Тақырып: Ежелгі мектеп және тәрбие.
Дәрістің мазмұны:
-
Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
-
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.
-
Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы
Мақсаты: Ежелгі мектеп пен тәрбиенің пайда болуы, ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
7 кредит сағат
№ 5 дәріс тақырыбы: Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар
Дәрістің мазмұны:
1. Византиядағы мектеп пен тәрбие.
2. Тәрбие мен білім беру жүйесі
3. Византиядағы педагогикалық ойлар
Мақсаты: Византиядағы тәпбие мен білім беру жүйелері, сол кезеңнің педагог, ойшылдары жөнінде мағлұмат беру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 6 дәріс тақырыбы: Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар
Дәрістің мазмұны:
1. Орта ғасырлық Қытай жәнеҮндістандағы тәрбиелеу мен оқыту.
2. Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар
Мақсаты: Ортағасырдағы педагогикалық ойлардың дамуы жөнінде біліммен қаруландыру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 7 дәріс тақырыбы: Батыс еуропа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (ХҮІІғ орт.– ХҮІІІғ аяғы).
Дәрістің мазмұны:
-
Жаңа дәуір басындағы педагогикалық ойлар.
-
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы ағарту ісі жайлы педагогикалық ойлар
-
Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары.
Мақсаты: Батыс Еуропа елдеріндегі педагогикалық ойлардың дамуы жөнінде түсінік беру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 8 дәріс тақырыбы: Батыс еуропа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (ХҮІІғ орт.– ХҮІІІғ аяғы).
Дәрістің мазмұны:
-
Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу-ағарту мекемелерінің жаңа типтері.
-
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы.
-
Дж.Локк және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарастары.
Мақсаты: Батыс Еуропадағы (ХҮІІғ орт.– ХҮІІІғ аяғы) педагогика классиктерімен, олардың еңбектерімен таныстыру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 9 дәріс тақырыбы: Батыс еуропа елдеріндегі ХІХ-ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие.
Дәрістің мазмұны:
1. Жалпы көзқарас. Философиядағы педагогикалық ойлар
2. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары.
3. ХІХ ғасырдың педагогика классиктері
Мақсаты: Батыс еуропа елдеріндегі ХІХ-ХХ ғ.ғ. педагогиканың дамуы туралы теориялық білім қалыптастыру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 10 дәріс тақырыбы: Қазіргі шетелдік мектеп және педагогика.
Дәрістің мазмұны:
1. Педагогикалық ойлардың дамуының негізгі бағыттары
2. Оқу мен тәрбиелеудің мектептегі тәжірибесі.
3. Оқу мен тәрбие жүйесін реформалау
Мақсаты: Қазіргі шетелде білім беру мен тәрбие беру жағдайы туралы сипаттама беру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 11 дәріс
Тақырып: Х-ХІІ ғасырдағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру.
Дәрістің мазмұны:
1. Ағарту ісінің дамуының бастау алуы.
2. Ресейде христиандықты қабылдау және мектептердің дами бастауы. Шіркеулік-діни педагогика.
3. Баланың жанұядағы тәрбиесі.
4. Оқытудың типтері.
Мақсаты: -ХІІ ғасырдағы Ресейдегі тәрбие мен білім берумен таныстыру, түсінік беру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 12 дәріс
Тақырып: ХҮІІІ ғасырдағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика.
Дәрістің мазмұны:
1. Халықтық педагогика құралдары.
2. Білім беру және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі.
3. Тұңғыш мемлекеттік тәрбие-білім мекемелері.
Мақсаты: ХҮІІІ ғасырдағы Ресейдегі мектеп және педагогиканың дамуы жөніде білім қалыптастыру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 13 дәріс
Тақырып: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу.
Дәрістің мазмұны:
-
Оқу-тәрбие мекемелері.
-
Педагогикалық теориялар және оларды білім, тәрбие беру тәжірибесінде жүзеге асыру.
Мақсаты: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі педагогика ғылымының дамуы жөнінде біліммен қаруландыру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 14 дәріс
Тақырып: Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы
Дәрістің мазмұны:
1. С.Т.Шацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары.
2. Халық ағарту комиссариатының алғашқы тәжірибе мектептері.
Мақсаты: Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы дамуы жөнінде түсінік беру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 15 дәріс
Тақырып: 1941-1970 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы.
Дәрістің мазмұны:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және педагогика
2. Үлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика (1946-1958ж.ж.)
3. Жалпыға бірдей міндетті орта білім беруді жүзеге асыру
Мақсаты: 1941-1970 ж.ж. Кеңес педагогикасының дамуы жөнінде түсінік қалыптастыру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 16 дәріс
Тақырып: 1980-1990 жылдардағы кеңес мектебі мен педагогикасы.
Дәрістің мазмұны:
1. Жалпы білім беретін және кәсіби білім реформасының негізгі бағыттары
2. Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері
Мақсаты: 1980-1990жылдардағы кеңес мектебі мен педагогикасының дамуы жөнінде біліммен қаруландыру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 17 дәріс
Тақырып: Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика.
Дәрістің мазмұны:
1. Ғылым мен гуманизим – үшінші мыңжылдықтың әлемаралық құндылығы
2. Қазіргі педагогикалық технологиялар – объективті қажеттілік.
Мақсаты: Ресейдегі қазіргі кездегі мектеп және педагогиканың даму деңгейі жөнінде түсінік қалыптастыру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 18 дәріс
Тақырып: Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (ҮІ-ХҮғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер.
Дәрістің мазмұны:
1. Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы.
2. Ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары.
3. Қазақ халқының халықтық педагогикасы.
Мақсаты: Ерте замандағы Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлері жөнінде түсінік қалыптастыру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 19 дәріс
Тақырып: Орта ғасырлардағы Қазақстандағы тәрбие, оқыту және педагогикалық ойлар.
Дәрістің мазмұны:
1. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар.
2. Ұлы Дала ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері
Мақсаты: Орта ғасырлардағы Қазақстандағы тәрбие және педагогикалық ойлардың дамуы жөнінде біліммен қаруландыру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 20 дәріс
Тақырып: ХҮ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақтандағы педагогикалық ой-пікірлер.
Дәрістің мазмұны:
1. Қазақ жыраулары жырларының тәрбиелік-қолданбалық және идеялық-эстетикалық мәні.
2. Орыс емес халықтардың ағарту ісіндегі алғашқы саясаты.
Мақсаты: ХҮ ғасыр мен ХІХ ғасырдағы Қазақтандағы педагогикалық ой-пікірлер жөнінде біліммен қаруландыру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 21 дәріс
Тақырып: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ой-пікірлер.
Дәрістің мазмұны:
1. Мұсылмандық мектептерді реформалау.
2. Жаңа әдістік мектептер мен медреселер.
3. Ш.Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің көзқарастарындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер.
Мақсаты: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ой-пікірлер және сол кездің ғалым-ойшылдарының педагогикалық ойлары жөнінде біліммен қаруландыру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 22 дәріс
Тақырып: Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектебі мен педагогикасы. (20-30жж.).
Дәрістің мазмұны:
1. ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс.
2. Ұлттық мәдениет және ана тілде оқытантын мектептер ашу туралы ойлар.
3. Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру
Мақсаты: Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектебі мен педагогикасының дамуы туралы мағлұмат беру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 23 дәріс
Тақырып: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы педагогиканың дамуы.
Дәрістің мазмұны:
1. Ж.Аймауытовтың педагогикалық көзқарастары
2. Х.Досмұхамедұлының педагогикалық көзқарастары
Мақсаты: Ж.Аймауытовтың, Х.Досмұхамедұлының педагогикалық еңбектері, көзқарастары туралы мағлұмат беру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 24 дәріс
Тақырып: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы педагогиканың дамуы.
Дәрістің мазмұны:
1. Қ.Бітібаева –ұлттық тіліміздің тәлімгері
2. Н.Құлжанова мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі туралы.
Мақсаты: Қ.Бітібаева Н.Құлжанованың педагогикалық ойлары, еңбектері жөнінде біліммен қаруландыру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 25 дәріс
Тақырып: ХХ ғасырдың 40-90 жылдары Қазақтандағы педагогиалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.
Дәрістің мазмұны:
1. Республикада бастауыш, орта және бңлңм беретін кәсіби жоғары мектептің дамуы
2. 50-90 жылдарда республикада педагогика және психология ғылымдарының дамуы
Мақсаты: ХХ ғасырдың 40-90 жылдары Қазақтандағы педагогиалық теорияның дамуы жөнінде мағлұмат беру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 26 дәріс
Тақырып: ХХ ғасырдың 40-90 жылдары Қазақтандағы педагогиалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.
Дәрістің мазмұны:
1. Ә.Сембаевтың педагогикалық мұрасы
2. Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы
3. Н.Д.Хмельдің педагогикалық ойлары
Мақсаты: ХХ ғасырдың 40-90 жылдары Қазақтандағы педагог классиктерінің еңбектері, педагогикалық көзқарастары туралы мағлұмат беру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 27дәріс
Тақырып: ХХ ғасырдың 40-90 жылдары Қазақтандағы педагогиалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.
Дәрістің мазмұны:
1. Г.А.Умановтың педагогикалық ойлары
2. А.П.Сейтешовтың педагогикалық мұрасы
Мақсаты: Г.А.Умановтың, А.П.Сейтешовтың педагогикалық көзқарастары жөнінде түсінік беру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 28 дәріс
Тақырып: Егеменді Қазақстандағы педагогика және мектеп.
Дәрістің мазмұны:
1. Білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
3. Жалпы орта білім беру.
4. Жоғары кәсіптік білім беру.
5. Жоғары оқу орынан кейінгі кәсіптік білім.
Мақсаты: Егеменді Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы мағлұмат беру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 29 дәріс
Тақырып: Егеменді Қазақстандағы педагогика және мектеп.
Дәрістің мазмұны:
1. Қазіргі оқу-тәрбие орындары.
2. ҚР Конституциясының, ҚР Білім туралы Заңының, ҚР Жоғары білім туралы Заңының, білім берудің мемлекеттік стандарттарының білім беру мәселесіне қатысты жақтары.
Мақсаты: Қазақстандағы білім берудің нормативтік құжаттары туралы түсінік беру
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 30 дәріс
Тақырып: Егеменді Қазақстандағы педагогика және мектеп.
Дәрістің мазмұны:
1. Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және олардың жіктелуі.
2. Тұлғаға бағдарланған технологиялар.
3. Мұғалімдер дайындаудағы, өзгермелі жағдайда үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесін дамыту мәселелерін анықтап, дайындаудағы жоғары оқу орындарының қызметі.
Мақсаты: Қазіргі кездегі Қазақстандағы білім беру процесінде қолданылатын педагогикалық технологиялар жөнінде мағлұмат беру.
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.
Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұщраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі
Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.
Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарын жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.
“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.
Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.
“Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі
Кезеңдер
|
Позициялар
|
Мазмұны
|
1 кезең. Жеке жұмыс.
|
А Б
В Г
|
Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.
|
2 кезең. Жұппен жұмыс
|
А <-> Б
В <-> Г
|
Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.
|
3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)
|
А Б
| |
В Г
|
Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.
|
4 кезең. Топтық шешім қабылдау
|
А Б
\ /
/ \
В Г
|
Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.
|
Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.
Педагогикалық консилиум: Педагогикалық мәселе бойынша талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: педагогтар, сарапшылар, ғалымдар, түрлі мекеме өкілдері.
«Ассоциация» стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын әдетте студенттер жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Әрбір топта 4-5 студенттен артық болмағаны дұрыс. Содан кейін әрбір студент жеке не топ болып «Түртіп алу», «3-4 айналым» тағы да басқа әрбір пәнге және мәтінге тиімді стратегияларды пайдалана отырып, жазып келген материалдарын талдау жасайды. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған тиімді. Мысалы:
Түртіп алу:«Түртіп алу» страгиясы бойынша әрбір студент мәтінге «+» - жаңалық, «v» келісемін, «-» - келіспеймін, басқаша ойлаймын, «?» - түсінбедім деген белгілер қою арқылы әрбір сөйлемге немесе ойға талдау жасайды. Төменде көрсетілген кестені мәтінді оқи отырып толтырады. Бұл жерде студенттер белгіленген уақыт ішінде жұмыстарын аяқтаған соң бірі-біріне өзара кеңес бере алады, өз ойларын айтуға үйренеді. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған дұрыс.
«+» жаңалық
|
«v» келісемін
|
«-» келіспеймін, басқаша ойлаймын
|
«?» түсінбедім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кубизм стратегиясы:Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты және соған орай берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер әдетте алты топқа бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-жақты, мәнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа және өз жұмыстарын қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ «талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дәлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» деген тапсырмалар алады. Кейде әрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін.
РАФТ стратегиясы: «РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы бойынша студенттер оқылған мәтінге байланысты топтарға бөліне отырып, түрлі рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып, белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін, немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б. Тақырыпты оқытушы әдетте сабақ тақырыбына байланысты беереді. Оқытушы студенттердің өз «қойылымдарында» тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау керек.
Р - Роль
А - Аудитория
Ф - Форма
Т - Тақырып
ББҮ стратегиясы: «ББҮ» - білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерінен қысқартылып алынған. Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана алады. Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не білетіндігін, білгісі және үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында белгілі пән бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра алады. Оқытушы да бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
|
|
|
Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
Еркін жазу: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Топтастыру стратегиясы:
Бұл әдісті жаңа тақырыпты өтерде немесе өткен тақырыпты қайталау кезінде қолдануға болады. Студенттер бұл жұмысты топ болып орындайды. Жаңа материалды өткен кезде қолданған жағдайда сабақ соңына қарай бұл жұмыс толықтырылады.
№ 1 практикалық сабақ
Тақырып: «Педагогика тарихы» курсының теориялық-методологиялық негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: |