О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



бет35/65
Дата01.11.2023
өлшемі1.28 Mb.
#482119
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
географияны оқыту әдісі

Кiм жылдам ойыны


Бұл ойын оқушыларды шапшаңдыққа баулитын ойындардың бірі. Шеңбер сызу нәтижесінде әріптер жазу арқылы ойналады. Мысалы, 7-сыныптың географиясы бойынша «Үнді мұхиты» тақырыбын аламыз.
Егер осы шеңбердегі «Я» әрпінен бастап, екі тор көз тастап тез оқитын болса, төмендегідей сөздер шығады:

  1. Ява.

  2. Абель Тасман.

  3. Кук.

Саяхатқа шығу ойыны


Оқушылардың ең жақсы көретін ойыны – карта бойынша саяхатқа шығу. Әсіресе ұлы географиялық ашулар заманындағы ұлы саяхатшылардың саяхаттары. Әрбір материктер мен мұхит- тардың ашылу тарихы кезіндегі жүрген жолдарын сабақтарда ойнатуға болады.


Мысалы, «Оңтүстік Америка материгі» тарауы. Материктің ашылу және зерттелу тарихы бойынша сабақтарда «Саяхат» ойы- нын қолдануға болады. Оқушыларда Х. Колумб, А. Веспучи, Ф. Магеллан, т.б. рөлдеріне қойып, саяхатқа карта арқылы шы- ғарамыз. Ойынның тиімділігі – оқушылардың есінде жер-су атта- ры қалады әрі саяхатшылардың жүрген жолдарын біледі.
Сурет, картасызба арқылы берілетін жұмбақтар
Бір «Р» әрпі берілген Қазақстанның қалалары мен өзендерін жазыңыз.

1. Қазақстанның қалалары 2. Қазақстанның өзендері


  1. Атырау 1. Арыс

  2. Жаңақорған 2. Ертіс

  3. Қарағанды 3. Қаратал

  4. Қаражал 4. Қарасу

  5. Қызылорда 5. Нұра

  6. Қызылжар 6. Тоқырауын

  7. Тараз 7. Торғай

  8. Талдықорған 8. Сырдария

  9. Павлодар 9. Ырғыз

  10. Орал 10. Сарысу



Сурет арқылы ойналатын ойындар


Қолына пистолет ұстаған адам суреті төмендегі географиялық атаулардың формасынан құралған. Басы – Ресейдің солтүстігін- дегі түбек (кері қарағанда) қолы – Ресейдің Азиялық бөлігіндегі көл. Сол аяғы – екі көл, бірі – азиялық бөлімінде, екіншісі – еуро- палық бөлімінде, оң аяғы Солтүстік мұзды мұхитындағы арал. Осы атауларды табыңыз.
Жауабы: Басы – Ямаль түбегі, қолы – Балқаш көлі, денесі –
Каспий теңізі, сол аяғы – Байкал көлі мен Чуд көлі (Псков көлімен), оң аяғы – Жаңа Жер аралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет