Ожа ахмет яссауи қ Қожа Ахмет Яссауи



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата27.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#496593
  1   2   3
Диуани хикмет



ОЖА АХМЕТ ЯССАУИ
Қ



Қожа Ахмет Яссауи 
- қазақ халқының байырғы 
мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы 
ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі 
шығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы 
ойшыл, діни қайраткер, түркістандық ғұлама, әулие. 
1033 жылы Сайрам (Испиджаб) қаласында дүниеге 
келген. Арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі 
– Испиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің 
ұрпағы. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша 
(Қарашаш ана). Алғашқы білімді өз әкесінен алады. 
Кейіннен отырарлық ғұлама Арыстан бабқа шәкірт 
болады. Жиырма жасқа толғанда әкесі Яссы еліне 
сопылық ілім үйренуге аттандырады.
Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі 
болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп 
Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. 


Осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде 
өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден 
қойды. 
Яссауидің «мектеп көріп, қайнап толып тасқан» кезеңі өз 
хикметтерінде 17 жас деп жырланады (бір аңыз әңгімеде 20 деп 
көрсетіледі). Ақын ұзақ жылдар бойы жиған-терген ілім-білімін
халыққа таратуды мақсат етіп, бүгінгі Түркістан, кешегі Шауғар
Ясыға келіп біржолата тұрақтайды
Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни 
қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған 
одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр 
кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, 
келесілерінде 85 жас деп берілген.
Осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде 
өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден 
қойды. 
Яссауидің «мектеп көріп, қайнап толып тасқан» кезеңі өз 
хикметтерінде 17 жас деп жырланады (бір аңыз әңгімеде 20 деп 
көрсетіледі). Ақын ұзақ жылдар бойы жиған-терген ілім-білімін
халыққа таратуды мақсат етіп, бүгінгі Түркістан, кешегі Шауғар, 
Ясыға келіп біржолата тұрақтайды
Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни 
қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған 
одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр 
кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, 
келесілерінде 85 жас деп берілген.


Қожа Ахмет Яссауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік 
қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде 
қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық 
болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды 
бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады.
Қожа Ахмет Яссауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” 
адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. 
Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық 
кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі 
меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет