Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униветситеті Экономика, басқару және құқық факультеті



бет4/6
Дата17.10.2023
өлшемі63.81 Kb.
#480899
1   2   3   4   5   6
хк банк иси

Бреттон-Вудс валюталық жүйесі төмендегі принциптерден тұрады:
1.Алтын бұрынғыдай елдер арасындағы сонғы ақшалай есеп айырысулардың
функциясын орындайды.
2.Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен қатар
әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын өлшем ретінде әрекет
етті, сонымен бірге, халықаралық төлем құралы болып саналады.
3.Басқа елдердің Орталық банктері мен үкімет мекемелері долларды АҚШ-тың
казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол кездегі курс бойынша,
35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31,1035 гр.)тең болды. Сонымен бірге, үкімет органдары және жеке адамдар алтынды жеке меншік нарықтардан сатып
алу мүмкіндігіне ие болды.
4.Валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне тенестірілуі алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер (тепе - теңдік) негізінде жүргізілді.
5.Елдер кез келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының өзгеріссіз
курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс паритеттен тар көлемде
ауытқушы еді (ХВҚ-тың жарғысы бойынша, +1 және Еуропалық валюталық
келісім бойынша +0,75 . Халықаралық валюталық операцияларда алтынның
қолданылу масштабы күрт төмендеп кетті, ең басты орында доллар болды.
6.Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар Халықаралық валюталық қор
(ХВҚ) рақылы реттелуші еді. Бұл қор Бреттон-Вудс конференциясында құрылды.
ХВҚ-тың негізгі функциясы - осы қорға мүше елдердің валюталық
паритеттерді, курстар мен валюталардың еркін айырбасталуын дұрыс жүргізуін
бақылау.

Бреттон-Вудс конференциясына қатысты айтар болсақ, халықаралық валюталық
жүйе ең алғаш рет үкіметаралық келісімдерге негізделе бастады.Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасыр ішінде әлемдік сауда мен өндірістің өсуіне ықпал етті.
Бірақта бұл жүйе оған қатысушы елдердің барлығына тең қүқықты бере алмады және АКШ-тың Батыс Еуропа, Жапония және ХВҚ-қа мүше басқа елдердің
валюталық саясатына ықпал етуіне мүмкіндік берді.
Басқа елдерге зиян келтіре отырып, АҚШ-тың позициясы күшейе бастады және
соған сәйкес Бреттон-Вудс жүйесінің қарама-қайшылықтары күн санап шиеленісе
түсті.

Американдық центризм принципі АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония сияқты үш
әлемдік орталықтардың пайда болуына қарай жаңа күштердің орналастырылуына
сәйкес болмай қалды.
Валюталық қатынастарда доллар өзінің монополиялық жағдайын жоғалта бастады. ГФР маркасы, швейцар франкі, Батыс Еуропаның басқа валюталары және жапон иенасы американ долларына бәсекелестік жасады. АҚШ-тың төлем балансының тапшы болуы шектеулі мөлшерден асып кетті.
Долларды алтынға айырбастау АҚШ үшін өте қиынға соқты, өйткені өз резервтері есебінен алтынға төмен баға белгілеуге мәжбүр болды.
70-жылдардан бастап АҚШ ресми баға бойынша долларды алтынға айырбастаудан
бас тартты.Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді.

Төртінші, халықаралық валюталық жүйе 1976жылы ХВҚ-тың Кингстонда (Ямайка)
өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. Төртінші ХВЖ-нің принциптері
төмендегідей:
1. Валюталық курстардың құны мен есептелу нүктесін айқындайтын құрал
ретіндегі алтынның функциясы жойылды, яғни алтынның ресми бағасы, алтын паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқталды.
2. Елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлемдегі елдердің ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделді. Кез келген елге валюталық курстардың кез келген режимін таңдауға мумкіндік беріледі. Жаңа жағдайларда курстардың өзгеруі екі факторға тәуелді болды:
а) валюталардың сатып алушылық қабілеті;
ә) халықаралық нарыққа валюталардың сұранысы мен ұсынысының арақатынасы.
3. Арнаулы ақша резерві (СДР), ягни (қарыз берудің арнайы құқығы)
стандарты құрылды.

СДР негізгі резервтік валюта ретінде болып, басқа резервтік валюталардың
рөлін азайтты. СДР алтын мен доллар альтернативасы болып табылды.
90-жылдардың басында бесінші, халықаралық валюталық жүйе – валюталардың
өзгермелі курсы қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет