№
|
Бағалау критерийлер
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1.
|
Пациентпен және анасымен сенімді қарым-қатынас орнатты. Оған дәрілік затты енгізу мақсатын, жолын, маңызын түсіндіріп, рұқсатын алды. Гигиеналық деңгейде қолды өңдеп, зарарсыздандырылған халат, бетперде және қолғап киді. Қолғапты киер алдында қолды антисептикалық ерітіндімен өңдеді.
|
|
|
|
2.
|
Сүрткіш, мақталы шарик және пинцеті бар зарарсыздандырылған лоток дайындады. Тамшылатып енгізу үшін бір реттік система дайындады. Оның жарамдылық мерзімін және екі жағынан қысып серпінділігін тексерді.
|
|
|
|
3.
|
Инфузия үшін тағайындаған дәрілік заты бар флакон дайындады. Жарамдылық мерзімін, сыртқы түрін тексеріп, дәрігер тағайындауымен салыстырды, қайшымен флаконнан металды қақпақшасын шешті. Флаконның пробкасын 2 рет спиртпен өңдеді.
|
|
|
|
4.
|
Ораманы қиып, системаны алды. Системадағы роликті қысқышпен жапты. Системаның пластикалық ұшын флаконға енгізіп,. Флаконды төмен қаратып аударып, штативке ілді.
|
|
|
|
5.
|
Тамшылы камераны қысып, жартысына дейін ерітіндімен толтырды. Роликті қысқышты ашты. Системаның ұшын төмен түсіріп, ауа көпіршіктерін шығарып, система түтікшесін ерітіндімен толтырды. Роликті қысқышты жапты.
|
|
|
|
6.
|
Пациентті ыңғайлы етіп жатқызды. Пациенттің шынтағының астына клеенкалық жастықша қойды. Көктамырды зерттеді. Иығын салфеткамен орап, иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне көктамырлық жгут қойды. Пациенттің жұдырығын ашып және жұмуын сұрау. Көктамырды сипап зерттеп анықтады.
|
|
|
|
7.
|
Көктамырға пункция жасайтын орынды 2 рет 70% спирттелген шарикпен сүртті. Мақталы шарикті дезинфекциялық ерітіндіге тастады. Инені қалпақшасымен бірге системадан шешіп,, содан соң- инеден қалпақшасын шешті. Сол қолдың үлкен саусағымен енгізетін жерден төмен көктамырды фиксациялады. Инені оң қолмен канюлясынан ұстады.
|
|
|
|
8.
|
Пациентке қолын жұмуын сұрады. Көктамырға ине ұзындығының 1/3 енгізіп, канюля астына зарарсыздандырылған салфетка қойды. Канюлядан қан салфеткаға тамшылап тұрғанына көз жеткізіп, жгутты шешті да пациентке қолын ашуын сұрады.
|
|
|
|
9.
|
Системадағы қысқышты ашты. Системаны иненің канюлясына жалғастырды. Салфетканы ауыстырып, инені лейкопластырмен бекітіп, енгізу орнын зарарсыздандырылған салфеткамен жапты. Роликті қысқыш көмегімен тамшының түсу жылдамдығын реттеді. Ауалы клапанды ашты. Тамырға енгізу кезінде пациенттің жағдайын және көңіл-күйін бақылап отыру керектігін айтты.
|
|
|
|
10.
|
Роликті қысқышты жапты. Инъекция орнын тері антисептигі бар шарикпен /салфеткамен/ қысып, инені шығарды. Пациенттен шынтақ буынында бүгуін сурады. Инъекциядан кейінгі гематоманың профилактикасын жүргізді.
|
|
|
|