Сарапшылар ұсынылған идеялардың ішінен нақты жағдайларда қолдануға
тұрарлықтарын таңдап алады.
«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады:
•
Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет,
проблема, сұрақ)
туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді.
•
Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі,
олардың еркін жағдайда
айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай
(мәселен,
олардың дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне қарамай) келтіре
беруі керек;
•
Идеялар
ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда
оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін;
•
Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі;
•
Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан
кейін ғана оларды
талқылау жұмысы басталады.
Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-6 минут) аяқталған соң,
оқушылар бірлесе (жұптасып,
шағын топ ішінде, бүкіл сынып болып)
жазғандарымен бөліседі,
сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады
(4-
20 минут)
«Ой қозғауда» балама келтіру (аналогия), қиял-фантазия, инверсия, эмпатия
тәсілдері кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: