Журектын кобыне он жак болымы ауырса эндокардит



бет1/12
Дата15.05.2024
өлшемі66.42 Kb.
#501229
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Пропедд ДОМ


1. Ер адам, 40 жаста, крупозды пневмониядан терапевтде емделеді Бес күннен кейін жүрегі тұсы аура бастайды және ауа жетпеу сезімі пайда болады Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?ЛИМФАЛЫК ЖОЛМЕН ТАРАЛСА ПЕРИКАРДИТ
ЖУРЕКТЫН КОБЫНЕ ОН ЖАК БОЛЫМЫ АУЫРСА ЭНДОКАРДИТ

2. Ер адам, 38 жаста, өкпенің ошақты туберкулезіне байланысты фтизиатрда емделді Екі аптадан кейін горизонтальды дене қалпында төс астында ауру сезімі пайда болды Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? ПЕРИКАРДИТ


3. Шағымдары жоқ 19 жастағы әйел адамда алдын ала өткізілген медициналық тексеруде жайылмалы биік жүрек ұшы соққысы, оның сол бұғана орта сызығынан 1,5 см тысқары орналасқаны анықталды Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы


4. Науқас 60 жаста, аурухананың қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілді Анамнезінде асқазанның жара ауруы бар Қарағанда: төсектегі қалпы енжар, тері жамылғылары айтарлықтай қуқыл тартқан АҚҚ сбб 40/0 мм pulsus filiformis Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? қан кету


5. Науқас 42 жаста Жүрек жұмысы ырғағы бұзылғаны мазалайды Бас есепші болып қызмет жасайды Объективті қарағанда: жүрек ұшы соққысы 5-і қабырға аралығында, күшеймеген, жайылмалы емес АҚҚ сбб 110/70 мм, пульсі 1 мин 98 рет, pulsus irregularis Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? ЖҮРЕК АРИТМИЯ


6. Науқас 65 жаста, жүрек соғуына, бас ауруына шағымданады Объективті қарағанда:беті гиперемиялы, пальпацияда жүрек ұшы соққысы солға ығысқан, күшейген АҚҚ сбб 220/110 мм Пульсі минутына 98 рет, pulsus durus Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ


7. Науқас 53 жаста, физикалық жүктемеде ентігу мазалайды Анамнезінде миокард инфарктісі Қарағанда: акроцианоз, кеуденің сол бөлігінде 3-4 қабырға аралықта пульсация анықталады Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? ЖҮРЕК АНЕВРИЗМАСЫ


8. Науқас 58 жаста, физикалық жүктеме де ентігу мазалайды Анемнезінде ревматизм Қарағанда: акроцианоз, жүрек ұшы соққысы солға, әрі төмен ығысқан, «каротид биі», Мюсье симптомы анықталады Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?Аорта клапанның жеткіліксіздігі


9. Науқасты бір ай бойы субфебрильді қызба мазалайды, мезгіл-мезгіл тоңдырады, дене қызуы 39,50-қа дейін көтеріледі, түн мезгілінде малшынып терлейді, 4 кг жүдеген Осыдан 1,5 ай бұрын флегманозды холециститке байланысты холецистэктомия жасалған Жағдайы ауыр Терісі қуқыл сарғыш (сүт қатқан кофе түстес) тартқан Кеудесінде, ақ-қолында петехийальды бөртпе, «каротид биі» бар Жүрек ұшы соққысы күмбез тәрізді, 6-ы қабырға аралығында алдыңғы қолтық сызығы бойында анқталады Жүрек ырғағы сақталған Пульсі тез, биік, жиі, АҚҚ сбб 160/20 мм Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? Аорта клапанның жеткіліксіздігі гипертрофия сол жақ қарынша инфекциялық эндокардит


10. Науқас 35 жаста, аз-кем физикалық жүктемеде ентігу, жүректің шалыс соғуы мазалайды Осыдан 2,5 апта бұрын жедел респираторлы аурумен ауырған Жүрек ұшы соққысы 5-і қ/а сол бұғана орта сызығынан 2 см тысқары орналасқан АҚҚ сбб 120/80 мм Сіздің болжам диагнозыңыз? Тоногенді дилятация, Митралды жетіспеушілігі.

11. Науқас 48 жаста, жүрек тұсы сыздап аурады, әлсіздік бар, кешкілікте субфебрильді қызба мазалайды Екі апта бұрын жедел респираторлы аурумен ауырған Жүрек шектері өзгермеген Жүрек тондары әлсіреген Төстің сол қыры тұсында шу естіледі, жүрек фазаларымен ол айқын байланысы жоқ, шу денені алға еңкейткенде күшейеді, ешқайда тарамайды АҚҚ сбб 120/80 мм Сіздің болжам диагнозыңыз?Перикардит(перикард үйкеліс шуы)


12. Науқас физикалық жүктеме кезінде ентігуге, кейде қақырықты не қанда қақырықты жөтелге шағымданады Қарағанда: еріндері көкшіл тартқан, беті ұштары қызарған, жүрек соғысы анықталады Пальпацияда – жүрек ұшы тұсында «диастолалық мысық пырылы» симптомы бар Жүректің қандай зақымдалуы бар?Митральды Стеноз


13. Егер қарағанда науқас тері жамылғысы қуқыл тартқан, капиллярлы пульс, «каротид биі», Мюсье сиптомы анықталса, пальпацияда жүрек ұшы соққысы көтеріңкі болып, 6-і қ/а қолтық сызығына жақындаса, жүректің қай қақпақшасы зақымдалған деуге болады? Қолқа қақпақшасы


14. Мына деректер бойынша: науқаста тұншығу ұстамалары қанды қақырық бөлумен, кеудедегі сырылды тыныспен және науқастың төсектегі мәжбүрлі отыру қалыпы, акроцианоз болса, жүректің қай бөлігі жұмысы әлсіреді не қай қан айналымда іркілісті өзгерістер бар деуге болады. Оң жақ қарынша, кіші қан айналымдағы іркіліс.


15. 55 жастағы науқасты алғаш рет 10 күн бұрын пайда болған төс астының сығып ауруы аз-кем физикалық жүктемеден кейін мазалайтын болды Ауру сезімі сол иыққа, сол қолына тарайды, 5-7 минуттан кейін жүктемені қойғаннан кейін басылады Науқас толық, Дене массасының индексі 32 Жүрек ұшы соққысы анықталмайды, жүректің сол жақ шегі, сол бұғана орта сызығы бойыменен 5-і қ/а, жүрек ырғағы сақталған, I-і тон әлсіреген Сіздің болжам диагнозыңыз? Тұрақты стенокардия


16. Аурухананың қабылдау бөлімшесіне 34 жастағы науқас ауыр ентігумен, қан қақырумен, аяқтарындағы ісікпен жеткізілді Медициналық құжаттарында осыдан 10 жыл бұрын митральды стеноз бары көрсетілген Сіздің болжам диагнозыңыз?Оң жақ қарынша жеткіліксіздігі

17. Науқасты тыңдағанда жүрек ұшында қолтыққа және Боткин нүктесіне, митральды қақпақша орналасқан тұсқа тарайтын систолалық шу естіледі Шудың ең жақсы естілетін жері жүрек ұшы тұсы, басқа жерде шу естілуі әлсіздеу Сіздің болжам диагнозыңыз? митральды клапан жеткіліксіздігі

18. Пациент дәрігерге ентігуге, жүрек соғатынына, әлсіздікке шағымданды Науқасты қарағанда тері жамылғларының қуқыл тартқаны, жүрек ұшы соққысының көеріңкілігі, ұйқы артериларының пульсациясы, жүрек систоласына сәйкес басының шайқалатыны анықталды АҚҚ сбб 120/40 мм Сіздің болжам диагнозыңыз? Аорта клапанның жеткіліксіздігі Мюсье сиптомы


19. Дәрігер жүректі перкуссиялап, оның шектерінің жоғары өскенін (2-і қ/а), оң жақтағы шегі төс қырынан 2,5 см тысқары, сол жақтағы шегі сол бұғана орта сызығы бойында екенін анықтады Рентгендік тексеруде сол жақта жүрек мықыны тұсының шыңыңқылығы бар Аталған өзгерістер тән патологияны көрсетіңіз? Митралды стеноз

20. 60 жастағы науқасқа жедел жәрдем шақыртылды Науқас төсегінде отыр және төс астының қатты сығып, жаншып ауратынына шағымданды Ауру сезімі сол қолға, сол жаурын астына, мойынға, тістерге тарайды Қарағанда: тері жамылғысы қуқыл тартқан, пульсі жиілеген, АҚҚ сбб 160/100 мм, жүрек ұшында тондар тұйықталған, 2-і тон қолқада күшейген Жүректің қандай патологиясы туралы дәрігер болжам жасай алады?АГ СТЕНОКАДИЯ

21, 28 жастағы науқасқа учаскелік дәрігерді қайтадан шақырылады Науқас апта бойы жүрек тұсының тұрақты ауратынына шағымданды Соңынан ентігу, әсіресе горзонтальды қалыпта күшейді Дәрігер келер алдында 2 рет құсты Қарағанда: бетінің, мойнының жаға тәрізді ісуі назар аударады, мойын веналары толымы өскен Науқас керует шетінде алға қарай еңкейіңкіреп отыр Тамыр соғысы жиілеген, толымы төмен, жүрек ұшы соққысы анықталмайды Жүрек жан-жаққа кеңіген Рентгенограммада пішіні үшбұрыш тәрізді Бауыр үлкейген, қабырға доғасынан 2 см шығыңқы Жүректің қандай патологиясы туралы дәрігер болжам жасай алады??Үш жармалы қақпақ жеткіліксіздігі

22. Науқас 48 жаста, дәрігерге төс астыны сығып ауратынын, ауру сезімінің сол қолына тарайтынын, кейде басы айналатынын, тіпті есеңгіреп қалатынын айтып шағымданды Қарағанда: бет әлпетінің қуқыл тартуы, жүрек қолқа пішінді, қолдада 2-і тон әлсіреген, жүрек тұсында, әсіресе 2-і тыңдау нүктесінде систолалық шу естіледі Пульсі кіші, баяу, сирек Дәрігер не туралы ойлауы тиіс?Қолқа стенозы


23. Науқас Н, фтизиатрда өкпе туберкулезінен ем алуда, 4 аптадан кейін жүрек аймағының шаншып ауруы, кейде сыздап ауруы пайда болды Қатты ауру ұстамасы болған жоқ Дәрігер тексеріп жүректің анық тынық аймағында фонендоскопты тығздау қойып тыңдағанда, науқаты алға қарай еңкейтіп тыңдағанда күшейетін перикардтың үйкелу шуы барын анықтады Жүрек шектері қалыпты Перикардтың үйкелу шуы бір ай бойы сақталды Дәрігер не туралы ойлауы тиіс? ҚҰРҒАҚ ПЕРИКАРДИТ

24. Жалпы практика дәрігеріне пациент Д, 28 жаста, физикалық жүктемеде ентігетініне, әлсіздікке, жүрек соғатынына шағымданды Бала кезінде баспамен жиі ауырған Перкуссияда жүректің жоғарғы шегі (2-і қ/а дейін) кеңігенін, оң жақтағы шегі төс қырынан 2,5 см тысқары, сол жақ шегі бұғана орта сызығы бойында екені анықталады Митральды қақпақша ашылу шертпесі, диастолалық шу бар, Рентгеноскопияда жүрек мықыны жазыңқылау Дәрігер не туралы ойлауы тиіс? митральды стеноз


25. Жалпы практика дәрігеріне 52 жастағы ер адам жүрек тұсының сығып ауратынына, ауру сезімінің сол қолына, жаурын астына тарайтынына, физжүктемеде ентігетініне, жалпы әлсіздікке шағымданды Қарағанда тері жамылғыларының қуқыл тартқаны, жүрек ұшы соққысының көтеріңкілігі, ұйқы артериясының соғысы күшеюі, Мюсье симптомы табылды 1-і тон әлсіреген, қолқада, Боткин нүктесінде – диастолалық шу бар АҚҚ сбб 140/50 мм ЭКГ-да сол қарыншаның гипертрофиясы Дәрігер не туралы ойлауы тиіс?қолқа қақпақшаларының шамасыздығы


26. 55 жастағы ер адам дәрігерге төс астының сығып ауратынына, аурудың сол қолына, жаурын астына тарайтынына, физжүктемеде ентігуге, жүрек соғуына, басы айналатынына, әлсіздікке шағымдандыСауда компаниясының директоры қызметін атқарады Қарағанада дәрігер жүрек ұшы тұсында 1-і тонның әлсіреуін, жүрек ұшында систолалық шу бары анықтады АҚҚ сбб 130/80 мм, ЭКГ-да Т тісшесі теріс мәнді Дәрігер не туралы ойлауы тиіс?қолқа қақпақшаларының СТЕНОЗЫ


27. Кардиология бөлімшесіне адам ауа жетпеу сезіміне, жүректің шалыс соғуына, жүрек тұсының шаншып ауратына шағымданған 25 жастағы әйел адам жатқызылды Сатушы болып қызмет атқарады Жиі баспамен ауырған Қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, беттері ұшы қызарған, жүрек ұшы тұсында «бөдене ырғағы», диастолалық шу естіледі, өкпе артериясында 2-і тонның акценті және бөлінуі бар Pulsus differens ЭКГ-да сол жүрекше гипертрофиясы, рентгенде жүректің митральды пішіні анықталады Дәрігер не туралы ойлауы тиіс?митральды стеноз (бөдене ырғағы)

28 Жалпы практика дәрігеріне 50 жастағы әйел адам жүрек тұсының шаншып ауратынына, жүректің жиі соғуына, ентігетініне шағымданды Қарағанда дәрігер жүрек ұшы тұсында 1-і тонның күшеюін, пресистолалық шу бар екенін анықтады АҚҚ сбб 110/70 мм Дәрігер не туралы ойлауы тиіс?митральды стеноз,


29 Студент 25 жастағы дені сау жас жігіттің жүрек тондарын талдауда, ол не естіуі тиіс? Бірінші тон: Бұл дыбыс систоланың басында (жүрек жиырылып, қанды артерияларға айдағанда) митральды және үш жармалы қақпақшалардың жабылуынан туындайды. Бұл әдетте жүректің ұшында жақсы естіледі
Екінші тон: Бұл дыбыс систола соңында қолқа және өкпе қақпақшаларының жабылуынан (жүректен қан тоқтағанда) пайда болады. Ол әдетте бірінші тонға қарағанда дыбыс деңгейі төмен және жүректің қолқа және өкпе аймақтарында жақсы естіледі.
30 63 жастағы науқас артериальды қан қысымы көтерілуімен бірнеше жылдар бойы аурады Жүректің екінші тоны қай жерде және қалай өзгереді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет