Оқытушы: Усербаев М. У



бет7/10
Дата07.07.2016
өлшемі0.65 Mb.
#182805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

« Жедел іздестіру қызметі туралы» заңда ұйғарылған жедел іздестіпу қызметін жүзеге асыру тәртібіне: жедел іздестіру шараларын жүргізудің заңда қарастырылған негіздері бар болуы; жедел іздестіру шараларының жедел іздестіру қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі; жедел іздестіру шараларын жүзеге асыратн адамда өкілетінің бар болуы; жедел іздестіру шараларын жүргізу талаптарын сақтау; жедел іздестіру қызметін міндетті түрде құжаттау; жүргізілетін тексерістердің объективті және толық болуы; жедел іздестіру мәліметтерін, материалдарын тергеу органдарына уақтылы ұсыну; тергеу әрекеттерін әзірлеуге және жүзеге асыруға арнайы техникалық құралдарды қолдану; жедел іздестіру шараларын әзірлеуге немесе өткізуге азаматтарды құпия түрде тарту шарттары жатады.

Прокурорлардың анықтауына жататын тағы бір негізгі тақырыптардың бірі, жедел іздестіру шараларын өткізу негіздері болып табылады.

Заң бойынша жедел іздестіру шараларын өткізу негіздері:


  1. қозғалған қылмыстық істің болуы;

  2. жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға мәлім болған: құқыққа қарсы әзірленіп жатқан немесе жасаған әрекеттер, сондай ақ оны әзірлеуші, жасап жатқан немесе жасаған адамдар туралы, ҚР мемлекеттік, әскери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы; жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар туралы; хабар ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және танылмаған өліктерді тауып алу туралы мәліметтердің болуы;

  3. тергеушінің, анықтау органының тапсырмалары, прокурордың нұсқауы немесе олардың өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша сот ұйғарымының болуы;

  4. жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы өзге органдардың сұрамдарының болуы;

  5. ҚР заңдарында қаралған тәртіпте уәкілетті мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын қауіпсіздік шараларын қорғалатын адамдарға қолдану туралы қаулының болуы;

  6. ҚР халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының сауалдарының болуы.

Нақты жедел іздестіру шараларының заңдылығын тексеру кезінде прокурор оларды жүргізудің белгіленген тәртібіне, мысалы, азаматтың конституциялық құқығын шектейтін жедел іздестіру шараларын өткізуге сот шешімінің бар болуына де көңіл бөледі.

Прокурор жұмысының жауапты участігі – жедел іздестіру, анықтау және алдын алу қызметтерін жүзеге асырушы органдармен қабылданатын шешімдер заңдылығын қадағалау.

Прокурорлық қадағалаудың мәніне жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен қабылданатын мына шешімдердің заңдылығы жатады:


  1. шұғыл есепке алу істерін жүргізу және тоқтату туралы.

  2. нақты жедел іздестіру шараларын жүргізу немесе тоқтату туралы.

  3. жедел іздестіру шараларының нәтижелелерін анықтау органына, тергеушіге немесе сотқа ұсыну туралы,

  4. жедел іздестіру шараларын өткізу барысында қолданылған немесе қолданылатын күштер,құралдар, деректер, әдістер, жедел іздестіру қызметінің жоспарлары мен нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай ақ жедел іздестіру шараларын ұйымдастыру мен жүргізу әдістерін құпиялау туралы.

  5. сот шешімі негізінде жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижелері көрсетілетін материалдарды жою туралы.


2. Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі
Жедел іздестіру қызметінде заңдардың орындалуын қадағалау үшін прокурорға тиісті өкілеттіктер бнрілген. Прокурор өз қызметін тек осы өкілет шегінде ғана жүзеге асырады. Тәжірибеде прокурордың жұмысы белгілі бір нысандарда жүзеге асады. Прокурордың өкілеттігін анықтайтын құқықтық норма оған белгілі бір әрекеттерді жасау құқығын береді.

Қадағалау нысаны негізінде прокурордың жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде оған берілген өкілеттікті пайдалану жолымен іске асыратын заң бұзылушылықты ескерту, анықтау және жою жөнінде мақсатқа бағытталған қызметі түсіндіріледі.

Прокурордың жедел іздестіру қызметіндегі прокурордың өкілеттік сипатын анықтауда жедел іздестіру шаралары тек қылмыстық істі тергеуге байланысты ғана жүргізілмейтіндігін ескеру қажет. Олар қылмыстық іс қозғалғанға дейін немесе құқық бұзушылыққа қатысы жоқ жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Сондай ақ алдын ала анықтау және тергеу қызметіне қарағанда ерекшелігі, ал ол қызмет процесуалды, ал жедел іздестіру қызметі процесуалды емес. Осыған байланысты, прокурордың осы саладығы өкілеттігі өз сипаты бойынша ерекше. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау кезінде прокурор жедел іздестіру шараларын жүргізуге және бұл шаралардың біреуін де өткізуге құқылы емес.

Жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы ҚР Бас прокурорының 1996 жылғы 25қарашадағы бұйрығында жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалауға өкілеттелген прокурорлар мыналарға құқылы делінген:

жедел іздестіру шараларының негіздемелері, тәртібі және шешімі туралы мәлңметтерден тұратын құжаттармен танысуға;

қылмыстық істер бойынша жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру немесе оларды тоқтату туралы жазбаша нұсқаулар беруге;

анықтау органдарының қылмыстық іс қозғау туралы негізсіз қаулыларын бұзуға;

тексерулері соттың құзырына жататын шағымдарды сотқа жолдауға;

жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын және жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардан жазбаша түсініктеме талап етуге;

жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар басшыларының заңға қайшы келетін бұйрықтары мен нұсқауларына наразылық келтіруге.

Уәкілетті прокурорлар жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар басшыларынан істерді шұғыл есепке алуды жүргізуге, сондай ақ жедел іздестіру шараларын өткізуге негіз болған құжаттарды сұратып алуға құқылы.

Құжаттарды ұсынудан заңсыз бас тарту, белгілі бір жағдайларға байланысты прокурор талаптарын орындамау немесе оның қызметіне кедергі жасау ретінде қаралады. Мұндай негіздер бар болған жағдайда, прокурор кінәлі лауазымды тұлғаларды белгіленген заң тәртібінде жауапкершілікке тартуға шаралар қолданады.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа енгізілген тұлғалар туралы, жасырын штаттық қызметкерлер туралы, құпиялылық негізде кім көмек жасап жүргендігі немесе жасағандығы туралы мәліметтер, осы адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартудан басқа жағдайларда, прокурорға тек олардың жазбаша келісімімен берілетіндігін ескеру қажет.

Уәкілетті прокурорлар жедел іздестіру қызметін жүргізу кезінде өз өкілеттерін пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге, олардың қалпына келуіне уақтылы шаралар қолдануға, келтірілген залалды өтеуге және негіздер бар болған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершіліке тартуы қажет.


3. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері

Жедел іздестіру қызметі туралы ҚР заңының 10 бабында заңдылығын қадағалауды прокурор жүзеге асыратын, жедел іздестіру жұмысын атқару құқғына иемденген мемлекеттік органдардың тізімі берілген. Оған мына шұғыл бөләмшелер жатады: а) ішкі істер органдары; б) ұлттық қауіпсіздік органдары; в) ҚМ әскери барлау органдары; г) қаржы полициясының органдары; д) ҚР Президентінің күзет қызметі.

Бұл тізім жеткілікті емес. Ол тек заңмен ғана өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін.

Прокурор қадағлауды жүзеге асыра отырып, осы органдардың біреуі де республиканың заң актлерімен анықталған өкілеттік шегінен шықпауларын бақылайды.

Жедел іздестіру қызметінде заңдардың орындалуын тексеру үшін негіздерді анықтау маңызды болып табылады. Жедел әздестіру қызметі туралы Заңының 21 бабында уәкілетті прокурорлардың талаптары бойынша органдар басшылары оларға шұғыл есепке алу істерін, шұғыл техникалық құралдарды пайдаланумен жедел іздестіру шараларын өткізу туралы материалдарынан тұратын құжаттарды, есепке алу тіркеу құжаттамасын және жедел іздестіру шараларын өткізу тәртібін реттейтін ведомоствалық нормативтік құқықтық актлерді ұсынады делінген. Бұдан прокурорлық тексеріс жүрізуге тек шағымдар ғана емес, белгілі бір жағдайда прокурордың жеке бастамасы да негіз болатыны көрінеді.

Бас прокурордың нұсқауы бойынша жедел іздестіру шараларын өткізу және олар бойынша қабылданатын шешімдердің белгіленген тәртібін тексеруде мыналар жүзеге асырылсын:

қылмыстық істер бойынша айыптаушыларды; қылмыс жасаған тұлғаларды; хабар ошарсыз жоғалып кеткендерді іздеу кезінде болымды нәтиже шықпауына байланысты қажеттілігіне қарай материалдар бойынша;

тергеушінің тапсырмасына, өндірістегі қылмыстық істер бойынша анықтау мен сот органдарының тапсырмаларына, прокурордың нұсқауына тиісті шаралар қолдану туралы ақпарат бойынша;

басқа жағдайларда осы салалар қызметтеріндегі заңдылықтың қалпын ескерумен.

Қадағалау әдістерінде қылмысты ашу, анықтау, тергеу және сот органдарынан жалтарған адамдарды, хабар ошарсыз кеткен және т.б.қарай өз ерекшеліктері болады.

Жедел іздестіру қызметінде заң бұзушылықтарды анықтаудың және жоюдың нәтижелі әдісін әзірлеу үшін осы қызметті жүзеге асыру кезінде жіберілетін заң бұзушылықтарға терең талдау қажет.

Шұғыл қызметкерлердің, тергеушілердің және прокурорлардың пікірлері бойынша қылмыстың мән жайын анықтау, заттай дәлелдемелер мен қылмыстың өзге іздерін табу сияқты заңдылықтарды орындау кезінде көптеген заң бұзушылықтарға жол беріледі.

Қылмыстық істерді қозғауға негіз болған сыбайластық қылмыстар жөніндегі материалдарды қарап талдау ме тәжірибе көрсеткендей шешімдер тек тараптардың шағымдары бойынша қабылданған. Негізінен, қылмыстық істерді қозғауға орта және аса ауыр емес дәрежедегі қылмыстар бойынша жедео іздестіру шараларының нәтижелері негіз болады. Мұндай қылмыстар мемлекеттік қызметке кіру кезде жасанды дипломдарды, уақытша еңбекке жарамсыз кезе жасанды дипломдарды, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын пайдалануға байланысты болады.

Жедел іздестіру қызметінде заң бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын, бұл заң бұзушылықтарға мүмкіндік тудыратын жағдайларды зерттеу көптеген заң бұзушылықтар тек төмен кәсіби дайындықтың ғана емес, өздерінің қызметтік міндеттеріне селқос қарауына байланысты екендігін куәландырады. Прокурордың міндеті прокурорлық қадағалау құралдарымен заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сондай ақ орындаушыларға, тиісті құрылымдардың, жоғары тұрған органдардың басшыларына да нәтижелі ықпал ететін шаралар қолдану.

Прокурордың санкцисының маңыздылығына байланысты орта дәрежедегі қылмыстар, сондай ақ сыбайластық бағыттағы қылмыстардың ерте кезеңдерінде әзірлемелерді жүргізуге арнайы шараларды өткізу қажеттілігін тәжірибе көрсетеді. Қылмыстық кодекс бабының диспозициясы бойынша сыбайластық қылмыстар көбінде орта және ауыр емес дәрежедегі қылмыстарға жатады.

Тексеріс кезінде өкілетті прокурорлар Бас прокурор талаптарына сәйкес мыналарға көңіл аударылуы қажет:

шұғыл тексерістерді жүргізу немесе тоқтату және жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін пайдалану туралы қабылданудағы шешімдердің заңдылығына;

жедел іздестіру шараларының адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және қоршаған ортаға залал келтіретін техникалық құралдармен ақпараттық жүйелерді қолдануына жол бермейтін жедел іздестіру қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуіне;

жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы адамдарда заңдылықпен қаралған өкілеттіктің және жедел іздестіру шараларын, оның ішінде сотпен рұқсат берілген шараларды жүргізу үшін негіздемелердің бар болуына;

заңда белгіленген жедел іздестіру шараларын өткізу жағдайлары мен тәртібін сақтауға, азаматтардың құпиялылық негізде немесе сенімділік қатынаста жүзеге асырылуына.

Уәкілетті прокурорлар, оларға берілген өкілеттікті пайдалана отырып, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол берілмеуіне, олардың қалпына келтіруіне, келтірілген залалды өтеуге және негіздер бар болған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға уақтылы шаралар қолданылуы тиіс.

Жоғарыда белгіленгендей, прокурорлық қадағалау әдістерінде жедел іздестіру қызметінің нақты бағыттарына қарай өз ерекшеліктері бар. Уәкілетті прокурорларға жедел іздестіру қызметі барысында қылмыстарды алдын алу және табу жөніндегі заңдардың орындалуын тексерудің ерекше негізі, шағымдарды қарау кезінде анықталған заң бұзушылықтар туралы мәліметтер болып табылады.

Тиісті тексерістерді жүргізе отырып, прокурорға мыналарды анықтау қажет:

жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органда белгіленген тіркеу бойынша осы азаматқа қатысты жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын анықтау;

егер шаралардың жүргізіліп жатқаны анықталса, шұғыл істің уақтылы жүргізілуі мен негізділігін, шараларды жүргізу үшін заңды негіздердің бар болуын тексеру;

қылмысты алдын алу бойынша қандай шаралар қолданғанын тексеру;

бақа қылмыстар туралы мәліметтер бойынша қандай шаралар қолданғанын анықтау;

материалдар бойынша қабылданудағы шешімдердің мерзімдері мен заңдылығын тексеру; оның нысанына да шара қолдану қажеттігі туралы мәселені шешу.

Қылмыстарды алдын алу және табу бойынша жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті прокурордың жұмыс көлемінің үлкен бөлігің хабар ошарсыз кеткен азаматтарды іздеуін қадағалау құрайды.

Азаматтың хабар ошарсыз жоғалып кеткендігі туралы арыздың жасалған немесе әзірленіп жатьқан қылмыстар туралы арызбен маңызы бірдей емес, себебі онда хабар ошарсыз жоғалғанға қатысты жасалған қылмысты көрсететін мәліметтер болмайды.

Жедел іздестіру қызметі саласындағы заңдардың орындалуын қадағалау кезінде прокурорлар негізгі күш жігерлерін қылмыстарды ашуға және осы қызметті жүзеге асыратын органдардың адамдарын әшекерлеуге салады. Қылмыстардың ойдағыдай ашылуы, әдетте, жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен ждүргізілуі мүмкін шараларға байланысты болады.

Жақсы ойластырылған жедел іздестіру шаралары мыналарды:

қылмыс жасау құралдарын және заттай дәлелдемелерді ашуға;

ұрланған құндылықтарды табуға;

іс бойынша маңызы бар материалдар мен құжаттарды анықтауға;

мүмкін болған куәларды, қылмыс жасаған адамдарды, олардың байланыстарын, қылмысқа қатысушыларды және т.б.анықтауға көмектеседі.

Тергеушінің тапсырмасы бойынша жедел іздестіру шараларының заңдылығын тексеру кезінде прокурор мыналарға көңіл аударуы керек: бірінші, тапсырманың толық орындалуына; екінші, заңда қарастырылған барлық мүмкіндіктерді пайдалануға; үшінші, тапсырманың орындалуы мен тергеаушіге уақтылы жолдануына.

Тергеушінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жедел іздестіру қызметиі оның тапсырмасынсыз тек бір жағдайда: егер қылмыс ашылмаса ғана жүргізілуі мүмкін екендігің ескеру қажет.



8 – тарау

ТЕРГЕУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
1. Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері

Қазіргі кезде, жеке адамның мойындауы ьойынша оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің жоғары құндылығы болып табылады және бірінші кезекте прокурорлық қадағалауды жетілдіру, оның нәтижелілігін арттыру міндеті тұрады. Прокуролық қадағалаудың нәтижелілігі кез келген құқықтық институттағы сияқты осы мақсаттарға жетудің нақты қорытындылары бойынша бағалануы керек. Нәтижелік деген күш – жігерді, әдістер мен уақытты үнемдеу арқылы мақсатқа жету болып табылады.

Дұрыс ұйымдастырылған алдын ала тергеу мен анықта және олардың заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру қылмыстарды дереу және толық ашуға, оның объективті және жан – жақты тергелуіне, ең соңында – соттың заңды, негізді және әділ шешім қабылдануына елеулі кепілдіктерінің бірін береді.

Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бір бірімен байланысқан және өзара келісілген екі мақсаттан тұрады: бірінші, қылмыс жасаған кінәлі адамдарды жазаланбай қалмауын қамтамасыз ету, екінші, бір де бір азамат негіссіз қылмыстық жауапкершілікке тартылуына немесе құқықтарының шектелуіне жол берілмеу керек.

Тергеу және анықтау заңдылығын жүргізу кезінде Конституция және өзге де заңдармен кепілденген жеке бостандық, хат алысу құпиялылығының сақталуы, еркін жүріп – тұру және азаматтардың т.б. көптеген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылады, ал кейде елеулі түрде шектеледі. Прокурор қылмыстардың тергелуін реттейтін заң нормаларының бұзылмауын, тергеукезінде барлық мән – жайлардың жан – жақты, толық және объективті зерттелуі туралы заң талаптарының сақталуын, заңсыз тергеу әдістерін қолданылмауын қадағалауға міндетті. Прокурор заң бұзушылықтарды алдын – алуға, ал заң бұзушылықтар анықталған жағдайда – оларды жоюға, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірілуіне, моральдық және материалдық залалдардың өтелуіне, сондай – ақ заң бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тартуға шаралар қолдануы тиіс.

Тергеу және анықтау заңдылығын жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалаудың аталған міндеттері оның мәнімен тығыз байлансты болады. Қазақстан республикасының Президентінің «азақстан Республикасының прокуратурасы туралы» заңының 37- бабына сәйкес қадағалаудың мазмұны мен мәні адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, жасалған қылмыстар және тергеу жүргізу туралы өтініштер мен хабарларды шешудің заңдарда белгіленген тәртібінің сақталуы, сондай – ақ осы органдармен қабылданатын шешімдердің заңдылығын сақталуы болып табылады.

Прокурорлық қадағалаудың барлық әдістерімен адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, прокурордың маңызды міндеті болып табылады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсаты мына шаралар бойынша жүзеге асады:


  • қылмыстық ізге түсудің, күдіктілерді ұстаудың, айып тағудың және бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығын уақытылы тексеру;

  • тиісті дәлелдемелерді алу. Мысалы, ұсталған адамның заңсыз тергеу әдістерін қолдану туралы арызын алу кезінде прокурор қылмыстық істі қозғау немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдаумен барлық уәждерді тексеруге міндетті; ҚР Конституциясының, қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарының талаптарын бұзумен алған алынған дәлелдемелер дәлелдеу кезінде алынып тасталуы керек.

Прокурор жұмысының үлкен бөлігін жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қарау және шешудің белгіленген тәртібін тексеру құрайды.

Жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздыр мен хабарламалар түрлі нысандарда болуы мүмкін:



  • азаматтардың арызы

  • қоғамдық бірлестіктердің хабарламалары

  • атқарушы және өкілеттік (заңды) билік органдары мен мекемелерінің хабарламалары

  • мемлекеттік, қоғамдық, жеке кәсіпорындардың хабарламалары

  • бұқаралық ақпарат құралдарымен ( газеттер, журналдар, теледидарлар, радио) жарияланған мақалалар, ескертпелер, хаттар.

Азаматтардың арыздары мен хабарламалары ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша арыздар хаттамаға енгізіледі және оған арызданушы мен арыз қабылдаған адам қол қояды. Жазбаша арызға азамат қол қояды. Арызданушыға қасақана жалған хабар үшін жауаптылығы туралы ескертіледі. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, билік органдарының, лауазымды тұлғалардың хабарламалары жазбаша нысанда болуы керек. Домалақ арыздар қылмыстық іс қозғауға негіз болмаса да, жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыруға көмектеседі. Прокурор әзірленіп жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы домалақ хаттар мен арыздарды өтініштің мазмұнына қарай қауіпсіздік немесе ішкі істер органдарына жолдайды.

Қылмыстық іс жүргізу заңының, Бас прокурордың салалық бұйрықтарының, нұсқаулары мен өкімдерінің талаптарына сәйкес, прокурор жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және шешу кезінде заңдардың орындалуын тексеруі керек.

Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеу тәртібі қылмыстық іс жүргізу заңында қаралмаған. Ол құқық қорғау органдарының ведомстволық нормативтік актілерде анықталған. Жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалардың көбі ішкі істер органдарында қаралады және шешіледі.

Прокурор қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдаудан бас тартпауды бақылауы керек. Тексеріс кезінде қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырушы адам арызданушыға қатаң есепке алу құжаты болып табылатын және бірыңғай тіркеу нөмірімен тұратын талон – қағазын беруіне көңіл аудару қажет.

ҚР Бас прокуроры қадағалау қызметінің осы саласына назар аудара отырып, оған бағынышты прокурорлардан қылмыстар туралы қарылып жатқан арыздар мен хабарламалардың уақытылы тексерілуін, тексеріс әрекеттерін қажет етпейтін жағдайларға жол бермеулерін талап етеді.

Қылмыстар туралы келіп түскен арыздар мен хабарламалар бойынша бірқатар тексеріс әрекеттері – материалдардың талап етілуі, түсініктемелер алынулары мүмкін. Қылмыстық іс қозғалғанға дейін оқиға болған жерді қарау және сараптама жүргізулер заңда қарастырылған кездерден басқа жағдайларда, тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін емес.

Прокурор сондай - ақ, қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар бойынша шешімдердің келіп түскен кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде, тексеріс әрекеттері жүргізілген жағдайда – он сөткеге дейін, ал ерекше жағдайларда – бір айлаық мерзімге дейін қабылдануын бақылауы керек.

Келіп түскен арыздар мен хабарламалар бойынша мерзімдер ұзартылған жағдайда, қылмыстық қудалау органына жиырма төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде прокурорға хабардар ету міндеті жүктелген.

өз кезегінде ұзхарту мерзімдерінің заңдылығын тексеруі керек және азаматтардың өтініштері бойынша процессуалдық шешімдердің созбалаңдыққа салу фактілеріне жол бермеуі керек.

Қылмыстарды алдын – ала тергеу тәртібінің сақталуына прокурорлық қадағалауды анықтау нысанында да, алдын – ала тергеуде де қылмыстық процеске қатысушылрдың (жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, куәлар және т.б.) құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тарту, қоғамды, мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау кепілдігі беріледі.

Заңда ұйғарылған рәсімдерді тергеу шындыққа қол жеткізуге, алынған ақпараттарға объективті баға беруге, кінәсіздік презумциясының конституциялық принциптерінің сақталуына мүмкіндік тудырады.

Тергеу және анықтау заңдылығын жүзеге асыру кезінде прокурор ҚР ҚІЖК басқа, ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 маусымдағы «Алдын – ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы»№88 бұйрығын да басшылыққа алады.


2. Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі

Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтауды жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі ҚРқылмыстық іс жүргізу заңдылығымен және өзге заңдармен (прокуратура туралы Заңның 38-бабы ) анықталады.

Алдын – ала тергеу және анықтау кезінде заңдардың орындалуын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттігі биліктік - өкімдік сипатта болады.

Алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын жүзеге асыру кезінде биліктік - өкімдік өкілеттікті іске асыру мыналарға бағытталған:



  • қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауына, бір де бір қылмыстың ашылмай қалмауына, қылмыс жасаған адамдардың бір де біреуі заңда белгіленген жауапкершіліктен жалтармауына;

  • қылмыс жасау күдігі бойынша азаматтарды ұстау тек заңда қарастырылған тәртіп пен негіздер бойынша жүргізілуіне;

  • ешкімнің заңсыз және негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына немесе басқа құқықтарының шектелмеуіне;

  • прокурордың санкциясыз немесе сот шешімінсізешкімнің қамауға алынбауларына;

  • қылмыстық істерді қозғау мен тергеудің, тергеу мерзімдерінің заңда қарастырылған тәртіптерінің сақталуына;

  • тергеу кезінде дәлелдемелердің жан – жақты, толық және объективті жиналуы мен зерттелуі туралы заң талаптарының сақталуына;

  • қылмыс жасауға мүмкіндік тудыратын себептер мен жағдайлардың анықталуына және оларды алдын – ала шараларының қолданылуына;

  • прокурор қылмыстық ізге түсу және қылмыстық істерді тергеу заңдылықтарын қадағалай отырып, өзіне жүктелген процессуалдық өкілеттікті жүзеге асыру үшін:

  • оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай – ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажетті басқа да іс - әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы;

  • қылмыстық іс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу іс - әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;

  • заңдарда көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізетін лауазымды адамдардың іс - әрекеттеріне санкция береді;

  • жекелеген тергеу іс - әрекеттерін жүргізуге қатысады;

  • қылмыстық ізге түсуден иммунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұйғарым шығарады;

  • алдын – ала тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істі сотқа жібере отырып, істі мәнісі бойынша қарау үшін айыпталушыны сотқа тапсырады;

  • қылмыстық ізге түсу органдарынан тексеру үшін қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды және жасалған қылмыстар туралы, жедел – іздестіру қызметі, анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де мәліметтерді алады;

  • Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңның сақталуын тексереді;

  • Анықтаушы мен тергеушінің, сондай – ақ анықтау органы мен тергеу бөлімі бастықтарының заңсыз қаулыларының күшін жояды;

  • Тергеу мен анықтау толық болмаған, сондай – ақ тергеу және анықтау барысында заң бұзушылыққа жол берілгені анықталған жағдайда қылмыстық істі қосымша тергеуге жібереді, не оны толық көлемінде немесе белгілі бір адамдарға қатысты қысқартады;

  • Қылмыстық істі анықтау органдарынан алып, алдын – ала тергеу органына береді; айрықша жағдайларда тергеудің толық және объективті болуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тергеу органының жазбаша өтінімі бойынша не өз бастамашылығымен белгіленген тергеу ретіне қарамастан, алдын ала тергеудің бір органынан екінші органына береді;

  • Анықтаушы мен тергеушінің, анықтау және тергеу органдары басшыларының іс - әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;

  • Алдын – ала тергеу, анықтау және тергеу органдары басшыларының іс - әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;

  • Алдын – ала тергеу, анықтау ісін жүргізуде заң бұзушылықты анықтаған кезде, анықтаушыны қылмыстық істі одан әрі тергеуден шеттетеді;

  • Алдын – ала тергеудің және бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған қамауға алудың мерзімдерін ұзартады;

  • Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған адамдарды күзетпен ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;

  • Заңдарда көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, прокурор он күн сайын жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы, сондай – ақ хабар – ошарсыз жоғалып кеткен азаматтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу туралы заң талаптарының орындалуын тексеруге міндетті. Бұл міндетті орындау үшін прокурор аталған арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, есепке алу кітаптарымен, журналдарымен және басқа құжаттамалармен, тексеріс нәтижелері туралы материалдармен, қылмыстылықты сипаттайтын статистикалық мәліметтермен және басқа да қажетті мәліметтермен танысады.

Прокурор заң талаптарының орындалуын тексеру үшін жіберілуі мүмкін заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында, алдын ала тергеу және анықтау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, алдын ала тергеу және анықтау кезінде жасалған қылмыстар туралы басқа да мәліметтерді талап етуге және қылмыс жасаған адамдарды анықтауға құқылы.

Алдын ала тергеуді жүргізу кезінде жіберілетін заң бұзушылықтарды нәтижелі жою мақсатында прокурорға айрықша өкілеттік – яғни тергеушілердің және анықтау жүргізуші адамдардың заңсыз және негізсіз қаулыларын бұзу құқығы берілген. Мұндай шешімдерді прокурор оларды бұзу негіздемелері көрсетілетін дәлелді аулыларды қабылдау жолымен бұзады. Прокурор қаулысы тергеушілер мен анықтау жүргізуші адамдардың қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы, қылмыстық істі қозғау туралы, қылмыстық істерді біріктіру туралы, қылмыстық істі бөлу туралы, тергеуді тоқтату туралы, қылмыстық істі қысқарту туралы, азаматтарды айыпталушы ретінде тарту туралы, бұлтартпау шараларын қолдану туралы және басқа да заң талаптарына сәйкес келмейтін іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы заңсыз және негізсіз қаулыларын бұзу кезінде шығарылады.

Заң бұзушылықтарды жоюдың негізгі әдістерінің біріне прокурордың нұсқауы жатады, және ол жазбаша турде берілуі тиіс. Прокурор қылмыстарды тергеу, бұлтартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе бұзу туралы, қылмыстарды дәрежелеу, жеке тергеу амалдарын жүргізу және қылмыс жасаған адамдарға іздеу салу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқылы.

Прокурордың нұсқауы дербес іс жүргізу құжатының нысаны да, көрсетілген жағдайларда шығарылатын қаулылардың бөлімі де бола алды.

Прокурордың алдын ала тергеу және анықтау органдарына берілген барлық жазбаша нұсқаулары қылмыстық істерді қозғау мен тергеуге байланысты болғандықтан, бұл органдарға міндетті түрде қажет. Алынған нұсқаулар бойынша жоғары тұрған прокурорға шағымдану олардың орындалуын тоқтатпайды.

Бірақ, жалпы тәртіп бойынша, заңда бірнеше ерекшеліктер қаралған. Тергеуші прокурордың адамды айыптаушы ретінде тарту туралы немесе қылмысты дәрежелеу мен айыптау көлемі туралы, сондай – айыпталушыны сотқа беру туралы немесе істі қысқарту туралы нұсқауларынмен келіспеген жағдайда, ол нұсқауларды орындамай, жазбаша қарсылықтарымен істі жоғары тұрған прокурорға ұсынуға құқылы. Жоғары тұүрған прокурор мұндай жағдайда мына екі шешімнің бірін қабылдайды: төмен тұрған прокурордың шағымданған нұсқауын бұзады немесе бұл қылмыстық іс өндірісін жүргізуді басқа тергеушіге тапсырады.

Заң нұсқауларды орындау мерзімдерін белгілемейді. Прокурор оның орындалуныа нақты мүмкіндіктерді есепке ала отырып, мерзімді өзі анықтай алады.

Прокурор анықтау органдарына ұстау, алып келу, қамауға алу, қылмыс жасаған адамдарды тінту, алу, іздеу және басқа да тергеу іс - әрекеттерін жүргізу туралы қаулылардың, сондай – ақ өндірістегі барлық қылмыстық істер бойынша қылмыстарды ашу және оларды жасаған адамдарды анықтау туралы нұсқаудың орындалуларына тапсырма беруге құқылы.

Бұл өкілеттіктен маңызды екі жай анықталынады.

Бірінші, прокурор анықтау органына жеке тергеу іс - әрекеттерін орындау және осы қылмыстық қудалау органдары өндірістегі істер бойынша қылмыстарды ашу және оларды жасаған адамдарды анықтауға қажетті шараларды анықтау туралы нұсқау береді; екінші, прокурор көзделген тергеу ретіне қарамастан, мұндай тапсырмалар мен нұсқауларды алдын ала тергеу және анықтау органына жолдай алады.

Қылмыстық процеске қатысушылар мен басқа азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын алдын – ал мен анықтау, анықталған заң бұзушылықтарға шаралар қолдану мен жоюдың басты жолы прокурордың алдын ала тергеу мен анықтау өндірісіне қатысуы болып табылады. Қылмыстық іс кімнің өндірісінде болуына қарамастан, жеке тергеу іс - әрекеттерін жүргізуге прокурор жеке өзі қатыса алады.

Сондай – ақ, айыпталушының (күдіктіге) қамауға алуға санкцияға беру мәселесін шешу кезінде прокурордың өзі бұл адамнан жауап алуға және тиісті хаттама жасауға міндетті. Бұл өкілеттік азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзылуын анықтаудың және жоюдың маңызды жолы болып табылады.

Жалпы тәртіп бойынша, алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс, және ол іс қозғалған күннен бастап істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокурорға жіберген, не істі қысқартқан немесе өндіріс тоқтатқан күннен бастап есептеледі. Дәлелді себептер бойынша белгіленген мерзімде тергеуді аяқтамауға мүмкіншілік болмаған жағдайда (істің күрделілігі, көпэпизодтылығы, тергеу жұмысының үлкен көлемділігі, шалғай жерлерде тергеу іс - әрекеттерін орындау қажеттілігі, сараптаманы жүргізудің ұзақтығы және т.б.) оны аудан, хқала прокурорлары, гарнизонның әскери прокурорлары және оларға теңістірілген прокурорлар үш айға дейін;облыс прокуроры, оның орынбасарлары және оларға теңестірілген прокурорлар – алты айға дейін ұзартуы мүмкін. Алдын – ала тергеу мерзімін одан әрі ұзартуды тек істің асакүрделілігін ескерумен, айрықша жағдайларда ғана ҚР Бас прокуроры немесе оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге асыра алады.

Істің қосымша тергеуге қайтарғанда, сондай – ақ уақытша тоқтатылған немесе қысқартылған іс қайта қозғалған кезде, қадағалаушы прокурор - өндіріске қабылдаған кезден бастап бір айдан аспайтын қосымша тергеу мерзімін анықтайды. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде жүргізіледі. Тергеу мерзімін ұзарту қажет болған кезде тергеуші дәлелді қаулы қабылдайды. ҚР Бас прокурорының нұсқауы бойынша тергеу мерзімін ұзарту туралы өтініштер тергеу мерзімінің өтуіне дейін бес күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Айыпталушының ( оның қорғаушысының) қылмыстық іс құжаттарымен танысуы кезеңінде алдын ала тергеу мерзімі есептелмейді, ал қылмыстық заңмен тыйым салынған іс - әрекеттерді жасаған белгісіз адамның іс өндірісін жүргізу мерзімі қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескеру мерзімімен шектелген.

Анықтауды жүргізуге заң шығарушы қысқартылған мерзімдерді көздеген. Тергеу жүргізуді міндеттейтін істер бойынша анықтау он күндік мерзімде аяқталуға және тергеушіге берілуге тиіс. Бқл мерзім ұзартуға жатпайды. Тергеу жүргізуді міндеттемейтін істер бойынша анықтау қылмыстық іс қозғалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға және бұл мерзімде айыптау қорытындысы мен істі қысқарту немесе тоқтату туралы қаулы қабылдануға тиіс.

Бұл мерзімді анықтау органының бастығы анықтау өндірісін тікелей қадағалайтын прокурорға міндетті түрде хабарлаумен бір айға дейін ұзарта алады. Айрықша жағдайларда, анықтау мерзімдерінің одан әрі ұзартылуы алдн ала тергеу мерзімдерін ұзартуға қатысты тәртіптерде жүргізілуі мүмкін.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 18 – тармағына көзделген: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру, жеке кепілдік беру, әскери қызметшіні әскери бөлім команда басқармасының бақылауына беру, кәмелетке толмағандарды қарауға беру, кепіл беру, үйде қамауда ұстау және қамау сияқты мәжбүрлеу шараларының ішіндегі ең қаталы қамау болып табылады.

Жалпы тәртіп бойынша, бұлтартпау шаралары айыпталушыларға, яғни айыпталушыны анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынды, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастыады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, қылмыс жасады деп айып тағылған адамдарға, сондай – ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін.

ҚР ҚІЖК 142- бабына сәйкес ерекше жағдайларда, қамау түріндегі бұлтартпау шарасы сезіктіге 10 күннен аспайтын мерзімге қолданылуы мүмкін. Егер ұстау мерзімін есептеумен оны қолданған кезден бастап 10 күн мерзім ішінде айып тағылмаса – ол дереу босатылуға жатады.

Кез келген жағдайда, тек қозғалған қылмыстық іс бар болғанда ғана, бір адамға қатысты бір ғана бұлтартпау шарасы қолданылады. Бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігі туралы мәселені шешу кезінде бұдан бұрын аталған негіздерден басқа, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жай – күйі, тұрғылықты жерінің бар – жоқтығы және тағы басқа мән – жайлар міндетті түрде ескеріледі және зерттеледі.

Алдын ала тергеу және анықтау органдарымен бұлтартпау шаралары қолданылғандығы туралы дәлелді қаулы шығарылады, оның көшірмесі соған қатысты шығарылған адамға тапсырылады және онымен бір мезгілде шағымдану тәртібі түсіндіріледі.

Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың шарасы таңдауға мүмкіндік болмаған жағдайда және тек қылмыстық іс құжаттарын мұқият қарап және айыпталушыдан (сезіктіден) жеке жауап алғаннан кейін, жоғарыда аталған шарттар бар болған жағдайда ғана уәкілетті прокурор айыпталушыны (сезіктіні) қамауға алуға санкция береді. Айыпталушыдан (сезіктіден) жауап алу кезінде тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, егер ол іске қатысатын болса, кәмелетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері қатысады және қаралатын мәселе бойынша өз пікірлерін айта алады.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуші кезінде қамауға алудың мерзімі екі айдан аспайды. Ал ерекше жағдайларда 12 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңы ұзартудың құқықтық тәртібі мен айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімдерін қарастырады. Қылмыстарды тергеу кезінде қамауда ұстау екі айдан аспау керек. Ал бұл мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз болмаған кезде бұл мерзімді аудандық, қалалық прокурорлар және оларға теңістірілген әскери және өзге де прокурорлар – үш айға дейін ұзартуы мүмкін. Іс ерекше күрделі болғанда қамауда ұстау мерзімін облыс прокуроры алты айға дейін ұзартуы мүмкін.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағандығы үшін айыпталған адамдарға қатысты ерекше жағдайларда бұл мерзімді ҚР Бас прокуроры бір жылға дейін ұзартыу мүмкін.

Мерзімдерді одан әрі ұзарту заң шығарушымен қарастырылмаған. Қамауда болудың шектеулі мерзімдері өткеннен кейін алдын ала тергеу кезеңінде адам кідірмей босатылуға жатады. Сондай – ақ, шектеулі мерзімдер өткенге дейін бір айдан кешіктірмей қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып және оның материалдары танысу үшін айыпталушыға және оның қорғаушысына берілуі керек.

Қамауда ұстау мерзімдерін ұзарту рәсімдері қылмыстық іс жүргізу кодексінің 153 – бабында толық берілген. Заң шығарушы қылмыстық ізге түсу органына айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті аудан, облыс прокурорларына, оның орынбасарына және оларға теңестірілген прокурорларға мерзім өткенге дейін жеті күннен, ал Бас прокурорға, оның орынбасарларына және Бас әскери прокурорға – он бес күннен кешіктірмей ұсынуды ұйғарған.

Қамау мерзімін 9 айдан астам уақытқа ұзарту, өтініш ҚР Бас прокуротарасы алқасында қарағаннан кейін жүргізіледі.

ҚР ҚІЖК 110 – бабына сәйкес сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы, заңды өкілі прокурор санкцияландырған қамауға алу түріндегі бұлтартпау, сондай – ақ қамау мерзімін ұзарту шарасына тиісті прокуратураның орналасқан жері бойынша қалалық (аудандық) сотқа шағымдануға құқылы.

Қадағалау шағымының келіп түсуі қамау туралы қаулының қолданылуын тоқтатпайды және адамды қамаудан босатуға әкеп соқпайды.

Судья, істі талап етіп ала отырып, прокурордың міндетті түрде қатысуымен жабық отырыста, үш күннен кешіктірмей прокурор санкциясының негізділігін жеке өзі тексереді және мәселені мәні бойынша: бұлтартпау шараларын тоқтату немесе өзгерту, немесее шағымды қанағаттандырусыз қалдыру жайында шешеді. Судьяның қаулысына шағым немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Шағым беру немесе наразылық келтіру сезіктіні, айыпталушыны қамаудан босату туралы сот қаулысының орындалмауын тоқтата тұрады.

Бұл жерде қамаудағылардың туыстармен және айыпталушының (сезіктінің) жақындарымен кездесеге рұқсат беру туралы мәселелер тергеу және анықтау, прокуратура және сот органдарының құзыретіне жататындығын атап өте қажет. Айрықша жағдайларда, жоғарыда аталған органдар өз қараулары бойынша қамаудағылармен кездесуге рұқсат беруге немесе бермеуге құқылы.

Бұл қылмыстық – құқықтық институт қандай да бір заңдылықты бекітпейді. Бірақ бұдан бұрын айтып өтілген бұлтартпау шарасы ретінде қамауды таңдау негіздерінен оны қолдану мемлекеттің қамалғандарды оқшаулау бойынша белсенді әрекеттеріне қайшы екендігі көрінеді.

Ппрокурордың тергеу сатысындағы маңызды өкілеттігі, заңның бұзылғандығы анықталған кезде өзінің қосымша тергеу жүргізу туралы нұсқауларымен қылмыстық істі алдын ала тергеу немесе анықтау органына қайтару құқығы. Мұнда йцөкілеттік тергеуді тоқтатудың, қылмыстық істерді қысқартудың заңдылығы мен негізділігін тексеру, қылмыстық істердің айыптау қорытындысымен түсулері немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу және тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы мәселелерді қарау үшін істі сотқа жолдау туралы қаулы қабылдау кезінде іске асады.

Прокуратура туралы Заң (38-бап) прокурорға заңдылықпен реттеуді және қолданыстағы заң шеңберінен шықпауды талап етпейтін алдын ала тергеу және анықтау мәселелері бойынша нұсқау беру құқығын берген. Прокурордың бұл нұсқаулары ведомстволық тиістілігіне қарамастан, барлық тергеу және алдын алу органдары үшін міндетті. Бұл ретте, қылмыстарды ашу мен тергеу процесіндегі заңдылықты нығайту, қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жалпы сипаттағы нұсқаулар жайындағы мәселе сөз болуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет