О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет48/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

8.4. Мұражайларға экскурсия
Iрi қалалардың әрқайсысында дерлiк өлкетану мұражайы 
болады. Географқа өлкетану мұражайын пайдалану қажет. Оқу-
шыға ешбiр кiтап, ешбiр табиғаттану экскурсиясы өлкетану мұра-
жайына бiр жерде жиналған географиялық материалдардай көп 
материал бере алмайды. Расында да мұражайдың 2-3 бөлмесiнде-
ақ болып, өз жерiңiздiң басты-басты барлық физикалық-гео-
гра фиялық жағдайымен танысуыңызға мүмкiндiк болады. 
Мұра жайда физикалық-географиялық объектiлер әрқашан өте 
көр нектi, ықшам, түсiнiктi және мейлiнше логикалық тәртiпке 
берi ледi. Мұражайдан сөз гипсометриялық және геологиялық 
картадан бастап, ең жаңа экономикалық карта неше түрлi сыз-
балар, профильдер, геологиялық тiлiндiлер, топырақ жыныста-
рын, пайдалы қазбалардың коллекцияларын табасыз. Өлкетану 
мұражайында әрқашан өсiмдiк және жануарлар дүниесi, әсiресе 
адамдар, жақсы көрсетiлген болады. Жалпы алғанда, өлкетану 
мұражайы (идеясы жағынан) өз өлкемiздiң ең көрнекi геогра-
фиясы болып табылады. Өлкетану мұражайында географиялық 
материалдар қашан да болса өте айқын түрде көрсетiледi және 
олардың түсiнiк жазулары болады. Ақырында, мұражайда әртүрлi 
түсiнiк және нұсқаулар бере алатын арнаулы адамдар болады. 
Мұражайға екi түрлi: жалпы бiлiм алу және арнаулы мақсатпен 
экскурсия жасауға болады. Бiрiншi жағдайда 1,5-2 сағат уақытты 
сіз мұражайдың барлық бөлiмдерiндегi неше түрлi экспонаттар-
ды көруге пайдаланасыз. Екiншi жағдайда сол уақытты тиiстi 


134
бiр бөлiмдi мұқият қарастырып шығу үшiн пайдаланасыз. Оқу 
мақсаты үшiн бiз тек екiншi тәсiлдi қолданамыз. 
Мысалы, бiз 5-сынып курсы бойынша «Жер бетiнiң форма-
лары» деген тарауды өтетiн болсақ, онда мұражайда өзiмiздiң 
өлкенiң гипсометриялық рельефтiк карталарын, про фильдерiн, 
тiлiндiлерiн балаларға түсiнiктi шамада геологиясын, тау жыны-
старын, пайдалы қазбаларды және басқа алған тақырыбымызға 
байланыстылардың бәрiн де қарастырамыз. Мұғалiм топырақты 
да, өсiмдiктi де, адамды да жер бетi формаларымен байла-
ныстыру қажет деп табуы да мүмкiн, бiрақ ол жаңа тақырып 
талқылау болып шықпайды, сол бiздiң алған тақырыбымыздың 
иллюстра циясы болып табылады. Жылдың аяғында сол 5-сы-
нып оқушылары «Ландшафтылық зоналар» тарауын өткенде, 
мұражайда топырақ пен өсiмдiк нақтылы материал ретінде 
көбiрек қамтылып, бұрынғыдан әлдеқайда терең талқыланады. 
Сонымен, географ оқушыларды мұражайға экскурсияға тек бел-
гiлi бір географиялық тақырыптарды талқылау үшiн апарады. Мұға-
лiм дердiң бiрi: «мұражайға барған оқушылар оның басқа бөлiм дерiн 
де көргiсi келсе қайтемiз», – деп сұрауы мүмкiн. Бiздiң ойы мыз ша, 
оқушылар жалпы бiлiм алу мақсаты мен мұражайды бұрында көрген 
болуы керек деймiз. Мұражайға ондай жалпы бiлiм алу мақса тымен 
экскурсияны, әрине, қай мұғалiм болса да өткiзе алады. 
Оқушылармен бiрге мұражайға кетiп бара жатып, кейде 
мұға лiм iшiнен «мұражайда жетекшiлер бар, бiзге барлығын да 
солар түсiндiрер» деп те ойлауы мүмкiн. Мұғалiм мұражайға 
оқушылармен жұмыс өткiзу және оны неғұрлым жақсы өткiзу 
секілді белгiлi бiр мақсатпен барады. Ол жұмысты кiм мұғалiм-
нен жақсы өткiзе алады. Тiптi, ең жақсы деген жетекшi кәдiмгi 
қатардағы мұғалiмнiң iстегенiн iстей алмайды. Мұғалiм оқушы-
ларды бiледi, өзiнiң оқушыларға қандай бiлiм бергiсi келетiнiн 
бiледi. Сонымен қатар оқушылар да мұғалiмдi бiледi, оның ай-
тайын деп тұрғанын сөйлей бастағаннан-ақ олар түсiне қояды. 
Экскурсиялық жұмыста осылардың бәрiнiң маңызы зор, 
сондықтан бiзге мұражайда экскурсия басқарушы мұғалiмнiң өзi 
болу керек дегендi жақтаймыз. 
Мұражайдың жетекшiсi мұражайды мұғалiмнен анағұрлым 
артық бiлетiнiне талас жоқ, ол рас. Қалғандарының бәрi дәлелсiз. 


135
Дала экскурсиясын басқару үшiн мұғалiм дайындалуы керек. 
Объектiлердiң қай жерде екенiн, оған қалай бару керек екенiн, ненi 
түсiндiру керек екенiн ол бiлуге мiндеттi. Мұражайға экскурсия 
жасауға дайындалу одан жеңiл: онда бәрi де жазулы тұр. Бiлмеге-
нiн мұғалiм сол мұражай жетекшiсiнен сұрап та алады. Мұғалiм 
мұнда да, сол дала экскурсиясындағыдай жазу кітапшасын алып, 
ерте бастан мұражай бөлiмiн ұқыптап қарастырып, сұрастырып, 
зерттеп алып, өзiнiң оқушылармен жүргiзетiн жұмысының жос-
парын жасап алуға мiндеттi. Есте болу үшiн ол мынадай ви-
тринада мынау туралы айтамын, басқа бiр витринада суретiн 
салғызамын деп белгiлеп алуына болады. 
Осылай iстелген жұмыс мұғалiмнiң бiлiмiн толықтырады, 
оқушылардың жұмысын жеңiлдетедi. Мұғалiм оқушыларға 
тек жоспар бойынша керек және қажет дегенiн ғана бередi. 
Балалардың назарын көп нәрсеге аударып, оларға көп күш сала 
бермеу керек. Мұражайда бала түгiлі үлкен кiсi тез шаршайды. 
Дағдыланбаған адам мұражайды бiр сағат қараған соң-ақ шар-
шайды. Мұражай толған объектiлер, олардың бәрi де қызықты, 
сондықтан оған ми қуаты көп жұмсалады. Дайындалғанда 
осылардың бәрi де ескерiлуi керек. Мұғалiм экскурсияға өзi 
дайын далып алған соң, тиiстi түрде оған оқушыларды да дайын-
дайды. Әдеттегi дайындалудан, яғни экскурсияның тақыры бы мен 
таныстырудан басқа, мұғалiм оның өзге жақтарын да қарас тырып 
ескеруi қажет. Мұражайда шулауға, жүгiрiп жүруге болмай-
ды, әсiресе заттардың ешбiрiне қол тигiзуге, витринаға сүйенiп 
шынтақтауға болмайды. Балаларды мұражайда дұрыс жүрiп 
тұруға үйрету оңай емес. Балалардың мұражайда өздерiн алып 
жүруiне қарай барлық оқушылардың арасында тәртiп қандай 
екенiн бiлуге болады. 
Оқушылар экспонаттарға қол тигiзуге болмайтынын бiлуi ке-
рек, мұражай үшiн ондай зиянды жағдайды мұғалiм болдырмауға 
мiндеттi. Шынын айтқанда, оқушыларға айтылған ескерту мұ-
ражайда балаларды мәдениеттi алып жүре бiлмеген мұғалiмге 
ескерту болып табылады. Мұражайдың заттарына қол тигiзуге, 
витриналарға шынтақтап сүйенуге мүмкiндiк бермейтiн жақсы 
әдiс-ашық экспонаттарды, витриналарды қарап тұрған уақытта 
қолды артқа ұстау, оқушылар бiрнеше ескерту алғаннан кейiн-ақ 


136
бұған тез дағдыланады. Әрине, мұғалiм бұл жерде балаларға өзi 
үлгi болуы тиiс. 
Оқушыларды экскурсияға дайындаумен қатар, оларды мұ-
ражайға баруға да «дайындау» қажет. Мұғалiм ерте бастан (3-4 
күн бұрын) мұражайға баратын күнi мен сағатын мұражайдың 
басшыларымен келiсiп алғаны дұрыс болады. Өйтпегенде мұра-
жайға да, мектептке де ыңғайсыздық туады. Мұражай экскур-
сияны «кезекке» жазып алады да, оқушылардың есiк алдында 
күтiп тұрып қалмау шарасын қолданады, мұражайдың бөлмелерi 
қарақұрым болмау қамын iстейдi. Мұражай басшыларының 
оны iстеуге мүмкiндiктерi көп. Экскурсия жазылып қоймағанда, 
мұражай басшылары өздерiнiң жұмысын жоспарлай алмай 
қалады. Мұғалiм осының бәрiн де ескеруi керек. 
Кейбiр жағдайларда мұражайдың жетекшiсiмен келiсiп қою 
да қажет болады: мысалы, жетекшi витринаны ашып, заттарды 
жақынырақ жерден көрсетуi, әлде ол туралы бiрдеңе айтуы да 
мүмкiн. Кей жағдайда мұражайдың жетекшiсiн қатыстыру өте 
пай далы болады. Бiрақ осылардың бәрiн мұғалiм ертеден еске 
алып, экскурсияның жоспарына енгiзуi қажет. Бұл жағдайда мұ-
ра жай жетекшiсiнiң берген түсiнiгiн мұғалiмнiң география саба-
ғында хрестоматиядан дауыстап үзiндi оқуымен теңеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет