтарды
қорғау..................................................................................................10
17 – тақырып Міндеттеме түсінігі және тараптары..............................10
18 – тақырып Міндеттемені орындау......................................................10
19 – тақырып Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету.....................10
20 – тақырып Азаматтық құқық бойынша жауапкершілік..................11
21 – тақырып. Міндеттеменің тоқтатылуы.............................................11
22 – тақырып. Шарт ұғымы және оның ережелері...............................11
23 – тақырып Шартты бекіту, өзгерту және бұзу..................................12
2 Ізденушілік және тәжірибелік тапсырмалар...................................12
1 – тақырып Азаматтық құқық – ғылым, құқықтың бір саласы
ретінде..................................................................................................12
2 – тақырып Азаматтық құқықтың қайнар көздері................................14
3 – тақырып. Азаматтық құқықтық қатынас..........................................15
4 – тақырып Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау...........17
5 – тақырып Азаматтық құқық объектілері............................................18
6 – тақырып Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде........20
7 – тақырып. Заңды тұлға азаматтық құқық субъектісі ретінде...........21
8 – тақырып Мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністер азаматтық
құқықтың ерекше субъектісі ретінде................................................24
9 – тақырып Мәмілелер............................................................................25
10 – тақырып Өкілдік және сенімхат......................................................26
11 – тақырып Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап мерзімі..........27
12 – тақырып Меншік құқығының түсінігі............................................28
13– тақырып Жеке, мемлекеттік және коммуналдық меншік.............31
14 – тақырып Жалпы меншік..................................................................32
15 – тақырып Басқа да заттық құқықтар................................................33
16 – тақырып Меншік құқығын және басқа да заттық құқықтарды
қорғау……………………….………………………………………34
17 – тақырып Міндеттеме түсінігі және тараптары............................35
18 – тақырып Міндеттемені орындау....................................................37
19 – тақырып Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету....................38
20 – тақырып Азаматтық құқық бойынша жауапкершілік.................40
21 – тақырып. Міндеттеменің тоқтатылуы............................................42
22 – тақырып. Шарт ұғымы және оның ережелері..............................45
23 – тақырып Шартты бекіту, өзгерту және бұзу.................................46
Әдебиеттер.........................................................................................48
Достарыңызбен бөлісу: |